Технологиясы


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет80/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 
I.
1.
Жүргізу-реттеу аппараты деген не? 
2.
Шамдалдарды монтаждау тәртібі қандай? 
3.
Люминисцентті шамдалдарды орнату әдістерін айтыңыз. 
II.
1. Жарықтандырғыш электрқондырғыларын нөлдеу және жерге 
тұйықтаудың ерекшелігі неде? 
2.
Ашық және жасырын сымдар болғанда ажыратқыштарды, 
розеткаларды орнатудың ерекшеліктері қандай? 
3.
Жарылу қауіпі бар аймақтарда шамдалдарды монтаждаудың 
ерекшеліктерін түсіндіріңіз. 
III.
1. Люминесцентті шамдалдардың жану режимі бойынша ақауды қалай 
анықтауға болады? 
2.
Жарықтандырғыш 
желілерде 
тарату 
құрылғылардың 
тағайындамасы қандай? 
3.
Жарықтандыру және тұрмыстық электрқондырғыларында электр 
тоғымен зақымданудан қандай қорғаныс шаралары қолданылады?


7 тарау. ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ЖОЛДАРЫН ДАЙЫНДАУ 
7.1.
 
Электр желілерін монтаждауды ұйымдастыру 
Электр желілерін заманауи индустриялық монтаждау екі сатыда 
жүргізіледі. Бірінші саты – бұл монтаждау аймағынан тыс және тікелей 
монтаждау нысандарындағы дайындық (ЭДШ) жұмыстары, екінші саты – 
барлық қосылыстарды орындаумен дайындалған жолдар бойынша 
сымдарды жүргізу. 
Монтаждау жұмыстарының негізгі көлемі ЭДШ жүргізіледі, онда 
арнайы технологиялық желілерде электр сымдарының түйіндері мен 
жарықтың тұтас жиынтық желілері дайындалады. 
Жұмыстың бүкіл жиынтығы үшін қажетті ЭДШ дайындалған 
материалдардан, бұйымдардан және бөлшектерден тұратын түйіндер 
контейнерлерге салынып, нысанға тасымалданады. Контейнерлер тұрғын 
үйлердің қабат, аралық (немесе секциялар) және пәтерлеріне сәйкес 
жинақталады. Контейнерлердің стеллаждары әдетте таңбалары бар 
бөліктерге бөлінеді. Егер контейнерлер тұрғын үй үшін жинақталса, онда 
дайындамалар осы қабаттардың орналасу реттілігімен жеке пәтерлерге 
жиналады. 
Тікелей нысандағы монтаждаудың бірінші сатысының жұмыстары
сымдарды жүргізуге арналған жолдарды дайындаудан, жерге тұйықтау 
өткізгіштерін салудан, оларға кейін электр жабдықтары мен электр 
құрылғыларын 
(егер 
олар 
жобада 
қарастырылмаса 
және 
құрылысшылармен орнатылмаса) бекітілетін төсеме элементтер мен 
бөлшектерді орнату. Бұл жұмыстар жалпы құрылыс жұмыстарымен бір 
уақытта орындалады, бірақ нысанның белгілі дайындық деңгейінде, яғни 
ҚНжЕ талаптарына сәйкес электр монтаждау жұмыстарын қалыпты және 
қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету мүмкіндігі кезінде, монтаждалатын 
нысанды, кабель бұйымдарын және электрматериалдарды атмосфералық 
жауын-шашындардан, жер асты суларынан, төменгі температуралардан, 
сонымен қатар ластанулардан және шектес ұйымдармен әрі қарай жұмыс 
өндірісінде кездейсоқ бұзылулардан қорғау. 
Екінші сатыдағы жұмыстарды бастамас бұрын электротехникалық 
бөлмелерде құрылыс және әрлеу жұмыстары аяқталуы тиіс, соның ішінде 
жылыту мен желдеткішті монтаждау және сынау. 
Екінші сатының электромонтаждық жұмыстары өндірістік бөлмелерде 
қосарлы кесте бойынша технологиялық жабдықтарды монтаждаумен бірге 
жүргізіледі. 
Талаптардан электр жабдықтары мен электр желілерін монтаждау 
орын алуы мүмкін құрылыс жұмыстарын орындауға қарай шегіну, жабдық 
пен электрлік желілердің бұзылуына әкеледі, ал оларды қалпына 
келтіруге, тазартуға, қайта құрғатуға, бояуға, тексеруге өнімсіз түрде 
қаражаттар мен еңбек жұмсалады. 
Қабырғалар мен сымдар және электрқұрылғыларын монтаждауға 


187 
арналған жабындардағы іздер, арналар мен ойықтар ҚНжЕ сәйкес 
құрылыс сызбаларында алдын ала қарастырылуы және құрылыс 
үдерісінде немесе құрылыс индустриясының комбинаттарында панельдер 
мен блоктарды әзірлеу барысында орындалуы тиіс. Арналар мен 
ойықтардың болмауы бейнетті тесу жұмыстарын орындау қажеттілігіне 
әкеледі. 
Екінші сатылы электрмонтаждау жұмыстарының өнідірісі үшін 
ғимараттар мен құрылыстар құрылыс ұйымдарынан акт бойынша 
қабылданып, бұл ретте олардың дайындығының ҚНжЕ талаптарына 
сәйкестігі, сонымен қатар негізгі жобамен немесе монтаждау жұмысы 
өндірісінің жобасымен қарастырылған электржабдықтарын және жиынтық 
құрылғылардың блоктарын беруге арналған ойықтардың болуы, көлемі 
және саны тексеріледі. 
Электр желілерінің жолдарын дайындауға: 
жолдарды және бкіту бөлшектерін орнату орындарын белгілеу; 
бекіту бөлшектерін орнату үшін тесу жұмыстары; 
бекіту жұмыстары (құрылыс құрылымдарында бекіту бөлшектерін 
орнату — бетон, кірпіш, қож-блок). 
Электр желіліерінің жолдарын дайындау бойынша жұмыстар аса 
бейнеттілер қатарына жатады, әсіресе оларды қолмен орындағанда. 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау