82
3. Тақырыптық жоспар
Төменде оқытудың кейс-технологияларын пайдаланып, биология мен
экология бойынша кіріктірілген тақырыптарға арналған факультатив
сабақтардың үлгі тақырыптық жоспары ұсынылады.
1-
тақырып. Экология ғылым ретінде.
2-
тақырып. Биотикалық экологиялық факторлардың адамға әсері.
3-
тақырып. Жануарлар әлемінің құлдырауы.
4-
тақырып. Ауыз су проблемасы.
5-
тақырып. Жастардың темекі эпидемиясының деңгейі – ұлт денсаулығы
үшін күрестің маңызды аспекті.
6-
тақырып.
Радиациялық экология
1-
тақырып. Экология ғылым ретінде
1.1-
тапсырма: «Мына ғалымдар экологияның дамуына қандай үлес
қосты?» деген сұраққа жауап бере отырып, кестені толтырыңдар
Ғалымдар
Ғалымдардың қосқан үлестері
Аристотель
Теофраст Эрезийский
Авиценна
А. Цезальпин (1519 - 1603), Д. Рей
(1623 -
1705), Ж. Турнефор
М.В. Ломоносов (1711 - 1765),
ғалым-агроном А.Г. Болотов (1738 -
1833)
және басқалар
Ж. Бюффон
Ж.Б.
Ламарк
А. Гумбольдт
Э.А. Эверсман
Ч.
Дарвин
Э. Геккель
К. Мебиус
В.В.
Докучаев
В.И.
Вернадский
Ч. Элтон
А. Тенсли
В. Сукачев
1.1-
тапсырмаға арналған тірек материал.
Экология пәні.
1866
жылы «Ағзалардың жалпы морфологиясы» кітабында неміс биологы
Эрнст Геккель «ойкос» – үй, баспана және «логос» – ілім деген екі грек сөзінен
құрастырылған «экология» терминін алғаш ұсынған.
83
«
Экология» терминінің мазмұнын әртүрлі түсіндіру жағдайлары
байқалады. Бірақ қандай жағдайда болса да, экологияның барлық заманауи
бағыттарының негізінде биоэкологияның іргелі идеялары жатыр. Экология –
мынадай сұрақтарға жауаптар іздейтін ғылым:
−
Табиғатта қандай ағзалар тіршілік етеді?
−
Өз тіршіліктерін қолдау үшін қажетті ресурстарды олар қайдан алады?
−
Бұл ағзалар бірі мен бірі және оларды қоршаған ортамен қалай өзара
әрекеттеседі?
−
Уақыт өткен сайын теңізбен немесе мұхитпен қандай өзгерістер болуы
мүмкін?
Заманауи экологияның бөлімдері мен бағыттары көп. Ол тірі ағзаларды
олардың өз «үйлерінде» немесе ағзаға әсер ететін тірі де, жансыз да барлық
сыртқы жағдайлар мен факторларды қамтитын «қоршаған ортада» зерделейді.
Басқа сөздермен айтқанда, экология – бұл ағзалардың өзара және тіршілік ету
ортасымен өзара ықпалдасуын зерделейтін ғылым. Бұл анықтамадағы негізгі
сөз «өзара ықпалдасу» болып табылады.
Ғалымдар орман,
шөл дала, өзендер, дала, көлдер, мұхиттар сияқты әртүрлі
экожүйелерді зерттей отырып, дәл осындай өзара ықпалдасуды зерделейді.
Экология міндеттері:
−
әртүрлі деңгейдегі ұйымдар мен ортаның биологиялық объектілері
арасындағы екіжақты байланыстарды зерделеу;
−
ортаға бейімделу маханизмдерін зерделеу;
−
экожүйелердің тұрақтылығы механизмдерін зерделеу;
−
биоәртүрлілікті қолдау механизмдерін зерделеу;
−
өнімділік процестерін зерттеу;
−
экологиялық жүйелер мен процестерді модельдеу;
−
адамзат қоғамы мен табиғаттың өзара ықпалдасу заңдарын зерделеу, осы
өзара ықпалдасуды болжау және оңтайландыру және т.б.
Экологиялық зерттеу әдістері:
−
бақылау және сипаттау әдісі (сипаттау және жинақталған экологиялық
фактілерді қамтиды);
−
салыстырмалы әдіс (зерделенетін объектілердің ұқсастығы мен
ерекшеліктерін талдау негізінде әзірленген);
−
тарихи әдіс (зерделенетін объектінің даму кезеңдерін зерделейді);
−
эксперимент әдісі (экологиялық процестерді белгілі жағдайларда
зерделеуге мүмкіндік береді);
−
модельдеу әдісі (қарапайым модельдерді пайдаланып, экологиялық
проблемалардың салдары туралы экологиялық болжамдар жасауға мүмкіндік
береді).
Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экология ғылымы
математикамен, физикамен, химиямен байланысты. Жаратылыстану
(биологиямен, географиямен, геологиямен, топырақтанумен), қоғамдық
(экономикамен, құқықпен, әлеуметтанумен, педагогикамен), қолданбалы (ауыл