Тәрбие жұмысының жоспарын жасауға бағыт – бағдар Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері: Мақсаты



жүктеу 28,03 Kb.
бет2/8
Дата16.01.2022
өлшемі28,03 Kb.
#32550
1   2   3   4   5   6   7   8
мадина2

Күтілетін нәтиже: жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар,   Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын азамат болу.

  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты: азаматтық  және патриоттық,  ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық мәдени қарым -қатынасты, әлеуметтік және құқықтық санасын және балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Патриотизм — қоғамдық сана нысандарының бірі, бұл тарихи және топтық санат қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толығып отырады. Патриотизм - әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзат өміріне қауіп тендіретін термоядролық, экологиялык және террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен және әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, тәуелсіз елдермен және басқа да мемлекеттермен көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастыкпен тығыз байланыста болумен өлшенеді. В.И.Дальдың сөздігінде «патриот» ұғымына мынадай анықтама берілген: «Патриот - Отанын сүюші, оның игілігін қызу қолдаушы, Отансүйгіш, Отандас». Тағы бір сөздікте: «Патриот - өз Отанын сүйетін, өз халқына берілген, өз Отанының мүдделері жолында құрбандыққа дайын, ерлік жасайтын адам». Патриотизм ұғымы азаматтардың қоғамдық өмірдің саяси құрылымына және де басқа да компоненттеріне деген идеологиялық қарым-қатынасын білдіреді. Әрбір адам осы бір жоғары да ізгілікті сезімді әр түрлі түсінетіні белгілі: біреулер бұл ұғымды өз отбасы, істеп жүрген жұмысы, туып-өскен мекен ететін жерімен астастырса, ал екінші біреулер үшін бұл мемлекет, ел, қоғам, қоршаған ортаны тұтасымен қамтитын аса кең мағыналы ұғым ретінде қарастырады. Тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән беріліп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің республика халқына Жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, үкіметтің құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерінде айқын көрсетілген. Патриотизм, жалпы алғанда, ұлттық мәдениеттің, ал, жекелей алып қарағанда, саяси мәдениеттің элементі болып табылады. «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында патриотизм мазмұнына мыналарды жатқызады: – адамның өзі туып-өскен жеріне сүйіспеншілік сезімі; – ана тіліне қүрметпен қарау; – Отан мүдделеріне қамқорлық жасау; – азаматтық сезімдердің көрініс беруі; – Отанға адалдыкты сақтау; – Отанның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау; – әлуеметтік және мәдени жетістіктерге деген мақтаныш; – Отанның өткеніне және одан қалған мұраларға, дәстүрлерге құрметпен қарау; Біз тәрбие жүйесінде жастарымызды рухани және ұлттық құндылылықтарын дұрыс бағалауға осы білімдерді пайдалануға бағытталуы тиіс деп есептейміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, патриоттық тәрбие процесінде «әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға әрі түсінікті болуы тиіс... Әрбір адам бала кезінен Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн».




  1. жүктеу 28,03 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау