Мақсаты мен міндеттері
Жоспардың негізгі мақсаты қоғамда мәдениетсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға жалпы төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру.
Жоспардың негізгі міндеттері:
қылмыс деңгейін төмендету;
ұсақ құқық бұзушылық жасаған тұлғаның лауазымдық, мүліктік және басқа да орнына қарамастан жазалаудан құтылмаушылықты қамтамасыз ету;
азаматттардың, оның ішінде жастардың құқықтық танымы мен мәдениетін арттыру.
Жоспардың негізгі бағыттары
2015-2016 жылдары құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мына негізгі бағыттар бойынша жалғастырылатын болады:
құқық бұзушылықтарды, оның ішінде ұсақ құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жүйелі жұмыс;
азаматтық қоғам және қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасасу түрлерін дамыту;
құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында заңнамалық нормаларды жетілдіру;
құқық қорғау және мемлекеттік орган өкілдерінің кәсіби және адамгершілік сипаттарын арттыруға бағытталған шараларды нығайту.
Күтілетін нәтижелер
Қоғамда мәдениетсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық танымы мен мәдениетін арттыруға бағытталған Жоспардың іс-шараларын іске асыру нәтижесінде:
- елімізде қылмыс деңгейін (10 мың халыққа) 2015 жылы 190-ға дейін, 2016 жылы 187-ге дейін төмендету;
- құқық қорғау бағытындағы қоғамдық бірлестіктердегі азаматтардың санын 2015 жылы 35 мыңға дейін, 2016 жылы 36 мыңға дейін арттыру;
- құқық қорғау және мемлекеттік орган қызметкерлерінің жасаған құқық бұзушылықтарының санын 2015 жылы 10%-ға, 2016 жылы 20%-ға төмендету күтіледі.
№
|
Іс-шара
|
Орындау мерзімдері
|
Жауапты орындаушылар
|
Аяқталу нысаны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
І. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР
|
|
Ұсақ құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша ішкі істер органдарының қызметіне ай сайынғы есеп беру нысанын әзірлеу.
|
2015 жылғы қаңтар
|
ІІМ
|
Есеп беру нысаны
|
|
Құқық бұзушылықтарды, оның ішінде ұсақ бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жай-күйіне ұдайы мониторинг және болжам жасауды қамтамасыз ету.
|
Ай сайын
|
ІІМ, БП
|
Шолу анықтамасы
|
|
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау кезінде заңдылықты сақтау, жазалаудан құтылмаушылық қағидатын сақтау, азаматтармен қарым-қатынас кезінде қызметтік этиканы сақтау бойынша өңірлік құқық қорғау органдарына тексеріс жүргізуді ұйымдастыру.
|
Тоқсан сайын
|
ІІМ, БП
|
Тексеріс нәтижесі бойынша басшылыққа баяндама, прокурорлық қадағалау актілерін енгізу
|
|
Мемлекеттік орган қызметкерлері жасаған құқық бұзушылықтар туралы «Е-Қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдарды автоматты түрде хабарландыру мүмкіндігін қарастыру.
|
2015 жылдың
4 тоқсаны
|
МҚІжЖҚІҚА, БП (ҚСжАЕК)
|
Мемлекеттік органдарды хабарландыру
|
|
«Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» тақырыбы бойынша елеулі іс-шаралардан бірегей оқиғалар қатарын қалыптастыру.
|
Тоқсан сайын
|
ІІМ, ИДМ, ОМО, ЖАО (келісім бойынша)
|
Оқиғалар қатары
|
|
Құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру мәселесі бойынша Интернет-конференция ұйымдастыру.
|
2015-2016 жылдардың
3 тоқсаны
|
ІІМ, ОМО, ЖАО
(келісім бойынша)
|
Интернет-конференция
|
|
ІІМ басшылығының жанындағы қорытынды кеңестерде қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру бойынша жұмыстың жай-күйі туралы осы бағыт бойынша елеулі кемшіліктер жіберген өңірлік ІІД, КІІД басшыларын тыңдап, шаралар қабылдай отырып, талқылау.
|
Тоқсан сайын
|
ІІМ
|
Кеңестердің шешімдері
|
|
Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру және іске асыру бойынша Президент Әкімшілігінің «РММ Орталық коммуникация қызметі» алаңында қосарлы брифинг өткізуді ұйымдастыру.
|
2015 жылғы қыркүйек
|
ІІМ, ИДМ, МҚІжЖҚІҚА, ОМО(келісім бойынша)
|
Брифинг өткізу
|
|
Қылмысқа қарсы іс-қимыл, заңдылықты сақтау және қоғамда құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мәселесі бойынша ведомствоаралық кеңестер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу.
|
Жеке кесте бойынша
|
ІІМ, БП, ОМО, (келісім бойынша) ЖАО, ІІД, КІІД
|
Тиісті іс-шаралар өткізу
|
|
Құқықтық тәртіпті, жол қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мақсатында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге ұдайы мониторинг қамтамасыз етілсін.
|
2015-2016 жылдары
|
ІІМ, БП, ОМО, ЖАО
|
НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар
|
ІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР
|
|
Қоғамда «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мәселесі бірлескен жұмыс тиімділігін арттыру және проблемаларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеумен жергілікті атқарушы органдардың барлық деңгейінде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоарарлық комиссия отырыстарын өткізу.
|
Жарты жылда бір реттен кем емес
|
ЖАО
|
ІІМ-ге ақпарат
|
|
Қоғамдық орындарда азаматтардың мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізе отырып, ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру. Өткізіліген
іс-шараларды БАҚ-та жариялау
|
Тоқсан сайын
|
ІІМ, ОМО,
(келісім бойынша), ІІД, КІІД, ЖАО
|
Тиісті іс-шаралар
|
|
Ұсақ құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты әкімшілік істерді қарау бойынша өңірлерде жылжымалы көрнекі сот отырыстарын практикаға енгізу мәселесін қарау.
|
2015 жылдың
1 тоқсаны
|
ІІМ
|
Жоғарғы Сотқа ұсыныстар
|
|
Шетелдердің тәжірибесін зерделеп және ескере отырып, «Шағылған әйнектер», «Көршілік қадағалау» және басқа да бағдарламалар негізінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша әдістер мен нысандар енгізу.
|
2015 жылдың
2 тоқсаны
|
ІІД, КІІД, ЖАО
|
ІІМ-ге ақпарат
|
|
Мәдениетсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бойынша жұмысқа тікелей қатысатын полиция қызметкерлері туралы бейнероликтер мен сюжеттер әзірлеу мүмкіндігін қарау (жол-патрульдік полиция, участкелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмаған істері бойынша және т.б..).
|
2015-2016 жылдары
|
ІІМ, ОМО, ЖАО
(келісім бойынша)
|
Бейнематериал
дарды көрсету
|
|
Мәдениетсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бойынша бірлескен шараларды әзірлеу үшін «Нұр Отан» партиясы, мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер» және басқа да іс-шаралар өткізу.
|
Ұдайы
|
ІІМ, ОМО,
(келісім бойынша)
ІІД, КІІД, ЖАО
|
Тиісті
іс-шаралар, БАҚ-қа материалдардың басылымы
|
|
Басшылық және күзет ұйымдарымен азаматтар жаппай жиналатын орындарда (сапаржайлар, супермаркеттер, сауықтыру орындары және т.б.) құқық бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша бұзушылық жасаған адамдарды жауапкершілікке тарту үшін ақпаратпен алмасу (оның ішінде фото, бейнематериалдар).
|
Тоқсан сайын
|
ІІД, КІІД, ЖАО
|
ІІМ-ге ақпарат
|
|
Құқық бұзушылыққа қатысы бар құқық бұзушыларды және басқа да тетіктерді тіркеуді қамтамасыз ететін бейне бақылау жүйелеріне бірегей техникалық талаптар әзірлеу.
|
2015 жылдың
1 жарты жылдығы
|
ІІМ
|
Техникалық талаптарды бекіту
|
|
Мүдделі мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамды тарта отырып және өткізіліп іс-шараларды барынша БАҚ-та жариялаумен «Ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» кең көлемді акция өткізу.
|
2015-2016 жылдардың
3 тоқсаны
|
ІІМ, ОМО,
(келісім бойынша)
ІІД,КІІД, ЖАО
|
Акциялар өткізу,
БАҚ-қа материалдардың басылымы
|
|
Құрылыс және басқа да ұйымдардың санитарлық және экологиялық нормаларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бірнеше мәрте бұзған жағдайда олардың басшыларын белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдау.
|
Тоқсан сайын
|
ЖАО, ІІД, КІІД
|
ІІМ-ге ақпарат
|
|
Кәмелетке толмағандар арасында ұсақ құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу және жою бойынша сабақтан тыс уақытта бірлескен іс-шаралар өткізу.
|
Тоқсан сайын
|
БҒМ,
ОМО, ІІД, КІІД
|
ІІМ-ге ақпарат
|
|
Жоғары оқу орындарының оқушылары арасында құқықтық мәдениеті мен танымын арттыруға бағытталған құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен оқыту-тәрбиелік процесстің шеңберінде сынып сағаттарын, кездесулер, «дөңгелек үстелдер» және т.б. өткізу.
|
Ұдайы
|
БҒМ, ІІМ, БП, ОМО
(келісім бойынша)
ЖАО, ІІД,КІІД
|
Тиісті іс-шаралар
|
|
Түнгі мезгілде кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарда және басқа да көңіл көтеру орындарында болмау тыйым салуын бұзу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольді және шылым өнімдерін сатуын анықтауына бірлескен рейдтер өткізу.
|
Ұдайы
|
ІІД, КІІД, ОМО
|
ІІМ-ге ақпарат
|
|
Тиісті алдын алу шараларын қабылдау үшін ұсақ құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарға барып, аулалық және пәтерлік тексерістер өткізу, сондай-ақ жалға берілетін пәтерлерді анықтау. Рұқсат қағазсыз жалға берілетін пәтерлер туралы ақпаратты салық органдарына жолдау.
|
Ұдайы
|
ІІД, КІІД, ОМО
|
ІІМ-ге ақпарат
|
|
Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен шараларды әзірлеп, іске асырумен ПИК жұмыскерлері, консьерждер, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық бірлестіктермен кездесулер және халық жиналысын ұйымдастыру.
|
Ай сайын
|
ІІМ, ОМО
|
ІІМ-ге ақпарат
|
|
Атқару өндіріс органдарымен бірлесіп, салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздарды өтеу бойынша іс-шаралар өткізу
|
2015-2016 жылдары
|
ІІМ, ӘдМин
|
Бірлескен бұйрық
|
|
«Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің «Бақылау» автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесімен (бұдан әрі – «Бақылау» ААІЖ)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетінің атқару өндіріс органдары автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесімен (бұдан әрі – АӨО АІЖ) ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу ережесін бектіу туралы» бірлескен бұйрығын әзірлеу және бекіту.
|
2015 жылдың
3 тоқсаны
|
ІІМ, ӘдМин
|
Бірлескен бұйрық
|
|
Қағаздағы құжат айналымын жою және ішкі істер органдарының айыппұлды өндіру туралы атқару өндіріс органдарына жолдау процессін автоматтандыру үшін «Бақылау» ААІЖ және АӨО АІЖ-ні біріктіру
|
2015 жылдың
3 тоқсаны
|
ІІМ, ӘдМин
|
Қолданысқа енгізу актісі
|
|
Жол жүрісі қауіпсіздігі аспектілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жұмыс жүргізу және жол-көлік оқиғаларын ескерту.
|
Тоқсан сайын
|
ІІМ, ЖАО
|
Тиісті іс-шаралар
|
|
Жолдардағы апаттылықты тұрақтандыру, жол жүрісі ережелерін бұзуды ескерту, сондай-ақ заңсыз келушілерді, заңсыз жолаушылар тасымалын анықтау және Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енгізілген шетелдік көлік құралдарын пайдалауын қадағалау үшін мүдделі ведомство өкілдерін, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, профилактикалық іс-шаралар өткізу («Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргіншінің қауіпсіздік күні», «Автобус», «Транзит», «Назар салыңыз, балалар!», «Мас күйдегі жүргізуші» және т.б.).
|
Жеке кесте бойынша
|
ІІМ, ЖАО
|
Профилактика
лық іс-шаралар өткізу
|
|
«Таза мектеп», «Үздік колледдж» және т.б. облыстық, қалалық және аудандық конкурстар өткізу. БАҚ-та жариялау.
|
2015-2016 жылдардың
2 тоқсаны
|
БҒМ, ЖАО
|
Конкурстар өткізу
|
|
Қоғамды барынша тартып, іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, облыстық, қалалық, аудандық «Үлгілі аула», «Үздік дәліз», «Таза көше» және т.б. іс-шаралар өткізу.
|
2015-2016 жылдардың
3 тоқсаны
|
ІІМ, ЖАО
|
Конкурстар өткізу
|
|
Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық бірлестіктер құрамындағы азаматтарды қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық тәртіпті сақтауға жаппай тарту мүмкіндігін қарау. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал ететін азаматтар санын арттыру мәселесін пысықтау және БАҚ-та материалдар жариялау.
|
Ұдайы
|
ЖАО, ІІД, КІІД
|
ІІМ-ге ақпарат
|
|
Еліміздің одан әрі дамуына әлеуметтік жауапкершілік, құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» сезімін қалыптастыруға бағытталған бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы бағдарламалар, медиялық жобалар (ток-шоу) шығарылымын қамтамасыз ету.
|
Тоқсан сайын
|
ІІМ, ИДМ, БП, ОМО (келісім бойынша)
ЖАО
|
Телекарналар, республикалық және өңірлік БАҚ
|
|
Ұсақ құқық бұзушылық жасаған құқық қорғау және мемлекеттік орган қызметкерлерін талқылау бойынша жиналыстар өткізу. Осындай жұмысты еңбек ұжымдарында және басқа да ұйымдарда өткізу мәселесін пысықтау.
|
2015-2016 жылдар
|
ІІМ, БП, ОМО, ЖАО
|
Жиналыстар өткізу
|
|
Құқық қорғау және мемлекеттік орган қызметкерлерінің қызметтік міндетін үлгілі атқару мысалдары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, аталған үлгілерді ұжымдарға жеткізу.
|
2015-2016 жылдар
|
ІІМ, БП, ОМО, ЖАО
|
БАҚ-та жарияланым
|
Ескертпе: Аббревиатураларды түсіндіру:
БП – Бас прокуратура
МҚІжЖҚІҚА – Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
ІІМ – Ішкі істер министрлігі
ДСӘДМ – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
МСМ – Мәдениет және спорт министрлігі
ИДМ – Инвестициялар және даму министрлігі
БҒМ – Білім және ғылым министрлігі
БП ҚСжАЕК – Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi
ЖАО – Жергілікті атқарушы органдар
ОМО – Отралық мемлекеттік органдар
ІІД, КІІД – Ішкі істер департаменті, Көліктегі ішкі істер департаменті
ҮЕҰ – Үкіметтік емес ұйымдар
БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары
НҚА – Нормативтік құқықтық актілер
Достарыңызбен бөлісу: |