215
«Бұл ауру бек жұқбалы дүр, аурудың жұқбалы құрты
ауырған малдың тұла бойында болады» («Малда болатын
жұқбалы аурулардың, һəм оларға қарсы ғамал қолдану
хақында», 3-б.). Əрине, оба құрттары, қышыманың құрты,
чуманың құрты, жұқпалы құрт сияқты терминдік мəні
бар тіркестердің жасалуында орыс тілінің əсері бар екені
айқын.
Медицина, биология əдебиеттерінде орыс тілінің əсері-
нен туған басқа да көптеген терминдік сөз тіркестері
қолданылған. Мысалы, жұқпалы ауру, терінің жұқпалы
ауруы, табиб ғылыми т.б. сөз орамдары орыс тіліндегі
заразная болезнь, кожная заразная болезнь, медицинская
наука дегендердің тікелей ықпалымен туған. «Табиб
ғылымында айтылған сөз бар: оба менен ауырган адам-
ларның өзлері хауіпсіз деб» («Афатякихолера əңгімесі», 4-б.).
«Қышыма терінің жұқпалы ауруы» («Қышыманың тура-
сында», 3-б.). «Сол жылдан бері тек обадан ең кемі 2-3 мил-
лион адамдар өлді» («Обадан қалай сақтану», 3-б.). «Оба
құртдары қатты ыссыдан һəм құрғақтықтан өледі, бірақ
қандай мықты суықтанда өлмейді» (Сонда, 4-б.). Соңғы екі
мысалдағы сын есімнен кейін тұрған анықталушы сөздің
көптік жалғауын жамылып тұруымен мықты суық тіркесі
қазақ тілі мəдениеті тұрғысынан онша ұтымды жасалған
тілдік единица емес. Алдыңғысы қазақ тілі нормасына
мүлдем қайшы, соңғы тіркес мағынасы əдетте («от сильных
морозов») қатты суық, я аяз сөздерінің тіркесуі арқылы
беріледі. Əсіресе, бір мағынада, бірақ əр тұлғадағы па-
раллель сөз тіркестерінің қолданылуы да бұл кітапшалар
тілінен белгілі дəрежеде ұшырасып отырады. Сондайдың
бірі – ауыру етістігінің əр септік жалғауларын, бірде
көмектес, бірде шығыс тұлғаларын меңгеруі болып келеді.
Ондайлар тіпті бір шығарманың өз ішінде де кездесіп оты-
рады. Мысалы, «өзін-өзі жақсы ұстамайтын, өлшеусіз ішін
бұзғандай қылыб тамақ һəм арақ ішетін адамдар обадан
жылдам ауырады... Сол себебі ол адам обамен ауырғанын
216
білмей, сау кісілермен бірге асаб, ішіб һəм жатыб тұруымен
оларға жаяды» («Обадан қалай сақтану», 5-6-бб.). «Ол ау-
рудан ксилердиң ауратугуны бизге тамаша емес» («Глазная
болезнь трахома», 9-б.). «Мұндай ауруменен ауырғанның
жартысы өлуде» («Афатякихолера əңгімесі»,2-3-бб.). «Егер-
де адам осындай ғаламатбен аура қалса, жылдам доқторға
хабар беру керек... Чумадан ауырады – балада, үлкенде,
еркекте, һəм əйелде» («Адамның чумасы турасында», 4-
8-бб.). «Қышымадан ауырғандар қышыған жерлерін қаси-
қаси қанатады» («Қышыманың турасында», 8-б.). «Маң-
қадан ауырған жылқыларның екі танауынан ірің ағады»
(«Малда болатын жұқпалы аурудың һəм оларға қарсы қалай
ғамал қолдану хақында», 6-7-бб.).
Бұндағы аурумен (обамен, қышымаман т.б.) ауыру деген
тіркес үлгісі, сөз жоқ, орыс тілінің тікелей əсер-ықпалынан
туған, орыс тіліндегі «болеть (заболеть) чем» конструкция-
сынан калька арқылы аударылып алынған. Бұл тіркес үлгісі
қазіргі жазба тілімізде де, 20–30-жылдардағы баспасөз,
əдебиеттер тілінде де көп қолданылып жүр: гриппен ауыру,
зобпен ауыру, ревматизммен ауыру т.б. Бірақ осы үлгідегі
меңгеріле байланысқан тіркестер жарты ғасырдан артық
уақыт жазба тілімізде қолданылып келсе де, оны қазіргі
əдеби тілімізде толық орнықты деуге болмайды. Өйткені
оның жасандылығы бірден байқалады жəне бұлар бұрын
тілімізде қолданылмаған үлгінің негізінде жасалған. Қазақ
тілінде ауыру етістігі тірек болатын конструкция көбіне-
көп меңгеру болып келмей, кейбір көмекші етістіктер
арқылы қабыса байланысып тұратын. Қазіргі сөйлеу тілінде
де шаншу тиіп ауыру, тымау тиіп ауыру, суық тиіп ауы-
ру, қылтамақ болып ауыру, жөтел тиіп ауыру т.б. тəрізді
үлгіде жиі айтылады. Бірақ қазіргі белгілі болған көптеген
ауру атауларымен ауыру сөзі сөйлеу тіліндегі бұл үлгі
негізінде сол көлемде, сол шеңберде ғана тіркесе бермейді,
яғни мұндай конструктивті үлгі мүмкін болатын тіркес-
терді толық қамти алмайды. Сондықтан да медициналық
217
əдебиет тілінде жоғарыдағы көрсетілгендей калька тіркес-
тер пайда болып отырады.
Ал аурудан (обадан, чумадан, қышымадан, маңқадан т.б.)
ауыру тіркесінің тұлғасы да қазақтың əдеби тілінде əдетте
үлгі деп айтуға келмейді. Бұл жерде ол тіркес үлгісінің
табиғатын дəл басу қиын. Мысалы, орыс тілінен дəлме-дəл
калька арқылы аударылып алынған емес. Дегенмен, бұл
тіркестің тууына орыс тіліндегі «болеть (заболеть) чем»
конструкциясының кейбір əсер-ықпалы бар болу керек. Ол
ықпал, ең алдымен, айтылмыш кітапшалардың орыс тілінен
аударма екендігінде болса, екіншіден, ауыру сөзінің орыс
тіліндегі «болеть, заболеть» сияқты əрқашан белгілі бір
сөзді, көбіне ауру аттарын меңгеріп тұруға ыңғайлануы
болса керек. Осының үстіне бұл тіркес үлгісінің осындай
тұлғада пайда болуының тағы бір көзі, яғни ауыру етістігінің
шығыс септікті меңгеруі қазақ тіліндегі қолданылып жүрген
аурудан, кеселден өлу тəрізді байырғы тіркес үлгісінің де
əсер еткенінен болу керек. Ауыру жəне өлу етістіктерінің
синтаксистік қызметі жағынан бір ұқсас жері өлуде ауыру
етістігіндей кейде көсемшелі сөзбен қабыса байланысады:
ауырып өлу, ауырмай өлу. Демек, аурудан ауыру тіркес үлгісі
тұмау... болып (тиіп) ауыру немесе орыс тілі əсерінен туған
аурумен ауыру жəне аурудан (кеселден) өлу тəрізді екі кон-
струкциядан контаминация арқылы жасалған деп жобалауға
болады.
Бұл кезеңдерде техниканың кейбір саласына байла-
нысты да бір сыдырғы еңбектер жарық көрді. Олардың
кейбіреулерін көрсете кетейік: «Торгайский сельско хо-
зяйственный обществоның уставы», Орынбор, 1903; «Ино-
родистер школдары үшін шыққан жаңа правилелер»,
Орынбор, 1906; «Қолменен май алатын машинаны пайдаға
енгізу жөні», Троицк, 1914; «Қазақ-қырғыз съезі (Кн. «Му-
сульманского бюро»), Орынбор, 1917; «Нұсқа кітаб. Зеңгір
компаниясының істігетұғын машинелеріне», Орынбор,
1914 ж. т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |