239
уазымды адам (должностное лицо), ежелгі заман (древ-
ность), бір жолғы жəрдем (единовременное пособие),
біркелкі нарық (единая расценка), бір мəнділік заңы (закон
однозначности), терістеуді терістеу заңы (закон отрица-
ния отрицания), сапа белгісі (знак качества), білікті маман
(квалифицированный специалист), жансыз еңбек (мерт-
вый труд), аңғал материализм (наивный материализм),
адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы (новая истори-
ческая общность людей), қоғами адамгершілік (обществен-
ная нравственность), төл тума əдебиет (оригинальная ли-
тература), еңбек құралы (орудие труда), аударма əдебиет
(переводная литература), өкілетті өкіл (полномочный
представителъ), соқыр нанымдар (предрассудки), кемелден-
ген социалистік қоғам (развитое социалистическое обще-
ство), астам держава (сверхдержава), жиынтық жоспар
(сводный план), үлгі норма (типовая норма), үшінші дүние
(третий мир), ой тұжырымы (умозаключение), ой бол-
жамы (умозрение) т.т. жатады.
Келтірілген мысалдарға зер сала отырып күрделі тер-
миндер құрамындағы сөздердің кейде түгел калькаланаты-
ны, кейде оның кейбір компоненттері ғана сол қалпында,
яғни түпнұсқадағы кейпі сақталып алынатыны (аңғал ма-
териализм, социалистік жарыс, коммунистік еңбек, пар-
тия ұйымы, əлеуметтік статус, астам держава, радио
қабылдағыш, автотіркеме, қоғамдық формация) көруге
болады.
Қазақ тілінде кейінгі кезде сөз тіркесі түріндегі термин-
дер де молынан қолданылатын болды. Олар орыс жəне
интернационалдық терминдер негізінде жасалып жүр:
халықаралық жағдай (международное положение), ғылыми-
зерттеу жұмысы (научно-исследовательская работа),
халықтық бақылау тобы (группанародного контроля), ба-
стауыш ұйым (первичная организация) т.б.
Сонымен, біз бұл тəсіл арқылы терминжасамның жаңа
бір моделінің пайда болғанын көреміз. Калькалау тəсілі
240
ғылым мен техниканың барлық саласында бірдей өнімді
бола алмайды. Қазақ тілінің жағдайында да мұны
жоғарыда байқалғанындай, саралап тану керек. Бұл ретте,
қоғамдық жəне гуманитарлық ғылымдар терминологиясын
қалыптастыруда бұл тəсіл едəуір қолқабыс ете алатынын
байқаймыз. Мұның ең басты көзі – орыс тілі. Олай болса,
орыс тілі қазақ əдеби тілінің кемелдене түсуіне бұл жағынан
да игі əсерін тигізіп келгенін көреміз.
Бұл процесті қарастыра келгенде жасалатын қорытын-
ды: қазіргі қазақ тілінің сөзжасам процесі толассыз жүріп
жатыр. Мұны сөзжасам құбылысынан айқынырақ аңғара-
мыз. Соның ішінде калькалау тəсілінің орны ерекше.
Өйткені қазақ тілінің қаншама терминдері осы тəсілдің
қызметін пайдаланады. Бірақ терминжасам процесіндегі
кальканың рөлін түбегейлі зерттеп, түйінді пікір айтқан
бірде-бір зерттеу жұмысының əлі күнге жазылмауы өкінішті.
Мына үзік пікір осы реттегі алғашқы жоралғы іспетті.
Тыңғылықты зерттеу болашақтың еншісінде.
Қазақ терминологиясын қалыптастыру барысында тер-
мин аудару арқылы əдеби тілдің тек лексикалық құрамы
ғана толығып қойған жоқ, сонымен бірге ана тіліміз кейбір
орыс тілі қосымшаларын да өгейсінбей қабылдады. Мысалы,
коммунист, марксист, юрист, криминалист дегендердегі
-ист жұрнағы, коммунизм, социализм, ленинизм деген тер-
мин сөздердегі -изм қосымшалары қазір қазақ тілінің ак-
тив жалғауларының қатарына жатады. Шынында, бір кез-
де бұл жұрнақтар марксизм-ленинизм ілімінің көптеген
қағидаларын түсіндіруге жəне идеология мəселелерін оқып
үйренуде қажет болды. Ол кездегі ұстанған бағыт осылай
болатын. Сол себепті де осы тұста Энгельстің аударуға
көнбейтін терминдерді сол күйінде алу қағидасын
103
тағы да
еске сала кеткіміз келеді.
103
Энгельс Ф. Развитие социализма от утопии к науке. М., 1974. С.4.
241
Дəл осы сөз болып отырған жағдай қазақ тілінің даму,
қалыптасу тарихында да болды. Қисыны келсін, келмесін
халықаралық терминдерді қалайда қазақшалауға («ортақ-
шыл», «жан жүйесі», «пішендеме», «ортақшылдық»,
«низам», «алпауыт», «дүл-дүл қара», «қара айғыр» т.т.)
тырысқан кездер болды. Сонымен бірге дүниежүзінің көп-
теген тілдеріне тараған халықаралық терминдерді сол
қалпын сақтап қабылдаудың қажеттігін үлгі тұтқан көзқа-
растар да болды. Мысалы, С.Сейфуллиннің мына бір сөзіне
көңіл қоялық:
«Қазақ тілі, қазақтың əдебиет тілі əлі қанша дегенмен
кедей. Біз білетін, қолданып жүрген сөздің аздығынан кей-
де біз ойымыздағыны толық айта алмаймыз, кейбір нəрсені
ойдағыдай, қиялдағыдай толық суреттей алмаймыз... Міне,
сондықтан біз тілімізді байытуымыз керек. Байыту үшін сөзді
көрші елдерден де алудан қорықпауымыз керек. Онан соң
өз еліміздің ішінде əрбір аймақта айтылып жүрген сөздерді
қопарып алып, əдебиет жүзіне шығаруымыз керек. Сонан
соң солай барымыз əдебиетімізге, елге сіңген үйреншікті
болып алынып кетеді, керексіз сөз жалпы тіл шеңберінен
шығып қалып отырады»
104
.
Тіліміздің даму барысын тексеріп қарасақ, шынында да
мұндай тəжірибелер болып жатқан. Өмір заңдылығы тер-
мин жасаудың екі ыңғайдағы принципін алға тартады. Жəне
бұл бірден-бір дұрыс бағыт болып шықты. Бұл принципті
ұстанғандар қоғамның даму заңдылығын дұрыс түсінген,
сондықтан да ілгері қарайтын зиялылар еді. Өмірде, тұрмыста
күнделікті туындап, қажеттілікті өтеуге қызмет ете бастаған
нəрсені тоқтату, тежеу тіпті де мүмкін емес қой.
Бірақ тіл дамуында орын алған бұл ыңғайдағы ізденістер-
дің біріне-бірін қарсы қойып, бітіспес жау көзқарастар
есебінде түсіндіру дұрыс емес. Осындай əрекеттер орынал-
ғаны мəлім. Бұл жерде идеологияның басын ауыртудың
104
Сейфуллин С. Шығ. 5-т. 447-448-бб.
Достарыңызбен бөлісу: |