Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу



жүктеу 40,5 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі40,5 Kb.
#22018

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың , жасөспірімдер қараусыздығы пен панасыздығын алдын алу туралы  ақпарат

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі

№ 591 Заңын орындау мақсатында бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Барлық білім беру мекемелерінде оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген . Қазіргі таңда мектептерде 2 мектеп инспектор полиция қызметкері бар. Олардың жұмыстары оқушылар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алуға және де оларға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған..



Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектептерде құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды Кеңес құрамы мектеп директоры, директордың тәрбие ісінің меңгерушісі, ата-аналар комитетінің төрағасы, әкелер кеңесінің төрағасы, психолог, әлеуметтік педагогтан тұрады. Жеке жоспарға сәйкес кеңес отырысы өтеді.

Көкпекті ауданы бойынша 37 білім беру мекемелері бар, оның 21 орта, 12 негізгі, 5 бастауыш мектептер. Барлық білім беру мекемелерінде 4065 бала білім алды. Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында 25 білім беру мектептерінде бейнекамералар орнатылды. Бейнекамералар арқылы 123 ішкі және 51 сыртқы бақылау жүргізіледі. Олар арқылы киім ілетін орындар, мектеп ауласы, спорт алаңдары, мектепке дейінгі балаларға арналған шағын орталықтар, асханалар, спортзалдар бақыланады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бағытталған жұмыстар атқарылады: 48 сынып сағаттары, 12 диспуттар, 37 профилактика Кеңестері , 9 пікірсайыс клубтары, 32 құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер өткізілді. Білім беру бөлімінің қызметкерлері мен ІІБ инспекторларымен ай сайынғы есеп барысында 61 күндізгі, 135 түнгі рейдтер өткізіліп, 21 жайсыз отбасылардың тұрмыстық жағдайлары тексерілді. 

1-20 қараша аралығында «Бүкіл дүниежүзіндегі балалардың құқықтары» күніне арналып  республикалық деңгейде өткен “Зорлық-зомбылықсыз және қатыгезсіз балалық шақ” атты акция  шеңберінде  ауданның барлық білім мекемелерінде «Түнгі ауылдағы балалар», «Көше», «Жасөспірім» атты рейдтік шаралар, «Алаңсыз балалық шақ» атты тақырыпта 42 іс-шара ұйымдастырылды. «Балаларды бірге қорғайық» жобасын жүзеге асыру аясындағы ақпан айында «Бақытты отбасы- бақытты балалық шақ»жобасымен аудан мектептеріндегі сәтсіз 21 отбасынан шыққан 40 баланың әлеуметтік портреті жасалды. Осы жобаны іске асыру шеңберінде 2017 жылғы 26-30 қаңтар аралығында   аудандық ішкі істер бөлімі, жергілікті полиция қызметкерлерімен  бірлескен, өмірлік қиын жағдайға түскен балалардың отбасын аралау бойынша алдын алу іс-шаралары, рейд жүргізілді. Рейд жүргізуге мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектептің полиция инспекторлары, психологтары қатысты. Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кешкі уақытта ауылда орналасқан мәдени орындарға, кафе-дәмханаларға, ауыл көшелеріне ДНД кестесі бойынша мектеп мұғалімдері, полиция қызметкерлерімен кезекшілік атқарылып, қорытындысы шығарылып отырылады. Ағымдағы жылда барлығы участкелік инспекторлармен 24 дәріс өткізіліп, оған 2344 оқушы қамтылды.

Дегенмен, аудан білім беру мекемелері тарапынан практикалық тұрғыда ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен бірлесе іс-шаралар атқарып, іс-қимыл шаралары түнгі рейдтер, құқықтық семинарлар мен кездесулер түрінде жүргізіліп, жұмыс жасалғанымен жасөспірімдердің қатысуымен әр түрлі қылмыс түрлері орын алып, есепке алу фактілері жиілеуде. 2014-2015 оқу жылында 21 оқушы есепте тұрса, 2015-2016 оқу жылында 14 оқушы, 2016-2017 оқу жылының 8 айында барлығы 12 бала ішкі істер бөлімінде қадағалау есебіне алынған. (Көкжайық ом-4, Октябрь мектеп-балабақша кешені-5, Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейі-2, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі-1).

Көкпекті ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) өз жұмысын іске асырады. Комиссия құрамында аудандық мәслихат депутаты, ішкі iстер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бар. Комиссия отырысында 2015-2016 оқу жылында аудандық ішкі істер бөлімнен түскен 6 қылмыстық іс-материалдар (С.Онищенконы ата-ана құқығынан айыру, сәтсіз отбасы А.Қоңырбаеваның іс-құжаттары, Ж.Болғанбаев атындағы ом кәмелеттік жасқа толмағандар ұрлық жасау фактісі бойынша), 2016-2017 оқу жылының 6 айында 8 қылмыстық іс-материалдар қаралды. (Көкжайық ом, Ж.Болғанбаев атындағы мл, Октябрь ом, Ж.Шайжүнісов атындағы ом кәмелеттік жасқа толмағандардың ұрлық қылмысын жасау фактісі бойынша).

Балалар мен жасөспірімдердің түрлі келеңсіз іс-әрекеттерден аулақ болуы олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға да байланысты. Аудан бойынша мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 205 пәндік үйірмелер, сыныптан тыс үйірмелер және спорттық секциялар жұмыс істейді оған 2144 бала қамтылған( 53%). Осы сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс жүргізілуі қатаң қадағаланып, бақылауға алынды. Мектепішілік есептегі -9 оқушы, ІІБ есептегі 6 оқушы споттық секциялармен қамтылған. Олардың ішінде 4 волейбол, 3 күрес , 1 футбол, 1 бокс , 1 хоккеймен шұғылданса, қалғандары қосымша үйірмелермен қамтылған.



Білім , дене шынықтыру және

спорт бөлімінің басшысы Ш.Мустафинова
жүктеу 40,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау