Ќызылорда облысындаєы



жүктеу 2,27 Mb.
бет1/14
Дата21.12.2017
өлшемі2,27 Mb.
#5486
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Пікірлеріңіз бойынша Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасына хабарласуларыңызға болады.

тел: 8(7242) 23-94-49,

Е-mail: kztilbas@mail.ru

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ

ЖЕР – СУ АТАУЛАРЫ

Қызылорда, 2013 жыл
СЫР ЕЛІ - Қызылорда облысы Қазақстанның оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлі к. Жерінің аумағы - 226,0 мың шаршы шақырым (Қазақстан жерінің 8,3%-ы). Тұрғыны - 734,300 адам. Оның 646645-і қазақ, 16146-сы орыс, 8190-ы кәріс, 1789-ы татар, 1473-і түрік, 1302-сі өзбек, 814-і шешен, 430-ы украин, қалғаны басқа ұлт өкілдері. Орталығы – Қызылорда қаласы. Солтүстігінде Қарағанды, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен шектеседі. Облыс құрамына 7 әкімшілік аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған), 3 қала (Арал, Қазалы және Байқоңыр қаласы) бар.

Қызылорда облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Облыс бұрын Сырдария облысының құрамында болған. Сырдария облысы – 1867 жылы құрылған Түркістан генерал-губернаторлығының құрамында болған әкімшілік-территориялық бөлік. Сырдария облысының құрамына Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент және Жизақ уездері кірді. 1886 жылы Ходжент және Жизақ уездері Самарқан облыстарына беріліп, Сырдария облысына Әмудария уездері қарады. Облыс орталығы – Ташкент болды.

Облыс жерінде ертеден қалған тарихи қорғандардың орындары көп. Олар: Ордакент, Сығанақ, асарлар: Жалпақасар, Жетіасар, Құмқала, Шірік-Рабат, т.б.

Сыр өңірінің климаты тым континентті, қысы суық, қары аз, жазы аңызақты, ыстық, ең жоғары температурасы 40-42 С-ді көрсетеді. Климатының мұндай жағдайлары облыс жерін Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала және Тұран ойпатының қоршай орналасуы әсерінен қалыптасқан.



Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100-115 мм. Облыс жерімен Сырдария өзенінің 1 мың км-ге жуық төмен ағысы өтеді. 1956 жылы маусымда Сырдария өзенінде Қызылорда бөгеті іске қосылды. 1958 жылы Сырдарияның ескі арнасы Жаңадарияға өзен суы жіберілді. 1950-60жылдары Қызылорда су тораптарының сол жақ және оң жақ каналдары қазылды. 1969 жылы Қазалы су торабы егіс даласы мен жайылымдық жерлерді суаруға берілді. Өзендер суының теңізге құю мөлшерінің кемуінен Арал теңізі Үлкен және Кіші Арал болып екі көлге бөлінді.

СЫРДАРИЯ – Орталық Азиядағы ірі өзендердің бірі. Ертеде грек жазбаларында Яксарт, ортағасырлық араб еңбектерінде Сейхун деп аталған. Басын Нарын мен Қарадария өзендерінің қосылған жері Орталық Тянь-Шань сілемдерінен алып, Арал теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы – 2219 км, Қазақстан жеріндегі ұзындығы (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары аумағында) – 1400 км. Өзен ағынын реттеп, суын егістік (күріш, мақта, бау-бақша) пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен бойында бірнеше бөгендер мен каналдар салынған. Бойында Шардара, Қызылорда, Қазалы қалалары және көптеген ірі елді мекендер орналасқан. Қ.Өмірәлиевтің пікірі бойынша, Сыр өзені бұрын Силис деп аталған. Сил түркі тілінде, дәлірек айтқанда, осы өңірдегі тайпалар тілінде інжу сөзінің синонимі ретінде қолданылған. Ал дария «өзен» деген иран тілдерінен түркі тілдеріне енген сөз.
ДАРИЯЛЫҚ ТАҚЫР – жазық. Сырдария өзенінің оң жағалық аңғарындағы (төменгі ағысының көне арнасында жатқан) тегіс жазық. Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары жерінде. Жазық Қызылорда облысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 230 км-ге созылған, ендік жері – 50 км. Дария – иран тіліндегі дерья – «теңіз», «көл» деген сөзінің тілімізде өзгеріп, қалыптасқан түрі. Орта Азияда және біздің республикамызда бұл сөз «үлкен өзен» мәнін береді. Яғни, атау «аумағы үлкен, ешнәрсе өспейтін жазық» мәнінде қойылған.
ЖАҢАДАРИЯ – Сырдария өзенінің құрғап қалған ескі арнасы. Сырдарияның Қызылорда қаласы тұсындағы сол жағалауынан басталып, оңтүстік-батысқа қарай Қарақалпақстан жеріне кетеді. Ұзындығы – 680 км, жоғары және төменгі арналарының ені – 50 м, орта тұсы тармақталып 200-400 м-ге жетеді. Тереңдігі – 2-2,5 м. Бұл тұста құм қайырлар мен аралдар кездеседі және өте иректеліп келген. Табиғи ағыны көктемнің су тасқыны кезінде болады. Қазақстандағы ең ірі сексеуіл «орманы» да осы Жаңадария бойында.
ЖАҢАДАРИЯ КАНАЛЫ – Қызылорда облысындағы суғару-суландыру жүйесі. Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан. Жаңадария 1958-68 жылдары іске қосылған, ұзындығы – 592,3 км, оның 535,5-і табиғи арнамен жүргізілген. Су ағыны каналдың бас жағында секундына 50 текше метр. Қуаңдария каналы Жаңадарияның бір тармағы болып келеді. Оның ұзындығы – 436,4 км, су ағыны – секундына 60 текше метр.
ТҰРАН ОЙПАТЫ (Тұран жазығы) – ойпат. Қазақстан мен Орта Азия жерінде, солтүстік бөлігі Қазақстанның бірталай жазық өңірлерін қамтиды. Шығысындағы Бетпақдала – Шу – Іле таулары мен батысындағы Каспий теңізі аралығында, солтүстігінде Мұғалжар, Торғай үстірті, Сарыарқа беткейлерімен шектеседі. Оңтүстік жағы Орта Азияда, Тұран ойпатының көпшілік жері Тұран плитасына сәйкес келеді; бұның палеозойлық негізі (тұғыры) жалпы 1-6 км тереңдікте жатыр, сонымен бірге Маңғыстаудағы Қаратау сияқты құрылым ретінде жер бетінде байқалатын бөліктері бар.

АЩЫКӨЛ – ойыс. Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында, Сарысу, Шу өзендерінің төменгі ағысында орналасқан. Ол Бетпақдаланың жазықты оңтүстік – батыс бөлігінде ендік бағытта 80 км-ге созылып жатыр, енді жері 25 км-дей. Ащы және көл сөздерінің бірігуінен жасалған. Көл суының ащы, тұзы көп болуына қарай қалыптасқан атау.
ҚАРАӨЗЕК – Сырдария алабындағы өзен. Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандары жерімен ағады. Сырдарияның тармағы. Ұзындығы – 188 км. Сырдариядан Қараөзек ауылы тұсында бөлініп, Жосалы кенті тұсында қайта қосылады. Аңғары қатты шайылуға ұшыраған. Алабында бірнеше ұсақ көлдер (Бірқазан, Лайкөл, Бегінкөл, Серкеш, т.б.), қамысты батпақтар бар. Орташа жылдық су ағымы бастауында секундына 323 текше метр, Сырдарияға қосылар тұсында секундына 245 текше метр. Суы егін, бау-бақша шаруашылығында пайдаланылады.
ЯКСАРТ – Сырдария өзенінің байырғы атауы. Әуел баста Яксарт деп Сырдарияның қазіргі Ленинабад пен Ташкент аралығындағы орта бойы аталса, кейіннен ол өзеннің түгелдей атауына айналды. Птоломей, т.б. авторлар «Яксарт атауы бұл аймақты мекендеген сақтардың Яксарт тайпасына байланысты шығуы мүмкін» деп жорамалдайды. Яксарт көне түрік тілінде Иенгу-угуз (Інжу өзен), иранша – Иахша-арта (шынайы інжу) деп аталған.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША
ҚЫЗЫЛОРДА қаласы - облыстың әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы (1938 жылдан). Сырдария өзенінің оң жағалауының төменгі сағасында орналасқан. Территориясы 821 шаршы шақырымды құрайды, 1 шаршы шақырымға 232 адамнан келеді. 2011 жылдың 1 қаңтарында халқының саны 211 943 адамды құрады, оның ішінде қала халқы - 92 %. Ұлттық құрамына қарай: қазақтар – 191608, орыстар – 9563, кәрістер – 6172, татарлар – 1456, түріктер – 81, өзбектер – 798, шешендер – 306, украиндар – 389, қалғаны басқа ұлт өкілдері. (Статистика департаментінің 2011 жылдың 1 қаңтарына берген мәліметінен). Қызылорда қаласы 10 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: Қызылорда қаласы, Тасбөгет, Белкөл кенттері, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек, Ақсуат, Ақжарма, Қарауылтөбе, Талсуат ауылдық округтері. Қала теңіз деңгейінен 126-130 м биіктікте жатыр.

Қала негізі Қамысқала атты елді мекенде 1818 жылы салынған Қоқан хандығының Ақмешіт бекінісі ретінде қаланды. Ол Бұқара мен Хиуа арқылы Орталық және солтүстік Қазақсан мен шығыстан батысқа қарай қалыптасқан Жібек жолы желісінің бойында орналасқан.

1853 жылы Қоқан қорғаны (қамалы) Ақмешітті Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский басып алды. Генерал Перовсийдің басып алу құрметіне арнап стратегиялық маңызды пункт болып саналатын Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан қорған сол жылдың 31 тамызында Патша Жарлығымен Перовск Форты болып аталды. 1867 жылы Перовскіге қала мәртебесі беріліп, уезд орталығына айналды. 1901-06 жылдары Орынбор – Ташкент темір жолының салынуына байланысты қала халқы тез қарқынмен өсті. 1917 жылы 30 қазанда (12 қараша) Кеңес өкіметі Қазақстанда бірінші болып Перовскіде орнады.

1922 жылы Перовск қаласына Ақмешіт атауы берілді.

1925 жылы 17 сәуірдегі Қырғыз АССР-і Кеңесінің (Советі) V съезінде Ақмешіт қаласы Республика астанасы болып, аты Қызылорда қаласы болып өзгертілді.

Қалада 1926 жылғы 13 қаңтарда М. Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры ашылды.



1931 жылы аудан орталығы болды. 1938 жылдың 15 қаңтарынан бастап облыс орталығына айналды.

Қызыл және орда сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Орда сөзі қазақ, жалпы түркі тілдерінде «орта ғасырдағы көшпелі елдердің әкімшілік, саяси басқару орталығы, ел билеушілер тұрағы, сарай» (ҚТТС, 7-том), моңғол тілінде орд «үй», «сарай» деген мағынаны білдіреді.
Абай ауылы – ауыл, Қосшыңырау ауылдық округінің орталығы. Қызылорда қаласынан солтүстікке қарай 12 км жерде орналасқан. Ауыл 2000 жылға дейін Интернационал деп аталып келген. 1965-1996 жылдары күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Абай және округке қарасты Досан, Қарауылтөбе ауылдарында ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.

Айнакөл – ауыл. Қызылорда қаласынан солтүстік–батысқа қарай 20 км жерде. Бұрынғы атауы – Опытное, Қызылөзек ауылы. Көлдің мөлдір таза түсіне орай айнадай боп жалтырап жатуына сай қойылса керек. Кейіннен осы көл атын ауылға берген.

Айтбай мешіті – сәулет өнері ескерткіші. 1878 жылы Айтбай қажының қаржысына Әулиеата шеберлері Ысқақ пен Камал салған. Ауданы – 22х16, биіктігі – 14 м. Алдыңғы жағы үлкен портал болып келеді, күйдірілген қышпен өрнектелген, ортасындағы ойық-есік, екі жағынан төрт жалған терезе іспеттес оймышпен әшекейленген. Төбесі қаңылтырмен жабылып, әктелген.

Ақжарма – ауыл, ауылдық округ орталығы. Қызылорда қаласынан батысқа қарай 12 км жерде, Сырдарияның сол жағалауында орналасқан. Ақжарма ауылында Қызылорда қаласын жеміс-көкөніс және сүт тағамдарымен қамтамасыз ететін шаруашылық нысандар орналасқан.

Ақмәмбет – 12-14 ғасырлардан сақталған қоныс орны. Қызылорда қаласынан оңтүстік–батысқа қарай 20 км жердегі Шірік-Рабат көне қаласының оңтүстік-батысында 65 км жерде, Жаңадария өзенінің ескі арнасының бойында орналасқан. Қоныс орнында қабырғаларының биіктігі 0,5-0,6 м екі үйдің жұрты сақталған. Жанында 18-19 ғасырларға жататын мазар бар. Ақмәмбет қонысы мен мазарын 1956 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (археолог Н. Н. Вактурская мен М. Г. Воробьев зерттеген). Кісі есімінен қойылған атау.

Ақмешіт – көне бекініс орны. Қазіргі Қызылорда қаласының орнында болған. Бекіністің іргесі 1817 жылы қаланған. А. И. Добросмысловтың айтуынша Ақмешіт бекінісін Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекініс жобасы шаршы, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы – 10,5 м, жоғарғы жағы – 4,36 м, биіктігі – 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекініс сыртынан ені 10 м ор қазылған. Ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2-қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған. Бекініс орыс әскерлері келген кезде «Перовск форты» болып аталған. Қазан көтерілісінен кейін Ақмешіт аты қайта берілді. Сырдария облысының уездік орталығына айналды. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды.

Ақтайлақ – темір жол бекеті. Қызылорда қаласынан солтүстік – батысқа қарай 14,5 км жерде. Кісі есімінен қойылған атау.

Ақсуат – ауыл, ауылдық округ орталығы. 1994 жылдан бастап Ақсуат ауылдық округіне Кеңес Одағының батыры Жақыпбек Махамбетов атындағы ауыл (бұрынғы С.М.Киров атындағы совхоз) және «Наурыз» саяжайы, Жаңадария каналы бойында орналасқан шағын елді мекендер қарайды. Жаңадария каналының қасындағы «Ойшеңгел» деген жер мен дария арасында қамыс өскен алаңқай жер «Ақсуат» деп аталады. Дарияның табаны болған бұл жерге шеңгел шықпай, қамыс шыққан.

Аяқкөл – көл. Қызылорда қаласынан солтүстік–шығысқа қарай 11 км жерде. «Төменгі жақтағы көл» мәніндегі атау.

Байқадам – канал. Дариялық Тақыр жазығының оңтүстігінде. Кісі атынан қойылған атау.

Байқадам – елді мекен атауы. Қызылорда қаласының орталығынан 6 шақырым қашықтықта, Қызылорда каналының бірнеше арналарға бөлінетін тұсында орналасқан. Бұл атау ҰОС-нан кейінгі жылдардан, Байқадам есімді адамның егін егу егу үшін сағасын каналдан алатын аяқ су арығын қазуынан бастау алады. 1950-60 жылдар тұсында «Байқадам» арығын бойлап Абай, Досан ауылдарында егін шаруашылығын дамыту мақсатында канал қазылып, сол аймаққа Байқадам атауы беріледі. Бұрынғы атауы – Первомайское ауылы.

Белкөл – Қызылорда қалалық әкімшілігіне қарасты кент (1987 жылдан), теміржол стансасы. Қызылорда қаласынан шығысқа қарай 2-3 км жерде, Ташкент - Орынбор темір жолы бойында орналасқан. Іргесі 1904-1905 жылдары Орынбор – Ташкент темір жолының салынуына байланысты қаланған. Белкөлде Қызылорда қаласы кәсіпорындарының бөлімшелері және темір жолға қызмет көрсететін кәсіпорындар мен мекемелер орналасқан.

Атаудың бірінші сыңарындағы бел – «асу, кезең», «аласа асу» мәніндегі географиялық термин. Бұл жайтты ескерер болсақ, Белкөл атауы «бел, асу» астындағы, «белді асқан жердегі көл» деген мағынаны білдіреді. Егер де бел сөзінің «басты, негізгі, үлкен» деген ауыспалы, қосымша мағынаға да ие екенін еске алсақ, Белкөл – «басты, негізгі, ең үлкен көл» деген мағынаға да ие.



Бөрібай – темір жол бекеті. Қызылорда қаласынан шығысқа қарай 11,5 км жерде. Кісі есімінен қойылған атау.

Бірқазан – елді мекен, темір жол бекеті. Белкөл кентіне қарасты елді мекен. Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде орналасқан. Жерінің аумағы – 921 га. 1942 жылы ұсақ колхоздар ірілендіріліп, колхоз орталығы «Бірқазан» стансасы болды. Ол жылдары өзен айналасында бірқазан деп аталатын құс өте көп мекендеген. Осы құс атымен қойылған атау.

Геологтар ауылы – Александровск және Геологтар ауылы атанған екі ауыл Кеңес дәуірі кезінде іргесі 1929 жылы қаланған Комсомол ұжымшарының қарамағында болған (қазіргі Қызылжарма ауылдық округі).

1967 жылы Александровск ауылында геологтар мекемесі құрылып, жеке тұрғын үйлер салынған. Мекеменің өз алдына балабақшасы, дүкені, асханасы, клубы, моншасы, орталық жылу жүйесі, таза ауыз су жүйелері жасалып, жас мамандар осында тұрақтанған.

Халық депутаттары Қызылорда облыстық Кеңесі төрағасының 1992 жылдың 4 мамырындағы №27 қаулысымен Қызылжарма ауылдық кеңесінің Комсомол, Геологтар, Александровск ауылдары Қызылорда қаласының әкімшілік-аумақтық бағыныштылығына берілген. 2005 жылдың қаңтар айында Талсуат ауылдық округі құрылып, Қызылжарма ауылдық округінің құрамындағы Геологтар, Александровск ауылдары Талсуат ауылдық округінің қарамағына берілді.

Ғ. Мұратбаев ескерткіші – монументті өнер туындысы. 1975 жылы Қызылорда қаласында Қазақстан мен Орта Азиядағы жастар қозғалысының көрнекті қайраткері Ғ. Мұратбаевқа орнатылған. 2002 жылы маусым айында 100 жылдығына орай қайта өңделіп, темір жол вокзалы алдындағы алаңға ауыстырылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 5 м. Мүсіннің биіктігі – 2,5 м, тұғырдың биіктігі – 1,85 м. Тұғыры бетоннан жасалып, оның сырты ақ мрамор плиталармен қапталған. Авторлары: сәулетшілер – Сапарғалиев, Ускова.

Досан – ауыл. Қызылорда қаласынан солтүстік–шығысқа қарай 5 км жерде. Бұрынғы атауы – Казрис ауылы. Кісі есімінен қойылған атау.

Жаңадария – ауыл. Қызылорда қаласынан оңтүстікке қарай 10 км жерде.

Жаңатұрмыс – ауыл. Қызылорда қаласынан оңтүстік–шығысқа қарай 22 км жерде. Кеңес дәуірінде қойылған атау.

Иіркөл – ауыл. Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 км жерде. Атау Иіркөл көлінің атымен байланысты қойылған. Ауыл тұрғындары 1965 жылдан бері Иіркөл көлінде балықты тоғандап өсіру шаруашылығымен айналысқан. 1997 жылы Сырдария ауданы таратылып, Иіркөл елді мекені Тасбөгет кентіне қосылып, Қызылорда қаласының қарамағына берілген. Қазіргі таңда 24 отбасы бар, халқының саны – 145. Халықтың негізгі күнкөрісі – мал шаруашылығы.



Колос – елді мекен атауы. Қызылорда қаласынан солтүстік–батысқа қарай 10 км жерде, Сырдарияның оң жағасында. Орыс тіліндегі «колос» – «масақ» сөзімен жасалған атау.

Көкжиде – канал. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде, Сырдария алабында. Атау көк және жиде сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атау бұл жерде жасыл желекті қалың жиде ағашы өсетінін меңзей қойылғаны немесе «биік жиде ағашы» деген мәнді білдіруі мүмкін.

Қалғандария – ауыл. Қызылорда қаласынан оңтүстікке қарай 1 км жерде, Сырдария өзенінің бойында.

Қараөзек – темір жол стансасы, ауылдық округтің орталығы. Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, Сырдария өзеннің оң жағалық аңғарында, Талдыкөл көлінің оңтүстік жағындағы қамыс, құрақ, т.б. шөптесіндер өскен шалғынды сұр, шалғынды-саз топырақты өзен жайылмасында орналасқан. 1967-97 жылдары бау-бақша дақылдарын өсіретін Қызылорда тәжірибе шаруашылығының орталығы болған. Оның негізінде Қараөзекте және округке қарасты Айнакөл, №10 Қараөзек темір жол айырмасында ЖШС және шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.

Қарауылтөбе – ауыл, Қосшыңырау ауылдық округі құрамында. Қызылорда қаласынан солтүсті–батысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Бұл ауыл орналасқан жер әуел баста «қарауыл қарайтын биік төбе, шоқы» болғандықтан осылай аталуы мүмкін немесе «жан-жағы түгелдей көрінетін биік жар».

Қарауылтөбе – ауыл, өзімен аттас ауылдық округ орталығы. Іргесі 1932 жылы құрылып, «Интернационал» ұжымдық шаруашылығының құрамында болды. 1992-2005 жылдар аралығында Абай ауылдық кеңесінің құрамына енді. Қарауылтөбе ауылдық округі облыс әкімиятының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы «Қызылорда облысында ауылдық округтер құру туралы» №242 қаулысына және қала әкімиятының 2004 жылғы 30 қарашадағы «Қызылорда қаласында ауылдық округтер құру туралы» №671 қаулысына, сондай-ақ облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 13 желтоқсандағы ХІІ сессиясының №120 шешіміне, қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 30 қарашадағы ХІ сессиясының №11/5 шешіміне сәйкес өз алдына дербес ауылдық округ болып құрылды.

1932-1937 жылдар аралығында Қарауылтөбе елді –мекенінің шығыс бетінде саяси қуғын-сүргін құрбандары атылған. Осы жерге саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу мақстаында ескерткіш белгі орнатылған.



Ауыл көкөніс өсіріп, сүт өндіретін Қызылорда совхоз - техникум орталығы болған. Оның негізінде Қарауылтөбеде ЖШС жұмыс істейді.

Қосшыңырау ауылдық округі – 1952 жылы Интернационал, Казрис, Жыңғылдыкөл, Абай ұжымшарлары Интернационал ауылдық кеңесіне біріктіріліп, орталығы – Абай ұжымшары болып қайта құрылған шаруашылық 1997 жылға дейін Сырдария ауданының құрамында болған. Егін және мал шаруашылығымен айналысқан. 1997 жылы Қосшыңырау ауылдық округі болып өзгертіліп, Қызылорда қаласы әкімдігінің аумағына берілген.

Қызылжарма – ауыл, округ орталығы. Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, Сырдария өзенінің оң тармағы Тентектің бойында орналасқан. Іргесі 1928 жылы шағын 9 елді мекен біріктіріліп Комсомол ауылы және ұжымшар орталығы болып қаланған, кейіннен осы маңдағы 1936 жылы Ленин атындағы және Тентекөзен артельдері бірігіп, «Комсомол» ұжымшары болып ұйымдасқан. 1938 жылы «Красный пахарь» (Сәдірсай) ұжымшары құрылды. 1950 жылдары ұсақ ұжымшарлар бірігіп «Комсомол» ұжымшарына бірікті. «Топырағы қызылдау жерден қазылған арық, канал» мәніндегі атау.

Қызылөзек – ауылдық округ атауы. Қызылорда қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан. 1962 жылы үш елді мекен біріктіріліп, ауылдық округ құрылды.

Қубас – ауыл. Қызылорда қаласынан солтүстік–батысқа қарай 10 км жерде, Сырдарияның сол жағасында. Кісі есімінен қойылған атау.

Қышқұдық – құдық. Дариялық Тақыр жазығында, Сырдария өзенінің аңғарында. «Қышпен шегенделген құдық» мағынасындағы атау.

Мұхамбет – қыстау. Дариялық Тақыр жазығының оңтүстік-шығысында, Сырдария өзенінің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.

Махамбетов – ауыл, Ақсуат ауылдық округ орталығы. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12 километр жерде, Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан. Іргесі 1934 жылы құрылған Жасқайрат, Жаңатұрмыс, Киров, Қызылорақ, Қызылқұм, Қарақожа, Батпаққара ұжымдық шаруашылықтары негізінде 1950жылы ұжымшар болып қайта құрылды. 1972 жылдан ұжымшар көкөніс және сүт өндіреді. 1997 жылдан ауылда бидай, күріш көкөніс өндіретін бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауылға 1994 жылы осы өңірден шыққан Кеңес Одағының батыры Ж. Махамбетовтің есімі берілді.

Репрессияға ұшыраған қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш – Қызылорда қаласының іргесіндегі Арай мөлтек ауданында орналасқан. 1937-38 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарын еске алу үшін орнатылған. ҚР Президентінің Жарлығымен 31 мамыр - саяси құрбандарды еске алу күні болып жариялануына орай Арай мөлтек ауданында жерленген арыстар қабірі анықталып, оларға арналған ескерткіш орнатылды (авторы М. Сапарғалиев). Бұл ескерткіш әміршілдік, отаршылдық тәртіптің құрбандарына тәу ететін азалы орынға айналды.

Соркөл – көл. Дариялық тақыр жазығының оңтүстігінде, Сырдария алабында.

Тасбөгет – Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты кент (1948 жылдан), округ орталығы. Қызылорда қаласынан оңтүстікке қарай 10 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалық аңғарында орналасқан. Іргесі 1946 жылы осы жердегі ежелгі Қатынкөл және Тасарық ауылдары орнында Қызылорда су торабын салуға байланысты қаланды. 1956 жылы кент жанына Сырдария су бөгеті салынды. 1959-97 жылдары Сырдария ауданының орталығы болып келді. 1997 жылы Сырдария мен Тереңөзек аудандары қосылды да, аудан орталығы Тереңөзек кентіне ауыстырылды. 1997 жылдан Тасбөгет Қызылорда қалалық әкімдігі құрамында. Кент жанына (6 км) Орынбор – Ташкент темір жолы және Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе автомагистралі өтеді. Кент тастан салынған бөгеттің жанында болғандықтан қойылған атау. Сонау жылдары Сырдарияға плотина құрылысы салынып, ауыздықтарда ескі арна бөгет бермеген соң қой тастар салынып, суға тосқауыл жасаған екен. Кейін Тасбөгет поселкесі де осылай аталса керек.

Тасбөгет – бөгет. Тасбөгет кентінің жанында, Сырдария өзеніне салынған. Құрылысы 1946 жылы басталып, 1956 жылы аяқталды. Бөгеттің өткізгіштігі секундына 1750 текше метр. Тасбөгет бөгетінен су алатын Сол жағалық каналдың су өткізгіштігі секундына 226 текше метр. Оң жағалық каналдікі секундына 110 текше метр, барлық көлге секундына 2096 текше метр, апатты деңгейі – 129, 37 м, қалыпты тірек тұратын деңгейі – 128, 80 м, табалдырықтың белгісі – 123,0 м, бөгет суы төменгі арынды типке жатады, су өткізгіш қаусырманың саны – 5, әр қаусырманың ені – 14 м, толық биіктігі – 10,8м, судың қалыпты тіреуі – 6,0 м, құрылыстың ені – 150,6 м, баланстық құны – 189, 8 млн. теңге. Сол жағалық алқапта 8,7 мың га жер суарылады.

Талсуат – ауыл. Қызылорда қаласынан солтүстік–батысқа қарай 9 км жерде. Бұрынғы атауы – Александровское ауылы. 1853-54 жылдары қыстаққа Ресейден жер аударылып, көптеген орыс отбасы келген. Ол кезде бұл елді мекен №18 Талсуат ауылдық кеңесі, «Колос» колхозы деп аталған. Кейінірек қазақ халқы орыстардың еңбегіне риза болып, ауылды «Александровский» деп атап кеткен.

Талдыарал – ауыл. Қызылорда қаласынан солтүстік – батысқа қарай 10 км жерде, Сырдарияның сол жағасында.

Ы. Жақаев ескерткіші – монументтік өнер туындысы. Әйгілі күріш өсіруші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаевқа 1975 жылы Қызылорда қаласындағы Еңбек Даңқы аллеясына ескерткіш қойылған. Бюст қоладан жасалып, қызыл гранитті тұғырға орнатылған. Тұғырдың көлемі – 0,78 х 0,92 м, биіктігі – 3 м. Авторлары – мәскеулік мүсінші А. Пекарев, сәулетші А. Б. Борецкий. 1996 жылы қыркүйек айында ардагердің атымен аталатын көшеге, Ы. Алтынсарин атындағы кинотеатр алдына көшірілді. Авторы – М. Үмбетов.

АРАЛ АУДАНЫ БОЙЫНША
жүктеу 2,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау