154
2-Қосымша
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын
балаларды шетел азаматтарының асырап алуы туралы істер
бойынша сот шешімінің үлгісі
69
Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соты
құрамында сот төрағасы __________, хатшы _________, аудан прокурорының көмекшісі ______________,
қамқоршылық немесе қорғаншылық қызметін жүзеге асыратын орган өкілі__________,
«№____ Ба-
лалар үйі» ММ өкілі __________, аудармашы __________ қатысуымен, 2010 жылдың 16 мамырында дүниеге
келген Иванова Анжела Константиновнаны асырап алу туралы Канада азаматтары Грей Смит пен Эмили
Смиттің өтініштері бойынша азаматтық істерін жабық сотта қарастырды.
ШЕШІМ ШЫғАРДЫ:
Өтініш білдіруші Канада азаматтары Грей Смит пен Эмили Смит 2003 жылдың 19 наурызынан бастап
некеде тұратынын, осы некеден 2005 жылы туған Пол Смит есімді ұлдары бар екенін көрсетіп, олардың
үлкен отбасы болуды әрқашан армандағанын, алайда, медициналық көрсеткіш бойынша өздерінің
биологиялық балаларының болмайтынына байланысты___________ қаласының «№____ балалар үйі» ММ
тәрбиеленушісі, 2010 жылдың 16 мамырында дүниеге келген Иванова Анжела
Константиновнаны асырап
алу туралы өтініш беріп, сотқа жүгінді.
Отбасын үлкейткісі келіп, бала асырап алуға бел байлаған. Олар бала – Қазақстан Республикасы азама-
тын асырап алуға ниетті шетел азаматтары ретінде Канададағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде
тіркелген. Өтініш білдірушілер соттан бала асырап алу жөніндегі өтінішті қанағаттандыруды және
баланың тууы туралы акт жазбасына баланың тегін «Смит», атын «Анжела Лэйс» етіп өзгертіп, әкесінің
атын алып тастап, туған күні мен туған жерін бұрынғыдай қалдырып, әкесі деген нұсқаға «Грей Смит»,
анасы деген нұсқаға «Эмили Смит» деп көрсетіп, өзгеріс енгізуді сұрап отыр.
Сот отырысында өтініш білдіруші Грей Смит пен Эмили Смит өз өтініштерін толық қолдай отырып,
бір ұлдары бар екенін, алайда, өздерінің биологиялық
балалары болмайтынын атап өтіп, сол себепті бала
асырап алуға бел байлағанын айтып түсіндірді. Олар ____ жылы _____ айының _____ күнінен бастап
Канададағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде № __ ___болып тіркелген.
____ қаласына келіп, №___ балалар үйін барып көрген, төрт апта бойында олар күн сайын Анжелаға келіп
жүріп, оған бауыр басып қалған, олардың арасында өзара қимастық сезімі туындаған.
Бала тәрбиесі үшін олардың барлық жағдайы жасалған, балаға қажетті барлық қажетті жабдықтармен
қамтылған жеке бөлмесі бар жеке меншік үйде тұрады. Баланың денсаулығы жөнінде мәлімет алған және
оған көмектесуге даяр. Баланы асырап алу туралы өтініштерін қанағаттандыруды және баланың тууы ту-
ралы акт жазбасына өзгеріс енгізуді сұрап отыр.
Өтініш білдірушілердің, №___балалар үйі
өкілінің, қамқоршылық немесе қорғаншылық қызметін
жүзеге асыру органы өкілінің, түсініктемелерін, мәлімделген талаптардың қанағаттанарлық екені туралы
прокурордың қорытындысын тыңдап, істің материалдарын зерттеп және ұсынылған құжаттарды бағалап,
сот, Канада азаматы Грей Смит және Эмили Смиттің Иванова Анжеланы асырап алу туралы өтінішін
мынадай негіздер бойынша қанағаттанарлық деп есептейді.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 84-бабына сәйкес,
бала асырап алуға тек кәмелетке толмаған балаларға қатысты және олардың толық тән саулығын,
психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып,
тек қана солардың мүддесінде жол беріледі.
1994 жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасы бекiткен «Бала құқықтары туралы» конвенциясының 3-
бабында балаларға қатысты барлық әрекеттерде бала мүдделерін барынша жақсы қамтамасыз етуге басты
назар аударылады деп көрсетілген.
ҚОСЫМША
69 Құпиялылықты ескеріп, барлық келтірілген мысалдарда
ойдан алынған есімдер, мекен-жайлар және басқа сәйкестендіру ақпараттары
көрсетілді.
155
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Жоғарыда айтылған Конвенцияның кіріспесіне сәйкес, баланың жеке басының толыққанды әріүйлесімді
дамуы үшін ол отбасы ортасында бақыт, махаббат пен түсіністік ахуалында өсуі қажет.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 4-тармағының 84-бабы-
на сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жетім балалардың, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған, егер туыстары, Қазақстан
Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының
азаматтары ба-
ланы асырап алуы мүмкін болмаса ғана шетелдіктердің асырап алуына берілуі мүмкін.
Шетелдіктердің бала асырап алуы туралы істерді қараған кезде сот азаматтығы мен тұрғылықты жеріне
қарамастан баланың туыстарының не Қазақстан Республикасы азаматтарының осы баланы бірінші кезекте
асырап алу құқығын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті
органының іске асырғанын анықтауға міндетті.
Істің материалдарынан көрініп тұрғанындай, өтініш білдіруші канадалық азаматтар Грей Смит пен
Эмили Смит кәмелет жасына толмаған Анжеланың мүддесін көздей отырып асырап алуға ниетті, әрі
оны тәрбиелеп өсіруге, толық тән саулығын, психикалық,, рухани және адамгершілік жағынан дамыту
үшін қажетті қалыпты өмір сүру жағдайларымен қамтамасыз ету мүмкіндіктері бар, бала ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұр, сонымен бірге баланы туыстары
мен Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алмаған.
2010 жылы 19 мамырда баланың анасы Кривко Ирина Федоровнаның өз қолымен жазылып, нотариус
куәландырған
өтінішіне, сондай-ақ 2011 жылы 16 ақпанда нотариус куәландырған ата-ана құқығынан
бас тартқаны және баланы асырап алуға келісім бергені туралы өтінішіне сәйкес, аналық құқығынан бас
тартуы негізінде 2010 жылы 16 мамырда дүниеге келген кәмелет жасына толмаған Иванова Анжела Кон-
стантиновна асырап алуға беріледі.
2010 жылы 16 мамырда туылған Иванова Анжела Константиновнаға ________жылы _____күні ______айы
берілген №____ тууы туралы анықтамадағы және тууы туралы куәліктегі акт жазбасына сәйкес, ата-анасы
туралы бағанда: әкесі – Иванов Константин Иванович, анасы – Кривко Ирина Федоровна деген жазбалар
көрсетілген. Әкесі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының «Неке және (ерлі-зайыптылық) от-
басы туралы» 192- кодексінің 4 -бабы 2- тармағына сәйкес анасының сөзі бойынша берілген.
2010 жылғы 21 маусымдағы есім беру туралы актіге сәйкес, Иванова Анжела Константиновнаның туу
туралы куәлігіне мәліметті «Қалалық Перинаталды орталығы» ҚҚК комиссиясы берген.
Сот істі қарастыру барысында асырауға берілетін Иванова Анжеланың анасы – Кривко Ирина
Федоровнаның тұрғылықты мекенжайын анықтау бойынша шаралар қабылдаған. _______ қ.
Ішкі істер
департаменті мекенжай бюросының анықтамасына сәйкес, ______жылы ________күні _____айы _
қаласының аумағында Кривко Ирина Федоровна тіркелмеген.
___жылы ____күні _____айы ___туған_Иванова Анжела Константиновна _______аудандық білім
бөлімінің _______жылғы ____күні _____айы __анықтамасына сәйкес, __ _______жылы күні _____айы
алғашқы есепке қойылған, ал ______ жылы ____күні _____айы _аймақтық есепке тіркелген.
Бала ____ жылдың күні _____айынан _______ бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Балалар құқықтарын қорғау комитеті республикалық деректер банкінің №_____ орталықтандырылған
есебінде тұр, оны ____ жылдың _____ күні _____ айында берілген кәмелетке толмаған баланың үш айдан
аса орталықтандырылған есепте тұрғаны туралы анықтама растайды, Баланы асырап алуға қазақстандық
азаматтар тарапынан ниет білдірілмеген, оны Балалар үйінің ____ жылдың _____ күні айында_ берілген
№____ анықтамасы растайды.
Қыз бала балалар үйінде болған кезде оған ешкім келмеген, ешкім оған қызығушылық танытпаған, со-
нымен бірге баланың анасы да
бірде-бір рет келмеген, қыздың ешбір туысқандары да хабарласпаған,
Қазақстан Республикасының бірнеше азаматтарына асырап алу туралы ұсыныс берілгеніне қарамастан,
оны асырап алуға ешкім ниет білдірмеген.
Соттың № балалар үйінің тәрбиеленушілерін асырап алуға тілек білдіруші Қазақстан Республикасының
азаматтарына облыстық білім беру департаменті берген жолдаманы, сондай-ақ Қазақстан Республика-
сы азаматтарының № ____ балалар үйіндегі балалар топтарымен танысу журналын зерттеу барысында
Анжеланың жасына, медициналық және басқа да сипаттамаларына сай келетін деректері бар бала асырап
алуға тілек білдіруші барлық үміткерлерді қатыстыра отырып, Анжела үшін отбасын таңдауға қажетті
шаралар қабылданғаны белгілі болды. Сот отырысында куәгерлер ретінде сұралған ____________ және
___________ осы жағдайларды растады.