Кодекс тамыз 2016 МƏЖБҮрлі еңбек



жүктеу 24,29 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2017
өлшемі24,29 Kb.
#1195
түріКодекс


ЖҰМЫСҚА ƏДІЛ ЖАЛДАУ ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ КОДЕКС 

 

Тамыз 2016 



МƏЖБҮРЛІ ЕҢБЕК  

Қызметкерлер мəжбүрлі, еріксіз, ауыр, құлдық еңбекке немесе қамаудағы адамдардың еңбегіне 

тартылуы  мүмкін  емес.  Барлық  еңбек  түрлері  ерікті  болып  табылады,  қызметкерлер  еңбек 

қарым-қатынастарын  қолданыстағы  заңнамаға  немесе  еңбек  шартына  сəйкес  тоқтатуға 

құқылы.         

БАЛАЛАР ЕҢБЕГІ ЖƏНЕ ЗАҢСЫЗ ЕҢБЕК  

Балалар  еңбегінің  немесе  заңсыз  еңбектің  кез  келген  түрін  пайдалануға  қатаң  түрде  тыйым 

салынады.  

АДАМДАРДЫ САТУ 

Адамдарды  сатудың  кез  келген  түрін  қолдану  немесе  оған  қатысуға  қатаң  түрде  тыйым 

салынады. 

ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСТАП ҚАЛУ  

Қызметкерлердің  жеке  басын  куəландыратын  құжаттарды,  немесе  жұмысқа  рұқсатты, 

куəліктерді  немесе  кіру/шығу  құжаттарын  қоса  алғанда,  басқа  да  бағалы  заттарды  тəркілеуге 

немесе  олардан  айыруға  қатаң  түрде  тыйым  салынады.  Жеке  құжаттардан  айыру 

қызметкердерді  жұмыста  ұстау  немесе  олардың  қозғалыс  еркіндігін  шектеу  құралы  ретінде 

қолданылмауы тиіс.       



ЕҢБЕК ШАРТТАРЫ 

Жазбаша еңбек шарттары қызметкерлерге (шетел қызметкерлерін қоса алғанда) түсінікті тілде, 

сыйақы  беруге,  еңбек  тəртібіне  жəне  еңбек  жағдайлары  мен  жұмысқа  қабылдау  талаптарына 

қатысты  олардың  құқықтары  мен  міндеттері  нақты  жазылған  түрде  берілуі  тиіс.  Шетелдік 

қызметкерлерге еңбек шартын оларды жұмылдырғанға дейін ұсыну қажет. 

 

 



ДЕПОЗИТТЕР 

Қызметкерлерден  «қашудан  сақтандыру»  ретінде  депозиттер  ашуды  немесе  кепілдікті 

төлемдер жасауды талап етуге жол берілмейді.    

АДАМШЫЛЫҚПЕН ҚАРАУ  

Жұмыс  орнында  қатыгездікпен  немесе  адамгершіліксіз  қараудың  қандай  да  бір  түріне  жол 

берілмеуі  тиіс.  Тəртіп  жазасын  қолдану  шаралары  нақты  айқындалып,  олар  барлық 

қызметкерлерге белгілі болуы тиіс, бұл ретте, ізгіліксіз шараларды қолдануға жол берілмейді.  

Күш  көрсету  жəне  сексуалды  сипаттағы  зорлық  əрекеттер  қолдану,  алымсақтану  жəне 

қызметкерді, оның отбасын немесе онымен байланысты тұлғаларды қолдануға немесе оларды 

қорқытуға қатаң тыйым салынады.     

ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ ТЕҢДІК 



Ұлтына  немесе  құқықтық  мəртебесіне  қарамастан,  барлық  қызметкерлерге  əділетті  жəне  əділ 

қарау  қажет.  Шетелдік  қызметкерлер  жергілікті  қызметкерлерге  ұсынылатын  еңбек 

жағдайларынан  төмен  емес  деңгейде  тең  жұмыс  жағдайларымен  қамтамасыз  етіледі 

(жалақыны,  жеңілдіктер  мен  тұрмыс  жағдайларын  қоса  алғанда,  бірақ  олармен  шектелмей).    

Шетелдік  қызметкерлерді  (немесе  олардың  отбасы  мүшелерін)  жұмысқа  қабылдау  ұсынысын 

қабылдауға  мəжбүрлеуге  немесе  оларды  жұмыста  ұстауға  қатысты  үкіметке  жүгінуімен 

байланысты қандай да бір қауіп-қатерлерге жол берілмейді.

