162
көшірмесін, орталықтандырылған анықтаманы, баланың алғашқы және өңірде есепке алынғаны туралы
анықтаманы іс материалдарына қосуды сұраймын.
Төрағалық етуші берілген құжаттарды атап шықты.
Төрағалық етуші қамқоршылық немесе қорғаншылық бойынша қызмет атқаратын мекеме өкілінің өтініші
туралы тараптардың пікірін анықтайды.
Төрағалық етушінің сұрағына:
Прокурор _______: қарсылығым жоқ.
Өтініш беруші Эмили Смит: қарсылығым жоқ.
Өтініш беруші Грей Смит: қарсылығым жоқ.
«Қалалық №_ Балалар үйі» МК өкілі: қарсылығым жоқ.
Төрағалық етуші тараптардың пікірін тыңдап болып, сол жерде: қамқоршылық немесе қорғаншылық бой-
ынша қызмет атқаратын мекеме өкілінің өтінішін қанағаттандыруды, барлық берілген құжаттарды іс ма-
териалдарына қосуды белгіледі.
Басқа өтініштер болған жоқ.
Төрағалық етуші істі мәні бойынша қарастыруға көшті.
Төрағалық етушінің сұрағына:
Өтініш беруші Грей Смит: мен өтінішімізді түгелімен қолдаймын, оны ештеңемен толықтырғым немесе
өзгерткім келмейді.
Төрағалық етушінің сұрағына:
Өтініш беруші Эмили Смит: мен де өтінішімізді түгелімен қолдаймын, оны ештеңемен толықтырғым
немесе өзгерткім келмейді.
Қазақстан Республикасының АІК 194-бабына сәйкес төрағалық етуші үрдіске қатысушы тараптардың
сотқа түсініктеме беруін ұсынды.
Өтініш беруші Эмили Смит сотқа мынадай түсініктеме берді: 2003 жылдың 19 наурызынан бастап біз
заңды некеде тұрамыз және 2005 жылы дүниеге келген Пол есімді ұлымыз бар, біз әр уақытта үлкен от-
басы құруды армандадық, бірақ медициналық көрсеткіштер бойынша біздің биологиялық балалармыз
болмайды. Отбасымызды үлкейткіміз келді, сол себепті бала асырап аламыз деп шештік. Біз Канададағы
Қазақстан елшілігінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алғысы
келетін шетел азаматтары ретінде ___жылы ____күні _______айында №__ болып тіркелгенбіз. Төрт апта
бойы біз балаға күн сайын барып жүрдік және баланы жақсы көріп қалдық, арамызда бауыр басу сезімі
пайда болды. Біздің баланы бағып, тәрбилеуге қажетті барлық жағдай бар, өзіміздің меншігіміздегі үйде
тұрамыз, үйде баланы қабылдау үшін қыз балаға барлық қажетті жабдықтары бар бөлек бөлме дайындалып
жатыр. Біз материалдық тұрғыда ауқаттымыз, сотталмағанбыз және бала асырап алуға кедергі тудыратын
аурулармен ауырмаймыз. Сонымен қатар біз баланың диагнозымен және шыққан тегімен таныспыз және
оған медициналық қызметті қамтамасыз етуге көмектесеміз. Соттан өтінішімізді қанағаттандыруды және
баланың тууы туралы жазба актісіне мынадай өзгерістер енгізуді сұраймын: Тегін «Смит», атын «Анжела-
Лэйс» деп өзгертуді, әкесінің атын алып тастауды, туған күні мен туған жерін өзгеріссіз қалдыруды, «әкесі»
бағанына «Грей Смит», «анасы» бағанына «Эмили Смит» деп жазу туралы өтінішімізді қанағаттандыруды
сұраймын.
Прокурор________________ сұрақтарына:
•
өтініш қанағаттандырылған жағдайда мен бала күтіміне байланысты демалыс аламын, сонымен қатар
баланы тәрбиелеуде біздің ата-аналарымыз көмектеседі;
•
иә, өтініш қанағаттандырылған жағдайда, біз бала 18 жасқа толғанша Қазақстан Республикасына есеп
өткізуге міндетті екенімізді білеміз;
•
менің меншігімде біз тұрып жатқан бір үй, сонымен бірге менің жұбайыма оның кеңсесі орналасқан
бір үй, сондай-ақ менің жұбайым мен оның апайына су жағалауында тағы бір үй тіркелген, банкте
шотымыз, асырап алған балаға да қатысты қолданылатын медициналық сақтандыру бар;
•
біз қазаға ұшыраған жағдайда, біздің барлық мүлкіміз біздің балаларымызға, соның ішінде асырап
алынған баламызға да теңбе-тең бөлінеді.
ҚОСЫМША
163
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Қамқорлық немесе қорғаншылық функциясын жүзеге асыратын мекеме өкілі ________________
сұрақтарына:
- біз 2003 жылдан бері бірге некеде тұрамыз;
- отбасымыздың үлкен болғанын қалаймыз, сондықтан бала асырап алу туралы шешімге келдік;
- иә, баланың диагнозымен таныспыз және оған көмектесуге дайынбыз.
Төрағалық етушінің сұрақтарына:
- иә, біздің туыстарымыз бен достарымыз біздің Қазақстан Республикасынан бала асырап алу туралы
шешіміміз туралы біледі және толығымен бізді қолдайды;
- иә, біздің тұрмыстық жағдайымыз тағы да бір баланы асырауға мүмкіндік береді;
- ұлымыз Пол біздің бала асырап алғымыз келетіні туралы біледі және ол кішкентай қарындасының бо-
латынына өте қуанышты;
- иә, біз баламен кездесіп, әңгімелестік, біз оны қатты жақсы көріп қалдық;
- жоқ, бұрын басқа некеде тұрған жоқпын;
- егер болашақта балаға қатысты басқа да диагноздар анықталып жатса, біз оның оңалып кетуі үшін
қолдан келгеннің барлығын жасаймыз, бірақ одан ешқашан бас тартпаймыз;
- іс-әрекетке қабілетсіз емеспін немесе іс-әрекетім шектеулі емес;
- сот ата-ана құқығымнан айырған емес және сот ата-ана болу құқығыма шектеу қойған жоқ;
- бұрын бала асырап алып көрген жоқпын;
- бала асырап алуға кедергі келтіретін аурулармен ауырмаймын;
- тұрақты тұратын орным бар;
- дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды ұстанбаймын;
- бала асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаным үшін өтелмеген немесе алып тасталмаған заң
бұзушылығым жоқ;
- асырап алған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс
деңгейімен қамтамасыз ететіндей табысым бар;
- наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлік есепте тұрған жоқпын.
Басқа сұрақтар түскен жоқ.
Өтініш білдіруші Грей Смит сотқа былай деп түсіндірді:
- мен зайыбымның түсініктемесін толығымен қолдаймын. Медициналық көрсеткіштер бойынша енді біздің
биологиялық балаларымыз бола алмайды, сондықтан бала асырап алуды шештік. Біз Анжелаға ата-ана ма-
хаббатын, әке қамқорлығын, жақсы тәрбие мен білім бере алатынымызға сенемін. Соттан біздің бала асы-
рап алу туралы өтінішімізді қабылдап, баланың туу туралы акт жазбаларына өзгеріс енгізуін, тегін «Смит»,
атын «АнжелаЛэйс», әкесінің атын алып тастап, туған күні мен туған жерін өзгеріссіз қалдырып, «әкесі»
деген бағанда «Грей Смит», ал «анасы» деген бағанда «Эмили Смит» деп көрсетуін сұраймын.
Прокурор ____________ сұрағына:
- жоқ, бұрын басқа некеде тұрған жоқпын.
Төрағалық етушінің сұрағына:
- иә, біз бала асырап алу дайындық курсын өттік, сонымен қатар Қазақстан Республикасының тарихы
мен мәдениетін оқып білу үшін кітаптар сатып алдық;
- иә, менің бойымда балаға әкелік сезім оянды, онымен кездесіп жүрген кезімде оған қатты бауыр басып
қалдым;
- іс-әрекетке қабілетсіз емеспін немесе іс-әрекетім шектеулі емес;
- сот ата-ана құқығымнан айырған емес және сот ата-ана болу құқығыма шектеу қойған жоқ;
- бұрын бала асырап алып көрген жоқпын;
- бала асырап алуға кедергі келтіретін аурулармен ауырмаймын;
- тұрақты тұратын орным бар;
- дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды ұстанбаймын;
- бала асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаным үшін өтелмеген немесе алып тасталмаған заң
бұзушылығым жоқ;
Достарыңызбен бөлісу: |