Тексерілді: Калиниченко Л. С пәні: сауат ашу



жүктеу 1,4 Mb.
бет1/4
Дата20.05.2018
өлшемі1,4 Mb.
#14852
түріСабақ
  1   2   3   4

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 07.03.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бас әріппен басталып жазылатын сөздер. С. Көбеев «Екі соқа»
Сабақтың мақсаты: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы түсінікті кеңейту. Мәтіннің негізгі идеясын ашу. Жер – су аттарының бас әріппен жазылатындығын ұғындыру, мәтінді дұрыс, түсініп оқуға үйрету. Түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың іскерлік, танымдық қабілеттерін арттыру. Оқушыларды еңбекқорлыққа, сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: ішінара ізденіс, өзіндік жұмыс, салыстыру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Карта, суреттер, тор басқан және тот баспаған темірлердің суреттері, сызбалар, карточкалар т. б.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, оларға психологиялық дайындық жүргізіп, сабаққа назарларын аударту, құрал – жабдығын ретке келтіру.

ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру.
1. Бас әріптен басталып жазылатын қандай сөздерді білесіңдер?
2. Ендеше, балалар «Кісі аттарын жалғастыр» ойынын ойнайық.
3. Олжас Назерке Осы балалар қайда тұрады?
- Қапшағай ненің аты?
- Қапшағайда қандай су қоймасы бар?
- Қапшағай су қоймасына қандай өзен құяды?
- Іле өзені қай көлге құяды?
Картадан көрсету.
Қапшағай
Іле Ненің аты? (Жер – судың аты)
Балқаш

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Мақсат қою
- Ендеше, балалар бүгін сабақта жер-су аттарының қалай жазылатынын білеміз.
2. 135 – жаттығу (оқыту, жаздырту, талдау, сұрақ-жауап арқылы қорыту)
- Алматы ненің аты?
- Балқаш ше?
- Медеу ненің аты?
- Жер-су аттары қандай әріппен жазылады? (Ережені шығарту оқушылардан сұрау)
3. Салыстыру. Ережені хормен оқыту.
4. 136 – жаттығу (ауызша)
5. Топпен жұмыс.
6. Ұнаған жердің, судың атын қатыстырып сөйлем құрату.

Сергіту сәті.
Қане, қанат жазайық, Қарлығашқа ұқсайық,
Қарлығаш болып Ұшып – қонып,
Ұшып – қонып алайық.
1. – Қарлығаш қандай құсқа жатады?
– Көктемде жүргізілетін қандай жұмыс түрлерін білеміз?
– Жерді немен жыртады?

2. Спандияр Көбеевтің «Екі соқа» атты шығармасын оқиық.
а) Сөздік жұмыс (соқа, тот)
ә) Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
б) Сұрақ-жауап арқылы қорыту.
- Екі соқа қайдан істеліп шықты?
- Біреуі кімнің қолына түсті?
- Егінші соқамен не істеді?
- Ал, екінші соқа не істеді?

3. а) Еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
ә) Мақалды оқыту, түсіндіру.
адамның атын шығарады
Еңбек білім береді
өнерлі етеді

4. Ойын: «Кім тапқыр?»
Қанат, Марат екеуі, Қамшы өре алады
Талғат, Талап екеуі Тамаша ән салады
Самат, Сағат екеуі Төгілтіп күй шертеді.
Бабақ, Барақ екеуі, Біледі көп ертегі.
Балаларды өнерлі Есептеп көр, сен енді? ! (8)
(Балалардың атын атап бер)

ІV. Сабақты қорытындылау



Бас әріптен басталып жазылатын қандай сөздерді білдік?

V. Үйге тапсырма беру

Екі соқа ертегіні оқу, мазмұндау. Ереже жаттау
VІ. Бағалау.

Бағалау бәйтерегі арқылы бағалаймын

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 09.03.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш

Сабақтың мақсаты: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы ұғымдарын пысықтау. Оқушыларға мәтін мазмұнын түсіндіру, негізгі ойын идеясын ашу. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету. Еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, барлық тіршілік иелеріне деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ізденіс, өзіндік жұмыс, салыстыру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, бейнежазба, оқулық, суреттер, слайд


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, сабаққа назарларын аудару
Психологиялық дайындық:

Көңіл күй сыйлайық!

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады баршаға.


ІІ. Өткенге шолу

«Ой қозғау» сұрақтарға жауап алу.

Балалар, бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы не білесіңдер? (Ережені пысықтау)
Оқулықпен жұмыс: Оқулықттағы жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру, оқыту.

Көп нүктенің орнына өлеңдегі кісі және өзен аттарын теріп жазу.

Кісі аттары: Тарас, Пушкин, Әбділда Тәжібаев.

Өзен аттары: Днепр, Еділ, Сырдария.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Балалар, бүгін біз Ы. Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесімен танысамыз. Сабақтың мақсатын хабарлау.

Жіңішке сұрақтарға жауап алу:

Ы. Алтынсарин кім?

Ол қазақ даласында балаларға арнап не ашты?

Оның қандай шығармаларымен таныстық?


Әр оқушыға алдын –ала берілген тапсырмаларды тексеру.

Әр оқушы жинаған мәліметтерімен бөліседі.

1 - Өрмекші туралы мәлімет береді.

2 - Құмырсқа туралы мәлімет береді.

3 - Қарлығаш туралы мәлімет береді.

- Балалар, енді Ы. Алтынсарин әңгімесінің желісі бойынша «Жарас» студиясы түсірген «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты мультфильмді тамашалайық.


Сөздікпен жұмыс.

Нанның уағы – нанның үгіні, қиқымы

Тұзақ құру – аулау
Мәтінмен жұмыс.

1. Тізбектеліп оқу.

2. Мәтінді рольге бөліп оқыту.
Мәтінді талдау, сұрақтарға жауап алу.

(Оқушы жауабы дұрыс болса, 3 рет қол шапалақтау)

1) Атасы немересіне нелерді көрсетті?

2) Немересі көргендері жайлы не деді?

3) Атасы немересіне нелерді үлгі етті?
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Сахналық көрініс қою. Рольдер: Автор, атасы, баласы.


Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жанына

Үлкен тау жасады


Венн диаграммасы.

Әр оқушыға тапсырма беру.

1- сопақша дөңгелекке өрмекшінің ерекшелігі туралы жазады

2- құмырсқаның ерекшелігін жазу

3- қарлығаштың ерекшелігін және осы үшеуіне ортақ қасиеттерін жазады.
-Сонымен балалар, өрмекші,құмырсқа, қарлығаш 3 жәндікке ортақ , қандай қасиет екен?

-Еңбектің пайдасы бар ма?


Рефлексия. Кері байланыс.

Ы. Алтынсарин осы мәтін арқылы бізге не айтқысы келді?

Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік?

Қай сыныптасыңның жауабы ұнады?

- Көңіл – күйімізді бас бармақтарымызбен көрсетейікші.
Ү. Сабақты қорытындылау

«Өрмекшідей өнерлі, құмырсқадай бірлікшіл, еңбекқор, қарлығаштай қайырымды болыңдар» деп сабақты аяқтаймыз.


ҮІ. Үйге тапсырма:

Аяқталмаған жаттығуды аяқтау, әңгімені түсініп оқу, мазмұндау.


ҮІІ. Бағалау.

Оқушыларға бәйтеректі толтыртқызып, бәйтерек ағашымен бағалап мадақтаймын.



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 10.03.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен батап жазылатын сөздер. Ақын тілегі

Сабақтың мақсаты: Үй жануарларына қойылатын аттар бас әріптен басталып жазылатынын білгізу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: ізденіс, өзіндік жұмыс, салыстыру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, бейнежазба, оқулық, суреттер, слайд


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, оларға психологиялық дайындық жүргізіп, сабаққа назарларын аударту, құрал – жабдығын ретке келтіру.
Психологиялық дайындық:

Көңіл күй сыйлайық!

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады баршаға.


ІІ. Өткенге шолу

Балалар біз бүгін тарауды қорытындылайын болғандықтан мен сендерге осы уақытқа дейінгі өткен білімдеріңді тексермекпін. Сіздерден мен осы уақытқа дейінгі тақырыптарға байланысты сұрақтар немесе ережелер қойып жауабын аламын. Ал сендер сол сұраққа жауап бересіңдер. Сендер жауап берген сайын мен қуанам, себебі мен сендерге дұрыс үйретіппін деген сенім туады.

Дыбыс

Сөз, сөйлем



Буын, тасымал, қосарлы дыбыс

Заттың атын білдіретін сөздер

Бас әріптен басталып жазылатын сөздер

Жұп дауыстылар


ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Жаттығуды тексеру

Өлеңді мәнерлеп оқуын тексеру

Оқу шапшаңдығын алу


Балалар, бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы анықтаманы кім айтып береді?

Бас әріппен басталып жазылатын сөздер қандай сөздер?

Мысал келтірейік.
ІҮ. Мақсат қою

Иттің аттары...

Аттың аттары....

Қазақ халқы үй жануарларын бір сөзбен қалай атайды? / Төрт түлік/ . Ендеше төрт түліктің Атасын атаңдар.

Ойын ойнату арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау
Ү. Жаңа сабақ

- Тақтаға назар аударыңдаршы. Жануарларға ат қойған кезде, жануар аты қандай әріппен жазылады?

- Осыдан келіп қандай ереже шығады?

-Өзіміз құрастырып көрелік:


Дәптермен жұмыс

«Ой қозғау» Өлең жолдары арқылы жыл мезгілін тап. (Абай өлеңдері арқылы «Қыс», «Күз», «Жазғытұрым»)


М.Әуезов туралы қысқаша түсінік беру. Ақын тілегі

1. Мәтінді оқып беру. 2. Сөздікпен жұмыс

3.Әңгімені түсініп оқыңдар.

ҮІ. Сабақты қорытындылау

Абайдың ауылы.

Абайға айтылған тілек. Барлас ақын ол тілекті бала Абайға не себепті айтты? Ақын Абайдың өлеңдеріне суретті сәйкестендір, дәлелде.


ҮІІ. Үйге тапсырма беру

Мәтінді оқу, ереже жаттау


ҮІІІ. Бағалау

Оқушылар алдарындағы бағалау парақшаларындағы бағалардан қорытынды баға шығарады. Сабақ барысындағы басқа тапсырмалар бойынша әр жұмыс бағаланып отырады. Соңында балаларға бәйтеректі толтырқызып мадақтаймын.



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 10.03.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Диктант №1

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өткенге еске түсіре отырып, сөздерді ауызша жазуға, диктантты түсіндіруге, диктант жазыу дағдысын қалыптастыруға баулу. Оқушыларға өзбетімен жұұмыс жасау дағдысын, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруды қалыптастыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, ой өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, талдау

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағының оқулығы


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, оларға психологиялық дайындық жүргізіп, сабаққа назарларын аударту, құрал – жабдығын ретке келтіру.
Психологиялық дайындық:

Көңіл күй сыйлайық!

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады баршаға.


ІІ. Мақсат қою

Балалар, біз бүгін диктан жазатын боламыз. Диктантты мен бірінші 2-3рет оқып берем, сосын күрделі сөздерді тақтаға жазып қоямыз, мәтінді талдап аламыз, менің сүйемелдеуіммен диктанттыжазамыз.


ІІІ. Диктант жұмысы

Аяз болар алдыңда

Жаңа ғана жапалақтап қар жауып өтті. Үлпілдеп жатқан ұлпа қар аппақ ақ көбіктен ауымайды. Сезілер – сезілмес алқын леп бар.

(19 сөз)
Үлпілдеп – деген сөзіне дыбыстық талдау жасау

Ү-

Л-

П-



І-

Л-

Д-



Е-

П-

--дыбыс, --буын


ІҮ. Сабақты қорытындылау

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбысты нестейміз?

Сөз бен сөзді байланыстыратын тыныс белгі?

Сөйлем мен сөйлемнің байланысуы

Сөйлемнің неше түрлері бар және қандай?


Ү. Үйге тапсырма беру

Ережелерді қайталау


ҮІ. Бағалау

Оқушылардың диктантты орындауларына байланысты бағалаймын



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 11.03.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Ұлыстың ұлы күнінде

Сабақтың мақсаты: Ұлыстың ұлы күні-наурыз мейрамы, заттың қимылын білдіретін сөздержайлы білім беру. Заттың қимылын білдіретін сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білуге үйрету. Оқушылардың ой-өрістерін дамыту. Сыйластыққа, достық қарым қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсіл: әңгімелеу, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, суреттер, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, оларға психологиялық дайындық жүргізіп, сабаққа назарларын аударту, құрал – жабдығын ретке келтіру.


Психологиялық дайындық:

Көңіл күй сыйлайық!

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады баршаға.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардан үйге берілген тапсырма ережелерді жаттау. Барлық оқушыдан ережелерді қайталап, өткенге шолу жасап өту.


ІІІ. Жаңа тақырып:

Ассоциация: Наурыз /не істейді? /




Келеді, тойланады, құттықтайды, реніштерін кешіреді, көже пісіреді т б.


Кіріспе әңгіме: Наурыз мерекесін шығыс елдері тойлайды Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан т б. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Осы уақыттан бастап күн ұзарып түн қысқарады. Парсы тілінде нау- жаңа, руз-күн деген ұғымды білдіреді . бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызған. Наурыз бейбітшілік, достық, еңбек мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурыз көже болған.
Наурыз жайлы слайд көрсету, талдау.

Оқушыларға көрсеткен слайдты талдатқызу.


Дәптермен жұмыс.

Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жазу

... ішеді. ... ойнайды. ... пісіреді. ... билейді. ... тебеді. ... айтады.

/ көже, ұлттық, би, бауырсақ, алтыбақан, тілектер /


Сергіту сәті. «Сұр қоян»
Оқулықпен жұмыс:

-мұғалімнің оқуы

- кезекпен оқу

- түртіп оқу / заттың қимылын білдіретін сөздерді/

- талдау, сөздік жұмыс: түйісіп-құшақтасып

Төс- кеуде

Ұлы күн- қасиетті күн

Ырыс- береке, ынтымақ

Тату- дос
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Бес жол өлең «Наурыз»

Не?

Қандай?


Не Істейді?
Ү. Үйге тапсырма мәнерлеп оқу 126,127 бет.

Наурыз жайлы сурет салу.


ҮІ. Бағалау

Бәйтерек ағашымен бағалау



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 12.03.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы. Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз көже

Сабақтың мақсаты. Оқушылардың заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту, өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру. Оқушылардың сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, түсіндіру, топтастыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, коментарий

Сабақтың көрнекілігі. Әнші, биші, суретшілер суреттері, автордың өмірбаяны, тапсырмалар, ойындар.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Балалар шаттық шеңберіне шығып, бір-бірінің қолынан ұстап, мына өлең жолын айтады.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге

-Балалар, бүгінгі көтеріңкі көңілмен сабағымызды бастайық.


ІІ. Мақсат қою

Бүгінгі сабағымызда ғажайып бір әлемге барғалы отырмыз. Қане, дайынбыз ба?

Баяғы өткен заманда Өнер деген ғажайып ел болыпты. Бұл елде әншілер, бишілер, суретшілер өмір сүріпті. Олар тек зәулім үйлер мен таулар, оқу құралдарын ғана салатын болған.

Суреттерінде іс-қимыл болмай, мән-мағынасы жоғалған екен.

Суретші суреттерін ешкім бағаламай қойыпты. Содан олар амал іздеп, үлкен бір қарияға келеді. Қария оған;

Егер сен суретіңе заттардың қимылын бейнелесең, суретіңе нәр кіріп, халық бағалайды. Сен суретіңдегі үйлерде тұратын адамдарды , таулардан ағып жатқан бұлақтарды, құралдарды пайдаланып отырған оқушыларды бейнеле,- деп ақылын берген екен .

Қане, балалар, барлығымыз суретшіге көмектесіп жіберейік.

Төменде берілген сөздерді заттың қимылын білдіретін сөздермен толықтыр.

Бұлақ....... Үй......... Өшіргіш...........

Қалам.............. Балық.............. Кітап...........

Балалар, сендер суретшіге жақсы көмектестіңдер, жарайсыңдар. Бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай сөздер жайында.

Заттың қимылын білдіретін сөздер.


ІІІ. Жаңа сабақ

Орындаушылық кезең.

Өлеңнің авторы Шәміл Мұхамеджанов туралы мағлұмат беру.

Оқулықпен жұмыс.

№1 тапсырма

1. Өлеңді мұғалім оқиды.

2. Оқушыларға тізбектеп оқыту.

3.Сұрақтарға жауап беру.

-Өлең неліктен Шуақ деп аталады?

-Шуақты күн қандай болады?

-Әжесі шуақты қайтті?

4. Сөздік жұмысы.

Құрақ- матадан, теріден қалған қиынды қалдық.

Тымақ-баскиім.

Шуақ-күннің нұры, төгілген сәуле.
Өлеңнен заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып, жазу.
Сергіту сәті.

№2 тапсырмаКім жылдам? ойыны. Оқушыларға

көбелек, аю, әже сөздері берілген. Қай оқушы тез әр сөзге

қатысты заттың қимылын білдіретін сөздерді орындаса, сол жеңеді.

Әр оқушы өзін-өзі бағалау.
Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Сәйкестендіру тесті. Төменде берілген сөздерді оған тиісті қимылмен сәйкестендір.

Ұшақпен жүзеді

К ітапты сөйлеседі

Мал ұшады

Телефонмен оқиды

Балық жайылады
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Оқушылардан сұраққа жауап алу арқылы сабақты қорытындылау


Ү. Үйге тапсырма

149 бет оқу.


ҮІ. Бағалау

Бәйтерек ағашымен бағалап мадақтау




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: дүниетану

Күні: 07.03.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Тақырыбы:Балықтар,қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:Жануарлар әлемі туралы түсінік бере отырып, жаңа технология пайдалану арқылы балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршіліктерінен түсінік беру, оқушының тақырыпты, пәнді терең түсіну қабілетін дамыту арқылы,алған білімдерін сыныптан тыс жерде тиімді пайдалана білу, оқушылардың диалогтік оқытуын, өзіндік реттелуін, шығармашылықтарын дамыту, сөздік қорларын байыту.Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау. Халықтық педагогиканы қолдана отырып, актерлік шеберліктерін дамыту, табиғатты сүюге, жануарларды қорғауға тәрбиелеу, бәсекелестікке, өз ойын еркін, ашық жеткізуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер: электронды оқулық, суреттер, тапсырмалар т.б


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Оқушыларды топқа бөлу. (партадағы суреттерді алып, қатарласып тұру)

-Балалар қолдарыңдағы сурет бойынша не айта аласыңдар?

-Кімге қандай сурет түсті?

-Енді не істеу керек?

-Дұрыс сол суреттер бойынша әркім партадағы суретке барып отырады.

-Ендеше, тобымызды белгілеп алайық.

І топ: «Балықтар» ІІ топ: «Бақалар»

-Олай болса, балалар топ ережесін еске түсірейік. Осы ережелерді есте сақтап, осыны әр топ ережені сақтап отырсын. Әр топтың өз мүшелерін таңдап алайық, оны өздерің белгілеп алыңдар.

1. Спикер, 2. Лидер,3. Тайм-кипер, 4.Хатшы, 5. Қорғаушы
Психологиялық дайындық: Интербелсенді тақтадан өздеріне ұнаған смайликтерді таңдап алады.

-Неліктен бұл смайликті таңдадыңдар?(әр топтың пікірін сұрау)

-Ендеше, бүгінігі сабақты осындай көтеріңкі көңіл күйде өткізейік.

-Қане, балалар әдеттегіндей сабағымызды «Шаттық шеңберінен» бастайық.

Күнім, күнім, күлімде,

Шуағын шашып тұр әне!

Жылуын шашып біздерге,

Сабақты кане бастайық

Бестік баға алайық!
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Түсіндіру

І топ: Құстардың туған жерге оралуы (мазмұндау)

ІІ топ: Сәйкестендіру тесті


Қызығушылықты ояту.

Әр топқа ребус беріліп соны шешеді. Ребустың шешуінде қандай сөз жасырылған?

І топ: Бал(ға) (и)ық «балық»ІІ топ:(тас)бақа
-Ендеше, мен сендерге неліктен бұл ребусты бердім?

-Осы сөздер бойынша не айта аласыңдар?

-Бұлар нелер?

-Бұларды жануарлар тобына жатқызуға бола ма?

-Неге?

-Жануарлар тобын жалпы қалай бөлеміз?



-Жануарларды табиғаттың қандай түріне жатқызамыз?

-Табиғат деген не?

-Жануарлар тобын топтастырып көрейік.Интербелсенді тақтаға сызып көрсету

бунақденелілер


Овал 2

жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау