Тәрбие жұмысының жоспарын жасауға бағыт – бағдар Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері: Мақсаты



жүктеу 28,03 Kb.
бет4/8
Дата16.01.2022
өлшемі28,03 Kb.
#32550
1   2   3   4   5   6   7   8
мадина2

Ұлттық тәрбие

Мақсаты: оқушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, және басқа ұлттын мәдениетін құрметтеуге бағдар беру.

  1. Отбасы тәрбиесі

 Мақсаты:   Қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың  психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.  

Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі туралы айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң», «Жоғары және орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп өзінің «кім» және «қандай» екенін практикада сынап байқап көреді. Отабасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата - ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі - өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді. Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата - ананың орны ерекше. Балалар өз бойынан ата - анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше ата - аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді. Әсіресе, балаларды жас кезінен бастап тазалыққа, жинақы - ұқыптылыққа, еңбекті сүюге және оның қадір - қасиетін түсінуге, үлкендерді соның ішінде жасы үлкен қарттарды құрметтеуге және оларға мейіріммен қарауға, ал өзінен кішілерге қамқор болуға үйрету ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары болып саналады. Ата - аналар өсіріп отырған ұл - қыздарын жағымсыз қылықтардан сақтандырып отырған. Сондықтан да баланың бойынан көрінген кейбір арзымайтын кемшіліктерді дер кезінде түзеп, ескерту жасап тұрудың маңыз үлкен болған. Себебі бүгін арзымайтындай болып көрінген кішкентай қателік, ертең үлкен бір даулы мәселеге жол ашып беруі мүмкін. Ал мұның соңы жақсы нәтижеге алып келмейтіні рас. Отбасында жасы кіші балаларды ұқыптылық негізінде тәртіпке салу, мәдениетті етіп тәрбиелеу, оларды өздерінен үлкендерді құрметтеуге, оларға «сіз» деп сөйлеуге, сәлемдесу ережелеріне мән беруге, жағымсыз қылықтардан өздерін аулақ ұстауға үйретіп бару да өте қажетті маңызды мәселе. Кейбір ата - аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие мөлшеріне немқұрайдылықпен қарайды. Ал мұндай көріністер баланың бойында кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Бұндай қолайсыз жағдайларға тап болуына баланың өз ата - анасы кінәлі емес деп қалай айта аласыз. Бірақ осындай ата - аналар өз кемшілігін сезініп, өздері мойындай да бермейді. Бұл тәрізді жағдайлар аз болса да өмірде кездесіп тұратын шындық. Қаншама ата - ана болса, баланы тәрбиелеу әдістері де, түрі де соншалықты болатыны анық жағдай. Олаға: жылы сөзбен көндіру, көнбесе қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу, жазалау т. б. Әдістер ата - аналар таңдаған тәрбиелік бағыт - бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласын тіл алғыштыққа тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың таңдаған әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып, қолданады. Балалармен әңгімелесуге де уақыт тауып отыруымыз қажет және олардың сан алуан пікірлерімен санасып, есепке алып отырған орынды. Өз туған баласымен түрлі тақырыпта ашық сөйлесе алмайтын, сырласа білмейтін ата - аналар да жеткілікті. Олар оны «Күндізгі уақытта екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үйдің тірлігінен қол босамайды, баламен отырып сөйлесуге уақыт та, шама да жоқ» деген себеппен түсіндіреді. Бұл дұрыс емес бала тәрбиесіндегі өте дөрекі қателік болып саналады. Баламен ашық сөйлесу үшін арнайы уақыт бөлудің де қажеті жоқ. Ата - ана өз балаларымен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесуіне болады. Бұл ата - ана жағынан жасалған іс - әрекеттер келешекте ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынастың сенімді деңгейде болатынын болжайды.


  1. жүктеу 28,03 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау