Тапсырма №2.
Мына төмендегі фигуралардан құралған заттарды ойлап тауып, олардың суретін сал.
Көңілді үзіліс. Өткен сабақтағы жаттығуларды қайталау ұсынылады.
Логикалық ізденіс тапсырмалары.
Тапсырма №3.
Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен тапсырманы оқып, түсіндірме мысалды талдайды. Осы мысалға сүйене отырып, келесі тапсырманы шешеді. Жауабы: автобуспен адамдарды тасыса, ал жүк машинамен жиһазды тасиды; күн жылыда көйлек киетін болса, аязды күні тон киеді.
Тапсырма №4.
Жауабы: қияр артық, өйткені ол көкөніс. Басқасы жеміске жатады. Шие, алмұрт, алма-жеміс.
Көзге арналған жаттығулар. Мұғалімінің таңдауы бойынша.
Графикалық диктант.
Нүкте арқылы сурет салу. Нүктелерді қосып сызу арқылы құмырсқаның илеуге дейінгі жолын көрсет. Құмырсқаның илеуi және оның еңбекқорлығы туралы әңгіме-дүкен кұруға болады.
Сабақты қорытындылау.
Біз сабақта не үйрендік?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: логика әлемі
Күні: 12.03.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Қандай сөз шықты
Сабақтың мақсаты:
1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату
2.Қиялдау,елестетуді дамыту
3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: оқулық және әдістемелік құрал, суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Ми гимнастикасы.
Ширату.
«Р» әрпімен аяқталатын ай аттары (қаңтар, cәyip, мамыр).
Үндемей оқытады (кітап).
Орнынан қозғалмай жүреді (сағат).
Кепкен жүзім (мейіз).
Өрмекшінің аяғы нешеу? (6)
Шөлді басатын ыстық сусын (шәй)
Тапсырма №1.
Бірінші суретте пайдаланылған пішіндер: үш үшбұрыш, бір сопақша,
шаршы, дөңгелек, түзу сызық, жарты дөңгелек. Осы суреттегі артық пішіндер: eкі
төртбұрыш, ұзын сопақша. Екінші суретте пайдаланылған пішіндер: бес дөңгелек, екі
үшбұрыш, екі түзу сызық, бip қисық сызық, eкі нүкте, төртбұрыш. Осы суреттегі
артық пішіндер: шаршы, төртбұрыш, сопақша.
Тапсырма №2.
Бұл тапсырманы балалар пайымдап, әңгімелей
отырып орындайды. Жыртқыш жануарларды дөңгелектеп сызып шық.Оларды неге бұлай атайды? Олар туралы не білесің?
Көңілді үзіліс (мұғалімнің таңдауы бойынша).
Орнымыздан тұрайық,
Қолды алға созайық.
Алға қарай бip адым,
Артқа қарай бip адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Тапсырма №3.
Суретте қанша шаршы ,үшбұрыш және дөңгелек бар,сана. Жазып қой.
Тапсырма №4.
Бояу салынған әрбір түтікті оң жақтағы суретпен біріктір.Боя.
Көзге арналған жаттығулар.
Жаттығу№1.
Көзді қаттыжұмып, қайта ашу. 15 секундта 4-5 рет қайталау.
Жаттығу №2.
Басты қимылдатпай, жоғары-төмен, оңға-солға
қарау. 7-8 рет қайталау.
Жаттығу №3.
Көзді айналдырып, жоғары-төмен, оңға- солға
қарау. 7-8 рет қайталау.
Графикалық диктант.
Бастапқы нүктеден бip торкөз оңға, бip торкөз төмен, eкi
торкөз оңға, бip тор жоғары, бip оңға, ең төмен, бес оңға, eкi
жоғары, бip солға, бip жоғары, eкi оңға, сегіз төмен, бip солға,
eкi жоғары, бip солға, eкi төмен, бip солға, eкi жоғары, үш
солға, eкi төмен, бip солға, eкi жоғары, бip солға, eкi төмен, бip
солға, үшжоғары, бip солға, төрт жоғары, сосын бастапқы
нүктемен қосамыз.
Жауабы: мысық.
Сабақты корытындылау:
Балалар сабақта орындаған
жұмыстарын бағалап, дөңгелекшені бояйды
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: қызықты грамматика
Күні: 09.03.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер
Сабақтың мақсаты:Өткенді тиянақтау, пысықтау. Білім , білік ,дағды машықтарын тексеру. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
Кім шапшаң Ойыны
Сергіту сәті
IV. Мақсат қою кезеңі
Бүгінгі сабағымызда өткенді қорытындылау мақсатында тест орындаймыз
V.Өз бетімен жұмыс
Н н әрпін көркем жазу
Тест
1Жіңішке дауысты дыбыстары бар сөзді тап:
асхана шыбын әңгіме
2 Бір буыннан тұратын сөзді тап:
Ыдыс топ ұя
3 Бес сөзден құралған сөйлемді тап:
Біз ауамен демаламыз.
Адамға таза ауа қажет.
Дәрігер науқасқа дәрі береді.
4. Тасымалдауға болатын сөзді тап:
Доп ыдыс ертегі
5. Артық сөзді тап:
Қарбыз қияр қозы сәбіз
6. Қанша? Неше?сұрағына жауап беретін сөзді тап:
Желім отыз әдемі
7. Не ?сұрағына жауап беретін сөз
Немере балықшы кесіртке
8. Кім? Сұрағына жауап беретін сөз:
Сабын қақпашы тауық
9. Жуан дауысты дыбыстары бар сөзді тап:
Шеге күшік жапалақ
10 . Төрт буынды сөз:
Тамақ домбырашы ойыншы
VI. Жаңа материалды пысықтау
Орындаған тапсырмаларын жинап алып текеріп, қорытыны жасау, орындағандарына байланысты кемшілігін, жетістігін ескеріп мадақтау.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: музыка
Күні: 07.03.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті мерекем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мереке әндері туралы түсінік беру, ән сөздерімен , ноталармен таныстыру. Оқушылардың жалпы өмірге деген дүниетанымын қалыптастыра дамыту. Әндерді үйреніп ,жаттығуға білуге дағдыландыру
Көрнекіліктер: Оқулық, суреттер, үнтаспа
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру, тәжірибелік
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатынасуын,оқу құралдарын тексеру, зейінін тиянақтау
ІІ. Жаңа сабақ
Халықаралық әйелдер күні — көп елде наурыздың 8-ші жұлдызында тойланады.
1975 жыл — Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті. Қазақстанда демалыс күні боп табылады. Х. ә. к-н жыл сайын мерекелеу туралы шешім 1910 ж. Копенгагенде социалист әйелдердің халықар. конгресінде қабылданған. Бірқатар Еуропа елдерінде тұңғыш рет 1911 ж., ал Ресейде 1913 ж. өткізілді. Қазақстанда Х. ә. к-н мерекелеу кеңес өкіметі орнағаннан кейін басталды.
Сонымен қатар келесі ТМД елдерінде де бұл күн демалыс күні боп бекітілген:
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді.[1] Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді. [2]
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады
ІІІ. Іс-тәжірибелік кезең
Музыка тыңдау:
оқушыларға әуенді тыңдату
әуенді талдау
сөздерімен ноталарын жаттау
бірге айтуға үйрету
ІҮ. Қорытындылау: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау.
Ү. Бағалау:
Оқушылардың үй тапсырмасын орындауын, жаңа сабаққа қатысуына баға қою.
ҮІ. Үйге тапсырма:
Жаңа тақырыпты үйде пысықтау
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: өзін-өзі тану
Күні: 12.03.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Адам болу арманым
Сабақтың мақсаты: адам қасиеттері туралы түсінік беру, адамгершілік қасиеттерін дамыту, жағымды қарым қатынас жасай білуге үйрету, ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Тарту
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
· Халық даналығы деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
· Қандай адамды дана деп айтуға болады?
Халық даналығы өлең, жыр, жұмбақ, мақал-мәтел, ертегілер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады.
Оларда халқымыздың ежелгі ерлігі мен еңбегі, ақылы мен арманы, тұрмысы мен салты бейнеленген.
Алпыстан асқаннан ақыл сұра
– Ерте, ерте, ертеде бір қатал патша болыпты. Олардан келетін ешқандай пайда жоқ деп, қарттарды ұнатпапты және «Кім де кімнің жасы алпыстан асса, оны балалары теңізге не таудың шатқалына апарып тастасын» деген жарлық шығарады.
Сол патшалықта өмір сүрген бір мейірімді бала әкесін өте жақсы көреді екен. Жасы алпыстан асып, жетпіске жетсе де, әкесін ешкімге көрсетпей жасырын ұстап, асырай береді. Күнде кешке даладан келгенде
не болып жатқанын әкесіне айтып отырады екен. Бір күні қарт даладан күңіренген дауысты естіп, баласы келгенде оның мәнісін сұрайды.
– Балам, жұрт неге күңіреніп кетті?
– Әке, патша аң аулап жүріп, теңіздің жағасына барғанда, оның түбінен жарқыраған бір гауһар тасты көреді де, соны алып бер деп, уәзірлеріне бұйырады. Теңізге сүңгіп тасты таба алмағандарының басын ала береді.
Тіпті, ел ішіндегі талай жігітті жұмсап, олардың бәрі суға кетіп өлді. Сондықтан патшаның қатігездігін естіген ел күңіреніп кетті, – дейді баласы.
– Балам, теңіз жағасында үлкен ағаш жоқ па екен? – деп қайталап сұрайды қарт.
– Иә, патша гауһар тасты көретін тұста теңізге төне өсіп тұрған үлкен бір бәйтерек бар, – дейді баласы.
–Теректің басында құстың ұясы жоқ па екен? – деп қарт тағы да сұрайды.
– Иә, бір қыран құстың ұясын көргенмін, – дейді бала.
