73
«Спектр» физика-химиялық клуб жұмысының бағдарламасы
1. Түсіндірме жазба
«Химия» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс – мектептегі оқу-тәрбие
жұмысының құрамдас бөлігі. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы, олардың
білімін тередету және кеңейту, химияға қызығушылықтарын дамыту және оны
зерделеуге шығармашылықпен қарау үшін кең мүмкіндіктер береді. Жеке
сабақтар жүйесі арқылы оқушылар ғылыми, ғылыми-танымал және
анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеп, фактілер мен гипотезаларға талдау
жүргізіп, жинақталған материалды жүйелендіріп, оны графикалық тәсілмен
беріп, көпшілік алдында сөйлеуге үйренеді. Осының бәрі одан әрі ЖОО-да
оқуға дайындық болады.
«Спектр» физика-химиялық клубы жұмысының бағдарламасы ұсынылады,
ол 10-11 сынып оқушылары үшін сабақтан тыс уақытта өткізілетін, физика мен
химияның кіріктірілген курсының мазмұнын ашады. Ол 43 сағатқа арналған (2
жылдың ішінде айына 1 реттен) және физика мен химия ғылымдарының
жетекші идеяларын және олардың танымдық, дүниетанымдық және
қолданбалы: заттардың физикалық және химиялық қасиеттерінің олардың
құрылысынан тәуелділігі, органикалық және бейорганикалық заттардың
материалдық бірлігі аспектілерінде маңызды жекелеген ережелерін ашуды
мақсат тұтады.
2. Курстың мазмұны
Бағдарламаның мазмұны химия мен физиканың базалық курстарына
жоспарланған идеяларды дамытуға және оларды жаңалармен толықтыруға
мүмкіндік береді, бұл оыту әлеуетін біршама арттырады. Курстың негізгі оқу-
тәрбие міндеттері: 1. Білімге өз бетінше қол жеткізу қабілеттеріне сүйене
отырып, химия мен физикадан оқушылардың мектепте алған білімдерінің
негізінде осы ғылымдардың басты мәселелері бойынша олардың білімдерін
кеңейту және тереңдету. 2. Нақты материалдың негізінде салыстыру,
маңыздысын айырып алу, себеп-салдарлық байланысын анықтау, қорытынды
жасау, пысықталған материалды байланыстырып және дәлелдей отырып
баяндау біліктерін жетілдіру. 3. Адамзат алдында тұрған жаһандық: қоршаған
ортаны қорғау, табиғат байлығын ұтымды пайдалану, энергетикалық
ресурстарды байыту проблемаларын шешуде жаратылыстану ғылымдарының
гуаминстік ролін ашу. 4. Жеке тұлғаның ғылыми көзқарасын, шығармашылық
дарындылығын,
экологиялық
мәдениетін,
гуманистік
қасиеттерін
қалыптастыруға көмектесу.
Заттарды өнеркәсіптік алу және қоршаған ортаны қорғау», «Жоғары
молекулярлық қосылулар синтезінің негізгі әдістері» бөлімдері бойынша
химиядан ҰБТ-ға дайындалуға көмектеседі. Осы курс оқушылардың қызметін
ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын көздейді: дәрістер, фронтальды әңгіме,
семинарлар, есептік тапсырмаларды шешу, экспериментті орындау, экскурсия,
74
анықтамалық әдебиетпен жұмыс, хабарламалар дайындау сыныптастарның
алдында сөз сөйлеу.
3. Жұмыстың тақырыптық жоспары
14-
кесте. Жұмыс жоспары
А) Сабақ тақырыбы
Сағат саны
1. Кіріспе. Курстың міндеттері
1
2. Материя. Заттар. Заттардың қасиеттері. Заттарды
сәйкестендіру әдістері
2
3. Кинетикалық, потенциалды және ішкі энергия.
1
4. Масса – энергия формасы. Эйнштейн теңдеуі. Энергияны
сақтау заңы
1
5. Экзо- және эндотермикалық процестер. Материалдарды
екінші қайта өңдеу және энергетикалық шығындар
2
6. Гомогенді және гетерогенді қоспалар. Қоспаларды бөлу
әдістері. Семинар
2
7. Практикалық жұмыстар. Қауіпсіздік техникасы қағидалары 3
8. Зертханаға экскурсия
1
9. Пластмасса бұйымдарды таңбалау
1
10. Қорытынды
1
Б). Химиядан олимпиадаларға дайындалуды
ұйымдастыру.
4.
Әдістемелік қамтамасыз ету
Оқушылардың сабақтарын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университетінің (осы бейіндегі басқа да ЖОО) Аналитикалық зертханасынада
және Органикалық заттар зертханасында өткізу.
Конструкциялау секциясына: көмірқышқыл газының қасиеттерін
анықтауға арналған аспап, азот оксидін алуға арналған аспап (IV), тұздардың
электролизіне арналған аспап, озонатор, тұз қышқылын алуға арналған аспап,
минералды тыңайтқыштарды анықтауға арналған электрлендірілген ванна
кестесін, өндірістің магнитті сызбасын, органикалық заттар молекуласының
модельдерін, оқушылардан сабақ сұрау карточкаларын дайындау.
5.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1.
Химия – Нурахметов и др. - Алматы: Мектеп, 2013
2.
Химия», 9 класс, Габриелян О.С.
3.
Химия. 8 класс. Нурахметов и др. - Алматы: Мектеп, 2012. – 216 с.
4.
Химия. 10 класс. Учебник + CD. Рудзитис Г.Е.- Москва: Просвещение,
2014.
75
5.
Гольдфельд М.Г. Внеклассная работа по химии. – М.: Просвещение,
1976. -
191 с.
6.
Тяглова Е.В. Исследовательская деятельность учащихся по химии. –
Москва: Глобус, 2007.
7.
Боева Т. Н., Корчагина В. В. Химический праздник в сельской школе:
пир на весь мир // Химия в школе. - 2005. - №5. - С. 28.
8.
Гусаков А. Х. Учителю химии о внеклассной работе. - М.,
Просвещение, 1981.
9.
Васильева Т. К. Игра-зачет. "Знание - сила" // Химия в школе. - 2005. -
№5.
10.
Кононова В., Фононова Т. Ф. Физико-химический КВН // Химия в
школе. - 2005. - №4. - С. 39.
11.
Лазаренко А. А. Учителю о внеклассной работе по химии. - М.,
Просвещение, 1981.
12.
Олейникова И. И., Буржинская Т. Г. Химичесий десант в тылу
хемофобии // Химия в школе. - 2005. - №9. - С. 73.
13.
Вечер-конкурс по теме "Электролитическая диссоциация" // Химия в
школе. - 2005. - №9. - С. 75.
14.
Шахова О. Ю. Блиц-КВН "Металлы и неметаллы" // Химия в школе. -
2005. -
№9. - С. 70.
Достарыңызбен бөлісу: |