Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет37/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   125

115
жаттығын  жойып,  байырғы  сөздеріміздің  қатарын  тол-
тырды.  Рəсім – ресми,  сауал,  мағұлым,  өкіл,  халал,  адал, 
мақұрым  сияқтылар  дəл  сондай  сөздер.  Бұлардың  арасын-
да  қолданыла  келе  кейін  өзінің  терминдік  өрісін  тауып, 
тұрақтанған рəсім сияқты сөздер де бар.
XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  мерзімді  баспасөз  тілінде 
күнделікті қолданылып отырған кірме сөздердің ең үлкен бір 
тобы – орыс тілінен тікелей енген я орыс тілі арқылы кірген 
шет  тілдер  сөздері.  Орыс  пен  қазақ  (түркі)  халықтарының 
арасындағы байланыс, қарым-қатынас, сондай-ақ сөз ауысу 
процесі  сонау  ерте  замандардан  басталатыны  анық.  Ол 
мəселе  көптеген  жазба  деректер  негізінде  дəлелденіп  те 
отыр.  Ал XX ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақтың  публицис-
тика  тілінде  күнделікті  қолданылып  отырған  орыс  тілінен 
кірген сөздердің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ерекшелік, ең 
алдымен, сөз ауысу процесінің өзгешелігінде, орыс тілінен 
қазақ  тіліне  сөз  ауысу  процесі,  моңғол  тілдерінің,  сондай-
ақ  араб,  иран  тілдерінің  əсер-ықпалынан  мүлде  басқаша. 
Орыс  тілінің  көптеген  сөзі,  бір  жағынан,  тікелей  қарым-
қатынастардың  нəтижесінде  ауызекі  сөйлеу  тілі  арқылы 
үнемі еніп жатса, екінші жағынан, жазба тілі де көптеп қол-
данылып  отырды.  Өйткені  қазақ  жұртшылығына  сол  кезде 
еніп отырған саяси-əлеуметтік, мəдени, ғылым мен техника 
салаларындағы  жаңалықтардың  көбі-ақ  орыс  қауымының 
тікелей  тигізіп  отырған  əсерінің  нəтижесі  еді.Тіпті  кітап 
бастырып  шығару  ісі,  мерзімді  баспасөздің  жарыққа  шы-
ғып,  одан  əрі  дами  түсуі,  халық  ағарту  ісінің  жаңа  фор-
малары,  орыс  қауымының  ықпалынан  жəне  тəуелділіктен 
келіп туған жаңалықтар еді. Сонымен бірге бұл тілдік про-
цеске мықтап əсер еткен жағдайдың бірі – қазақ елінің Ре-
сей  қол  астында,  басқаша  айтсақ,  боданында  болуында. 
Көрші  отырған  екі  елдің  қайсысының  мəдениеті,  ғылымы, 
қоғамдық прогресі алда, көш ілгері жəне жоғары дəрежеде 
болса, сол халықтың тілі екіншісіне əсер етпей тұрмайтыны 
тарихтан мəлім.


116
Осындай  көптеген  сыртқы  жағдайлардың  нəтижесінде 
моңғол  жəне  араб,  иран  тілдерінің  ықпалы  уақыт  өткен 
сайын əлсіреп, білінбей бара жатса, яғни ол кезеңдік тілдік 
құбылыс  болып  қалса,  орыс  тілінің  əсері  күннен-күнге 
өрістеп,  дамып  отырған  тілдік  құбылыс  екенін  жасыра  ал-
маймыз.  Тілдегі  о  бастағы  стихиялы  түрдегі  бұл  процесті 
қазақ  халқынан  шыққан  оқыған  азаматтардың  көбі-ақ  ай-
қын  сезінгені  байқалады.  Соның  нəтижесінде  «Айқапта» 
жарияланған  мақала  авторлары  орыс  сөздерін  именбей, 
батыл  қолданып  отырған.  Ал  «Қазақ»  газетінде  мұны 
барынша саралап, қажетіне қарай пайдаланған.
«Айқапта»  қолданылған  орыс  тілінен  енген  я  орыс  тілі 
арқылы  келген  интернационалдық  лексиканың  мағыналық 
шеңбері,  тақырыбы  араб,  иран  тілдерінен  енген  сөздерден 
əлдеқайда  көп.  Ол  сөздердің  көбі  саяси-əлеуметтік  өмірге, 
мəдениетке, оқу-ағарту ісіне, экономика салаларына, ғылым 
мен  техникаға  т.б.  байланысты  атаулар  болып  келеді.  Оны 
мына  төмендегі  азғана  мысалдар  да  көрсете  алады: 1914 
жылы  қазақ  халқы  қала  салыб  крестьян  қалыбына  кірген 
соң,  бұрын  солдат  қызметін  атқарудан  бостан  жүрген  бұл 
халық салдат хызыметіне шақырылса керек еді, лəкин басха 
кімлер арасында бір проект түзелб тұр («Айқап», 1912, №7, 
164-б.).  Баршаңызға  мағлым  3  июнь  каноны  бойынша  жеті 
облыс қазақ жұрты дəулет думасына өкіл сайлау хұхындан 
мақұрымы  қалғаны  (Сонда. 1912, 260-б.).  Халқын  байыту, 
қазыналық  даходы  артдыру,  құралақша  көбейту,  халқын 
оқулы  қылу  жолыда...  һəшнəрседен  қорықбады  шарша-
мады  (Сонда. 1913, №9, 190-б.).  Ол  приговорды  хакімдер 
нығайту  бақшада  жинала  бастаған  еді  (Сонда, 1912, №10, 
193-б.).  Студенттеріміздің  қалыбы  мұнанда  нашар  (Сонда. 
1912, №11, 241-б.). Не үшін десеңіз, науқасының көбін «ми-
кроб» дейтұғын жанлар һəртүрлі құртлар файда қылатұғын 
осы күнде тəжірибеменен анық білінген нəрсе (Сонда. №8, 
177-б.).  Ішкі  іс  министрі  Н.А.  Маклаков  хузырына  титу-
лярный  советник  Тураевкіріб  Ақмола  обулысының  Пет-


117
ропавл  уезной  начальнигі  Оссовский  үстінен  парахор  алым 
алады  деб  ғарза  берді  (Сонда. 1913, №6, 135-б.).  Осы 
азғана  мысалдардың  өзінен  экономикалық,  шаруашылық 
жағдайларына  байланысты  крестьян,  базар,  тауар,  до-
ход,  мануфактура,  план,  землемер  сияқты  сөздер;  саяси-
əлеуметтік  өмірге  байланысты  салдат,  съезд,  проект,  при-
говор  т.б.;  əкімшілік,  ел  басқару  ісіне  байланысты  облыс, 
член, уездный, комиссие, министр, советник, начальник т.б., 
оқу-ағарту  құралдары,  ғылым  мен  техника,  мəдениет 
істеріне байланысты студент, школ, микраскоб, доктор, му-
зыка,  газет,  журнал,  электр  сияқты  алуан  түрлі  сөздердің 
«Айқап» беттерінде қолданыс тапқанын көре аламыз. Бұдан, 
əрине, осы сияқты сөздердің барлығы да алғаш рет «Айқап» 
тілінде қолданылған екен деген ұғым тумасқа керек. Съезд, 
ояз, оязный, облыс, базар, начальник, статья сияқты сөздер 
бұрынғы дəуірлерде де я жазба тілде, көркем əдебиет тілінде 
я сөйлеу тілінде қолданылып келді. «Айқап» журналы осын-
дай сөздерді өз беттерінше қолдана отырып, сонымен қатар 
олардың  қатарын  жаңа  сөздермен  толықтыра  түсті,  кейде 
қолданылып  жүрген  орыс  тілінің  сөздеріне  жаңа  мағына  я 
мағыналық  реңк  үстеп  отырды.  Мысалы,  съезд,  резолюция 
сөздері «Айқап» тілінде үлкен жиналыс, қаулы мағынасында 
ғана қолданылмаған, сонымен бірге оның ресми іс екенін де 
аңғартады.  Осы  берілген  сөйлемдегі  бұл  сөздер  білдіретін 
атаулардың  орындалу  формасы  да,  яғни  алдын  ала  келісім 
бойынша мерзімді уақытында белгілі күн тəртібі бар жина-
лыс жəне соның жүйелі түрдегі жазылып алынған қаулысы. 
Приговор  сөзі  өзінің  негізгі  мағынасы  үкім  дегеннен  гөрі 
келісімшарт,  жасалған  қаулы  мағынасын  білдіріп  тұр.  Сол 
сияқты  статья,  председатель,  комиссия,  доход  сөздерінің 
де сөйлеу тіліндегі қолданылысынан гөрі тұрақтылық, ресми 
мəні сезіледі. Председатель жиынды басқарушы, ол сөз кей-
де төрағасы сөзімен де беріліп жүрді. Доход жалпы түсім, 
пайда  емес,  мемлекеттің  тұрақты  қоры  мағынасында 
жұмсалып тұр. Сонымен бірге орыс тілінің əсері сөз алмасу 


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау