6.6.
Жарықтандыру қондырғыларын нөлдеу және жерге
тұйықтау
Тікелей жерлендіру және оқшауланғанбейтараптамалы 1кВ жоғары
және 1 кВ дейін кернеумен электр қондырғылары бар.
Жарықтандыру желілері 1 кВ дейінгі кернеуге дейін орындалады,
сондықтан әрі қарай осындай ғана желілерді нөлдеу жіне жерге тұйықтау
мәселелері ғана қарастырылады.
Біздің
және
көптеген
еуропалық
елдердің
стационарлық
жарықтандыру құрылғылары кернеуі 380/220 В, тікелей жерлендірілген
бейтараптамадан тұратын электр желілерінен қуат көзін алады, яғни бұл
жағдайда трансформатордың немесе генератордың бейтараптамасы жерге
тұйықтау құрылғысына тікелей сыммен, сонымен қатар болмашы
кедергісі бар резистор немесе тоқ трансформаторы арқылы қосылады.
Трансформатордың немесе генератордың бейтараптамасы қосылатын
жерге тұйықтау құрылғысының кедергісі (ПУЭ сәйкес) 380 В кернеудегі
желілерде 4 Омнан аспауы тиіс, ал трансформатор немесе генератордың
тікелей бейтараптамасынң жанында орналасқан жерге тұйықтағыштың
кедергісі 30 Омнан аспауы тиіс (сәйкесінше электр желісінің кедергісі 660
В болғанда, бұл мәндер 2 және 15 Ом, ал 220 В кернеу кезінде жерге
тұйықталған қаңқаға қатысты — 8 және 60 Ом құрайды).
Оқашауланған бейтараптамалы электр қондырғылары трансформатор
немесе генератордың нөлдік нүктесімен жерге тұйықтау қондырғысынан
тұратын қосылысы жоқ, бірақ терминологияның өзгеруі нәтижесінде,
тәжірибе жүзінде жерге тұйықтау және нөлдеу ұғымдарын жиі
араластырады және оларды құрылымдық шешімдермен байланыстырады.
Осылай, мысалы, қондырғыны үш фазалы желінің төртінші сымына
(нөлдік)Электроустановки с изолированной нейтралью не имеют со-
единения заземляю қосуды нөлдеу деп есептейді, ал оны жерге
тұйықтаудың болат шиналарымен қосуды жерге тұйықтау деп есептейді.
Егер бірінші жағдайда нөлдеу фактісі күмән туғызбаса, онда екінші
жағдайда — бұл қосылыс жерге тұйықтау, әлде нөлдеу болып
табылатындығы туралы шешім электр желіліерінің сызбасымен
анықталады, ал тікелей жерге тұйықталған бейтараптамада мұндай
қосылыс нөлдеу болып есептеледі. Бұл айырмашылықты нақты түсіну
қажет, себебі тікелей жерге тұйықталған бейтараптамалы желілерде
трансформатордың немесе генератордың нөлдік нүктесімен қосылмаған
жерге тұйықтауды қолдануға тыйым салынады.
183
Электр қондырғыштардың тоқ өткізгіш бөліктерінің қалыпты , үш
фазалы тоқтың генератор мен трансформатордың тікелей жерге
тұйықталған кернеуінде тұрмаған, бір фазалы тоқ көзінің өткізгішінің
тікелей жерге тұйықталуымен немесе тұрақты тоқ көзінің тікелей жерге
тұйықталған ортаңғы нүктесімен қосылуы нөлдеу деп аталады.
Табиғи жерлендіргіштерді қолданғанда, мұны ескерген аса маңызды,
сондықтан оларды нөлдеу ретінде қолдану мүмкіндігін тексеру
барысында, нақты табиғи жерлендіргіштің (мысалы, су құбырлары,
ғимарат қаңқасы) қоректендіретін трансформатор немесе генератордың
нөлдік нүктесімен қосылған жалпы жерлендіргіш құрылғысының
арасында электрлік байланыстың болуына көз жеткізу қажет. Осы
талаптарды орындау нөлдеуді адамдарды электр тоғымен зақымданудан
қорғаныс құралы ретінде қолдану мүмкіндігін анықтайды.
Жарықтандыру қондырғыларындағы нөлдеу оқшаулау бүлінгенде
адамдарды электр тоғынан қорғаудың ең көп таралған және негізгі
қорғаныс құралы болып табылады. Алайда қондырғыларды пайдалану
жағдайларына қарай, қорғаныстың басқа да шаралары қолданылады:
жерге тұйықтау, қорғаныстық сөндіру, бөлу трансформаторы, кіші кернеу,
қос оқшаулау, әлеуеттерді теңестіру.
Өнеркәсіптік мекемелерді жалпы жарықтандырудың стационарлық
желілерінде нөлдеу тәжірибелік тұрғыда электр тоғымен зақымданудан
қорғайтын жалғыз құрал болып табылады. Бұл жағдайда адамдарды
қорғау қондырғысының нөлденген бөліктерінің қысқа тұйықталуымен
оқшаулаудың бүлінуі орын алған желілердің учаскелерін автоматты
сөндіру арқылы қол жеткізіледі.Туындаған қысқа тұйықталудың (ҚТ)
едәуір үлкен болса, сөну болады. Бұл үшін фазалық және нөлдік
қорғаныстық өткізгіштердің өткізгіштігі, ҚТ ең жақын орналасқа
сақтандырғыштың номиналды тоғынан аспайы тиіс немесе автоматты
сөндіргіш тоғының тағайындамасынан кемінде үш есе болуы тиіс.
Электромагниттік бөлшектегіштіктен ғана (айыру) тұратын автоматты
ажыратқыштарды қолданғанда, фазалық және нөлдк қорғаныстық
өткізгіштердің өткізгіштігі қор коэффициенті мен таралуын (зауыттық
мәліметтер бойынша) ескеретін тағайындама ен коэффициентінің
тағайындамасының бірден қосылу тоғының мәнінен кем бомайтын ҚТ
тоғын қамтамасыз етуі тиіс (1,1 тең). 100 А дейін номиналды тоқтың
автоматты ажыратқыштар үшін зауыттық деректері болмағанда, ҚТ
тоғының тағайындамаға қатысты еселілігін кемінде 1,4, ал номиналды
тоғы 100 А асатын автоматты ажыратқыштар үшін кемінде 1,25 болатын
тоқ еселігін қабылдау қажет.
Нөлдік қорғаныстық өткізгіштердің толық өткізгіштігі барлық
жағдайда фазалық өткізгіштердің кемінде 50 % өткізгіштігін құрауы тиіс.
Осы талаптарды сақтаумен нөлдеуді орындау электрқондырғылар
қауіпісіздігінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді.
Жерге тұйықтау оқаушалнған бейтараптамалы ауыспалы тоқ
желілерінде немесе бір фазалы тоқ көзінің ортаңғы нүктесінің
184
оқшауланған өткізгішімен иұрақты тоқ қондырмаларында қолданылады.
Мұндай желілер электр қауіпсіздігінің жоғары талаптары жағдайында—
шахталарда,
шымтезек
өңдеулерінде,
қозғалу
қондырғыларына
қолданылады. Бұл жағдайда қауіпсіздіктің қосымша шарасы ретінде
желілерді
оқшаулауды
бақылау
немесе
қорғаныстық
сөндіру
қолданылады.
1 кВ дейінгі кернеулі электрқондырғыларды қорғаныстық сөндіру желі
учаскелерінің барлық фазаларын автоматты сөндрумен (полюстерді)
анықталады, онда корпуста қысқа тұйықталу немесе адам үшін қауіпсіз
уақыт ішінде оқшаулаудың жарамсыз төмендеуі болады, яғни адам денесі
арқылы тоқтың өтуі аз болған сайын, соғұрлым тоқ қауіпсіз болады.
Тоқтың қауіпсіз ара қатынастары мен оның әсер ету мәні МЕМСТ
берілген. Еуропалық фирмалардың бірқатары жарықтандыру және шағын
күштік желілерде қолдану үшін қорғаныштық сөндіру үшін автоматты
ажыратқыштарды шығара бастады, бірақ қорғаныстық сөндіруді енгізу
қазіргі
уақытта
қажетті
аппаратураның
жеткіліксіз
деңгейде
шығарылуымен шектеледі.
Жарықтандыру және тұрмыстық электрқондырғыларды қолданғанда
тоқпен зақымданудан қорғанудың басқа да шаралары бар: ванна
бөлмелерінде электр ұстараларды қосу үшін арнлған, сонымен қатар
тасымалданатын шамдалды қоректендіру үшін аз кернеулі ашалы
розеткаларды қоректендіру үшін бөлгіш трансформаторларды қолдану;
нөлденуден бас тартуға мүмкіндік беретін электрқұралдардың қос
оқшаулануы; ванна корпустарын су беру құбыр желілерімен қосу арқылы
әлеуттерді теңестіру.
Генератор мен трансформатордың тікелей жерлендірілген, бір фазалы
тоқ көзінің тікелей жерлендірілген өткізгішімен, тұрақты тоқ желілерінде
көздің
ортаңғы
нүктесінің
тікелей
жерлендіруімен
және
электрқабылдағыштарды
қоректендіру
үшін
қолданылмайтын
бейтараптамасымен қондырғының нөлденетін бөліктерін қосатын
өткізгіштер нөлдік қорғаныстық өткізгіштер деп аталады. Осындай
өткізгіштер,
бірақ
электрқабылдағыштарды
қоректендіру
үшін
қолданылатындары нөлдік жұмыстық өткізгіштер деп аталады. Жерге
тұйықталған бөлікерін жерлендіргішпен қосатын өткізгіш жерге тұйықтау
өткізгіші деп аталады.
380/320 В кернеулі стационарлық жарықтандыру желілерінде нөлдеу
үшін ең алдымен нөлдің жұмыстық өткізгіштер қолданылады. Нөлдік
жұмыс
өткізгіштерін
фазалық
сымдарды
оқшаулаумен
бірдей
оқшаулаумен орындау ұсынылады. Фазалық және нөлдік жұмыс
өткізгіштері үшін тәжрибе жүзінде бірдей маркалы сымдар немесе сәйкес
тарамды кабельдер (үш фазалы желілерде төртынші және бір фазалы екі
өткізгіштік тармағында бір нөлдік) қолданылады. Нөлдік өткізгіштерді
оқшаулау электрлік жұптар түзілуі мүмкін немесе нөлдік өткізгіштер мен
метал құрылымдар арасында шынайы болуы мүмкін жзерлерде міндетті
болып табылады.
185
Нөлдік қорғаныстық және нөлдік жұмыстық өткізгіштер ретінде
қолданылатын
қаптамалардың
жинақтық шинасымдарды,
тарату
құрылғылардың шиналарын немесе кабельдердің қорғасындық немесе
алюминий қаптамаларын оқшауламау қажет. Тасымалданатын бір фазалы
электр қабылдағыштарды нөлдеу үшін нөлдік жқмыс өткізгішін қолдануға
болмайды. Бұл жағдайда ашалық ағытпада, тарамдау қорабында немесе
тікелей қалқанда, қалқаншада, жинақта нөлдік жұмыс сымына қосылатын
жеке нөлдік қорғаныстық (үшінші) сымды тасымалданатын бір фазалы
электрқабылдағыштарға қолдануға тыйым салынады.
Электр қондырғыларында жерге тұйықтау өткізгіші ретінде негізі болат
шиналар болып табылады. агрессивті ортасыз құрғақ бөлмелерде жерге
тұйықтау және нөлдік өткізгіштерді (шиналар) тікелей қабырғалармен
жүргізуге рұқсат беріледі, олай болмаған жағдайда шиналар қабарғаға
кемінде 10 мм саңылаумен жүргізіледі. Жерге тұйықтау және нөлдік
қорғаныстық өткізгіштерде сақтандырғыштарды, ажыратқыштарды және
басқа ажырату құрылғыларын орнатуға болмайды. Нөлдік жұмыс
өткізгіштерінде бір уақытта және фазалық өткізгіштерді сөндіретін
ажыратқыштарды орнатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |