ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет71/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79

147
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Отбасылық қарым-қатынастағы интерналдық шка-
ла бойынша төмен көрсеткіштер жасөспірімнің 
отбасында болатын маңызды жағдайлардың 
себепшисін өзі емес, отбасының басқа мүшелері, 
алдымен ата-анасы деп есептейтінін көрсетеді.
Сабинамен әнгімелесу кезінде айтқаны: «жанжал 
кезінде қандай да бір әрекет еткенше, қашып кетуді 
қалаймын, солай еткен оңай». «Неге мектептегі 
психолог немесе әлеуметтік ұстазға бармадың?» 
деген сұраққа берген қыз былай деп жауап берді: 
«Мен өлген дұрыс деп ойладым, сондықтан дәрі 
іштім, тамырымды кесуді ойладым».
Сонымен қатар зерттеу барысында отбасында өгей 
әкесінің тарапынан эмоциялық зорлық болғаны 
байқалады, олар: баланы жек көретінін ашықтан-
ашық көрсету, үнемі баланы үнемі сынға алу, оның 
қадір-қасиетін қорлау (айғай, ашу шақыру), бала-
ны әдейі физикалық және әлеуметтік оқшаулау, 
балаға оның әлі жетпейтін тым қатал талаптар 
қою, дөрекі психикалық әрекеттер (баланың ана-
сына қол көтеру) болғанын растайды, бұл балаға 
психикалық зиян келтіреді (істің материалдары 
мен баламен болған әңгімеден.
Қыздың анасымен болған әңгімеден: «Басында 
Сабина белсенді, көпшіл болатын, бірақ белгілі 
бір уақытта ашушаң болып, қарсыласып, өгей 
әкесімен жанжалы жиілеп кетті. Мен оны түсінуден 
қалдым; қызым барлық жағдайды біз пәтер жал-
дап жүрген көрші психологқа айтып берген соң, 
екінші күйеуімнің іс-әрекеті мені алаңдата баста-
ды». «Сабинаның бала кезінен өзінің әкесін көріп 
тұруына қарсы болған жоқпын, өгей әкесімен осы 
себептерге байланысты да ұрысып қала беретін бол-
ды» (қыздың анасының айтуы бойынша жазылды).
Бала мен ата-ана қарым-қатынасын зерттеу ба-
рысында У. Сәуле М. Сабинаның анасы Ш-мен 
«Отбасылық қарым-қатынасты талдау» тестін 
жүргізілген болатын, оның нәтижесі бойынша 
қыздың анасы жағынан баласын тәрбиелеу кезінде 
қателіктер кеткені байқалды:

талап – міндеттердің шамадан тыс болуы,

талап-тыйымдардың шамадан тыс болуы.
Тест нәтижесі бойынша қызға анасының тарапы-
нан қолдау болмағаны байқалады, оны Сабинамен 
болған әңгіме де растайды.
Жасөспірім өзінің өміріне ата-анасының 
араласқанын сезінбеген, ол: 

қарым-қатынас жасаған кезде сенімнің болуын 
және қабылдауға жағымды эмоционалдық ахуал 
жасауды,

жасөспірімді тұлға ретінде ашып, дамытуды, 
оның жағымды әлеуетін дамытуды; 

беделі бар ересектердің сөзсіз, позитивті 
қабылдауын; 

ресурстарды және өмірдегі таңдауларды ашуды, 
қалыптастыруды білдіреді. 
Жасөспірімнің болған жағдайды психологиялық 
қабылдауы: бейімделу мүмкіндігінің төмен болуы 
тән. Күту алаңдаушылықты тудырады, жарысу 
сипатындағы жағдай фруструриялық болып та-
былады (жасөспірім жастағы тұлғалық ауытқудың 
диагностикасы «Минутты есептеу тесті») 
Сабинамен болған әңгімеден: «Менің 
жәбірленгеннен жаным ауырады, айғайлап 
жылағым келеді және оның (өгей әкемнің) бізбен 
бірге тұратынын ойласам, бойымды қорқыныш 
билейді. Әсіресе, оның кешкі асқа келіп, сен 
ешнәрсе дәлелдей алмайсың деп күлетіні жанға 
батады, рас, басында кешірім сұрайтын, бірақ ар-
тынан түрмеге отырғызатын болса да, оған бәрібір 
екенін айтты; анам оның қорлығына көндіккен, ал 
мен олай болғанын қаламаймын». (сөзбе-сөз жа-
зылды).
Жасөспірімнің конгруэнтті жағдайын атап өткен 
жөн: жасөспірімнің мінез-құлқындағы реакциялар, 
оның басынан өткізген жағдайларға сәйкес келеді, 
сонымен қатар жасөспірім зорлық сценарийін 
егжей-тегжейлі сипаттайды.
Сөйтіп, зерттеу нәтижелері Ш.Сабинаның, 
аса алаңдаулы және қорқыныш, сенімсіздік пен 
қорғансыздық, жоғары эмоционалдық, сырт-
тан жасалатын қысым мен ширыққан қарым-
қатынасты сезінумен сипатталатын дағдарысты 
жағдайда болғанын растайды, сонымен қатар зерт-
теу көрсеткендей, көмекке аса зәру болғанын рас-
тайды.
Отбасында мынадай әрекеттерден тұратын зорлық 
орын алған: 

баланың істегісі келмейтін әрекеттерін жасауға 
мәжбүрлеу; 

физикалық күш көрсету арқылы қорқытып, 
әрекетке қатыстыру; 

ересектердің балаға билік жүргізуі.
Ш.Сабина, бірлесіп істеуші құрбан ретінде 
(ұзақ уақытқа созылған сексуалдық қатынастқа 
тартылған балалар), сексуалдық зорлық-зомбылық 
тән деңгейдің бәрін басынан өткізді: есеңгіреу, 
терістеу, күйзеліске ұшырау, өз-өзіне қол жұмсау 
әрекеті, өлім қаупі, шешім қабылдау, осының 
бәрі үйде зорлықтың орын алғанын растайды 
(эмоциялық және сексуалдық). 
Жоғары санатты психолог Н.А. Красникова  


148
балалаРдың ҚҰҚыҚтаРын 
ҚоРҒау және оны ілгеРі 
жылжыту саласындаҒы негізгі 
ХалыҚаРалыҚ ҚҰжаттаР тізімі 

  1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясында қабылданған Бала құқықтары туралы 
БҰҰ конвенциясы; 

 Бала құқықтары туралы конвенцияға балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына қатысты 
факультативтік хаттама, 2000 жылдың 25 мамырында A/RES/54/263 БҰҰ қарарымен қабылданған;

  Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты факультативтік 
хаттама, 2000 жылдың 25 мамырында A/RES/54/263 БҰҰ қарарымен қабылданған;

  1980 жылдың 25 қазанындағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері тура-
лы Гаага конвенциясы;

  Кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін жүзеге асыруға қатысты («Пекин ережесі») Біріккен 
Ұлттар ұйымының ең төменгі стандартты ережесі,1985 жылы 29 қарашада № 40/33 БҰҰ Бас Ассамбле-
ясы қарарымен қабылданған; 

  Біріккен Ұлттар ұйымының кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылықтың алдын алудың жетекші 
қағидаттары (Эр-Рияд жетекші қағидаттары), 1990 жылы 14 желтоқсанда № 45/112 БҰҰ Бас Ассам-
блеясы қарарымен қабылданған;

  БҰҰ-ның кәмелетке толмағандарды, бас бостандығынан айырылғандарды қорғауға қатысты ережесі 
(«Гавана ережесі»), 1990 жылы 14 желтоқсанда № 45/113 БҰҰ Бас Ассамблеясы қарарында қабылданған;

  1993 жылдың 29 мамырындағы Балаларды қорғау және халықаралық бала асырап алу аясындағы 
ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясы;

 Қылмыс құрбаны және куәгерлері болған балалардың қатысуымен байланысты мәселелердегі 
әділсотқа қатысты жетекші қағидаттар, Экономикалық және Әлеуметтік кеңестің 2005 жылы 22 
шілдедегі 2005/20 қарарымен қабылданған;

  Кәмелетке толмағандарға қатысты әділсотты жүзеге асыру аясындағы балалар құқықтары туралы жал-
пы тәртіптегі ескертулер № 10 (2007), БҰҰ Балалар құқықтары комитеті, 2007 жылғы 25 сәуірдегі 
CRC/C/GC/10; 

  БҰҰ Бас хатшысының жетекші нұсқаулары. Балаларға қатысты әділсотқа БҰҰ ұстанымы, 2008ж. 
қыркүйек; 

  Балаларға балама күтім жасау бойынша жетекші нұсқаулар. Үшінші комитеттің баяндамасы бойынша 
Бас Ассамблея қабылдаған қарар, (A/64/434) 2010 ж. 24 ақпан. 
7-тарау.
Сот тәжірибесіне әлеуметтік-психологиялық сарапшыларды тарту


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау