Северо-казахстанская область акжарский район



жүктеу 64,91 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі64,91 Kb.
#3021

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АҚЖАР АУДАНЫ

«АЩЫКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ АКЖАРСКИЙ РАЙОН

КГУ «АЩИГОЛЬСКАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА»

Технологиялық карта

Қоршаған ортамен танысу 3+ тақырыбы «Менің балабақшам»

«Айналайын» шағын орталығының тәрбиешісі

Садвакасова Бибигуль Темиржановна

2017

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу -3+ Технологиялық карта

Тақырыбы:Менің Балабақшам.

Мақсаты: 1.Балабақшада еңбек ететін адамдардың мамандықтарымен таныстыру(медбике,аспаз).

2.Балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететінін және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру.

3.Балабақшада еңбек ететін адамдардың еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.Балаларды мейірімді болуға баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:

суреттер:аспаз,медбике,дәрумендер,азық-түліктер,айна ойыншық торғай,үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс:аспаз,дәрігер.

Билингвальды компонент: хатқалта-конверт,балабақша-детский сад, аспаз-повар,дәрігер-врач.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық--қозғаушылық

1.Шаттық шеңбері.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!Жалпы адамдар кездескенде бір-біріне амандықпен саулық тілейді,яғни амандасады,жағдайларын сұрайды.

-Сендердің үстелдеріңде сиқырлы қорапшалар жатыр,оның ішінде ақылды да алғыр балалар отыр.Кәне,бәріміз ашып қарайық,олар қандай балалар екен?

Әр қобдишаның ішінде айна жатады.

-Кәне,балалар,айнаға қарап: «Біз әлемдегі ең жақсы балалармыз»-деп айтайық.Осылайша көңілімізді көтеріп,сабаққа кірісейік.

2.Таңғажайып сәт:

Біреу есік қағады.Тәрбиеші пошташыдан хатты алып, алғысын білдіреді.

-Балалар,біздің атымызға торғайлардан хат келіпті,оқып көрейік.

Тәрбиеші хат қалтаны ашып,хатты алып оқиды.

-Құрметті балалар!Біз торғайлармыз,сендердің бақшаларының үстінен ұшып бара жатып сендердің көңілді екендеріңді көрдік.

«Бізде де осындай балабақшамыз болса ғой»,- деп мұңайып қалдық.Біз бақшаның не екендігін білмейміз.Сендерге қонаққа келсек,бізге балабақша туралы айтып бересіңдер ме?

-Балалар, торғайларға балабақша туралы айтып береміз бе?

Тәрбиеші екі торғайдың суретін немесе ойыншық торғайларды көрсетіп,олардың терезеден ұшып кіргенін айтады.




Шаттық шеңберге тұрады,бір бірімен амандасады.

Айнаға қарап,педагогтің айтқанын қайталайды.

Хатты тыңдайды.

-Иә.


-Иә.


шылық-ізденістік

3.Білімді өзектендіру.

Тәрбиеші балабақша туралы өлең оқиды.

-Өлең не туралы?

-Балабақшаға кімдер барады?

-Балалар балабақшада не істейді?

-Балаларға кім қарайды?



4.Балабақша туралы әңгіме жүргізу.

-Балабақша екі-үш жастан мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін орын.Балалар,балабақшада сендерге кітап оқып беретін,сендермен күнде қыдыратын кім?

-Тәрбиешіге көмектесетін кім?

-Ол қалай көмектеседі?

-Жарайсыңдар,балалар!Бізге ормандағы аңдардан хат алып келіпті.Кәне,хатқалтаны ашып көрейік.(хатты ашып,ішінен аспаз бен дәрігер бейнеленген екі сурет алып шығып,оларды мольбертке іледі)

-Аспаз сендер үшін не істейді?

Торғай:

-Егер де балалардың біреуі ауырып қалса не істейсіңдер?



-Біздің балабақшамызда денсаулықты қадағалап отыратын адам бар.Ол кім екен?Есімі қалай аталады?

-Иә,балалар,аспаз тамақ дайындаса,дәрігер балалардың денсаулықтарын қадағалап отырады.



5.Билингвальды компонент:хатқалта –конверт,балабақша-детский сад,аспаз-повар, дәрігер-врач.

6.Сергіту сәтін «Торғайлар мен автокөлік» қозғалыс ойынымен өткізеді.

Торғай:

-Сендердің балабақшаларыңда біз білмейтін заттар көп екен.

-Қайғырмаңдар!Бапісіретін плита керек.

-Дәрігерге дәрумендер. өлшегіш(градусник),дәке керек.

8.Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындатады.Сурет бойынша балабақша туралы әңгіме жүргізеді.

Торғай балалармен қоштасады.

-Рахмет,балалар,мен сендерден көп нәрсе үйрендім.Сау болыңдар!

9.Жеке жұмыс:

Топтағы кейбір балаларға аспаз бен дәрігердің жұмыстары туралы сұрақ қояды.Жауаптарын тыңдайды,толықтырады.


-Өлең балабақша туралы.

-Балабақшаға балалар барады.

-Балабақшада ойнаймыз.

-Ертегі тыңдаймыз.

-Жаттығу жасаймыз.

-Ән айтамыз

-Балаларға тәрбиеші апайлар қарайды.

-Тәрбиешінің көмекшісі

-Тамақ пісіреді.

-Дәрігерге айтамыз.

Қайталайды.

Педагогті мұқият тыңдап,белсенділік танытады,сұрақтарға

Жауап береді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытынды:

-Балабақша дегеніміз не?

-Балабақшада кімдер қызмет етеді?

-Өз балабақшаларыңды жақсы көресіңдер ме?



Тәрбиешімен бірге сабақты қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:Балабақша тақырыбына байланысты берілген тапсырмаларды орындауға үйрету.

Түсінеді: балабақша және оның қызметкерлері туралы ұғымдарын кенейту.

Қолданады: топта бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу керек.
жүктеу 64,91 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау