Филология 2,10. indd



жүктеу 155,4 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2018
өлшемі155,4 Kb.
#21924
түріРассказ


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

19

Резюме

В статье рассматриваются проблемы эстетических 

мировоззрений в рассказах М.О. Ауезова.

Resume

In this article examinations the problems of aesthetic philosophy of 

life in compositions M.O. Auezova.

ƏӨЖ 81.38



МӘТІНМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІНДЕГІ 

СТИЛИСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ СИПАТЫ

Л.П. Ақтанова

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы

Тіл ғылымында бүгінге дейін зерттеу нысаны болып келген сөз, сөз тіркесі, 

сөйлем, морфологикалық, лексикалық тұлғалар, фонетикалық құбылыстар 

– мәтіннің құрамына енетін тілдік бірліктер. Осы тұрғыдан алып қарағанда, 

қазіргі қазақ тілі білімінде мәтінді құрылымдық, мағыналық, қызметтік 

жағынан жан-жақты зерттеу әлі де өте маңызды мәселелердің бірі.

Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын 

басты белгілері – жүйелілік және тұтастық. Мәтіннің тұтастық категориясы 

сол мәтінді ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық 

жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді 

құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдерімен ұйымдасуынан 

көрінеді [1,27].

Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту 

нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде 

болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен 

орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің 

қызметін таныту – тыңдаушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан 

танып-білуге, сол арқылы тыңдаушының логикалық ойлауы бірізді 

қалыптасуына мүмкіндік береді. Өйткені мәтінде тіл бірліктері (сөз, сөз 

тіркесі, сөйлем) тегіс қатысады. Сондай-ақ мәтіннің стильге қатыстылығы 

да ескеріледі [2,120]. Сондықтан мәтінмен жұмыс істеудің стилистикалық 

бағыттағы жаттығу жұмыстарына  ерекше тоқталып өтсек.

Барлық мәтіндер, ең алдымен, лингвистикалық нысан болып табылады. 

Сондықтан да мәтіндердің типологиясы лингвистикалық тұрғыдан 




Вестник ПГУ №2, 2010

20

танылуы қажет. Лингвистикалық типологияның негізіне лингвистикалық 

дифференциация алынады. Оның өзі мәтіннің түрін, формасын, жанрлық-

стилистикалық ерекшеліктерін, жүзеге асырылу шарттары мен тәсілін 

білдіреді. Сонымен мәтіннің белгілеріне (әдістемелік тұрғыдан келгенде) 

мыналар алынады: 1) сөйлеу түрі; 2) сөйлеу формасы; 3) сөйлеу стилі;  

4) жанры; 5) сөйлеудің функционалдық-мағыналық типі (сөйлеу тәсілі);  

6) сөйлеудің эмоционалдығы мен экспрессивтілігі.

Осы айтылғандарды қарастырып көрелік. Біріншісінде, сөйлеудің 

ауызша жөне жазбаша екеңдігі қарастырылады. Ауызша мәтін уақытпен 

байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер 

– синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым 

қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы бір-біріне ұқсастығы 

экспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер.

Жазбаша мәтінде оны құраушы бірліктердің арасындағы 

байланыстырушы элементтер айқын білініп, формалды көрсеткіштері 

мүмкіңдігінше, толыққанды болуға, логикалық ой желісі үзілмей, сақталып 

отыруға, лексикалық құнарлылығы терең болып, басқа да тілдік формалардың 

мол болуына мүмкіндік беретіңдей күйде жасалады.

Екіншісінде, қарым-қатынас жасау формасына сәйкес, мәтіндер 

монологтық, диалогтық (кей ретте полилогтық та) болып бөлінеді. Бұл жерде 

сөйлеудің түрі мен формалары бірігіп келіп, жазбаша мәтіңде де, ауызша 

мәтінде де монолог пен диалог болатыны анықталады.

Үшіншісінде, мәтіннің қандай да бір стильде құрылатыны белгілі. 

Оқыту барысында функционалды стильдердің ауызекі сөйлеу стилі, ғылыми, 

ресми іс қағаздары, публицистикалық және көркем әдеби түрі қолданылады. 

Осы стильдердің әрқайсысының өзіңдік ерекшеліктері белгілі. Олардың 

мәтіндегі өзіңдік құрылымы бірден көрініп тұруы да мүмкін. Көп ретте, 

публицистикалық және көркем әдеби стильдерді айыра алмау байқалады. 

Сондықтан да мәтін стильдерін таныту бағытында жүргізілетін жұмыстардың 

өзіндік жүйесі жасалынуы керек.

Төртінші, мәтіннің жанрлық ерекшеліктері де танылуы қажет. Жанр, 

негізінде, функционалдық стильдермен тығыз астасып жатады. Ондай 

байланыстылықты мынадай сызба арқылы көруге болады:




серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

21

Мәтіннің бесінші белгісі – сөйлеудің функционалдылығы. Сөйлеуде 

сипаттама, хабарлама түрлері қолданылатыны белгілі. Бұлардың 

әрқайсысының жеке ерекшеліктері әрбір сөйлеу типтерінің құрылымдық-

жүйелік заңдылықтарына сәйкес танытылады.

Мәтіннің тағы бір маңызды белгісі – оның эмоционалдық бояулылығы. 

Бұл жағынан, ғалымдардың пікірінше, мәтіңдер: а) ресми, ә) ресми емес, 

б) бейтарап болып бөлінеді. 

Экспрессивті мәтіндер өз ішінде: 1) экспрессивті-стилистикалық белгілері 

бар және 2) бейтарап мәтіндер болып бөлінеді. Осының ішіңде, экспрессивтік-

стилистикалық белгісі бар мәтіндерге: көркем, публицистикалық, ауызекі 

сөйлеу, ғылыми (пікірталастар), құттықтау, қарсы алу сөзі сияқты ресми 

мәтін түрлері жатады. Ал бейтарап мәтіңдерге: ғылыми, ресми іс қағаздар, 

публицистикалық стильдің кейбір жанрлары, хроника жатады. Әдістемеші-

мамандар әдістемелік тұрғыдан мынадай етіп бөлуді ұсынады: 1) оқуға;  

2) тыңдауға; 3) ауызекі сөйлеу тілін дамытуға; 3) жазба сөйлеу тілін дамытуға 

арналған мәтіндер.

Тұжырымдай келгенде, тыңдаушылардың дүниетанымын дамыту 

мен қалыптастырудың арнайы мақсаттары көзделіп, түрлі өмір, ғылым 

салаларынан арнайы мәтіндер талданады. Ғылыми мақсат та сол бағытта 

болады. Ал тіл дамыту мәтіңдер бойынша шығарма, мазмұндама, жоспар, 

эссе, мәтіңді талдау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі стильдердің 

қайсысын болсын, тыңдаушы мүмкіңдігінше жетік меңгеруі керек. Ал 

жазбаша тіл ұстарту жұмыстары стиль тармақтарының ерекшеліктерін тани 

отырып, сол бағытта құра білу дағдысын қалыптастырады.



Вестник ПГУ №2, 2010

22

Мәтін бойынша тіл дамытуды жетілдіруге негіз болатындай әдістемелік 

маңызға ие талаптарды атайық:

1) тыңдаушының түсініп оқу арқылы баяндау дайындығын қамтамасыз 

ететін талаптар:

а) қатысымдық міндетті шешуге арналған; 

ә) сөйлеушінің көзқарасы; 

б) эмоционалдық бояу

в) мәнерлілік; 

г) қаратпалық;

2) мәтіннің мағыналық құрылымын қамтамасыз ететін талаптар: 

а) байланыстылық; 

ә) бүтіндік; 

б) қисындылық; 

в) ақпараттылық.

2) мәтіннің түсінікті болуын қамтамасыз ететін талаптар: 

а) ақпараттық негізде қабылдау ерекшелігіне байланысты қызығушылық есебі; 

ә) тыңдаушының даму деңгей есебі.

3) мәтін негізіңде тілдік тәжірибелерді тікелей жетілдіруді қамтамасыз 

ететін талаптар: 

а) мәтіннің көлемі орыңдалатын жұмыстарға сай болуы;

ә) меңгерілмеген тілдік материалдың аз болуы;

б) орын өтілген материалдың жаңа материалмен толықтырылуы, 

байланысты болуы; 

в) материалдың қайталанып есте сақтауға, бекітуге мүмкіндік жасалуы. 

[2,122].


Сонымен, тыңдаушылардың сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын 

дамыту үшін мәтін туралы мынадай білім мен дағды қалыптастырылады:

– мәтіңді түсініп оқи білу және есте сақтау;

– мәтіннің құрылымдық ерекшеліктері туралы білім беріп, оның 

тәжірибесіңде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру;

– мәтіңдегі қайырымдар және олардың мазмұнды, жүйелі баяңдау 

мақсатыңдағы ерекшеліктерін үйрету арқылы жүйелі мәтін құрай білуге 

үйрету;


– мәтіннің түрлері бойынша сөйлеуге ауызша, жазбаша жаттықтыру.

Мәтін туралы білім мен тәжірибелік дағды, ең алдымен, оқу мен тындап 

түсіну әрекетіне байланысты. Оқу мен тындап түсінудің психологиялық-

физиологиялық үдеріс ретінде ұқсастығы да, айырмашылығы  да бар. 

Ұқсастығы – ойлау қабілеті үдерістерінде ойлау амалдары деңгейіңде 

(талдау, салыстыру, айыру, жалпыламалау т.с.с.) жүретіндігі, 

айырмашылығы шарт қою және қабылдау деңгейінде байқалады. Табиғи 

ауызша сөйлеу өзінің қысқалығымен, қайталанбайтындығымен және бір 




серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

23

ғана рет айтылатындығымен сипатталады. Ал жазбаша оқу кезінде оқылған 

нәрсеге бірнеше рет қайта оралуға мүмкіңдік бар. Оқу жылдамдығы мен 

қарқынын оқып тұрған адамның өзі реттейді, оқу уақыты шектелмеген. 

Оған қоса, оқып тұрған адам анықтама әдебиетін де пайдалана алады. 

Әдістемелік жағына келетін болсақ, бұл өте маңызды айырмашылық, 

өйткені жоғарыда көрсетілген ерекшеліктердің салдарынан оқудағы 

қабілеттер мен дағдылардың деңгейі оқу нәтижесіне шешуші ықпал 

тигізбейді. Дыбыстау, айту барысында тілдің сипаттамалары одан 

тыс реттеледі, сондықтан ол үдерістің өзіне де, оның нәтижесіне де 

айтарлықтай әсерін тигізеді. Осы себепті дыбыстаудағы қабілеттер мен 

дағдылар тілдік автоматтанудың деңгейіне теңестірілуі қажет. Ол жазбаша 

сөйлеу әрекетімен байланыстырылады.

Оқудың және айтып дыбыстаудың негізгі мақсаты болып, оқырманның 

немесе тыңдаушының мәтіндегі мағынаны қабылдауы мен түсінуі есептеледі. 

Басқа сөзбен айтқанда, қатынастың қолайлы жағдайларында қабылдау, 

мағыналық қабылдау ретінде анықталуы мүмкін. Мәселен, оқу барысында 

түсіну – күрделі үдеріс.

Психологтар жазбаша тілді дамыту үшін ана тілінде түсініп оқудың 

да бірнеше деңгейін белгілейді. З.И. Клычникова мәтінді түсінудің жеті 

деңгейін:

1) жеке сөдерді түсіну деңгейі;

2) жеке сөз тіркестерін түсіну деңгейі;

3) жеке сөйлемдерді түсіну деңгейі;

4) мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну деңгейі;

5) мәтіннің жалпы мазмұны мен жекелеген бөлшектерін түсіну 

деңгейі;

6) мәтіннің сезімдік-хабарламалық және бағалау деңгейін түсіну;

7) мәтіннің өзгелік ырықты деректерін түсіну деңгейі деп бөліп 

анықтайды [3,159].

Алғашқы бес деңгей мәтіннің маңыздық жоспарымен, қалған екеуі 

мәтіннің мазмұндық жоспарымен байланысты. Мәтін мазмұнын игерту мен 

құрылымдық ерекшелігін танытудың әдіс-тәсілдерін қарастырайық.

Оқулықта берілген лингвистикалық мәтінді оқуы да, оқымауы да 

мүмкін. Ал егер оқытушы оқулықта берілгенді қайталап беретін болса, 

сабақтың құндылығы тағы болмайды. Ал оқытушы оқыту материалын басқа 

еңбектерден алып, тереңірек даярлану мақсатымен, оқулыққа күш салмай, 

оған қарамай баяндап, содан соң бірден жаттығуларға ауысып, мәтінді үйден 

оқып келу ғана тапсырылса, мұнда да әдістемелік шалалық болады. Өйткені 

тыңдаушылар линвистикалық мәтіндермен жұмыс істеуді білмейді. 

Егер осы бірінші бағытта, мәтіндермен жұмыс түрлерін: зерттеу 

бағытындағы оқу; танысу бағытындағы оқу; шолу бағытындағы оқу; іздену 




Вестник ПГУ №2, 2010

24

бағытындағы оқу деп бөлетін болсақ, мәтінмен ғылыми ізденіс бағытындағы 

жұмыстың түрі анықталады.

Мысалы, «Сөз тіркесі» туралы лингвистикалық мәліметтер берілген 

мәтіндермен арнайы жұмыстар жүргізу осы бағытта алынады: 1) берілген 

мәтінді алдымен, шолу мақсатымен оқытып шығару керек; 2) одан соң 

оқытушы белгілі бір сұрақ қойып, сол сұрақтың жауабын мәтіннен 

іздету бағытында оқыту жүргізіледі; 3) одан соң берілтен мәліметтің 

тілдегі фактілерін анықтау үшін тағы бір танысу мақсатымен оқытып; 

4) соңында қорыту мақсатымен бір оқытылады. Бұл әрбір кезеңнің 

жетекші сұрақтары алдын ала жасалады. Өйткені оқытушы оқу мәтінін 

талдауда екі жақты жұмыс жасайды: біріншісі сабақтың тақырыбына 

тыңдаушыларды тереңдете енгізу, екіншіден, мәтінді талдау дағдысын 

қалыптастыру міндетін шешу.

