ҚР ДСӘДМ байқау кеңесі бар «Марат
Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті» ШЖҚ РМК
Күні:
23.01.2017
Басылым:
бесінші
Марат Оспанов атындағы
БҚММУ-дың кадрлар саясаты
Е БҚММУ
04-01
7-беттің
2-беті
1.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Ереже «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-ІV Кодексінің, Қазақстан
Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414- V Еңбек Кодексінің, Қазақстан
Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №269-ХІІ Азаматтық кодексінің,
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ
Заңының, басқа да нормативтік құжаттардың, сондай-ақ Марат Оспанов атындағы
БҚММУ Жарғысының негізінде әзірленді.
1.2. Осы Ереже Марат Оспанов атындағы БҚММУ кадрлар саясатын қалыптастыру
қағидаттарын, әрекет ету бағдарламасын, оны іске асырудың әдістері мен
құралдарының жиынтығын, сондай-ақ кадрлар саясатын басқару жүйесі мен оның іске
асырылуын бақылауды анықтайды.
1.3. Кадрлар саясаты университеттің жоғары басшылығымен жасалады және персоналмен
жұмыс жасау мен оларға қойылатын талаптардың негізін белгілейді. Университеттің
кадрлар саясаты жарғыда, ұжымдық келісім шартта, ішкі еңбек тәртібі ережесінде, ПОҚ
аттестаттау туралы ережеде және басқа да ішкі ережелер мен қағидаларда көрсетіледі.
1.4. Университеттің кадрлар саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясының, ҚР
заңдарының нормаларын, оның ішінде еңбек заңнамасының, университеттің әрекеттегі
нормативтік-құқықтық базасының негізінде жоғары білім беру саласындағы
халықаралық құқықтық нормаларын мүлтіксіз сақтау принциптерінде жасалады.
1.5. Кадрлармен қамтамасыз ету жүйесі кадрлар саясатын қамтамасыз ететін және оның
жүзеге асырылуын бақылайтын құрылымдық бөлімшелерді, сондай-ақ университет
үшін жоғары білікті кадрларды даярлау, профессорлық оқытушылар құрамының және
ЖОО барлық деңгейдегі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру шараларының
жиынтығын қамтиды.
1.6. Марат Оспанов атындағы БҚММУ кадрлар саясаты университеттің стратегиялық даму
жоспарын белгілейді. Кадрлар саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру
университет ректорының құзыреті болып табылады.
1.7. Осы ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
кадрлар саясаты – кадрлық потенциалды университеттің мақсаттары мен
миссиясына сәйкес келтіруге мүмкіндік беретін нормалар мен ережелердің жүйесін
қамтитын университеттің стратегиялық саясатының құрамдас бөлігі.
университеттің кадрлық потенциалы – университетке еңбектік қатынасы бар
штаттық қызметкерлер мен мамандар.
кадрлық жұмыс – университеттің кадрлармен қамтамасыз етілуін жоспарлау, іріктеу
және құру, кадрлық резервті қалыптастыру, кадрларды оқыту, жұмысын бағалау,
кәсіби және лауазымдық өсуін қамтамасыз ету, кадрларды алмастыру және оларды
әлеуметтік қорғау бойынша әкімшіліктің, құрылымдық бөлімше жетекшілерінің
қызметі.
кадрлық резерв – университеттің одан әрі кадрлық дамуы және кадрлармен
қамтамасыз етілуі үшін магистранттар, резиденттер, докторанттар, жас ғалымдар
мен қызметкерлердің қатарынан перспективті тұлғалардың ауқымы.
ПОҚ аттестаттау – қызметкердің қызмет нәтижесі, біліктілік деңгейі мен жеке
қасиеттері бойынша лауазымына сәйкестігін анықтау. ПОҚ аттестаттауды арнайы
құрылған комиссия өткізеді. Аттестаттау өткізудің өз мақсаты бар: университетте
ПОҚ іріктеу және орналастыру жүйесін жақсарту (қызметкерді қызметі бойынша
жоғарылату, оның бұрынғы лауазымын сақтау, жаңа орынға ауыстыру); біліктілігін
арттыруға, жұмыс сапасы мен тиімділігін жақсартуға қызметкерлерді ынталандыру;
кадрларды тәрбиелеу.
ҚР ДСӘДМ байқау кеңесі бар «Марат
Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті» ШЖҚ РМК
Күні:
23.01.2017
Басылым:
бесінші
Марат Оспанов атындағы
БҚММУ-дың кадрлар саясаты
Е БҚММУ
04-01
7-беттің
3-беті
лауазымдық нұсқаулық – қызметкер лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде
негізгі міндеттері, талаптары, құқығы мен жауапкершілігі нақты белгіленген құжат.
Лауазымдық нұсқаулықты әзірлеуге «Бірыңғай біліктілік анықтамасы» негіз болып
табылады. Лауазымдық нұсқаулықты бөлімше жетекшісі өзінің тікелей
бағынатындарына арнап әзірлейді және қол қояды. Бір данасы кадрлар бөлімінде,
екіншісі танысу парағына қолы қойылған құрылымдық бөлімшеде сақталады.
2.
КАДРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІМЕН ШЕШІЛЕТІН НЕГІЗГІ
МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР
2.1. Марат Оспанов атындағы БҚММУ кадрлар саясатының мақсаты университеттің
мақсаты мен миссиясына жетуге қажетті кәсібиліктің жоғары деңгейін меңгерген
университеттің кадрлық құрамын қалыптастыру, дамыту және басқару жүйесін құру
болып табылады.
2.2. Кадрлар саясатының қағидаттары:
университеттің миссиясы мен мақсаттарына кадрлармен қамтамасыз ету қызметінің
сәйкес келуі;
жоғары буын оқытушылардың жаңа буынға педагогикалық мәдениетті, ғылыми-
әдістемелік тәжірибе мен кәсіби біліктіліктілікуті тапсыру сабақтастығы;
университет қызметкерлерінің еңбек және кәсіби әлеуетін өсіру және іске асыру
үшін мүмкіндіктер теңдігі;
конституциялық, еңбек және әлеуметтік заңнаманың нормаларын сақтау;
университет және клиника қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға кадрлар
саясатының бағыты;
кадрларды бағалаудағы талаптардың жоғары деңгейі және әділдік;
университет және клиникалардың кадрларын және кадрлық резервін даярлау
процесінің үздіксіздігі мен жүйелілігі;
университет кадрларының сабақтастығы және жаңаруы.
2.3. Университеттің кадрлар саясатының міндеттері:
университеттің, клиникалардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларының
сапалық құрамын жаңарту, жақсарту жүйесін дамыту;
университеттің кадрлар саясаты бойынша нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу;
университеттің кадрлық әлеуетінің (сандық және сапалық) жай-күйін және дамуын
талдау;
кадрлық резервті қалыптастыру және оның тиімді қолданылуын қамтамасыз ету;
университеттің ПОҚ аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу, аттестаттау
комиссиясының шешімдерін іске асыру бойынша әдістемелік және ақпараттық
қамтамасыз ету, шаралар әзірлеу;
болжамдарды әзірлеу, университеттің кадрлық әлеуетіне ағымдағы және
перспективті қажеттілікті анықтау;
университетті ғылыми-педагогикалық, клиникалық, оқу-көмекші кадрлармен,
сондай-ақ университет қызметінің сыртқы және ішкі шарттарына сәйкес кәсіпті,
мамандықты және біліктілікті талап ететін жұмысшылармен, қызметкерлермен
жинақтау;
университет қызметкерлерін оқытушылық, ғылыми-зерттеу және емдеу қызметінің
рөлі мен нәтижелері туралы хабардар ету;
оқытушылық, ғылыми-зерттеу және емдеу қызметінің әлеуметтік маңыздылығын
университет қызметкерлеріне ішкі сенімді қалыптастыру;
университет қызметкерлерінің өз бетімен іске асырылуы, кәсіби мүмкіндіктерін
толық ашуы үшін жағдай жасау;
ҚР ДСӘДМ байқау кеңесі бар «Марат
Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті» ШЖҚ РМК
Күні:
23.01.2017
Басылым:
бесінші
Марат Оспанов атындағы
БҚММУ-дың кадрлар саясаты
Е БҚММУ
04-01
7-беттің
4-беті
университет қызметкерлерінің ішінде ерекше танылғандарды марапаттауға,
көтермелеуге ұсыну;
университет қызметкерлерінің кәсіби өсуі үшін материалдық ынталандырулар
жасау;
ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау жұмысына жоғары білікті
қызметкерлерді (ғылым докторларын) қатыстыру;
кадрлар саясатының қалыптасқан басымдылығының негізінде кадрлар саясатын
қаржылай қамтамасыз ету және алған нәтижелердің қаржылай тиімділігін талдау.
3.
КАДРЛАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ
3.1. Кадрлармен қамтамасыз ету жүйесі осы Ереженің 2.3 тармағындағы міндеттердің
шешімін қамтамасыз ететін және өзара әрекеттесетін университеттің құрылымдық
бөлімшелеріне негізделген.
3.2. Университеттің кадрлар саясатын университеттің әрбір жетекші және ғылыми-
педагогикалық қызметкерінің перспективалық біліктілікті арттыру жоспарларының
негізінде құрылымдық бөлімшелер іске асырады.
3.3. Перспективалық жоспарлау (5 жылдан кем емес мерзімге) бөлімшенің кадрлар құрамын
сапалық нормативтерге келтіру (ғылыми дәрежелігі, орташа жасы, оқу-әдістемелік және
ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелілігі және т.б.) мақсатында жүзеге асырылады.
3.4. Кадрларды
дайындау және біліктілігін арттыру резидентура, магистратура,
докторантура, қосымша білім беру жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жас ғылыми-
педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі негізгі бөлімшелер университеттің оқу-
ғылыми бөлімшелері болып табылады.
3.5. Кадрлармен қамтамасыз ету жүйесімен және кадрлар саясатының міндеттерін шешуге
бағытталған шараларға мыналар жатады:
жоғары білікті кадрларды (докторларды, магистрлерді, резиденттерді) даярлау;
Марат Оспанов атындағы БҚММУ басшылығының біліктілігін арттыру
(университет ректоры мен проректорлары, декандар, декан орынбасарлары, кафедра
жетекшілері, бөлімшелер мен қызмет жетекшілері);
университет оқытушыларының біліктілігін арттыру;
ғылыми қызметкерлер мен бөлімше қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
ағылшын тілі білетін жоғары білікті кадрларды жұмысқа шақыру (сертификат болуы
міндетті).
4.
КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ
4.1. Кадрлық резервті қалыптастыру және әзірлеу құрылымдық бөлімшелердің барлық
жетекшілерінің басым жұмыстарының бірі болуы тиіс.
4.2. Жетекшілік лауазымға үміткерлерді іріктеу кезінде оның кәсібилілігіне, жеке және
іскерлік сапасына қатаң талап қойылуы тиіс.
4.3. Кадрлық резервтің жоспары басқару деңгейі бойынша жасалады:
ректордың резерві (проректорлардың лауазымдары кіреді);
проректорлардың резерві (декандар, қызмет бағыттары бойынша құрылымдық
бөлімшелердің жетекшілері);
деканның резерві (кафедра меңгерушілері);
құрылымдық бөлімше жетекшілерінің резерві (бөлімше қызметкерлері).
4.4. Кафедралардағы кадрлық резерв – кафедрада дәріс оқитын оқытушыларды әзірлеу,
ғылыми және академиялық дәрежесі мен атағы бар оқытушыларды әзірлеу, сынақ
мерзімінен өтуші оқытушыларды тәжірибелі оқытушыларға бекіту.
ҚР ДСӘДМ байқау кеңесі бар «Марат
Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті» ШЖҚ РМК
Күні:
23.01.2017
Басылым:
бесінші
Марат Оспанов атындағы
БҚММУ-дың кадрлар саясаты
Е БҚММУ
04-01
7-беттің
5-беті
4.5. Университеттің кадрлық резервімен жұмыс жасауға мынадай бағыттар жатады:
резервті жоспарлау, іріктеу, қалыптастыру, оқыту.
4.6. Кадрлық резервті жоспарлау кезінде ЖОО бос лауазымдарды есепке алу, бос
лауазымдарға шақыру үшін университеттің және басқа да ұйымдардың перспективті
білім алушылары мен қызметкерлерін тұрақты іздеу және мониторингілеу қажет.
4.7. Кадрлық резервпен жұмыс жасауға (басқару деңгейіне байланыссыз) мыналар жатады:
1) университетте (ЖОО, факультет, кафедра, бөлім, қызмет, клиника) болжамды
кадрлық өзгерістердің болжамын және жоспарын жасау;
2) резервке үміткерлерді алдын ала қабылдау;
3) бұл үміткерлердің іскерлік, кәсіби және жеке қасиеттері туралы мәліметтер алу;
4) кадрлар резервінің құрамын қалыптастыру.
5.
КАДРЛАР
САЯСАТЫН
ІСКЕ
АСЫРУ
КЕЗІНДЕ
УНИВЕРСИТЕТ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Университет қызметкерлері құқылы:
университеттің кадрлармен қамтамасыз етуін қалыптастыру бағдарламаларын,
жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
нормативтік актілер мен университеттің кадрлық дамуы туралы қажетті ақпаратты
сұратуға және алуға;
кәсіби деңгейін көтеру үшін біліктілігін арттыруға және тағылымдамадан өтуге.
5.2. Университет қызметкерлері міндетті:
нормативтік-құқықтық актілерді және университеттің миссиясы мен мақсаттарына
жетуге бағытталған университеттің ережесін сақтауға;
жеке кәсіби біліктілік деңгейін тұрақты арттыруға, кәсіби қызметтің саласына сәйкес
озық тәжірибені меңгеруге және енгізуге, сондай-ақ бұл жұмысқа университет
студенттерін, резиденттерін, магистранттар мен докторанттарын тартуға.
лауазымдық міндеттерін орындауға, ғылыми, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын
белсенді жүргізуге;
ЖОО-да 8-9 жыл бойы жұмыс жасаған ғылыми дәрежесі жоқ барлық
қызметкерлерге PhD докторы дәрежесін алу үшін докторантурада оқу ұсынылады;
(PhD)докторларға (PhD) диссертация қорғағаннан кейін 3-5 жыл ішінде ғылыми
қауымдастырылған профессор (доцент) атағын алу ұсынылады;
үш тілді оқытуды іске асыру үшін (мемлекеттік, орыс және ағылшын) тілдерін
белсенді үйрену және меңгеру дәрежесін жетілдіру.
6.
КАДРЛАР САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ УНИВЕРСИТЕТТІҢ БАРЛЫҚ
ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.1. Университеттің барлық деңгейдегі жетекшілері міндетті:
университеттің кадрлар саясатын еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес және
кадрлық жағдайлардың кешенді бағалауы мен жүйелі болжамының негізінде
қалыптастыруға және реттеуге;
тиісті құрылымдық бөлімшелерде кадрлық резервті қалыптастыруға және жас
мамандар (ассистентттер мен оқытушылар лауазымына карлар резервке
перспективті студенттерді іріктеу және қабылдау) үшін орындар үлестеуді
қарастыруға;
университеттің ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру жүйесін
құруға қолдау көрсетуге;
ҚР ДСӘДМ байқау кеңесі бар «Марат
Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті» ШЖҚ РМК
Күні:
23.01.2017
Басылым:
бесінші
Марат Оспанов атындағы
БҚММУ-дың кадрлар саясаты
Е БҚММУ
04-01
7-беттің
6-беті
университеттің педагогикалық, ғылыми-педагогикалық және басқа да санаттағы
қызметкерлерінің кәсіби шеберлік деңгейін қолдау мен арттыруды қамтамасыз
ететін ынталандырудың үздіксіз жетілдіру шарасының жүйесін әзірлеуге.
6.2. Университеттің барлық деңгейдегі жетекшілері құқылы:
университеттің кадрлық дамуының нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге;
университетті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау, өңдеу, жалпылау, талдау, жіберудің
бірыңғай тәртібін енгізуге;
өндірістің және университеттің кадрлық потенциалын ұлғайтудың стратегиялық
және жедел жоспарын әзірлеуге;
университеттің кадрлар құрамын қызметтің қорытындысы бойынша кадрлар
құрамын аттестаттаудың ұйымдық сызбалары мен технологияларын қолданысқа
енгізу арқылы жоғары білікті мамандармен жинақтауды жүзеге асыруға;
университет қызметкерлерінің кәсіби өсімі үшін материалдық және моральдық
ынталандырулар жасауға;
университеттің штаттық құрылымын жетілдіруге.
7.
УНИВЕРСИТЕТ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
МЕН
БАРЛЫҚ
ДЕҢГЕЙДЕГІ
ЖЕТЕКШІЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Университет барлық деңгейдегі жетекшілерІ мен қызметкерлері кадрлар саясаты
бойынша міндеттердің, нормативтік-құқықтық актілердің, жоспарлардың, кешенді
бағдарламалардың орындалмағаны үшін дербес жауапкершілікке тартылады.
8.
КАДРЛАР САЯСАТЫ БАҒЫТТАРЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ БАҒАЛАУ
КРИТЕРИЙЛЕРІ
8.1. Кадрлық даму бағыттары мен кадрлар саясатының іске асырылуын бағалау екі фактор
бойынша жүзеге асырылады:
1. Кадрлық дамудың және кадрлар саясатының университеттің мақсатына жетуіне
тиімді ықпалы.
2. Жауапты атқарушылардың кадрлар саясатының бағыттарын іске асыру кезінде
міндеттерді сапалы орындауы.
8.2. Бағалаудың критерийлері:
кадрлық көрсеткіштерді жақсарту;
конкурстық іріктеу мен ПОҚ аттестаттаудың нәтижелері;
ұжымның тұрақтылығы (жұмысқа қабылданған және шығарылған қызметкерлердің
теңгерімі мен қозғалысы, қызметкерлердің жас және орта жастағы қызметкерлердің
мінездемелерінің қозғалысы);
ғылыми дәрежесі мен атағы бар жоғары білікті мамандардың санын көбейту;
университеттің кадрлар саясатына бөлінген қаржылық ресурстарды пайдалану
тиімділігі;
университет қызметкерлерінің кәсіби қызметпен қанағаттандырылуы;
университетте уәждемелік климаттың сапалы өзгеруі;
университет қызметкерлерінің корпоративтік саясат нормаларын қабылдауы мен
сақтауы.
ҚР ДСӘДМ байқау кеңесі бар «Марат
Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті» ШЖҚ РМК
Күні:
23.01.2017
Басылым:
бесінші
Марат Оспанов атындағы
БҚММУ-дың кадрлар саясаты
Е БҚММУ
04-01
7-беттің
7-беті
Қосымша А
(міндетті түрде)
Н БҚММУ 401-04-12
ТАНЫСТЫРУ ПАРАҒЫ
№
р/с
Тегі, аты-жөні, лауазымы
Жеке қолы
Күні
Ескерту
Достарыңызбен бөлісу: |