  

ЖАЛАҚЫ МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР 

Барлық  қызметкерлерге  заңды  кепілдікті  жеңілдіктермен  бірге  қолданыстағы  заңнамада 

белігленген жалақыдан төмен емес жалақы төленеді. Жалақы қолданыстағы заңнамаға сəйкес 

жүйелі  түрде  тікелей  қызметкерге  төленеді,  бұл  ретте,  кідіртулерге,  төлеу  мерзімін  ұзартуға 

немесе  заңсыз  шегерулерге  (ұстап  қалу)  жол  берілмейді.  Шегерулерге  (ұстап  қалу), 

алғытөлемдерге  жəне  қарыздарға  тек  заңнамада  рұқсат  етілген  шекте  ғана  жол  беріледі.  

Қызметкерлерге  жұмыс  істелген  сағаттар,  мөлшерлемелер  мен  заңнамада  белгіленген 

шегерулер  (ұстап  қалулар)  есебі  бойынша  нақты  жəне  түсінікті  ақпарат  берілуі  тиіс.  Барлық 

қызметкерлерде  өз  жалақысын  толық  бақылау  мүмкіндігі  болуы  тиіс.  Жалақыдан  шегерулер 

(ұстап  қалулар)  жұмыс  берушіге  немесе  жұмысқа  «байлап  қою»  ретінде  қолданылмауы  тиіс.  

Қызметкерлер  жұмыс  беруші  алдында  қарызды  тəуелдікте  болмауы  тиіс,  оларды  қарыз  өтеу 

үшін  жұмыс  істеуге  мəжбүрлеуге  болмайды.  Жалақы,  төлемдер,  алғытөлемдер  жəне  қарыз 

бойынша міндеттемелерге қатысты алдауға тыйым салынады.     



ЖҰМЫС УАҚЫТЫ 

Қызметкерлерді  ұлттық  заңнамада  белгіленген  уақыт  мөлшерінен  тыс  жұмыс  істетуге  жол 

берілмейді.  Тəртіп  жазасы  ретінде  немесе  өндірістік  нормаларды  орындамағаны  үшін 

қызметкерлерді қызмет уақытынан тыс жұмыс істеуге мəжбүрлеуге жол берілмейді.   



ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ ЖƏНЕ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ЕРКІНДІГІ  

Қызметкерлер  жұмыс  орнында  немесе  жұмыс  беруші  немесе  персоналды  жұмысқа  қабылдау 

жөніндегі агент басқаратын үй-жайлар сияқты ілеспе жайларда да физикалық түрде ұсталмауы 

тиіс;  қызметкерлердің  орын  ауыстыру  немесе  тұлға  еркіндігін  шектейтін  өзге  де  мəжбүрлеу 

құралдарын  пайдалануға  жол  берілмейді.  Қызметкерлер  өздерінің  еңбек  шарттарының 

талаптарына  сəйкес  еңбек  қатынастарын  тоқтатуға  жəне  жұмыс  орнынан  кез  келген  уақытта 

кетуге құқылы. 

ШАҒЫМДАРДЫ БЕРУ МЕН ҚАРАСТЫРУ РƏСІМІ  

Жеке немесе басқа қызметкерлермен бірлесіп əрекет ететін кез келген қызметкерге қандай да 

бір  жағымсыз  салдар  немесе  осындай  қызметкерге  қатысты  кері  қолданылатын  шараларсыз 

шағымды  беруге  мүмкіндік  беретін  Шағымдарды  беру  мен  қарастырудың  тиімді  рəсімі 

белгіленуі тиіс.  

ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН СЫЙАҚЫ  

Қызметкерлерден  жұмысқа  қабылдау  үшін  қандай  да  бір  тікелей  немесе  жанама  сыйақылар 

немесе  шығындарды,  оның  ішінде  жол,  ресми  құжаттарды  өңдеу,  жəне  қажет  жағдайда 

азаматтық  алған  жəне  жұмысқа  тұлған  елдегі  жұмыс  визаларына  кеткен  шығындарды  өтеу 

үшін алуға жол берілмейді.     

ПЕРСОНАЛДЫ ЖАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІКТЕР МЕН АГЕНТТЕР 



Персоналды  агенттік  арқылы  жалдаған  жағдайда,  мұндай  агенттіктер  өз  қызметін  заңды 

негізде  жүзеге  асыруы,  стандарттарға  сəйкес  келуі,  сонымен  қатар  еңбек  қанау  мақсатында 

қызметкерлерді  мəжбүрлі  еңбекке  немесе  адам  саудасы  қатеріне  тігетін  алаяқтық  қызметке 

қатыспауы тиіс.  



жүктеу 24,29 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау