The National Academy of Education named after I. Altynsarin Астана



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/113
Дата30.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113


 
 
Кіріспе 
 
Қазақстанда  балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесі  балалар 
бірлестіктерінің  қызметіне  және  қосымша  білім  беру  ұйымдары  өткізетін  іс-
шараларға ерікті түрде қатысу қағидатына негізделген.  
Қазақстан  Республикасында  қосымша  білім  беру  жүйесін  дамыту,  оны 
жаңа сапалы деңгейге көшіру қажеттілігі бірқатар мән-жайлармен айқындалды:  
1) қоғамдық санада түбегейлі өзгерістер болды – адамға деген көзқарас, ең 
алдымен  маман  ретінде,  дамудың  мәдени-тарихи  педагогикасы  тұрғысынан 
жеке тұлғаға деген көзқарасты алға қояды; 
2)  дамыған  елдердің  техногендіктен  антропогендік  өркениетке  ауысу 
үрдісі күшеюде;  
3) мәдени-білім беру, ақпараттық, бос уақыт қызметтері балалар мен ата-
аналарда одан да үлкен сұранысқа ие. 
Нәтижесінде тұлға мен қоғам үшін формальды емес білім берудің әртүрлі 
түрлерінің мағынасы артуда. Осындай түрлердің бірі қосымша білім беру деп 
танылған,  оның  негізгі  нысанасы  –  балалардың  ұдайы  өзгеріп  тұратын  жеке 
әлеуметтік-мәдени және білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру.  
Балаларға  қосымша  білім  берудің  едәуір  педагогикалық  әлеуеті  бар: 
тұлғаны  дамыту  мотивациясын  қалыптастырудың  маңызды  құралы  ретінде 
қарастырылады; қосымша білім беру процесінде әр бала үшін табысқа жетуге 
жағдай  жасау  мүмкіндігі  бар;  қызметтің  әртүрлі  түрлерін  меңгеру  арқылы 
құрылған қосымша білім беру тұлғаның өзін-өзі танытудағы мәдени кеңістігін 
кеңейтеді,  оны  шығармашылыққа  ынталандырады;  қосымша  білім  беру 
саласында  бала  мен  ересек  адамның  тұлғалық  мүдделерінің  ортақтығы 
негізінде  гуманистік  құндылықтар  бағытында  қалыптасу  процесі  қарқынды 
және  нысаналы  түрде  жүреді;  баланың  ең  жақын  даму  аймағы  бола  тұра, 
қосымша  білім  беру  бағдарламалары  оның  «мәдени  дарындылығын» 
тәрбиелеуге көмектеседі; өзінің ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша білім 
беру  бос  уақытты  ұйымдастыру  түрлерін  (демалыс,  ойын-сауық,  мереке,  өз 
бетінше  білім  алу,  шығармашылық)  білім  беру  қызметінің  әртүрлі 
нысандарымен  тығыз  үйлестіруге  тырысады  және  оның  салдары  ретінде 
балаларды  жұмыспен  қамту  проблемаларын  шешу  арқылы  девиантты  мінез-
құлық кеңістігін қысқартады.  
Қосымша  білім  беруді  ұйымдастыру  –  бұл  өзіндік  ерекшелігі  және 
бірыңғай білім беру кеңістігінде міндеттері бар білім беру ұйымдарының жаңа 
түрі.  Негізгі  міндеттерінің  бірі  баланың  ерте  жастан  бастап  өз 
қызығушылықтарына,  ниетіне  және  бойындағы  әлеуетіне  сәйкес  белсенді 
дамуы,  жаңа  бірдеңені  білуге  ұдайы  тырысуы,  қоршаған  ортаны  зерделеуі, 
ойлап табуда, шығармашылық қызметте, спорта өзінің күшін байқап көруі үшін 
жағдайлар  жасау  болып  табылады.  Әлбетте,  бұл  проблеманы  тек  мектеп 
пәндерінің шеңберінде ғана шешу мүмкін емес. 
Балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдары  өз  дамуының  сапалы  жаңа 



 
кезеңінде  екенін  көрсететін  үдеріс  байқалады.  Бұл  кезең  олардың  мақсатын 
және  әлеуметтік-педагогикалық  мүмкіндіктерін  қайта  ойластырумен 
байланысты,  сондықтан  олар  қабілеттерін  дамыту,  өзін-өзі  дамыту,  өзін-өзі 
айқындау,  өзін-өзі  таныту  қажеттілігін  сезінген,  білім  мен  шығармашылыққа 
мотивациясын  қалыптастыру  талпыныстарын  қанағаттандыру  үшін  тиімді 
құрал  ретінде  қарастырылатын  басқа  білім  беру  ұйымдарының  арасында 
барлық жағынан тең жағдайға ие болды. 
Әрбір  қосымша  білім  беру  ұйымы  балаларға  білім  беру  жүйесі 
элементтерінің  бірі  болып  табылады,  онда  әр  баланың  табысқа  жетуі  үшін 
жағдай жасалады, балалар мен жасөспірімдердің, отбасының әртүрлі мүдделері 
мен  қажеттіліктеріне  негізделген  икемді,  динамикалық  даму  үдерісіндегі 
мәдени-білім беру жүйесін құру міндеттерін шешеді. Барлық осы ерекшеліктер 
әрбір балаларға қосымша білім беру ұйымына қайталанбас бірегей және жеке 
өзіндік ерекшелік береді. 
Педагогикалық,  психологиялық  және  әдістемелік  әдебиетті,  сондай-ақ 
Қазақстан  мұғалімдерінің  жұмыс  тәжірибесін  зерделеу  қосымша  және 
сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда және өткізуде бірқатар проблемаларды 
анықтады. Химия, биология, физика және география мұғалімдеріне жүргізілген 
сауалнама  көп  жағдайларда  жұмыстың  қандай  да  болса  жүйесі 
байқалмайтынын  және  ол  негізінен  шартты  және  эпизодты  сипатқа  ие  екенін 
көрсетті. Ең алдымен, бұл осы мәселеге аз көңіл бөлінетіндігіне байланысты, ал 
әдістемелік әдебиетте ұсынылған аздаған қызықты әзірлемелер мен ұсынымдар 
қатардағы мұғалімдерге толық қолжетімді емес. Көбінесе сыныптан тыс жұмыс 
шартты  және  эпизодты  сипатқа  ие  және  негізінен  оқушыларды  конкурстық 
сынақтарға  (олимпиадаларға)  дайындаудан  тұрады.  Сыныптан  тыс  жұмысты 
дұрыс  ұйымдастыруға  кедергі  жасайтын  негізгі  факторлар:  әдістемелік 
әдебиеттің,  материалдық базаның,  осы бағытта  жұмыс  өтілінің болмауы  және 
т.б. 
Балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарының  жұмысын  жетілдіруге, 
олардағы  сыныптан  тыс  және  мектептен  тыс  жұмыстың  бай  тәжірибесін 
сақтауға  оқушыларға  үш  тілде  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын  және 
жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытылатын пәндер бойынша сыныптан 
тыс  жұмыс  бағдарламаларын  әзірлеу  көмектеседі,  олар  оқу-тәрбие  процесінің 
мақсаттылығы  мен  басқарылушылығын,  келісушілігін  және  үйлесімділігін 
қамтамасыз етеді.  
Осы жинақта ұсынылып отырған қосымша білім беру және сыныптан тыс 
жұмыс  бағдарламалары  мазмұны  бойынша  дәстүрлі  оқу  бағдарламаларынан 
шамалы  ғана  ерекшеленеді.  Алайда  бұл  жерде  осы  бағдарламалар  бойынша 
сабақтар өткізу технологиялары маңызды. 
Осындай  технологиялардың  бірі  кейс-стади  технологиясы  деген 
халықаралық атау алған технология болып табылады. 
Кейс-әдістің  мәні  оның  нақты  білім  немесе  біліктерді  қаншалықты 
меңгеруіне  ғана  емес,  білім  алушылардың  да,  педагогтардың  да  жалпы 
зияткерлік  және  коммуникативтік  әлеуетін  соншалықты  дамытуға 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау