Мақсат пен жетекші принциптер
Сабақтық мазмұны
Модульдік жобалау мен бағалаудың рейтингілік бақылау жүйесі
Модульдік оқыту технологиясы
Оқытудың әдістері, түрлері және құралдарының бірлігі
Оқу модулі мен дидактикалық материалды құрастыру
Кесте-1 Модульдік оқыту технологиясы
Витогенді технология - инновациялықтехнология, оның пайда болуы мен дамуы, түрлері туралы әңгімелеудің алдында қазір білім беру жүйесінің негізгі бағытарына тоқталу керек. Жаңа технологияны оқыту үдерісінде пайдалану қажеттіліктен туындады. Ғылыми- техникалық даму ғасырындағы жаңа қажетті жағдайдың бірі – интелектуалдық, шығармашылдық, гуманды жас ұрпақты тәрбиелеу. Даму педпгогикалық оқыту процесінің, терең мағыналы мәніне айналады. Осы жаңа педпгогикалық технологиялардың бірі – витогенді технология.
«Витогенді» сөзі латын тілінен аударғанда «өмір», «тіршілікке қатынасты құбылыс» деген мағынаны береді. Витогенді технологияны оқыту үдерісінде өте тиімді пайдалануға болатындығын ғылымда дәлелдеген. Мұны голографиялық тәсіл деп атайды. Голография - заттың көлемді кескінін алуға мүмкіндік беретін әдіс. Голография ұғымы ғылымға 1993 жылы енгізілді. Одан әрі голографиялық сана деген ұғым пайда болды .
Ғалымдар голографиялық ситуация деген ұғымдада енгізді. Ол оқыту үдерісінде оқытудың мазмұнын ең аз деген мақсатты бағытталған үш проекцияның қосылуынан туындайтын көлемджі ашуға бағыталды.
Витогенді технология негізіне білім алушы өз білімін анықтай алады, оған жаңа білімді қосады, шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді, құбылыстар арасындағ байланысты көрсете алады, проект түзе алу мүмкіндігі туындайды, қиалдай алатын болады. Осылайша білім алушы алдына қойған мақсаты бойынша жұмыс істеуге дағдыланады.
Проблемалық оқыту. Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты- мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.
Проблемалық оқытуда мұғалім білім алушы білуге тиісті таным- түсінікті өзі айтып бермейді, қайта шәкіртке іздетеді. Олар ұғынуға тиісті заңдар мен заңдылықтарды, теориялық танымды, ақыл-ой тұжырымдамаларды білім алушының өздеріне іздету арқылы тапқызып, деркетерді талдап талқылау арқылы жетеізген нәтиже, түсінік-танымы тиісті білімді меңгеруі болып шығады. Сонда бұл жол проблеманы шешу, түрлі проблемалық ситуацияны талдау, болжамды айқындау, күрделі мәселе түйінін тарқату, мүмкіндігіне қарай тәжірибеде сынау нәтижесінде қол жеткен таным- түсінікті менгеруді білім алушының алған білімі деп танимыз. Мұндай іс- әрекет барысындағы жүйе мынау:
Проблемалық оқытуда мұғалім білім алушыны білім жүйесін ұқтыру мен іскерлік дағдысын қалыптастырумен қатар шәкіртің танымдық, шығармашылық бағдарда болуына жол нұсқайды. Тиісті тақырып бойынша проблемалық сұрақтарды шешудің варианттарын қарастырып, оны шешу шәкірттің үлесіне тиісті.Жаңа білімді игеру барысында білім алушының өздігінен ізденіп және оны практикада қолдана алу бағдарында еңбектенеді. Проблемалық оқыту білім алушының ғылым негіздерін мегерудегі дербестігін, қаблетін дамыру көзделеді. Білім алушының ойланту, іс- әрекеттегі ізденіс үшін репродуктивтік, продуктивтік және шығармашылық жолдар сәйкестіріле пайданылады. Репродуктивтік жолдар ұсынғанда атқарылатын іс- әрекет үлгі алгоритм бойынша орындалса, продуктивтік жолда білім алушы ситуацияны өзінше шешуге әрекеттеніп, жаңаша ізденуге мән береді. Ал шығармашылықта эвристикалық іс- әрекетке көшіп, проблеманы шешуде кенеттен келген ойларын ұсынып, жұмысты өзінше орындайды.
Білім беру саласында түсіндірмелі иллюстративтік оқыту жолының мәнділігі ой-пікірі айқын, жүйелі болғандықтан ондағы мағлұматты білім алушы қиналмай-ақ тез ұғынады, сол күйінде қайталап айтып бере алады. Алмұндағы әлсіздік-берілетін білім түсінік репродуктивтік, яғни қайталау түріне келеді де, білім алушының іс- әрекетегі өзіндік ізденісі мен өзінше ойлануна онша мән берілмейді. Орта оқу орындарындағы білімдендіру жүйесінде осы жол етек алған. Педагогика тарихында И.Гербарттық деп аталып дәстүрлік бұл жолдан көптеген мұғалімдер шыға алмай шармалап келеді, өйткені жаттандылық түріндегі оқтуға тым бейімделіп кеткендікпен қатар, екінші жағынан пәндік әдістемелік әдебиеттер осы жүйеге бағдарланған. Мұғалімнің іс- әрекеті: проблемалы ситуация туғызу, проблеманың мән- мазмұны туралы ойлауды ұйымдасрырады; тиісті қарама- қайшылыққа байланысты туындап отырған болжам жорамалды шешуді ұйымдастырады; болжам жорамалды тексеріп көруді ұйымдастырады; жүзеге асырылмақ нәтижеге байланысты тұжырымдама жасауды ұйымдастырады.
Білім алушының іс- әрекеті: кедергі мен қайшылық неде екенін аңғарып, оны зеріттеп білу; шешуші тиісті проблеманы айқындау; тиісті мәселеге байланысты өзінше болжам, жорамал жасап оны шешуге талпыну.
Болжам жорамалға талдау жасап, қойылған міндетті шешеуді тәжірбеде сынап байқалады. Қол жетке нәтижені талдап, тиісті қорытынды жасап, алған білімін жүзеге асырады.Проблемалық оқытудың пайдалы жағы білім алушыны шығармашылыққа бейімдеп, күрделі мәселені шешу жолындағы ізденіске құлшындырып, ойлау қабілктін дамытады. Ол білім алушының ойлауын жетілдіріп, ой еңбегіне қызықтырып , ақылсанасын өрістетуге ықпал етеді.
Проблемадан туған кедергіні жеңіу жолындағы ізденісі мен талпынысы шәкірттің білім білігінің нәтижелі, таным- түсінігінің жоғары деңгейге көтеріле түсудегі мүмкіндігін арттырады. Білім алушыны ой еңбегі саласында тиісті дәрежеге жеткізеді, іздеп таба білуге машықтандырады.
Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет бұруы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығы-ның даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа мақсатының жетістіктерімен байланысты.
Сонымен, зерттеу жұмысымыздың теориялық тұжырымдарын тәжірибелік түрде тексеру мақсатымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде алдын-ала теориялық зерттеулерге негізделіп дайындалған тәжірибелі-эксперимент жұмысы жүргізілді.
Эксперимент жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыруға байланысты біз жасаған үлгіні тәжірибелі-практикадан өткізуге және оның тиімді қолданылуын қамтамасыздандыратын педагогикалық шарттар кешенін тәжірибеден өткізуге бағытталады.
Тәжірибелі-эксперимент жұмыстарын жүргізу үшін алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымын оңтайландыру;
болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қамтамасыздандыратын оңтайлы әдістемелік технологияларды айқындау;
тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелерін математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеп, нәтижесін көрсету.
Тәжірибелі-эксперимент жұмысы үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Экспериментке барлығы 60 студент қамтылды. Педагогикалық сабақтардағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру жоғары, жеткілікті, орта және төмен білім деңгейлерімен бағаланды.
Бұл эксперимент жұмысының мақсаты жоғары оқу орындарының тәжірибесіне сүйене отырып, алынған білім мен біліктілікті практикада пайдалану.
Педагогикалық эксперименттің айқындаушы кезеңіндегі қолданылған әдістер: студенттердің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға дайындығын анықтауға арналған сауалнама жүргізу; студенттердің ізденіпаздықпен шығармашылық тұрғыда жұмысты орындауы; инновациялық технологияларды қолдану кезіндегі студенттердің іс-әрекетін бақылау.
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының анықтау кезеңінде сауалнама, сұхбат, сұрақ-жауап, тест, әңгіме, бақылау, байқау т.б. әдістерді қолдану арқылы ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылды. Бұдан соң болашақ мұғалімнің ақпаратты үдерістерді жүзеге асыру дайындығының деңгейін субъективті бағалауға арналған сұрақтар кешенін дайындадық.
Алынған нәтижелер студенттердің инновациялық құзыреттіліктері өздері бағалаған сауалнама нәтижелерінен төмен екенін көрсетті. Инновациялық құзыреттіліктің креативті деңгейінде (жоғары) 1%, эвристикалық деңгейде (орташа) 31%, ал репродуктивтік (төмен) деңгейде 68% студент бар екені белгілі болды. Нәтижесінде, инновациялық технологиялардыжүзеге асыру мотивациясы студенттердің 14% бар; инновациялық іскерліктер студенттердің 6% болғаны және 43% студент инновациялық құзырлығын бағалай алатыны белгілі болды.
Студенттердің инновациялық технологияларды қолдану білімі, іскерлігі мен дағдысы деңгейлерінің көрсеткіштерін төмен, орташа және жоғары деп айқындадық. Ол көрсеткіштер кесте-3-те бейнеленген.
Кесте-3 Студенттердің инновациялық технологияларды қолдану білімі, іскерлігі мен дағдысы деңгейлерінің көрсеткіштері
Достарыңызбен бөлісу: |