221
луб кетеді. Мұның үшүн мұны жұқбалы ауру деб айтады»
(Сонда.2-б.). Бұл тəріздес мысалдар көптеп кездеседі. Осы
берілген бірнеше сөйлемдердің өзінен қосымшалардың
жалғану ретінде қазіргі əдеби тіліміздегідей дыбыс үндестігі
ассимиляция заңдылығына қайшы келетін, сол сияқты -уа,
-һəм, -хұзыр тəрізді араб, иран тілінен енген лексемалардың,
-арға керек, -уға керек немесе соның үшін, мұның үшін
үлгілерінің, түзу (жасау, құрау мағынасында), дүр, -мыш
сияқты көне тіл қалдықтарының қолданылуы біршама
тұрақты екенін көрсетеді. Демек, бұл мысалдардан сол
кезеңдерде қазақ тілінде жарық көрген осы іспеттес
əдебиеттердің тілі бірізді, қалыптасқан жүйелі нормада
болмағандығын көреміз. Соған қарамастан қазақтың əдеби
тілі стильдерінің жеке-жеке өріс алып, жанрлық-тілдік
жағынан қалыптаса бастауында бұл еңбектердің орны
ерекше. Осы əдебиеттер негізінде бұрын болмаған жаңа
стильдердің нышаны пайда бола бастады. Қазіргі əдеби
тілдегі дербес стильдік тармақтарды белгілей алатын жеке-
леген сөздер, терминдер, соған тəн көптеген сөз тіркестері
мен конструкциялардың көбі алғаш осы əдебиеттер тілінде
пайда болып, жасалып, жазба əдеби тілге сол іспеттес
еңбектер арқылы еніп отырды. Бұл ретте көбіне-көп қазақ
тілінде бар ежелгі ұғымның тілдік материалдары іске асып
отырғандығы байқалады. Сондай-ақ қажет деген жерлер-
де орыс тіліненде сөз алушылық, тіпті кейде терминсөз
орамдарын, жеке конструкцияларды да сол күйінде тілге
енгізушілік əрекеті жиі көрініп қалады. Ол – жаңа стильдік
тармақтың туа бастағанын, соған орай терминдік қордың
жасала бастағанын байқатса керек.
222
Саяси жəне көркем əдебиет аудармаларының
сөздерді терминдеуге қатысы
Қазақ əдебитілінің қоғамдық-саяси терминологиясын
қалыптастыруда аударманың, оның ішінде, əсіресе саяси
əдебиет немесе саяси-əлеуметтік өмірді жан-жақты сурет-
теуге арналған көркем əдебиет аудармаларының да алатын
орны айрықша. Мұны біз сонау жиырмасыншы, отызын-
шы жылдардан басталған аударма өнері, қоғамдық ғылым
терминдері тарихын тексеру арқылы жəне ол жайында
ертелі-кеш өрбітілген ғылыми ой-пікірлер
95
арқылы айқын
аңғарамыз. Қоғамдық ой-сананың өрбуіне шексіз мол
ықпал жасайтын мұндай əдебиеттерді қазақ тіліне аудару,
шынында, сол 20-жылдарда басталған. Содан бергі жерде
біздің əдеби тіл қолданыстағы қызметі ерекше неше алуан
терминсөздер мен терминдік мəндегі тіркестерге молыққан
екен. Сөйтіп, біздің тіл ауызекі сөйлеудің, ауыз əдебиетінің,
шешендік сөз сайыстардың ғана тілі болмай, ол енді небір
ғылыми тұжырымдар мен ақиқатты техникалық дəлдікпен
сарамандықты, мəдени мəртебе мен экономикалық
сарабдалдықты тамаша насихаттай алатын барынша байда
қуатты тілге айнала бастайды. Ол бүгінде сахнада сайраған
театр тілі, радио мен телевизия қажетін өтеп отырған
эфир тілі, мың-сан тиражбен жұртшылыққа тарап жатқан
баспасөз тілі, миллиондаған оқушының жан-дүниесін
сұлуландыра түскен рухани қорек болып отырған көркем
əдебиет тілі. Санай берсек, ана тіліміздің қазіргі атқарып
отырған қызметінде, қуатында шек жоқ. Тіліміздің осындай
дəрежеге жетіп, ауқымының кеңеюіне аударма əдебиеттің
95
Материалы регионального совещания по переводу литературы с русского
на языки народов Средней Азии, Казахстана и Азербайджана (15-18 января
1958 г.). Алма-Ата, 1960; Сатыбалдиев Ə. Рухани қазына. Алматы, 1965;
Сағындықов Қ. Көсемнің асыл мұрасы. В.И.Ленин еңбектерін қазақ тіліне
аудару мəселелері жайында (1946–1969 жылдар). Алматы, 1970.
223
алатын орны тіпті бөлек деуіміз осыдан. Алайда тіл қазіргі
сапаға көшкенге дейін неше қилы ізденіс жолдарынан өтіп,
көп талқыға, таразыға түскені мəлім.
Сол талқы мен таразы табын марксизм-ленинизм клас-
сиктерінің туындылары аудармаларынан айқынырақ кө-
реміз. Алдымен есте тұтарлық бір жайт мынау. Шығар-
машылық өнердің басқа түрінен гөрі философиялық туын-
дылар тілінің терминологиялық салмағы анағұрлым басым
жатады. Өйткені мұнда ақыл-ойдың асқан үлгісі мейлінше
дəл де нақты сөздермен, өзгеше мағыналық реңк жүктелген
термин сөздермен сипатталып отырады. Міне, оларды сол
негізде екінші тілге жеткізіп беру оңай емес. Сөздердің
терминдік сипат алуы, яғни терминденуі осы классикалық
туындыларды аудару барысында молырақ байқалады.
В.И. Ленин шығармалары толық жинағының 55 томын
жариялап, жұртшылыққа ұсынуға мүмкіндік жасап отырған
ана тіліміздің қазіргі терминологиялық қуаты бұрын-соңды
болмаған деңгейге көтеріліп отыр. Осы аудармалар арқылы
қазақтың қаншама сөзі ғылыми ой-пікірді, философиялық
түйін-толғамдарды, логикалық, публицистикалық өткір ай-
тыстарды берерлік қуатқа ие болғанын көреміз. Мұның
бəрі, əрине, əлденеше арнайы зерттеуді керек ететін өте
күрделі құбылыс.
Аудармалардың алғашқы үлгілерінен бастап, бүгінгі
дəрежесіне дейінгі аралықта тілді терминдік мəнде пайда-
лана білудің сан алуан жолдары мен тəсілдері болған дедік.
Оның бəрі Маркс, Энгельс, Ленин туындыларының əрбір
аудармасы тұсында байқалып отырады. Бұлардың ішінен,
қазақ тіліне алдымен В.И. Ленин шығармалары аудары-
ла бастаған екен. Сол кезде шығып тұрған газет, журнал-
дар беттерінде оның туындылары жайында, қайсыбірінің
мазмұн-мағынасы жайында бұдан бұрын да сөз боп келген.
Атап айтқанда, В.И. Ленин шығармалары қазақ тіліне 1921
жылдан бері қарай аударылған. Сол жылы, əуелі «Жастар
одақтарының міндеттері» атты кітапшасы, кейін «Азық-
Достарыңызбен бөлісу: |