1. Дайындық кезеңі - ойынды дайындау; сценариін дайындау; жоспар құру; жалпы сипаттау; мазмұнын меңгеру; материалмен қамтамасыз ету.
2.Ойынға кіріспе - проблемалық мақсат қою; шарттарын білу; топ құру: рольдерді бөлісу; регламент белгілеу; жалпы түсінік беру; тиісті консультация беру.
3.Ойынды жүргізу кезеңі - топтық жұмыс; әдебиеттерман жұмыс; тренинг; ойлану; ойыншылармен жұмыс; топ аралық жұмыс, пікірталас; топтардың жұмысты баяндауы; нәтижені қорғау; пікірталас туғызу.
Талдау және қорытындылау кезеңі - ойынға қорытынды жасау; талдау, рефлексия; баға және өзіндік баға; ұсыныстар беру.
Соңғы жылдары «компьютерлік технологиялар» деген ұғым «ақпараттық технологиялар» терминімен алмастырслуда. Бүкіл ақпараттық технологиялар компьютерлік оқытумен байланысты. Қазіргі күннің қажеттілігі- қарқынды күщейте (интенсивті ) оқытудың ашық жүйелерін жасау және қолдау. Бұл жүйелер студеннтке өзіне тиімді оқыту технологиясын таңдап алуына және жеке даму бағдарламасын құруына мүмкіндік береді. Бірақ, қарқынды күшейте оқытудың ашық жүйелерін синтездеуді іске асыру төмендегідей шарттарыды орындағанда ғана мүмкін болады:
оқыту үрдісі жүргізілетін ортаның сипаттарын жан- жақты есепке алу: педагогикалық ортаның мазмұндық сипаты студенттердің білім, білік, дағдыларымен, танымдық және мәдени потенциалымен, оқуды және өздігінен жұмысты ұйымдастыруының әдістерімен және формаларымен анықталады;
оқыту үрдісінің студент жеке тұлғасына қатысты бейімделу принціптерінің ұсталуы; бұл принцп практикада студенттің пәнді игеруінің тармақталған бағдарламасын жасау арқалы ісек асады (пәннің ішкі және сыртқы модульдерін құрастыру);
студенттердің жалпы ғылымдық және арнаулы білімдерді қысқаша түрде, базалық білімдер берілген пәннің «логикалық конструкциясын» жоьалау арқылы жеке игеруін жылдамдату принципі.
Пәннің жалпылама логикалық кострукциясын жобалау алгоритмі төмендегі процедуралардан тұрады: мазмұнды бөлек элементтер жүйесі түрінде елестету қарастыру; базалық білімдерді бөліп қарастыру үшін элементтердің өзара байланысының матрицасын жобалау; базалық білімдерді символдық, графикалық т.б. түрлерде моделдеу; базалық білімдерді неғұрлым жалпы ұғымдар мен олардың арасындағы жүйелік байланыстарды анықтау үшін қайта жақтау; ғылыми білімнің берілген бөліміне тән танымдық қызметтің жалпы құрылымын қалыптастыру; жалпы әдіс- құралдарымен шешілетін жеке тапсырмалар жүйесін жасау.
Модулдік оқыту және рейтинг - бақылау жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталсақ, модуль дегеніміз - міндетті түрде білім алушының білімен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған білім. Модульді құрастырыудың негізінен пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блокына сәкес келеді. Бірақ, тақырыптан айырмашылығы – модельде: тапсырма, жұмыс, білім алушылардың сабаққа қатысу, білім алушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгейі – бәрі – бәрі өлшеніп, бағаланып отырады. Оқу модулі қайта жаңғартушы оқу циклы ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе , сөлесу және қорытынды. Модуль білім алушыда өз бетімен еңбектену, оқу – танымдық процесті басқара алу икемділігінің дамуын қамтамассыз етеді.
Сонымен модулдік оқыту технологиясы құрлымының мынадай нұсқасын көреміз: 1.Оқу мақсаттарымен таныстыру: 2. Мазмұны жақын тақырыптар топ немесе тарау бойынша жасалған жалпы модульмен таныстыру. 3.Мұғалмнің оқу материалын қысқаша баяандауы. 4.Өзара сөйлесу негізінде оқущылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір білім алушынық қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру. 5.Жалпы тақырыпқа, тарауға («өсу» бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену. 6.Тұтас тақырып бойынша тестілеу. 7.Тақырып бойынша қалыпты сынақ (өзіндік жұмыс,бақылау жұмысы, т.б.).
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі - мұғалімнің даярлық жүйесі. Ал педагогикалық процесс барысында ол фасилитатор, кеңесші және білім алушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы ролінде болады. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ сол модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.
Мұғалімнің алдын ала жүргізетін жұмысы төмендегідей әрекет-қадамдардан тұрады: берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді айқындау; берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып зерттеу; берілген модуль бойынша негізгі мағынаны беретінтүйінді ұйымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рефльефтік (код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау; тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде); оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15- 20 тапсырма шамасында).
Берілген модульдегі оқу материалын тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогын құрастыру(оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты сынақты алмастыруға болады). Сөйлесу бөлімін әзерлеу. Оқытудың белменді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір білім алушыға арнап күрделілік дәрежеіндегі тапсырмалар және ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.
Модульдік оқу технологиясында білім алушылардың оқу қызметінің нәтижелерін бағалаудың, өзін- өзі және бірін- бірі бағалаудың мәні зор. Білім алушылар білімін бағалау балдық жүйемен жүреді, онда әрбір білім алушыға әртүрлі күрделілік деңгейіндегі үш тапсырма беріледі. Олар шартты белгілермен көрсетіледі.
Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда бірін-бірі бағалау әдісін қолдануға болады. Сонымен талқылауға ұсынылып отырған бұл технология: білім алушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға; таным процестерін дамытуға; белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға; тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым- қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашлық өзін- өзі белсендіру, өзін - өзі бекіту қажеттіліктерін қанғаттандыруға әсер ететіні сөзсіз.
Модульдік оқытуда оқу материалын үйренудің реті, игеруге тиісті негізгі ұғымдар, дағдылар мен біліктер, материалды игерудің деңгейі мен сапасы- барлығы алдын- ала жоспарланып қойылады. Модульдердің саны пәннің ішкі ерекшеліктеріне, сонымен қатар оқытудың қажетті бақылу жиілігіне де байланысты. Модульдік оқыту - рейтингілік бақылау жүйесімен тығыз байланысты. Модуль неғұрлым ірі және маңыздырақ болса, соғұрлым оған балалар саны көбірек беріледі. Пәннің базалық мазмұны ұғым құрамында базалық мазмұнды блоктар логикалық бір жүйеге келтірілген оқу модулі ұғымымен тығыз байланысты.
Базалық ұғымдар модуль бойынша естілетін істердің барлығын қамтитын және модульді оқып біткеннен кейін бақылауға (әдетте тест түрінде) алынатын сұрақтар мен тапсырмалар құрастырылады. Әрбір модуль қарастырылып болғаннан кейін тест бақылауының нәтижелері бойынша оқытушы студенттерге қажетті ұсыныстар жасайды
Достарыңызбен бөлісу: |