224
түлік салығы туралы» (жаңа саясаттың маңызы жəне шарт-
тары) деп аталатын еңбектері қазақ тілінде басылып шы-
ғады. Егер кезеңіндегі баспа мүмкіндігінің қаншалықты
күйде болғанын көзге елестетіп көрсек, мұны ерлікке са-
ятын іс деп бағалауға болар еді. Міне, содан бері қарай
Ленин ілімін насихаттайтын көптеген еңбектері жарық
көрді. Аудару ауқымы барған сайын кеңейе түсті.
В.И. Лениннің «Не істеу керек?», «Халық достары деген
не жəне олар социал-демократтарға қарсы қалай күреседі?»,
«Бір адым ілгері, екі адым кейін», «Социал-демократияның
демократиялық революциядағы екі тактикасы», «Материа-
лизм жəне эмпириокритицизм», «ұлттардың өзін-өзі билеу
правосы туралы», «Кеңес өкіметінің кезектегі міндеттері»
тəрізді еңбектері соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде
аударылып басылған. Ал Ұлы Отан соғысынан бергі жер-
де, яғни 1946 жылдан бергі аралықта В.И. Ленин шығарма-
ларының орыс тіліндегі төртінші басылымы аударылған
болатын. Бүгінге дейін қазақ тіліне аударылған лениндік
жинақ, кітап жəне кітапшалардың жалпы саны 408 де, жал-
пы тиражы 5 миллион, 679 мың дана
96
болып шыққан екен.
Саяси маңызы мен рухани мəні зор елу бес томдық ау-
дарма еңбек қазақ халқының ұлттық мəдениет қорына
қосылған үлкен байлық болып отыр. Оған тоғыз мыңға
жуық іргелі теориялық еңбектер, мақалалар, баяндамалар,
сөздер, хаттар, телеграммалар т.б. түрлі құжаттар енгізілген.
Бұлардың ішінде бұрынғы басылымдарға енбеген 1000-ға
тарта еңбек қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып берілген.
Сондай-ақ, В.И. Лениннің 200-ден астам құжаты, анықтама
материалдары бірінші рет енгізіліпті. Осынша зор байлық-
тың көзін ашып отырған қазіргі əдеби тіліміздің аударма
арқылы бұрынғыдан əлдеқайда кең халықаралық сипат ала
бастағанын мақтанышпен айтуға болады.
96
Лениннің идеялық мұрасы – дүниені революциялық жолмен жаңартудың
сарқылмас қайнары // Социалистік Қазақстан, 1983, 20 қараша.
225
Ал Карл Маркс пен Фридрих Энгельс шығармаларынан
қазақ тіліне тұңғыш аударылғаны – «Коммунистік партия
манифесі». Ол алғаш 1926 жылы аударылып басылыпты.
Содан бері бұл екі дананың да көптеген туындыларын
республика жұртшылығы қазақша оқуға мүмкіндік ала
бастады. Атап айтқанда, 1955–1956 жылдары К. Маркс пен
Ф. Энгельстің 2 томдық таңдамалы шығармалары, ал
1963 пен 1973 жылдар аралығында «Капиталдың» 3 томы
қазақшаға аударылып басылды.
Міне, осындай іргелі туындылармен қатар республи-
ка жұртшылығы «Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің» 10 том-
дығына, «Қазақ Кеңес энциклопедиясының» 12 томдығына,
«Қазақ КССР тарихының» бес томдығына, сондай-ақ көп-
теген фольклорлық туындылар мен сан алуан салалы лек-
сикографиялық жұмыстарға т.т. ие болып отыр. Мəдени,
рухани өремізді өсіре, байыта түсіп отырған жұмыстардың
бəрінде де біз аударманың əсерін аңғарамыз, əсіресе, орыс
тілінен аударудың ықпалын, пайдасын қатты сезінеміз.
Мəдениет пен білімнің, ғылым мен техниканың өсімтал
ұрығын сеуіп келе жатқан орыс тілінің ана тілдерге жасап
отырған ықпалында шек жоқ. Бұл əсер, əсіресе марксизм-
ленинизм классиктері туындыларын жəне басқа да қоғам-
дық саяси мəні бар еңбектерді аударған сəтте айқынырақ
сезіледі.
Төңкерістен бергі жерде қазақ тіліне аударылған қазы-
наның аумағын анықтап алудың өзіне қазір біраз еңбек
сіңіруге тура келер еді. Бұл орасан зор саланы түбегейлі
зерттеп, ғылыми бағасын беру болашақтың еншісіндегі
дүние. Аударманың мұндай үлгілерін теориялық тұрғыдан
талдап беретін əлі талай еңбек туады деп ойлаймыз. Бірақ
тілдік табиғаты жан-жақты қарастырылмай, ғылыми бағасы
берілмей жатқан бұл тың саланың əзірге шет жағасы ғана
əңгімеленіп жүргені өкініш. Бұдан он бес-жиырма жыл
бұрын бой көрсеткен, жоғарыда сілтеме жасалған бірен-
226
саран еңбектер
97
болмаса, қазір назар аударып, көңіл тоқ-
татар тұшымды дүниені таба қою қиын. Сондықтан осы
объектіге қатысты кейбір мысалдарды талдамастан бұрын
саяси жəне көркем əдебиет аудармаларын зерттейтін маман
кадрлар даярлау мұқтаждығын алдымен еске сала кеткен
жөн.
Жалпы, қоғамдық-саяси ұғымдарды білдіретін термин-
дер жүйесін жасау процесінің тіпті де оңай болмағанын
мынадай мысалдар дəлелдей түссе керек. Маркс пен
Энгельстің жоғарыда сөз болған туындысы – «Коммунистік
партия манифесінің» соңғы жолдары «Барлық елдердің
пролетарлары, бірігіңдер!» деген ұран сөздермен тұжы-
рымдалатыны мəлім. Ал енді осы жолдардың дəл осылай-
ша қалыптасып, халық түсінігіне осылайша орнығуы үшін
қаншама əрекет, қаншама сұрыптау жұмысы жүргізілген
десеңізші. Соның неше алуан үлгісін аударма ғылымының
зерттеушілері
98
көрсеткен. Мысалы, 1919 жылы, Орынбор
қаласында шыққан «Ұшқын», Орда қаласында шыққан
«Дұрыстық жолы» газеттерінде «Бүтін дүние бейнет
қорлары, бірігіңдер», – деп алынса, сол жылдары Ташкент
қаласында басылған «Низамнама» кітабында «Бірігіңіз,
бүтін дүние бейнет қорлары» делінген. Ал 1921 жылы
Орынборда жарық көрген «Жастарға жаңа жол» деп атала-
тын кітапта: «Жер жүзінің еңбекшілері əм қорлықта болған
халықтары, қосылыңдар», – деген шұбалаңқы сөйлем бар.
Бұл жолдардың жазылуындағы ала-құлалықтың бұдан да
басқа неше түрін жинап көрсетуге болады.
Осы сөйлемде төрт сөздің төртеуі де неше түрлі алуан
сүзгіден өткендігі байқалады. «Пролетарлар» терминіне
жеткенге дейін бұл сөз бейнеткештер, бейнет қорлар,
еңбекшілер, еңбекшілдер, жалшылар, пролетариаттар бо-
лып неше құбылған. Сондай-ақ бүтін дүние, бүкіл дүние,
97
Сатыбалдиев Ə. Рухани қазына. Алматы, 1965. 67-б.
98
Сонда.
Достарыңызбен бөлісу: |