Технологиясы



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет75/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

6.2.
 
Қосу-реттеу аппараттарын құрастыру 
Газ-разрядты шамдары бар жарықтандырғыш қондырғылар қыздыру 
шамдары бар қондырғылардан айтарлықтай күрделірек. Люминисцентті 
шамдар әрекеті қысымды сынап буларындағы газдық разряд 
құбылысында негізделген, нәтижесінде люминофор көмегімен көрінетін 
жарыққа түрлендірілетін ультракүлгін сәулелену жасалады. Бір немесе 
бірнеше жеке блокқа құрылымдық түрдерәсімделген, шамның тұтануын 
және қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін сұлбаның барлық 
элементтерінің жиынтығы қосу-реттеу аппараты деп аталады. 
Қосу-реттеу аппараты (ҚРА) шамның сенімді жағылуын, оның 
қуатының (жарық ағыны) тұрақтылығын және оңтайлығын, белгіленген 
қызмет 
ету 
мерзімін, 
қуат 
коэффициентінің 
қарымталануын, 
радиокедергілердің басылуын, жарық ағынының ырғақталуының 
азайытылуын және жұмыстағы шусыздықты қамтамасыз ету керек. 
Сонымен қатар, ҚРА құрылымы өндірісте технологиялық, құрастыру, 
тексеру және жөндеу үшін қолайлы болу керек. 
Құрамы және тағайындалуы бойынша келесі қосу-реттеу аппараттарын 
ажыратады (жақшаларда олардың белгіленуі берілген): 
стартерлік, олар балласттан және қосу элементі-стартерден құралады 
және жоғары кернеу импульсі көмегімен шамдарды жағу үшін, сонымен 
қатар олардың жұмыс режимін тұрақтандыру үшін (СБ) арналған; 
стартерсіз жылдам қосатын, ол балласттан және қосу элементінен 
(қыздыру трансформаторы және қосу конденсаторы түрінде орындалған) 
құралады және алдын ала қыздырылған электродтармен шамдарды жағу 
үшін, сонымен қатар олардың жұмыс режимін тұрақтандыру үшін (АБ) 
арналған; 
стартерсіз лезде от алдыратын, ол балласттан және қосу элементінен 
құралады және жоғары кернеумен электродтарды алдын ала қыздырусыз 
шамдарды от алдыру үшін, сонымен қатар олардың жұмыс режимін 
тұрақтандыру үшін (МБ) арналған. 
Құрылымдық орындалу бойынша ҚРА шамшырақтар корпусында 
орнату үшін арналған кіріктірілген (В) және бөлек орнату үшін арналған 
тәуелсіз (Н) болып бөлінеді. 
Сонымен қатар ҚРА өнеркәсіптік әкімшілік және адамдар тұратын 
орынжайларда пайдалану үшін арналған шу деңгейі төмен және сәйкес 
талаптар ұсынылатын қондырғыларда қолданылатын шу деңгейі аса төмен 
(ПП) болуы мүмкін. 
Аса төмен шу деңгейі бар, кіріктірілген, қысқыштардың істікті қалыбы 
бар, 802 сериялы, ХЛ4: 1УБИ-22К/220-ВПП-802 ХЛ4 климаттық 


175 
орындалуы және орналасу санаты бар, кернеуі 220 В болатын айнымалы 
тоқ желісіне қосу үшін арналған, қуаты 22 Вт болатын сақиналы 
люминисцентті шамның бір шамдық индуктивті ҚРА белгіленуінің 
мысалын келтірейік.
Люминисцентті шамдары бар жарықтандырғыш құрылғының сенімді 
жұмысы құрастыру барысында оның барлық элементтерінің дұрыс 
таңдалуымен және мұқият тексерілуімен, пайдалану ережелерінің 
сақталуымен және ақаулықтардың жойылуымен анықталады. 
Шамшырақта ақаулықтардың жоқтығы туралы көптеген жағдайларда 
шамдардың жану режимі бойынша қорытынды жасауға болады, мысалы: 
егер шамшырақтарды қосқан кезде шам жанбаса және оның 
ұштарында жарқырау болмаса, бұған шамшырақ сұлбасындағы ақаулық, 
қоректендіргіш желінің төмен кернеуі, шам істіктері мен стартер істіктері 
арасында патрон немесе ұстағыш-стартер түйіспелерімен нашар жанасу, 
шам электродтарының үзілуі немесе жанып кетуі, стартер ақаулығы 
себепші болуы мүмкін; 
егер шам катодтары қызса, бірақ шам жанбаса және жыпылықтамаса, 
бұған сұлбадағы қателіктер, стартер ақаулығы, радиокедергілерді басуға 
арналған тесілген конденсатор, корпусқа тұйықталу, ал стартерсіз қосу 
сұлбаларында – желінің төмен кернеуі, резонанстық конденсаторлардың 
тесілуі немесе трансформатордың екіншілік орамасының орамдар 
бөлігінің қысқа тұйықталуы, қоршаған ортаның төмен температурасы 
себепші болуы мүмкін; 
егер шамшырақты қосқан кезде шамның жыпылықтауы бақыланса, 
бірақ шам жанбаса, немесе тек бір электродтың жарқырауы орын алса, 
бұған сұлбадағы қателіктер, жанбайтын электрод тарапынан тізбектегі 
немесе патрондағы шунттау, шам электродтары шығыстарының 
тұйықталуы себепші болуы мүмкін; 
егер шам жыпылықтаса және жанбаса, ал оны осындай қосу сұлбасы 
бар басқа шамшыраққа орнатқан кезде қалыпты жанса, бұған сұлбадағы 
қателіктер, стартер ақаулығы (оның параметрлерінің шамға сәйкес 
келмеуі), желінің төмен кернеуі, қоршаған ортаның төмен температурасы 
себепші болуы мүмкін; 
егер шамның жануы қалыпты орын алса, ал бірнеше сағат жұмыс 
жасағаннан кейін оның ұштары кезекпен қарайса, және ол енді жанбаса, 
шамшырақ корпусына тұйықталу, ҚРА ақаулығы, шам ақаулығы орын 
алуы мүмкін; 
егер шамды қосқан кезде оның катодтарының жылдам жанып кетуі 
бақыланса, бұған ҚРА ақаулығы және сұлбадағы шамшырақ корпусына 
тұйықталу себепші болуы мүмкін; 
егер шамшырақты қосқан кезде шам қалыпты жанса және сөнсе, кейін 
қайта жанса және сөнсе, шам ақаулықтары немесе стартер ақаулықтары 
орын алуы мүмкін. 
Жарықтандырғыш қондырғыларды құрастыру және қолданысқа 
тапсыру кезінде сонымен қатар бірқатар басқа ақаулықтар пайда болуы 


176 
мүмкін, бірақ люминисцентті шамдары бар шамшырақтардың кез келген 
ақаулығы орын алған жағдайда олардың элементтерін мұқият тексеріп, 
анықталған кемшіліктерді жою керек. 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау