Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыру
Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және Т.С.С. бағытталған» делінген. Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз. Ата бабаларымыздың бұл дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күш жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бір - ақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік –жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын. Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына негіз салды. Салауатты өмір тіршілігі –денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді. Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар: аурып жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының созылмалы әсері; дұрыс тамақтанбау (оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс көптігі); көңіл күйдің жылдам ауытқуы, еңбек пен ретсіз демалыстың бұзылуы, ауаның, судың бұзылуы; дәрі-дәрмекті және тұрмыс химиялық заттарын орынсыз пайдалану. Осы факторлардың ішінде бірінші қатарда қимыл-қозғалыстың аздығы. Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі – қимыл- қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа,су, тамақ қандай керек болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша, оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептейді. Табиғаттың өзі адамның қолында физиологиялық теңдесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп отыр, ол – қимыл – қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, ықыласына, жігеріне, әркімнің өз басына, жауапкершілігіне тікелей байланысты. Салауатты өмір салтына байланысты өте көп жұмыстар атқарылды. (слайдта көрсетілді)
Достарыңызбен бөлісу: |