– Мәтін қандай стильде жазылған?

– Неліктен ресми (ғылыми, көркем-әдеби, публицистикалық, ауызекі)   

стильде жазылған деп атаймыз?

– Мәтіннің негізгі түйіні неде?

– Мәтіннің ішкі бөлшектері қандай?

– Мәтіннің теориялық және тәжірибелік бөлімдері бар ма? Олардың қалай 

байланысып тұрғанын анықта т.б. деген жетекші сұрақтар қойылады.

Тыңдаушылардың мәтін туралы түсінігін арттыру үшін оның құрылымы 

туралы білім беріледі. Мәтіннің қайырымдарға (абзацтарға), күрделі сөйлем 

тұтастықтарына, сөйлемдерге бөлшектенетіні белгілі. Сонда, адамның дұрыс 

құрастырылған сөйлеуінің негізінде, мейлі ол жазбаша түрде ме, ауызекі 

түрде ме, жекелеген сөздер емес, жекелеген сөйлемдер емес, логикалық және 

композициялық жағынан үйлескен ерекше тұтастық жатады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Т.М. Әбдікәрімова. Мәтін және «Ана тілі» оқулығы мәтіндемесін 

құраудың  теориясы. - Павлодар, 2007, 27б.

2. А. Жапбаров. Оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқытудың ғылыми-

әдістемелік негіздері. -Алматы, 2007. - 120-122 бб.

3. З.И. Клычникова. Психологические особенности обучения чтению на 

иностранных языках. - Москва, 1983 - с. 159.

4. А. Жапбаров. Қазақ тілі стилистиксын оқыту методикасының 

негіздері. - Алматы: «Қазақ университеті», 1991. - 10б.



Резюме

В статье рассматриваются текстовые задания различной 

стилистической направленности и их особенности. Анализируются 

типы текста, в частности, различие устного и письменного вида 


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

25

текстов, формы коммуникации текста, функциональные стили, 

жанровые особенности. 

Resume

In clause the text tasks of a various stylistic orientation and their 

features are considered. The types of the text, in particular, distinction of 

an oral and written kind of the texts, form of the communications of the 

text, functional styles, genre features are analyzed.

ƏӨЖ 81,38



МӘТІНДЕРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Л.П. Ақтанова

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы

Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты 

белгілері – жүйелілік және тұтастық. Мәтіннің тұтастық категориясы сол мәтінді 

ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық жағымен тығыз 

байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді құрайтын тілдік 

құралдардың белгілі әдіс-тәсілдерімен ұйымдасуынан көрінеді [1,73].

Мәтін ғылыми тұрғыда сұрыпталған, өңделген болуы тиіс. Сабаққа 

қолданылатын мәтін тыңдаушының психофизиологиялық ерекшелігіне 

бейімделініп немесе бейімделмей де алынуы мүмкін. Мәтінді сұрыптағанда 

мынадай факторлардың кешенді жүйесін ескерген жөн: магистранттардың 

мамандығы бойынша актив сөздер мен түсіндірме терминдердің ауқымы; 

лексико-грамматикалық  материалдың ерекшелігін қамтамасыз ету; мәтіннің 

қиындық деңгейін анықтау критериі: контекстік көркемдік пен жанрлық 

шектеулік; тақырыптық принцип; мәтіннің композициялық-мәндік құрылымы 

мен стилі. Сондай-ақ, мәтін мазмұнын түсіну, оның ішіндегі негізгі және 

жанама ойдың бөліну заңдылығын айыра білумен айқындалады.  Сондықтан, 

тілді оқытып, үйретудің  кез келген кезеңінде оқытушы магистранттарға оның 

құрылымдық элементтерінің қайсысы негізгі, қайсысы қосымша ойды беріп 

тұрғанын түсіндіріп, көрсеткені дұрыс. Мәтінді толық және дәл ұғыну оның 

ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге де байланысты [2,126].

Әрбір тақырыптық мәтіндердің соңында сөздік материалы берілуі 

тиіс. Және де бұл сөздер талданып, магистранттардың арнайы дәптерлеріне 



жазылуы қажет. Қандай мәтін болса да, алдымен оның мазмұнын түсіну 

жүктеу 155,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау