391
тілді, аударылатын тіл мен аударатын тіл заңдылықтарынан
мол хабары бар адамның ғана мұндай іске тəуекелге бара
алуы мүмкін. Əсіресе ана тілінің бар байлығын терең сүзіп,
оны еркін қолдана алатын маманның мүмкіндігі мол болмақ.
Соған қарамастан қазір екінің бірі сөздік түзгіш болып
алды. Сондықтан бұл жауапты жұмысқа жауапсыз қараудың
нəтижесінде ала-құлалықтың сан түрі де орын алып жатады.
Əйтсе де сөздік түзу үрдісінің тоқтаусыз жүріп жатуы
мемлекеттік тілімізге деген ықылас-пейілдің зор екенін
танытады. Тек барлық ісімізде сарамандық пен ғылыми
сауаттың орын алғаны жөн. Дегенмен мемлекеттік тіліміздің
барлық деңгейге ене бастауы көңілге шүкірлік сенім
ұялатады. Оған дəлел сан салада сөздіктердің түзіле бастауы.
Сондай сөздіктің бірін қарап шығуға тура келді. Ол
П.Қ. Қазымбет, Е.Д. Дəленов, А. Жақанов түзген «Меди-
циналық-биологиялық терминдердің түсіндірме сөздігі».
Ең біріншіден айтарым, бұл салалар бойынша бұдан
бұрын да осындай əрекеттер болған. Бірақ олардың көбі
кезінде қызмет еткенмен, қазіргі оқырман жұртшылықтың
сұранысын толық өтей алмай отыр. Сондықтан авторлардың
бұл жұмысы осы олқылықтың орнын толықтыруға тыры-
сады. Əрине медицина мен биологияның өзді-өзіне тəн
тармақтасып жататын салалары бар. Мамандар мəселенің
осындай жағына да мəн беруге тырысқан. Бұл салалардың
тағы бір ерекшелігі интернационалдық, яғни халықаралық
терминдер қатарының көптігі. Бұл – терминология сала-
сының өте күрделі мəселесі. Мұндай терминдерді қазақ
тіліне аударамыз ба, жоқ əлде сол күйінде қалдырамыз ба
деген мəселе əлі күнге түбегейлі шешімін таппай, əрдайым
талқыға түсіп жатады. Дегенмен ұзақ жылдар бойғы ізденіс
нəтижесінде бұл мəселенің де тиімді шешімінің табылатын
түрі бар, яғни интертерминдер дегеніміз де белгілі бір тілде,
белгілі бір мезгілде, белгілі бір ұғым-түсінікке орай пайда
болатын сөздер болғандықтан, ол арқалап тұрған мағыналық
жүкті берерлік баламаны əрбір тілден табуға болады екен.
Осы түсінік қазір қалыптаса бастады. Алайда мұнда бөлек
мəн арқалап, сол күйінде қабылданып, тілімізге сіңіп үлгерген
терминдерді қалайда аударамыз деп əуреге түсудің негізі
жоқ. Мына сөздік материалы да осы тектес ойларды туында-
тады. Авторлар негізінен мемлекеттік тілімізді де, түпнұсқа
тілінің де беделіне нұқсан келмейтін жағын қарастырып оты-
рады. Аударуға келмеген терминдерді де, аударғандарын да
түсіндіріп, толық мағлұмат беріп отырады.
Бұл түсіндірме сөздіктің кейбір кемшін тұстарына қа-
рамастан осы салалар бойынша мамандық алуға талапта-
нып жүрген мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары
студенттері үшін жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарын мұрат
тұтқан ізденіскерлер үшін берері мол. Мемлекеттік тіліміздің
ең күрделі саласы, терминологиялық лексиканың қатарын
толықтыра түсетін бұл түсіндірме сөздіктің жұртшылық
қолына ертерек тигенін мақұл көремін.
393
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДƏЛ ОСЫ ҚАЗІР БАНК,
ҚАРЖЫ-НЕСИЕ, САЛЫҚ САЛАЛАРЫНА
ЕНГІЗУГЕ БОЛАДЫ!
(Академик Өмірзақ Айтбайұлымен сұхбат)
– Тілші: Қазақ тілі мемлекеттік басқару тілі болуы үшін
заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі салаларының
қызметі қазақша орындалуға тиіс. Заң шығарушы жəне сот
билігінің тілі – заңнамалар мен низамдар тілі екендігінде,
атқарушы биліктің экономика тілімен сөйлейтіндігінде
дау жоқ. Өз кезегінде экономика тілі де сан салаға бөлінеді,
оның күрделі саласының бірі – қаржы-несие тілі. (Бұл жер-
де біз «тіл» деген ұғымға осы салаға қатысты терминдерді,
кəсіби лексика мен тұрақты сөз тіркестерін сыйғызып
отырмыз). Қалай ойлайсыз, қазақтың қаржы-несие тілі
қалыптасып бітті ме?
– Ө.Айтбайұлы: Бұл жерде мына бір маңызды мəселенің
басын ашып алу керек. Қанша дербес ел болдық дегенімізбен,
біз көп жағдайда жағамызды Ресейге қарап түзейміз, даулы
мəселелерді безбенге тартқанда көбіне оның бір басында
Ресей тұратыны рас. Бұл жерде де сол үйреншікті дағды
бойынша орыс тіліне жүгінейік. Сонымен, «Қазақты бы-
лай қойғанда қазіргі таңда орыстың шын мəніндегі дербес
қаржы-несие тілі бар ма?» деген сұрақтың өзіне де нақты
жауап ала қою қиын.
Дегенмен, бұған «иə» деп те, «жоқ» деп те жауап беру-
ге болады. «Иə» дейтінім, Ресейдің өзінде, сондай-ақ оның
ықпалындағы ТМД елдерінде қаржы-несие, салық-кеден
операцияларының тілі – орыс тілі. Банк ісі, бухгалтерия,
аудит, кредит салалары бойынша бұл тілде, əсіресе өткен
ғасырда мол ғылыми жəне əдістемелік əдебиет дүниеге келіп,
шетелдік белді экономистердің классикалық туындылары
аударылды. Соның арқасында орыстар бүгінгі ересек буын
ұмыта қоймаған есепшот пен оның тасын сарт-сұрт соғатын
394
есепші-бұғалтірлерді алмастырған электронды есептеу тех-
никасы – компьютерлерді өз тіліне жедел бейімдеп алды.
«Жоқ» деуіме бір себеп – орыстың қаржы тілінің қалып-
тасуына түркі тілдері, атап айтқанда, түрік, татар-башқұрт,
қазақ тілдері үлкен əсер етті. Қаржы, ақша айналымы, не-
сие, салық салаларына қатысты көнерген сөздер мен
қолданымдағы лексиканың көпшілігі түркизмдерге жата-
ды. Мəселен, «казна», «деньги», «алтын», «ясак», «оброк»
сияқты. Ал, қазір ағылшын тілінен енген терминдер өте
көп. Орыс сөздері осы ұғымдарды бір-біріне жалғау үшін
көмекші сипатта қолданылады. Мысалға мына бір тіркесті
алайық: «Делистингу из категории «В» подверглись акции
компании «Пана иншуранс». Осы сөйлемдегі жеті сөздің
екеуі ғана орысша!
Ал, қазақ тілі осындай қарапайым міндетті атқаруға
қабілетсіз деп кім айтты сізге? Басты мəселе – тіліміздің
қаржы есептілігінде, банк операцияларында, несие-салық
құжаттамаларында ресми түрде қолданысқа енуінде жатыр.
Ал, қаржы-несие тілі, Сəбит Мұқанов айтпақшы, «қысқа тіл».
Банк операцияларын жүргізуге елу шақты сөз жеткілікті,
мəселен.
Қазақстанда, Ресейдегі сияқты, қаржы, банк операция-
ларының ресми тілі – орыс тілі. Балтық бойы елдері ұлттық
тілдерін заман талабына икемдеп жатқанын баспасөзден
оқып-білудеміз...
Қаржы-несие, банк, ақша айналымына қатысты ха-
лықаралық терминдердің ТМД халықтарының тілдеріне
ене бастауы КСРО ыдырап, нарықтық экономика негіздері
қаланған өткен ғасырдың 90-жылдарының үлесіне тиеді.
Бұған осы елдердегі өз мүдделерін көздеген халықара-
лық экономикалық ұйымдар мұрындық болды. Мəселен,
Бүкілəлемдік қайта құру жəне даму банкінің (Бүкілəлемдік
банк) Экономикалық даму институтының ТМД халық-
тарының тілдерін жетік білетін қаржыгер мамандары ұлттық
тілдерде терминология түзуге атсалысты. Сөйтіп, қаржы
395
ұғымдарының алғашқы ағылшынша-орысша, орысша-ағыл-
шынша глоссарийлері 1993 жылдың аяғына таман баспа-
дан шықса, украин, латыш, литван, эстон, т.б. тілдерде сəл
кейінірек жарық көрді.
– Ал, бізде ше?
– Ұлттық қаржы-несие жүйеміздің негізі қаланғанына
(1993 жылғы қарашадан санағанда) он жылдан астам уақыт
өтсе де мемлекеттік тіліміз қаржы-несие мекемелерінің тіліне
айнала алмағанын айту керек. Ең бастысы, монетарлық,
фискалдық саясатты айқындайтын мемлекеттік мекемелер
бұған мүдделілік танытпай отыр. Экономика салалары бой-
ынша қазақ тіліндегі оқу құралдары, терминдік жəне басқа
сөздіктерді ғалымдарымыз бен мамандарымыз көбіне өз
қаржыларына шығарып жатыр.
– Осы мəселеге кеңірек тоқталып өтсеңіз.
– Жалпы, экономикаға қатысты ұғымдар мен түсініктер,
терминдер Ахмет Байтұрсынұлының, Əлихан Бөкейханов-
тың, Міржақып Дулатовтың, Ғазымбек Бірімжановтың
ғылыми-публицистикалық еңбектерінде көп қолданылады.
Кеңес заманында академиктер Сақтаған Бəйішев, Түйме-
бай Əшімбаев, Яхья Əубəкіров, Аманжол Қошановтар
саяси экономия жəне халық шаруашылығы экономикасы
бойынша оқулықтардың, сөздіктер мен жекелеген ғылыми
еңбектердің дүниеге келуіне түрткі болды.
Ұғымдар мен терминдердің тілге сіңуінде түсіндірмелік
жəне терминдік сөздіктердің атқарар рөлі қомақты.
Тəуелсіздік жылдары бұл орайда атқарылған іргелі ең-
бектер ретінде академиктер Аманжол Қошанов пен Нұр-
ғали Мамыровтардың ғылыми жетекшіліктерімен 90-жыл-
дары жарық көрген түсіндірме сөздіктерді, Сүлеймен
Тоқсанбайдың терминологиялық сөздігін атауға болады.
Жуырда əртүрлі баспаларда академик Ғабдығапар
Сейітқасымовтың жетекшілігімен банк ұғымдары мен тү-
сініктерінің, экономика ғылымдарының докторлары Ержан
Жатқанбаев пен Əли Əбішевтің жетекшілігімен банк жəне
396
қаржы-несие терминдерінің қазақша-орысша сөздіктері жа-
рық көрмекші. Сондай-ақ бизнес терминдері бойынша Ма-
рат Қаймолдин деген менің бір ізденушім шұғылданып жүр.
– Жалпы, экономика тілін қалыптастырғанда біз орыс
тілін басымдық беруге тиіспіз бе?
– Жоғарыда атап өткеніміздей, қаржы-несие ұғымдары
ТМД елдерінің тілдеріне ағылшын тілінен тікелей аударыл-
ды, болмаса сол күйінде өзгертпей алынды. Сондықтан да
қазақша қаржы тілін қалыптастыру барысындағы ғылыми
жəне практикалық ізденістерде түпнұсқа ретінде орыс-
ша аударма емес, ағылшын тіліндегі негізгі ұғым алынуға
тиіс. Өйткені, ағылшын тілі – қазіргі заманғы ғылым-білім,
техника тілі. Бүгінгі ағылшын тілінде қай ұғым болмасын
оңайлатылып қолданылады. Мəселен, «nonbank» дегенді
алайық. Орыс тілінде «небанковские финансовые учрежде-
ния» делінсе, қазақшаға «банктік емес қаржы мекемелері»
болып аударылып жүр. Шұбалаңқы екені рас. Бірақ, біздің
елімізде орыс тілі ресми тіл болып, экономика осы тілде
сөйлегендіктен орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздіктер
жасау əлі де күн тəртібінен түспесе керек.
Енді «ликвидность» («liquiditi») – «өтімділік» деген
ұғымды алайық. Өтімділік-қаржы агрегатының бір сипат-
тан басқа бір сипатқа ауысуын білдіретін термин болып
қалыптасып келеді. Мұның ағылшынша алғашқы мағынасы
«жою» дегенді білдіргенімен, кейіннен пайда болған мəні
қазақша ұғымға жуықтайды.
Жалпы, тілші жəне экономист қауымды ойлантып жүр-
ген, көп қолданылатын терминнің бірі – «кредит». Алғаш
жарық көрген еңбектерде ол «несие» деп алынды. Кейіннен
көптеген мамандар «кредит» күйінде қалдыру керек деп
ұйғарды. Тілші ғалымдардың біразы осы пікірге ден
қоятындай. Дегенмен, бұл терминнің туыстас тілдердегі қол-
данылып жүрген баламаларын қарап өткен де жөн сияқты.
– Тіл – қоғамдық құбылыс, тілді қалыптастыратын да
қоғам ғой...
– Ол рас. Дегенмен, мемлекеттің, қаржы саласына қатыс-
ты мемлекеттік мекемелердің жанашыр көзқарасы қажет-ақ.
Осы тұста мынадай бір ұсыныс жасағым келіп отыр. Тер-
мин жасау ісімен айналысып жүрген ғалымдарымыздың
Бүкілəлемдік банктің Экономикалық даму институтымен
іскерлік қарым-қатынастарын орнатуға біздің мемлекеттік
қаржы мекемелеріміздің тікелей жəрдемдесуі қабылданған
халықаралық атаулар негізінде ұлттық терминологиямызды
жасауға көп септігін тигізер еді.
Сондай-ақ осынау игілікті істен еліміздің Ұлттық банкі
мен екінші деңгейдегі қаржы-несие мекемелерінің жоғары
білікті қызметкерлері мен экономикалық оқу орындарының
оқытушылары, жалпы көзі қарақты қауым қалыс қалмауға
тиіс деп санаймын.
Əңгімелескен Жетпісбай Бекболатұлы,
экономика ғылымдарының кандидаты
МАЗМҰНЫ
ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ
ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Кіріспе ..................................................................................4
І тарау. Жалпы тіл білімі мен түркологиядағы
термин зерттеудің қазіргі жайы ....................................8
А. Байтұрсынұлы – қазақ терминологиясын жасаушы ..29
А. Байтұрсынұлының терминжасам тəжірибесі .............36
А. Байтұрсынұлы пайдаланған бірегей терминдер .........42
ІІ тарау. Қазақ тілінде термин қалыптастырудың
негізгі кезеңдері ................................................................47
ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі қоғамдық терминдердің
негізгі көздері ....................................................................81
Араб-парсы термин сөздері ...............................................83
Моңғол тілімен ортақ атау сөздер ....................................85
Орыс жəне интернационал термин сөздері .....................86
Алғашқы газет-журналдардың
термин жасаудағы рөлі ......................................................91
ІV тарау. Қазақ тіліндегі терминжасам мəселесі ........123
Араб жазуының негізінде қалыптасқан терминдер ........129
Латын əрпіне негізделген жазу жəне
термин жасау мəселесі .......................................................144
Орыс графикасына негізделген қазіргі жазу жəне
термин реттеу мəселесі ......................................................146
Терминжасам сипаттамасы ...............................................149
V тарау. Терминжасамдағы аударманың орны ..........182
XХ ғасыр басындағы аударма үлгілері ............................203
Саяси жəне көркем əдебиет аудармаларының
сөздерді терминдеуге қатысы ...........................................222
Қорытынды .........................................................................247
ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР
Қазақ тілінде термин жасау жолдары ...............................262
Профессор Қ. Жұбанов жəне қазақ терминология-
сының кейбір мəселелері ...................................................271
Терминтану ілімінің хас шебері
(Іслəм Жарылғаповтың 95 жылдығына орай) ................281
Қазақ терминологиясы жəне оның мемлекеттік
тілге қатысы ........................................................................290
Мемлекеттік тіл жəне ғылым тілі .....................................307
Терминология мен аударма ғылымын
қалыптастырудағы Қ. Жұбановтың рөлі ........................318
Білім терминдерін қалыптастырудың шежіресі ..............328
Терминдену принципі хақында .........................................345
Түркі дүниесінің тұтастығын тіл бекітеді (ортақ
жазу жəне ортақ ғылыми атаулар хақында) ................353
Терминжасамның қайсыбір қалтарыстары .....................357
Қазақ тіліндегі кірме сөздер мен интертерминдер
жайында ..............................................................................367
Мемлекеттік тіл, ғылымдағы күйің қалай? .....................380
Термин түзудегі жүйелілік принципі ...............................384
«Медициналық жəне биологиялық терминдердің
түсіндірме сөздігі» туралы .................................................390
Қазақ тілін дəл осы қазір банк, қаржы-несие,
салық салаларына енгізуге болады!
(Академик Өмірзақ Айтбайұлымен сұхбат) ................... 393
Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ
ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Редакторы Нұрлан Асқаров
Корректоры Шəрипа Жамықаева
Беттеуші Берлібай Мəнбетиұлы
Суретші Нағым Нұрмағамбетов
Басуға 16.10.2013 қол қойылды.
Пішімі 84х108
1
/
32
. Офсеттік қағаз.
Баспа табағы 25,0. Шартты баспа табағы 21,0.
Таралымы 4000 дана.
ЖШС «Абзал-Ай»
050009, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 143, 529-кеңсе.
тел/факс: 8(727) 394 38 32, 385 74 67
E-mail: Bekbosin-serik60@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |