Ыбырай -ғалым, этногроф-Ы.Алтынсарин этнография саласындағы еңбектері халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын қарастырады. Оның бірі өлген адамды жерлеу және оған ас беру, екіншісі құда түсу, қыз ұзату салттары туралы айтылады.
Лингвистика, тілтану саласында қазақ тілнің тазалығына зор мән берді.
Қазақтың әдеби тілі, оның қалыптасуы мен дамуы, ана тілінің тазалығы Ы.Алтынсариннің негізгі бағыты мен қызметі болып табылады.
Қазақтың әдеби тілі, оның қалыптасуы мен дамуы, ана тілінің тазалығы Ы.Алтынсариннің негізгі бағыты мен қызметі болып табылады.
Қазақ ауыз әдебиетін зерттеп, қазақтың жұмбақтары, дастандары, мақал-мәтелдері жөнінде ғылыми мақалалар жазды. «Қобыланды батыр», «Қара батыр», «Жәнібек батыр» эпостарынан, қазақ халқының тарихынан үзінділері баспа бетіне жариялады.
Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы бөлімінің толық мүшесі болды.
Оқушылардың ойын жинақтау мақсатында алдымен Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер? деген сұраққа жауап алынады
Мадина: Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы.
Ы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді.
Мухамед: Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта - жігер беріп отырады.
Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды.
Достарыңызбен бөлісу: |