Тексерілді: Калиниченко Л. С пәні: сауат ашу


Сабақтың тақырыбы: Әшекей бұйымдар жасауға қолданылатын материал. Бисермен жұмыс



жүктеу 1,4 Mb.
бет4/4
Дата20.05.2018
өлшемі1,4 Mb.
#14852
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы: Әшекей бұйымдар жасауға қолданылатын материал. Бисермен жұмыс

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып, композициялық панно жасау.

Сабақтың түрі: Аралас, сарамандық сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі-иллюстрациялық.

Пәнаралық байланыс: Биология-гүлдердің түрлері, құрылысы; математика; бейнелеу өнері – композиция құру, түстерді таңдау; тарих – бисердің пайда болу тарихы.

Көрнекіліктер:моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері , сызбалар, суреттер, журналдар, кітаптар.

Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі су моншақтар, бисер, картон, сым темір, бисер салатын ыдыс.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу).

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа тақырыпты жариялау, мақсаты және міндеттерімен таныстыру.

IV. Жаңа тақырыппен таныстыру: су моншақпен (бисермен) гүл тоқу.

Бисердің шығу тарихы:

Бисер өнері – ертеден таралып, танылып келе жатқан, әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Қазіргі кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.

Бисер өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Барлық қолөнер сияқты бисердің де тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді кезіп жүр, Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе, әйтеуір әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестердің бүкіл Жерорта теңізінің бойындағы халыққа әйнектен жасалған бұйымдар сатқандығы белгілі.

Жаңа сөздер:

Бисер – ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік

Стеклярус – ұзындығы 3 мм. түтікше тәріздес сумоншақ түрлері

Фурнитура– қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, қапсырма)

Композиция– бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру.

Жұмыс орнын ұйымдастыру:Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүру үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнынды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе, ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы шарт. Ол үшін (бисерді орналастыру) бір бедерлі фланельді матаға, түрлі-түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайларда өте терең емес (5-10 мм) тәрелкеге салғанда ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. Бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.



V. Сарамандық жұмыс: Бисермен тоқудың ең кең тараған техникасы – параллельді тоқу. Яғни сым темір бисердің қуысынан параллельді өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдістерін қарап көрейік.

Техника қауіпсіздік ережесін сақтау.



«Себеттегі гүлдер»

тоқу үшін қажет заттар: себетке керек қоңыр, қызыл немесе сары моншақтар, гүлдерге – әр түрлі түсті моншақтар. Ең бірінші себетті тоқимыз. Тоқуды түп жағынан бастаймыз, яғни сым темірдің бір ұшына ортасына бірінші қатарға 5 моншақ, екінші қатарға 4 моншақ екінші ұшымен бекітеміз. Сымның екі жақ ұшынан жақсылап тартып, схема бойынша жалғастырамыз. Модельді орындауда шалып тоқу техникасы себетті тоқуға, параллельді тоқу әдісі – жапырақ және гүл тоқуға пайдаланады.



«Гүлдер». Осы гүлдерден алқаны, сырғаны және салпаншақты тоқуға болады. Ең алғашқы тоқу кезеңінде түсі және көлемі бірдей болуы керек. Тоқу әдісі дөңгелек тоқу әдісіне ұқсас.

Тереміз:


жұмыс жіпке гүлдің ортасын тоқу үшін бес моншақ теріп, оны дөңгелек тәріздес бекітеміз 1-ші моншақтан өткіземіз;

5 моншақ басқа түспен (6,7,8,9 және 10-ші) гүлдің ортанғы бөлігі өткіземіз 1-ші және 2-ші моншақтардан;

4 моншақты (11,12,13,14-ші) өткіземіз 6,2 және 3-ші моншақтардан;

3 моншақты (23,24 және 25-ші) өткіземіз 19,5,10,9 және 8-ші моншақтардан.

Енді гүлімізге 5 моншақтан жапырақты қосамыз. Жұмыс жіпті 8-ші моншақтан шығарамыз. Жапыраққа дайындаған моншақты пайдаланамыз. Инеге 5 моншақты теріп, дөңгелекке бекітеміз де 8-ші моншаққа ілеміз.

Жұмыс жіпті 13-ші моншақты теріп дөңгелекке бекітеміз, өткіземіз 13-ші моншақтан. Жұмыс жіпті көшіреміз 17-ші моншақты іліп, өткіземіз 12,11,18 және 17-ші моншақтардан.

Үшінші жапыраққа қайтадан жұмыс жіпке 5 моншақтан теріп, өткіземіз 17,15,15,22 және 21 моншақтардан.

Тереміз 5 моншақты тоқимыз төртінші жапырақты, өткіземіз 21, 20,19,25 және 24 моншақтардан.

Бесінші жапырақты тоқу үшін 5 моншақты аламых дөңгелекке бекітеміз 24-ші моншақтан өткізіп жіпті бекітеміз, гүліміз дайын.

«Қуыршақтар»тоқу үшін бізге қажет қызыл, ақ, 2 көгілдір және 1 күлгін түсті моншақтар. Тоқу қуыршақтың бас киімінен басталады.

Тереміз:


1-ші қатар:сым темірдің ортасына 5 күлгін моншақ

2-3-ші қатар:сым темірдің бір ұшына 5 күлгін моншақты теріп береміз, екінші ұшын осы моншақтардың ішімен өткіземіз.

4-ші қатар:сым темірдің бір ұшына 2 күлгін, 4 ақ, 2 күлгін имоншақтар теріп, бекітеміз. Сым темірдің екі ұшын тартамыз, міне бас киіміміз дайын болды.

5-ші қатар: 1 ақ, 1 көгілдір, 1 ақ, 1 көгілдір, 1 ақ моншақтарды тереміз, екінші ұшымен моншақтардың ішімен өткізіп, бекітеміз.

6-шы қатар: 2 ақ, 1 қызыл, 2 ақ моншақтарды теріп, бекітеміз.

7-ші қатар: 4 ақ моншақты теріп бекітеміз, сым темірдің екі ұшынан тартамыз. Қуыршақтың басы дайын.

8-ші қатар: 2 ақ моншақты тереміз, қуыршақтың мойынын бекітеміз.

9-шы қатар: сым темірдің бір ұшына тереміз 3 ақ моншақ бекітеміз. 9-шы қатарда қуыршақтың иық пен қолдары орындалады. Ол үшін сым темірдің бір ұшына 2 қызыл, 9 ақ моншақ тереміз. Енді қайтадан кері моншақты бос қалдырып, 6 ақ моншақтардың ішінен шығарамыз, сым темірдің ұшын тартамыз.

10-шы қатар: 7 қызыл моншақ

11-ші қатар: 6 қызыл моншақ

12-ші қатар: 5 қызыл моншақ

13-ші қатар: 4 қызыл моншақты бекітеміз – бұл қуыршақтың белі.

Әр қарай берілген кесте бойынша қуыршақтың белдемшесін тоқимыз. Көйлектің түсін және белдемшесін тоқимыз. Көйлектің түсін және белдемшенің суретін немесе ою-өрнегін өзгертуге болады.

VI. Сабақты бекіту:

Енді оқушылардың бисер туралы түсініктерін тұжырымдап алу үшін «Ғажайып қоржын» ойыны ойналады. Ойынның шарты: қоржыннан асық алу арқылы сұрақтарға жауап беру.

Бисер дегеніміз не? (Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл, керамикалы материалдан жасалған моншақтарды бисер деп атаймыз)

Моншақ дегеніміз не? (Бисерлерден үлкендерін кәдімгі моншақ деп атайды)

Бисердің стеклярустен қандай айырмашылығы бар? (Стеклярустың бисерден айырмашылығы оның ұзындығы 3 мм. түтікше тәріздес келеді)

Бисермен жұмыс істеу барысында қандай техникалық қауіпсіздіктің ережелерін сақтау керек? т.б.



VI. Қорытынды.Қорыта келгенде, жұмыстың (композицияның) жасалуында біліктілікті, білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 12.03.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Тақырыбы: Фольга туралы түсінік. Фольгадан жылан бейнесін жасау.

Мақсаты: заттарды көз алдарына елестете отырып, жұқа фольгамен жұмыс

жасай білуді үйрету.

Білімділік: фольга материалының қасиеттерімен таныстыру,бұйым жасау

тәсілдерін меңгерту.

Дамытушылық: химияық жолмен алынған материалдарды пайдалану

дағдыларын арттыру, тұрмыстық бұйымдардың маңызы мен

қасиеті туралы ой пікірін кеңейту, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: тұрмыстық бұйымдарды ұқыппен пайдалану, табиғат

байлықтарын қорғай білу, қоршаған ортаны танып білуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: үлгі шаблон
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Бүгінге айтар тілегің.

б) Сабаққа әзірліктерін бақылау.

Өткен сабақта алған білімдерін сұрақ- жауап әдісі арқылы қайталау.
ІІ. Жаңа сабақ.

Фольга – аллюминий мен қорғасын металдарының қоспасынан дайындалған материал. Оны зауытта шығарады. Фольганың жұқа және қалыңдау түрлері бар. Фольга қағаз сияқты жеке беттер түрінде де, орама түрінде де шығарылады. Фольга жұмсақ материал және ол тез умаждалады. Умаждалған фольганы тегістеп алуға болады. Ол суға ерімейді, топырақ астында шірімейді және жылуды жақсы өткізеді.

Фольганы радиоэлектроникада, электр жүйесінде, тамақ, дәрі өндірісінде, қорап түрлерін жасауға, құрылыста жылу жүйесіне кеңінен пайдаланылады.

Қалыңдау фольга қағаз, мата материалы сияқты жыртылмайды, оны қолданғанда керекті бөлігін қайшымен қиып алып пайдалану керек.

Фольга қайшымен жақсы қиылады.

Оған әртүрлі бедерлі өрнектер жеңіл, жақсы түседі. Фольгадан әртүрлі зергерлік бұйымдар жасауға болады.

Ізі бар, адымы жоқ.

(Жылан)


Жер бетінде жатқан арқан,

Ұстауға оны бәрі де қорыққан.

(Жылан)

ІІІ. Сарамандық жұмыс.



Жылан бейнесін жасаудағы жұмыс реттілігі түсіндіріледі.

Жылан бейнесін жасау үшін жұқа фольганы пайдаланамыз.Жұқа фольга тез жыртылады және умаждалады. Фольганың бір бөлігін алып, оны қолыңмен қысып, домалақ пішінге келтіреміз. Алақанға салып айналдыра берсеңдер, ол тығыздала түседі. Домалақтардың көлемі әртүрлі болуы тиіс, өйткені жыланның басы үлкендеу болады да, денесі біртіндеп жіңішкере түседі.

Сабақтағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру

Фольганы аузыңа салма.

Жез сымның ұшын қасыңдағы балаға қаратпа.

Қолданылатын құрал саймандарды ұқыпты ұста.

Бізді пайдаланғанда қолыңа абай бол. Көзіңе жақындатпа.

Жұмыстың орындалу реті:

Жез сымды қалаған ұзындықта қиып алып тегісте.

Фольгадан жасалған домалақтарды алдын ала бізбен тесіп ал.

Жез сымның ұшын түйіндеп, оған алдымен кішкентай домалақтарды, содан соң үлкендеу домалақтарды тіз.

Ермексаздан көз, қатырма қағаздан тіл жасап, жыланның басына бекіт.

Дайын болған жыланды әртүрлі қозғалысқа келтіруге болады.
ІV. Сабақты қорытындылау.

V. Оқушылардың жұмысын бағалау.

Дайын жұмыстардан көрме ұйымдастыру.

Оқушылардың фольганың қасиеттеріне байланысты алған білімдері сұрақ жауап арқылы қорытындылау.

Жұмыс орындарын жинақтау.

VІ. Үйге тапсырма: келесі сабақтағы сарамандық жұмысқа қажетті

материалдарды жинақтап келу.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 09.03.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Тақырыбы: «Қызықты математикалық тапсырмалар»

Мақсаты:

1.Логика дегеніміз не? сұрағына қысқаша түсініктеме беру. Логикалық ойындардың бала дамуына ықпалы.

2.Оқушыларды шапшаң дұрыс ойлауға үйрете отырып олардың байқағыштығын, тілін, зейін т.б. танымдық қабілеттерін дамыту жолдары.

3.Топтық жұмыстар, шығармашылық тапсырмаларды орындауда, бір-бірімен татулыққа, достыққа жұмыс істей білуге баулу, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі: жарыс

Көрнекілігі: әр түрлі қима сандар мен суреттер

Әдіс тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі.

1.Миға шабуыл

көзбен ату

ойлау шапкасын кию

жалқау сегіздік

2. Ширату сұрақтары
1.Аюдың қысқы үйі

2.Қарша қыздың атасының аты.

3.Алма ағашында өсетін өсімдік

4.Адам дем алуына өте қажет газ.



5. 16-желтоқсанда тойланатын мереке


II Топпен жұмыс



Геометриялық фигуралардың санын жаз
Сайқымазақтың киімдері бірдей болатындай етіп боя.
Өрнектің мәнін тап

10-6+6 8-4+3 10+0-5

9-5+4 2+8-10

СРавнобедренный треугольник 1Равнобедренный треугольник 2андардың құрамын анықта



Равнобедренный треугольник 3













































































Сергіту сәті

Екі өрнекті салыстыр

4+3*10-3 5-1*6+1 3+0*6-3

4+2*3+2 6-0*5+0
Шашылған цифрлардан өрнектер құрастыру

5 9 3 4 + - * 1 0 3 2


III Сабақты бекіту

Графикалық диктант «Піл»


ІҮ. Сабақты қортындылау.

Өткенге шолу ауызша есептердің мәндеррін табу. Сұрақ-жауап


Ү. Үйге тапсырма беру

Теңдеу құрастырып келу


ҮІ. Бағалау.

Оқушылардың кемшілік, жетістіктерін ескере отырып бағалау



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 10.03.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау Өзіндік жұмыс №4

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өзіндік жұмысты өз бетімен жұмыс жасауға баулу. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға, оны шапшаң қатесіз жазып, шығаруға үйрену. Оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, бір-бірімен тәртіпті жұмыс жасауға тәрбиелеу. Оқушылардың ақыл-ойын, логикалық қабілетін, танымдық әрекетін, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

-оқушылардың назарын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Балалар кеше мен сендерге үйге үйден теңдеулер құрастырып келуді тапсырдым, қане кім қандай теңдеулер құрастырып келді екен? Балалар қазір тақтаға шығып өз құрған теңдеулеріңді шығарып түсіндіріп кетеміз.
ІІІ. Мақсат қою

Балалар біз бүгін осымен төртінші рет өзіндік жұмысын орындағалы отырмыз. Өзіндік жұмысының талаптарын білетін болсаңдар тапсырмаға кірісейік.
ІҮ. Өзіндік жұмыс №4

№1 Ұзындығы 4 см болатын кесінді сыз. Осындай 4 кесіндіден геометриялық фигуралар құрастыр.
№2 Амалдарды орында

30+20 50-20 70+30 90-30 70-20 40+30

100-30 60+30 30+40 70-40 80+20 80-20

50-3 80-6 70-4 10-7 60-4 90-7

80-5 90-5 70-5 10-8 90-6 10-6
№3 Тиісті санды қойып орында

30см-10см=--дм 60см-40см=--дм

80см+10см=--дм 2дм+3дм=--см

70см---см=2дм --дм+5дм=60см
№4 Сөз есепті шығар

Терезенің алдында 5 қызыл және 4 ақ раушан гүлдеп тұр. Барлығы неше раушан гүлдеп тұр?
Гүлзарда 8 қалампыр өсіп тұр еді. Салтанат оның 5-еуін қиып алды. Гүлзарда неше қалампыр қалды?
№5 Теңдеуді шеш

A+2=5 5+a=9 a-4=4 8-a=6
2+a=7 8-a=5 7+a=10 a-1=1
Ү. Сабақты бекіту

1. ауызша есептер құрастыру

2. шешуін табу

3. математикалық қағидалар, ережелерді еске түсіру

4. геометриялық фигура, таңбаларды талдау
ҮІ. Сабақты қорытындылау

Балалар, біз өзіндік жұмысын орындап болдық, міне сіздердің ойларыңдағыны да, осы уақытқа дейінгі өткендерді де еске түсірдік. Бүгінгі сабағымыз бекіту сабағы болғандықтан, біздің басында алған мақсатымызға жеттік деуге болады.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру

Күрделі өрнектер құрастыру
ҮІІІ. Бағалау

Орындағандарын мадақтап бағалаймын.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 11.03.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Бақылау жұмысы №6
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бақылау жұмысы арқылы теңдеуді шешудің қарапайым әдістерін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Әртүрлі тапсырамаларды шешу арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды шапшаңдыққа, логикалық ойлау жылдамдығына тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың көрнекілігі: дәптері мен тақтадағы бақылау жұмысы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын аудару

Оқушыларды бақылау жұмысына даярлау
ІІ. Мақсат қою

Балалар, біз бүгін бақылау жұмысын орындаймыз. Біз бірінші рет емес осымен бесінші рет орындайын деп тұрық. Ережесін сендер білесіңдер, тағы да айта кетем:



  • құрал-жабдықтарыңның барлығы дерлік дайын тұруы

  • жан-жаққа алаңдамауың керек

  • көршіңе және өзге балаларға кедергі келтірмеу

  • өз бетімен орындау

ІІІ. Бақылау жұмысы



№1 а мен 3 санының қосындысын жаз. а-7,6,5,4,3,2,1,0 деп алып өрнектің мәнін тап
А мен 40 сандарының айырмасын жаз. А-100,90,80,70,60,50,40 деп алып өрнектің мәнін тап
№2 Салыстыр

5-3*10-5 70-20*20-20 5-3*7-4

4+5*7+1 90+10*50+30 8+0*10-5

7-2*2+2 100-50*30+70 5-3*1+5

1+7*9-5 50+0*60-20 3+3*10-6
№3 Өрнектер құрастыр

7 мен 2-нің, 9 бен 7-нің, 50 мен 40-тың, 5 пен 1-дің, 5 пен 3-тің, 80 мен 30-дың, 20 мен 10-ның айырмаларын құрастырып жаз.
№4 Сөз есепті шығар

Мұрат 5 ойыншық бояды. Айдос одан 3 ойыншық артық бояды. Айдос неше ойыншық бояды?
Кәмшат 6 ою ойып алды. Гүлнәр одан 2 ою кем ойды. Гүлнәр неше ою ойды?
№5 Теңдеуді шешу

A+3=8 a-5=5 4+a=10 9-a=4 10-a=8
ІҮ. Бақылау жұмысын бекіту

Балалармен бірге барлық есептерді талдап шығару.

Балалар енді біздер мына орындаған тапсырмаларымызды тексеру үшін мына есептерді талдап шығайық.
Ү. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың өз қателерін біліп отыруға жағдай жасау
ҮІ. Үйге тапсырма беру

Есептер шығару
ҮІІ. Бағалау

Оқушылардың тапсырманы талдауларына байланысты мадақтап бағалаймын.
жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау