Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi
Соңғы жылдары қабылданып жатқан алдын алу шараларының нәтижесінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны айтарлықтай өсті.
Жалпы өткен жылы полиция қызметкерлері 3,3 млн-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықтады, оларды жасағаны үшін 26 млрд. теңгеден астам сомаға 2,7 млн.-нан астам адамға айыппұл салынды.
2 Диаграмма. Тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар саны.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi
Азаматтардың құқықтық танымын арттыру және құқықтық тәртіпті нығайтумен байланысты құқық бұзушылықтардыңсаны айтарлықтай өсті. Оларға: ұсақ бұзақылық фактілері (330-бап), тыныштықты бұзу (333-бап) қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйде болу (336-бап), жекелеген қоғамдық орындарда шылым тарту тыйым салуын бұзу (ст.336-1), түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және үй-жайдан тыс жерде болуы время (336-3 және 336-4-баптар).
Осы санатқа ауыр салдар келтіретін Жол қозғалысы ережелерінің бір қатар бұзушылықтарын жатқызуға болады (көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану - 461-1-бап, жылдамдық режимін арттыру – 462-бап, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін бұзу – 463-бап, көлік құралын маскүйде басқару – 467-бап, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелін бұзуы – 473-бап).
Бұдан басқа, егер осы көрсеткіштерді 2012 жылмен салыстырса, олар екі есеге өскен.
Осылайша, егер 2012 жылы ішкі істер органдарының қызметкерлері 36 мың ұсақ бұзақылықты анықтаса, 2014 жылы 68,2 мыңнан астам осындай құқық бұзушылық тіркелген, өсу 90% құрады, белгіленбеген орындарда шылым тартқаны үшін 2012 жылы – 31,8 мың, 2014 жылы – 94 мың (үш еседен астам өскен).
3-Диаграмма. 4-Диаграмма.
ӘҚБтК-ның 330-бабы (ұсақ бұзақылық) ӘҚБтК-ның 336-1-бабы (жекелеген қоғамдық орындарда шылым тарту тыйым салуын бұзу) Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi
Жауапкершілікке тату бойынша да осындай үрдіс байқалады: белгіленбеген орындарда сауда жасау (2012 жылы – 270, 2014 жылы– 26,3 мың); тыныштықты бұзғаны үшін (2012 жылы – 33 мың, 2014 жылы – 48,9 мың); қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішкені үшін (2012 жылы - 137,8 мың, 2014 жылы – 187,4 мың); қала аумағын абаттандыру ержелерін бұзғаны үшін (2012 жылы - 73,6 мың, 2014 жылы – 114,7 мың).
Ұсақ бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруда айтарлықтай рөл қоғамға бөлінеді. Бүгінгі таңда 34 мың адамды біріктіретін құқық қорғау бағытындағы 5,4 мың қоғамдық бірлестік бар. Тек олардың қатысуымен 2014 жылы 1,7 мың қылмыс ашылды, 23 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Тек олардың қатысуымен 1,7 мың қылмыс ашылды және 23 мыңнан астам әкімшілік бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, көптеген өңірлерде бірлескен іс-шаралар бір мәрте ғана өткізіледі. Азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығына қол сұғатын құқық бұзушылықтардың азайғаны байқалады. Жүргізіліп жатқан жұмыста қоғамның әлеуметі толық деңгейде пайдаланылмайды. Қоғамда бұрыңғыдай құқықтық нигилизм сақталуда, көптеген азаматтардың, әсіресе жастардың құқықтық таным және құқықтық мәдениет деңгейі төмен. Мұндай ахуал мүдделі мемлекеттік органдардың тиісті өзара іс-қимыл жасасу болмауынан орын алады.
Мемлекет Басшысының Жолдауында деструкциялық әлеуметтік мінез-құлықты жұмыс алу мүмкіндігімен байланыстыру қажеттігін аталып өткен. Қоғамдық орындарда бұзақылық мінез-құлық үшін жауапкершілік енгізіліп, ол өз кезегінде жұмыскерлердің жеке істерінде міндетті түрде тіркеліп, жұмысқа қабылдау және жұмыс барысында ілгерілету кезінде ескерілуі тиіс.
Құқық қорғау және мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының тарапынан құқық бұзушылық жасау, азаматтарды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу идеясына нұқсан келтіреді, қоғам алдында құқық қорғау және мемлекеттік орган өкілдеріне сенбеушілік сезімін тудырады.
Осыған байланысты, тәрбиелік ықпал ету шараларын күшейту, құқық қорғау және мемлекеттік орган өкілдерінің кәсіби және адамгершілік сапаларын арттыру жоспарланған.
Сонымен қатар, дамыған шетелдік елдердің тәжірибесі көрсеткендей, құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру құқықтық тәртіпті нығайтуда маңызды қадам болып табылады.
Мысалы, АҚШ-та енгізілген «шағылған әйнектер» теориясы тәртіпсіздіктің жаппай қарқын алуына тосқауыл бола алады. Осындай әдістер Ұлыбританияда, Сингапур және басқа да Еуропа елдерінде белсенді қолданылды. Қазіргі заманғы Жапонияда құқық бұзушылықтардың алдын алуда қабылданып жатқан шаралар тиімділігінің негізгі факторы қарқынды тәрбиелік жұмыс болып табылады.
Жүргізіп жатқан жұмыстың индикаторын белгілеу үшін қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қол сұғатын ұсақ құқық бұзушылықтардың тізімін кеңейту мақсатқа сай болады. жаңа әкімшілік заңнама шеңберінде олардың қатарына қосымша мына баптарды енгізуге болады: 73 (Отбасы-тұрмыстық қатынаста құқыққа қарсы іс-әрекет), 132 (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуы), 200 (Алкогольді өнімді іске асыру бойынша заңнама бұзуы), 204 (белгіленбеген орындарда сауда жасау), 386 (жасыл көшеттерді күту және қорғау ережелерін бұзу), 435 (кәмелетке толмағанмен жасалған бұзақылық), 436 (елдімекендерді атыс қарудан оқ ату, пиротехникалық заттарды жару), 447 (тарих және мәдениет ескерткіштерін күзету және пайдалану ережелерін бұзу), 449 (қоғамдық орындарда тиісу), 505 (абаттандыру ережелерін бұзу...), 600 (жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу...), 620 ( жол жүрісі қатысушыларына қойылатын басқа да талаптарды бұзу) .
Достарыңызбен бөлісу: |