118
процесімен ғана шектелмейді. Бұрын жəне «Айқап» тілін-
де, одан кейінгі жазба əдеби тілімізде жиі қолданылынып
келген өкіл, сайлау, жоба, қаулы, қарар, оқулық, оқушы,
үйірме, қоғам сияқты сөздер орыс тілінің тікелей əсерінен
туған жаңа терминдер, я жаңа мағыналар. Сонымен қатар
жеке сөздер тіркесімділігінің арта түсуі де бұл процеспен
байланысты. Мысалы, сайлау сөзі XX ғасырдан бұрын да
бар: Болыс сайлау, оның үстіне председатель сайлау, член
болып сайлану, проверенный сайлау, депутаттыққа сайлау
сияқты толып жатқан жаңа сөз тіркестерінің арасында бір
жағынан бұрынғы бар синтаксистік үлгі (модель нығайып
қалыптаса түссе), екінші жағынан жаңа үлгілер де туа баста-
ды. Сөйтіп, бұл сөздің мағынасы, мағыналық реңкі солардың
нəтижесінде кеңейе түсті. Бұл – грамматикаға байланысты
жеке қаралатын мəселелер.
Орыс тілінен енген сөздердің фонетика-грамматикалық
тұлғасы біркелкі болып келе бермейді. Кейбір орыс сөздері
қазақтың сөйлеу тіліндегі түр-тұлғасында, яғни түпнұсқа
қалпынан біршама фонетикалық өзгешелікте қолданылған.
Салдат, тауар, камесие, ыстатие, доктор сияқты сөздердің
түр-тұлғасынан айырмашылығы қазақыланғандығы айқын
көрініп тұр. Орыс тілінде екпін түспейтін о дыбысы айтылу-
ында а болып, не түсіп қалып (доктор), у, и, я дыбыстары в
болып, жуан дыбыстылардың жанындағы к жуан нұсқасы қ
дыбысына өзгеріп кеткен. Сол сияқты сөз басындағы -ст ды-
быс тіркесінің алдына естілуіндей ы қысаңы қосылған. Енді
бірде эсперантошылар, монуфактуршылар, фабрикшілер,
завод, крестьян, проект, студент, председатель, земле-
мер т.б. тəрізді түбір тұлғалары сақталып, қазақ тілінің
қосымшалары жалғанып та отырады (Мұндай жағдайды
«Қазақ» газеті материалдарынан да байқаймыз).
Қосымша арқылы сөз тудыру процесінде осындай мы-
салдар көрсетілді. Кейде орыс тіліндегі түбір тұлғасы ғана
емес, туынды түрі қосымшалы формасы да сол күйінде
алынғанын көреміз. Оған жоғарыдағы туземный школ, лес-
119
ничий доверенной, уездный, шаһар, временный, комесие, ти-
тулярный советник, уездный начальник сияқты сөздер мен
сөз тіркестері дəлел бола алады.
«Айқап» тілінде -ский сияқты кірме қосымша тіпті қа-
зақ сөздеріне, əсіресе, фамилияны (аты-жөнін) білдіру
үшін қолданылған сөздерге де жалғанады: Байбактинский,
Найманский т.б. Бұл тəрізді сөздер «Дала уəлаяты» мен
«Түркістан уəлаяты газеттерінің» тілінде де жиі кездеседі.
«Айқап» тілінде бір қосымша сөздер қазақ сөздерімен де
тіркесе береді. Сонда, бірде орыс тіліндегі синтаксистік үлгі
сол күйінде бұлжытпай алынса, бірде сыңары аударылып
беріледі. Бұл жолы айтайын дегенім «заманың түлкі бол-
са, сен тазы бол» дегендей заманымызда болған судебный
істерден көргендерім еді («Айқап». 1913, №6, 118-б.). Глав-
ный управляющий земледелия һəм земле устройства Минис-
трлер Советінде Омскіде, сельскохозяйственный инсти-
тут хақында кеңес кіргізібді (Сонда. 1913, №8, 186-б.).
Кейде қазақ тіліне сіңісіп кіріп кеткен сөздер (мысалы,
ояз, болыс) түпнұсқасына жақындатылып, сөйлем тілдегі
түр-тұлғасы өзгертіліп те қолданылған: Ояз – уезд, бо-
лыс – волыс, волост, волосной т.б. Бұл бұл ма, тіпті қазақ
тілі синтаксистік құрылысына жат тіркестер де бар. Мы-
салы, былтырғы жыл бұлардың ауылының үстіне произво-
дитель работ көб уақыт жатуб жер алуға проект жасаб,
артынан жиырма алты үйлердің жерлерін тегіс алмақшы
болуб, ауыл иесі ақсақалдарға қағазға қол қойғызыңдар
деб еді («Айқап». 1913, №8, 167- б.). Мысалдағы произво-
дитель работ жəне жоғарыда кездескендей министерства
юстиции тəрізді конструкциялардың құрылымы, ондағы
сөздердің орын тəртібі (анықтауыш-анықталушы) қазақ
тілі үшін жат үлгі. Бірақ мұндайлар «Айқап» тілінде көп те
емес. Осыларды жинақтай келгенде, мынадай қорытынды
шығаруға болады. Жаңа ұғым, жаңа атауды бейнелеуде орыс
сөздерін «Айқап» батыл қолданып отырды. Сондай-ақ олар-
ды түбір қалпында ғана қолданбай, төл қосымшалар, үстеу
120
арқылы жаңа мағына, жаңа сөз жасаудың бір көзі ретінде
пайдалана білді. Бұрыннан енген сөйлеу тілде бар кірме
сөздерді сол ауызекі тілдегі тұлғасында жазуға бейімделсе,
жаңа кіріп жатқан орыс сөздерін жазуда белгілі бір прин-
цип ұстады деп айта қою қиын. Оны жоғарыда көрсеткен
сөздердің түр-тұлғалары байқата алады. Дегенмен, көптеген
жағдайда орыс тіліндегі түбір тұлғасы алынып отырды.
Кірме сөздерді бірыңғай жазу принципі кейінгі жылдарда
да бірден бірізге, жүйеге түсе қойған жоқ. Сөйтсе де оларды
жүйелеуде, қалыптастырып, тұрақтандыруда «Айқаптың»
қызметі зор болды. Орыс тілінен жəне осы тіл арқылы өзге
тілдерден енген интертерминдер туралы, жоғарыда əңгіме
еткеніміздей, «Қазақ» газеті де өте қызық мəліметтер береді.
Өзінің əу бастағы қазақ тілін барынша таза ұстау деген
бағыт-бағдарына қарамастан «Қазақ» газетін шығарушылар
(А. Байтұрсынұлы, т.б.) да русизмдер мен интернационалдық
терминдерден іргесін аулақ сала алмаған. Мəселен, осы
газеттің 1914 ж. 78-інші санындағы «Теміржол һəм Европа
соғысы» деп аталған мақалада қолданылған 881 сөздің 50-і
русизмдер екен. Сонда «Қазақ» газетінің қолданысында
қазақ тілінің дыбысталу жүйесіне қабылдап енгендері, қа-
былдамай сол өзіндік қалпын сақтап келгендері де бар.
Яғни өзге тілдік элементтерді қолдануда əу бастан-ақ
екі түрлі ұстаным болғандығы байқалады. Бұл əрине тіл
қолданыстың əуелгі кезеңінде кездесе беретін құбылыс.
Тілдің осы бір аралық кезеңдегі болмысын дəл аңғарған
Ахаңдар (Байтұрсынұлы) кейде интертерминдердің қазақ-
ша-орысшасын қатар қолданып та отырған. Мысалы,
оқыған дəрігерлер арасында не ауру екенін айыра алмай-
тын докторлар толып жатыр («Қазақ», 1913, №27). Сөйтіп
оқырман таңдауына мүмкіндік жасалып отырады. Жал-
пы, «Қазақ» газетінің тіліміздің терминдену сапасы мен
сөзжасам процесіндегі жаңалықтары ұшан-теңіз. Бұл газет
сол кездегі басқа басылымдардың қай-қайсысынан болса да
сауаттылық жағынан əлдеқайда жоғары деңгейде. Əсіресе
Достарыңызбен бөлісу: |