– Балам, тыңда, – дейді қарт сеніммен. – Асыл тас теңіздің түбінде емес, ұяның ішінде жатыр. Теңіздің түбіне оның сәулесі ғана түсіп тұр.
Келесі күні теңіздің жағасы тағы да у-шу, асыл тасты ешкім таба алмай жатады. Сол кезде бала патшаға жақындап барып:
– Мәртебелі патша, гауһар тасты теңіз түбінен іздемей-ақ қойыңыз, ол ана бәйтерек басындағы ұяның ішінде жатыр, – дейді.
Бір уәзір сол заматта-ақ терекке өрмелеп шығып, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай гауһарды алып түседі. Патша қайран қалады.
– Сендер ақылдымыз, білімдіміз деп бөсесіңдер. Шынында мына баладан ақымақ екенсіңдер, – деп уәзірлеріне ұрысады да, балаға қарап:
– Бұл жайында саған кім айтты? – деп сұрайды.
– Оны өзім ойлап білдім, – дейді бала.
Бұл жайға ыза болған уәзірлер қайтсе де баланы сүріндіріп, оның көзін жоюды қарастырады. Патшаға келіп мынадай кеңес береді:
– Бала көп білемін деп, босқа мақтанады. Егер шын білгіш болса, сіз түр-түсі бірдей екі тай таңдаңыз да, оларды балаға алыстан көрсетіңіз. Қайсысының жасы үлкен, қайсысы жас екенін бірден ажыратып берсе, сыйлығын алар. Ал таба алмаса, жазасын тартатын болсын.
Патша баланы шақырып алып:
– Сен ертең таң азанда осында келесің. Мен саған екі тай көрсетемін.
Сен олардың қайсысы жас, қайсысы үлкен екенін табатын боласың. Таппасаң, басыңды аламын, – дейді.
Бала үйіне мұңайып оралады.
– Балам, неге мұңлысың? – деп сұрайды әкесі. Баласы болған жайды баяндайды.
– Балам, мұңайма, – дейді қарт.
─ Ол жұмбақтың шешуі қиын емес. Ертең саған тайларды көрсеткен кезде, сен олардың жүрістеріне мұқият қара. Жас тай жай жүре алмайды, әр қадамын ойнақшып басады. Жасы үлкендеуі сабырлы келеді. Осыны есіңе сақтасаң болғаны.
Ертесіне бала патша сарайына келгенде уәзірлер екі тайды алып шығып, оларды балаға алыстан көрсетеді. Әкесі айтқандай, бір тай билей басып, екіншісі сабырмен келе жатады.
Бала олардың жас айырмашылығын патшаға дәл айтып береді.
Баланың тапқырлығына өшіккен уәзірлер тағы бір сұмдықты ойлап, патшаға былай дейді.
– Мәртебелі патшамыз, бір талды кестіріп, оны ортасынан қақ бөліп, бірдей етіп аршытып, оны балаға көрсетіңіз. Сол кезде бала оның қайсысы жоғары жағынан, қайсысы төменгі жағынан кесілгенін табатын болсын. Таппаса, жазасын алатын болсын.
Патша арамза уәзірлерінің сөзіне еріп, баланы келесі күнге шақырады. Бала үйіне мұңая келіп, болған жайды әкесіне баяндайды. Әкесі ақылын айтады:
– Қорықпа, балам, оны табу қиын емес. Ол үшін екі бөренені де суға салдыр. Сол кезде жоғары жағынан кесілген бөрене су бетінде түгелдей қалқып жүреді де, төменгі жағынан кесілген бөрененің бір жағы суға батыңқырайды. Осыны есіңе сақтасаң болғаны.
Бала әкесінің айтқанындай, патша бөренелерді көрсеткенде, оларды суға салдыруын өтінеді. Осы кезде бала:
– Тақсыр, бөрененің мына жағы ағаштың жоғары жағынан, ал мына жағы төменгі жағынан кесілген, – деп, дәл тауып береді.
Патша баланың бұл тапқырлығына қайран қалып:
– Сен шыныңды айт, мұншама тапқырлық жасауға үлкен ақыл керек. Сен болсаң әлі жассың. Егер шындықты айтпасаң, жазаға тартамын, – дейді.
Бала тәуекел етіп, патшаға барлық шындықты айтады.
– Әкемді сондай жақсы көретін әрі қатты сыйлайтын едім. Сондықтан өлімге қимадым. Ал ол болса қиналған шақта әлгі ақылдарды айтып, жол тауып отырды.
Патша ойланып қалады:
– “Алпысқа келгеннен ақыл сұрама” деген мақал қате екен, енді оны “Алпысқа келгеннен ақыл сұра” деп өзгертейік, – деп, қарттарды жазалауға берген жарлығын қайтып алған екен.
· Патшаның жарлығы дұрыс па?
· Қарттың даналығы неден көрінеді?
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: еңбекке баулу
Күні: 11.03.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Достарыңызбен бөлісу: |