Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» Мақсаты



жүктеу 135,14 Kb.
бет1/15
Дата11.01.2022
өлшемі135,14 Kb.
#32292
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Алғашқы ұстаз


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам»
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, өнегелі сөздері

Жүрісі: І. Ы. Алтынсарин өміріне, шығармашылығына тоқталу
ІІ. Әңгімелерінен көрініс.
І.
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин.
Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш
рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап
өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы.

Ы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді.

Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта - жігер беріп отырады.
Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды.

1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті.
Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.

Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.


Қорытынды: Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.

жүктеу 135,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау