106
«Айқап» тілінде жаңа сөз жасаудың басқа түрлерін де
байқай аламыз. Ол сөзді қосарлап, біріктіріп қолдану не-
месе бір мағынаны білдіру үшін атаулық тіркестер құрау.
Қай миллəтді қарасақ даһəр біріске ынтымақ қылуб газет-
журналларын көбдігін көреміз («Айқап», 1913, №6, 127-б.).
Енді бұрынғы замандағы һəм осы күнгі ақылды, ойлы кісілер
дүния жайынан өздері сынау-тəжірибе етуменен табқан
халыкға файдалы болиан ойларын, фікірлерін һəм кім білб
файдалансун күнелту жолын түзесін деб кітаб жазуб май-
данға шығарған (Сонда. 1913, №8,171-б.). Үшінші тілегім
журналға қоя туруб, русша білімі бар жігіттеріміз хүкімет-
дің жер алу, мектеб, медресе, оқу, оқыту секілді уағайры
тіршілігімізге керег дінизам-бұйрықдарын қазақша аударыб,
«Айқапқа» жазуб тұрсалар екен («Айқап», 1913, №6, 125-б.).
Заң – закон күннен-күнге жанарыб басқаланыб барады (Сон-
да. 1913, №10, 225-б.). Болмаса тағы қандай жол-жоспар
бар, тасламай ортаға салу керек (Сонда. 1911, №7, 5-б.).
Дүнияда тұруға бірінші тірек болған промышленность
қысқасы қай жұртдың баспасөзі болса да, оның шығару-
шысы сол жұртдың ортасында бірдей барлығында бір
көзменен қараб, жақсылықты бəріне бірдей іздемекші
һəрелдің заң шаруасына қарай (Сонда. 1914, №1, 8-б.).
Мал өсіретін адамдарды қызықтыру үшін жер министірі ол
жерлерді арендаға бергенди тұрақға салмай береді, əрине,
байлар кедейлерге қарағанда алдарақ жүрсе керек (Сон-
да. 1913, №4, 73-74-бб.). Бұл неше түрлі от кеме, от арба
жақсыдан іздегеннен табылған (Сонда. 1912, №11, 254-б.).
Европаның зор қалаларының көшелерінде осы электрик ар-
балар адамдарды алып жүреді. Мұны трамвай деп атайды
(Сонда. 1912, №6, 135-б.). Мысалы, газет-журнал, сынау-
тəжірибе, мектеп-медресе, низам-бұйрық, заң-закон, жол-
жоспар сияқты қос сөздер бұдан бұрынғы жазбаларда
кездеспейді. Мүмкін, бұлардың кейбіреуі сөйлеу тілде
жүйесіз қолданылған да шығар. Бірақ «Айқап» оларды са-
налы түрде өз беттерінде қолданды. Бұлардың біразы газет-
107
журнал, кейінгі баспасөз тілінде орнығып қалса, кейбіреуі
жазба əдеби тілден шығып қалды. Медресе, низам, закон
сөздерінің əдеби тілден орын ала алмай, бір кездегі архаизм-
дер болып қалуына байланысты бұйрық, жоспар сөздерінің
кейінгі кездерде мағынасы өзгеріп, сараланып тұрақталуы
нəтижесінде мектеп-медресе, низам-бұйрық, заң-закон, жол-
жоспар қос сөздері осы күйінде жазба тілге сіңісіп кетті дей
қоюға болмайды. Дегенмен «Айқаптың» бұл тенденциясы,
яғни көптеген ұғымдарын атаулық тіркестер арқылы беру,
терминдік мағынадағы тіркестер жасау, кейінгі кездердегі
мерзімді баспасөз тілінде ілгері қарай дами түсті. Тіркес
құрамындағы кейбір сөздердің арасы жақындасып, бірігіп
кетті. Сөйтіп, олардың біразы жаңа сөз жасаудың тағы бір
түріне, сөздерді біріктіріп қолдануға мүмкіндік туғызды.
Мысалы, баспа сөзі, өнер кəсібі дегендер, міне, сондай эво-
люцияны басынан кешірді. «Айқап» тілінде бұлар біріккен
сөз емес, изафест үлгісімен құралған атаулық (яғни бір ғана
заттық мағынаны білдіретін) тұрақты тіркестер. Кейінгі
кездердегі мерзімді баспасөз тілінде бұл тіркестер баспа-
сөз, өнеркəсіп тұлғасына өзгеріп, біріккен сөз болып кетті.
Протест сөзінің мағыналық ерекшеліктерін толық қам-
ту мақсатында қатты қағаз деген тіркес алынған. Бірақ
бұл тіркестің терминдік мəні сол болғандықтан, тіркеске
түскен екі сөздің мағыналық үйлесімділігі мен олардың
беретін мағыналары толық ескерілмегендіктен, тіркес бұл
тұлғасымен жазба əдеби тілге сіңбей қалды. Қатты қағаз
деген тіркес өзінің тура мағынасында (қағаздың өз сапа-
сы) қолданылатындықтан, протесті толық бейнелеп бере
алмады.
Ал жер министрі үлгідегі тіркес кейінгі кезеңдерде кең
өріс алды. Жаңа атаулардың келуімен байланысты осы
үлгіде терминдік мағынада көптеген жаңа тіркес туды: қара
металлургия министрлігі, оқу-ағарту министрлігі т.с.
Отарба, откеме, электрарба тіркестері орыс тіліндегі
поезд, пароход, трамвай терминдерін беру үшін қолданыл-
108
ған. Бұлардың кейбіреуі бұдан бұрынғы жазбаларда да
ұшырасады. Бірақ оларда да бірыңғай емес, əр тұлғада
кездеседі. Орыс газеттерінде: «Ташкентке темір арба жү-
руге қайсыбір жол жақсы болар» (ТУГ. 1876, 17 маусым)
деп жазылыпты. Орынбордан Түркістан жағынан жүретұғын
отарбасын шақырыпты (ТУГ. 1818, 17 сəуір).
Ең алдымен қазақ тілінде поезд деген ұғымды беру үшін
отарба сөзі қолданылады. Кейін осының үлгісімен откеме,
ал «Айқап» бетінде электрик, арба сөздері туды. Бұлардың
кейбіреулері 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз тілінде де
жиі қолданылып отырды, бірақ бұлар соңғы кездегі мерзімді
баспасөз тілінде, сондай-ақ жалпы жазба əдеби тіліне ен-
бей қалды. Кейін орыс тіліне енген сөздердің өзін алу үл-
гісі де болды (поезд, пароход, трамвай). «Айқап» тілінде
атаулық тіркестер орыс тілінде бір ұғымды заттың атын
білдіретін жеке сөздің я біріккен сөздің орнына алынды.
Бұндай принцип кейінгі кезеңдердегі мерзімді баспасөзде
кеңінен пайдаланыла бастады. Соның нəтижесінде қазіргі
жазба əдеби тіліміздің қажетін өтеп, көптеген жаңа атаулық
терминологиялық тіркеспен біріккен сөздер пайда болды.
XX ғасырдың бас кезіндегі мерзімді баспасөз беттерінде
ауызекі сөйлеу тілінің (диалектизмдер) элементтері де кез-
десіп отырды. Сөйлеу тілі элементтерінің сипаты күрделі
болып келеді. Бірде жазба тілде қолданыста болатын сөз
қайталаулар немесе тек ауызекі сөйлескенде кездесетін
қыстырма сөздер болса, бірде сөйлем құрамы өзгеріп
келеді. Бұл кездегі мерзімді баспасөз тек қазақ тілінің ішкі
мүмкіндіктерін сарқа пайдаланумен ғана шектеліп қойған
жоқ, сонымен бірге жаңа ұғымды бейнелеуде бөтен тілден
сөз алу процесінде мықтап дамытты. Бұдан əрине, сол
кездегі газет-журналдар қабылдаған шетел сөздерінің бəрі
сол күйінде толық қабылданып, жазба əдеби тілге бүтіндей
сіңісіп кетті деген қорытынды тумайды. Əңгіме жалпы
бағыт, баспасөздің ұстаған тенденциясы жайында болып
отыр. Жəне бұл процесс ертеден бері болып келе жатқан
Достарыңызбен бөлісу: |