143
мəдени шаруашылығымыздың жандана түсуіне сеп болды.
Бұлардың біразы қазақ тілінде шықты. Мысалы, 1925 жылы
республика бойынша 31 газет, соның 13-і қазақша екен. Ел
сауаттана бастаған соң жергілікті тілшілер саны да көбейе
бастады.
Міне, осы аталып өткен шаралардың бəрі – баспа жұмысы,
ісқағаздары, газет, журналдар, қаулы-қарарлар т.т. қай-
қайсысы да хатқа араб алфавитінің негізінде түсіпті. Түркі
тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ тілінің дыбыстық
жүйесін толық бере алмайтын араб жазу үлгілерінің
кемшіліктерін көре отырып, неге тағы да оншақты жыл
бас қатырдық, бірден неге латын немесе орыс графикасына
көшіп алмадық деген сұрақ тууы мүмкін. Мұның бірнеше
тарихи себептері бар. Қазақ халқының негізгі көпшілігі
сауатсыз болды деп келдік. Алайда кемшілігі бола тұра
олар пайдаланып келген арабша жазу үлгісін есепке алсақ,
жұртшылықтың біразының осы жазу арқылы едəуір са-
уат ашқанын мойындау керек. Бұл – факт. Тарихи, діни
қиссаларды заулатып оқып, сəл де болса көптің көкейіне
шырағдан жаққан молла-дамыллаларды былай қойғанда,
өзара хат жазысып, хабар алысарлық халде болған жұртты
тарихтан білеміз. Ескерілген бір жайт осы. Екіншіден, елдің
көпшілігі там-тұмдап қара танығанмен əлі санасы жетіле
қоймаған кезі. Сондықтанда жаңа өмірдің жаңалықтары мен
ескі өмірдің етекбасар ескі əдет-ғұрып, наным-сенімдері
арасындағы күрестің жеңісе алмай, арбасып тұрған
шағында халықтың көзі үйренген жазуды тастап, бірден
басқа алфавитті қабылдай қою қиындықтар əкелер еді.
Үшіншіден, осындай шақта еңбекші бұқараға жаңа дəуірдің
жарқын істерін байқататын, партияның қаулы-қарарлары
мен шешімдерін, əзірше өзіне түсінікті жазу үлгісін пай-
далана отырып жеткізу жағы көзделді. Міне, осындай бір-
неше объективті себептерді ескерген сол кездегі үкімет
бірден-бір дұрыс шешім тапты деуге болады.
144
Уақытша болса да көптің қажетін өтеп отырған бұл жа-
зуды енді қазақ тілінің заңдылықтарына орай жақсарта,
жандандыра түсудің амалы қарастырылды. Бұл істе,
əсіресе, қазақтың оқыған зиялы азаматтары атсалысты.
Олар орыс оқымыстыларының, мамандарының теориялық
еңбектерін зерттей отырып, қазақ жазуын ғылыми жүйеге
түсіруге əрекеттенеді. Сол кездегі газет, журналдарды
қадағалап қарағанда, осы мəселеге арналған материалдар-
ды кездестіруге болады. Алайда араб жазуын жақсартуға
арналған ауыз толтырып айтарлық мақаланы айта қою қиын.
Араб алфавитіне дəйекші енгізіліп, қайсыбір əріптердің қыз-
меті сараланды: 1924 жылы оған реформа жасалып, оны қазақ
тілінің ережелеріне үйлестіру бағытында біраз нəтижелі
жұмыстар жасалғаны мəлім. Қайсыбір басы артық əріптерді
алып тастап, ана тілімізге бейімдеу жағы қарастырылды.
Осы əрекеттің басы-қасында А.Байтұрсынұлы тұруы жа-
зуымыздың саралана түсуіне зор əсерін тигізді. Сөйтіп, бұл
алғашқы Реформаның нəтижесінде ұлттық жазуымыз бен
алфавитімізді біршама жөнге келтірдік. Осындай алғашқы
əрекеттер ұлттық мəдениетімізді өркендету саласына септігі
тиген алғашқы кезең ретінде бағаланады.
Латын əрпіне негізделген жазу жəне
термин жасау мəселесі
Біздің елімізде бұрын араб жазуын пайдаланып келген
халықтар 20-жылдары біртіндеп латын əрпіне көшуді қолға
алды. Бұл қозғалысты ең əуелі əзірбайжан ғалымдары бастаған
болатын. Мұнда арнаулы комитет ұйымдасты-рылды да, оны
Н. Нариманов басқарды. В.И. Ленин 1922 жылы əзірбайжан
өкілінің жаңа алфавит жайлы хабарын тыңдай отырып,
мұны «бұл Шығыстағы революция»
59
деп бағалағаны
жайлы И. Хансуваров жазады.
59
Хинсуваров И. Латинизация – орудие ленинской национальной политики.
М.,1932. С.21.
145
1926 жылы ақпанда Бакуде түркі тілдес халықтар жазуын
латындастыруға бағытталған Бүкілодақтық түркологиялық
І съезд болып өтті. Съезд жаңа алфавитті енгізу жұмыс-
тары жөніндегі Орталық Комитет құрды...
Сөйтіп, біртіндеп барлық түркі тілдес республикалар ла-
тын əрпіне негізделген жаңа жазуға көшті. Бірақ бүкілха-
лықтық істің жүзеге асуы жолында талай қиыншылық-
тардың болғаны мəлім. Тап қайшылығы шиеленісіп, идео-
логиялық күрес жүріп жатқан тұста социалистік мəдение-
тіміздің даму барысын көре алмайтын керітартпа қауым
өкілдері, əрине, əр алуан қарсылық əрекетін істеп бақты.
Қысқасы, бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының жазу
жүйесін қалыптастыруда ерекше кезең болып есептелетін
латын əрпіне көшу мəдени əрі əлеуметтік өмірімізде əжеп-
тəуір рөл атқарды. Бұл, ең алдымен, елді прогреске жетелеу-
дің бір мықты құралына айналды. Жаңа алфавит жасауда
латын графикасының басқаларға қарағанда ыңғайлы екені
белгілі болды. Мұның тағы бір үлкен пайдасы, өзара туыс
тілдерде жарияланған көптеген материалдар мен көркем
əдебиетті оқуға мүмкіндік туды. Сонымен бірге мұның тағы
бір астарлы жағы – орыс алфавитіне көшу алдындағы саты
екендігі. Сөйтіп, 1930 жылы барлық түркі халықтары латын
əрпін қабылдап бітті. Бұл процестің кеңестік Шығыстағы
мəні зор мəдени төңкеріс есебінде бағалануы тегін емес. Ла-
тын əрпіне көшу нəтижесінде бұл жылдары 40 тілде жүзден
аса газет, журналдар мен түрлі əдебиеттер шыға бастады.
Алайда алфавиттерді латындандыру кезеңінде кемшілік-
тердің, асыра сілтеулердің де болғаны белгілі. Қайсыбір
қызуқанды жолдастар латын алфавитін «дүниежүзілік ком-
мунистік қоғам алфавиті» деп қорытынды жасауға дейін
барды. Бұл алфавиттің белгілі дəрежеде кейбір ұлттар
үшін едəуір пайдасы болғанмен, бұрыннан орыс графика-
сын қабылдап, қолданып үйреніп қалған кейбір халықтар
үшін зияны да тиген еді. Мəселен, удмурт, мордва, чуваш,
коми, осетин, ойраттардың мəдени тарихынан біз осы-
Достарыңызбен бөлісу: |