Технологияларды пайдалану



жүктеу 372 Kb.
бет9/22
Дата06.01.2022
өлшемі372 Kb.
#36806
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Дисс.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар берілді және қарастырып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.

ХХІ ғасыр – әлемдегі өзгерістерге негізделген білімнің дәуірлеу ғасыры, өйткені, ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін анықтауда негізгі көрсеткіш болып табылады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты әсіресе соңғы кезде педагогика саласына түбегейлі өзгертулер, жаңалықтар енгізілуде. Біздің басты игіліктеріміздің ішінде халқымыздың немесе басқаша айтқанда адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады.

Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік-экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады.

Жаңашылдық - білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Ол оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.

Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады.

Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның ролі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация» мен «инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымын энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады.

Инновация ұғымына жалпы энциклопедияның жаңа басылымында «инновация» - жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы» деген анықтама беріледі. Ал, сөздікте ««новация» – бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі» делінсе, «инновация» – мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық» ретінде пайымдалады [5.23].

«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді. Инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне экономика, техника, агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.

Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер кезде оның түрлеріне де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулері білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани, құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп бөлсе; ал біреулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды: жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және ұсақ, сырттан әкелінген және спонтандық, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады.

Заманауи педагогтар Г.М. Кусаинов, М.М. Жанпейсова, Т.С. Садықов, А.А. Саипов, М.И.Махмутов, Б.А. Тұрғынбаева, Е.Ө. Медеуов, Т.Сабыров, А.А. Жолдасбеков, Ж.К. Оңалбек және т.б. маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған.

Болашақ жоғары кәсіби мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары А.В. Усова, И.Л. Беленок, Б.К. Момынбаев, М.А. Құдайқұлов, Ш.Т.Таубаева, А.Е. Әбілқасымова, А.Б. Абибуллаева, О.С. Сыздықов, А.Г. Қазмағамбетов, Б.Т. Кенжебеков, С.М. Кеңесбаев, Қ. Ералин, Б. Тойлыбаев, К.М. Беркімбаев, А.З. Тұрсынбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талданған.

Б.К.Момынбаевтың, Л.К.Керімовтің, С.Ж.Пірәлиевтің, М.Н.Сарыбековтың, С.С.Хасеновтың, Н.Асановтың, Қ.Б.Бөлеевтің, Ж.А.Шоқыбаевтың, Е.Омардың, Н.К.Ахметовтың, К.М.Беркімбаевтың және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жоғары мектепте білім беруді ұйымдастыру мен жетілдірудегі қазіргі заманғы жолдары, әдістері жан-жақты қарастырылған.

Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мәселелері де ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс қалмады. Оны республика ғалымдары бірнеше бағытта зерттеді. Айталық, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Ш.Т.Таубаева, С.С.Хасенов, Е.Ш.Қозыбаев, жалпы орта білім беру жүйесіндегі мектепті басқару Н.А.Әбішев, К.Д.Қарақұлов, кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Б.К.Момынбаев, К.Ө.Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Қ.Ж.Аганина, А.М.Мүсілімов, Г.Т.Хайруллин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Инновациялық үдерістерді қолданудағы педагогикалық менеджмент, яғни жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау мәселелері К.Ангеловский, М.В.Кларин, В.Я.Ляудис, М.М.Поташник, С.Д.Поляков, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова, В.И.Загвязинский, П.И.Пидкасистый, Н.И.Лапин, А.И.Пригожин, Ю.Н.Кулюткин, А.К.Маркова, Н.Д.Никандров, Я.А.Пономарев, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, Л.Н.Фридман және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т.Таубаева, С.Н.Лактионова, Е.З.Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т.О.Балықбаев, Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова, Н.И.Хван, Л.Е.Румянцева, З.У.Имжарова, М.М.Мұқаметқалиқызы және т.б. педагог ғалымдар зерттеген.

Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы педагогикалық инновацияға, оның ішінде инновациялық білім беру үдерістеріне қатысты бірқатар аспектілер зерттеле бастады.

Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды бір құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады.

Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі. Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды. Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі. Жаңалықты енгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық іс-жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады. Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады. Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады: Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді. Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады. Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.

Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше, оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитындығынан көрінеді.

Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), басқарылғыштығы, инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады.

Еліміздегі жоғары оқу орындарында білім мен ғылымдағы ең алуан түрлі және болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде. Оқытудың кредиттік жүйесін, қашықтан оқыту формасын енгізуді, маман даярлаудың көпсатылы құрылымына көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық әдістерін қолдануды атап айтуға болады.

Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып, жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.

Инновациялық іс-әрекеттің түрлі аспектілерін, білім берудің мазмұнын дамыту, жаңалықты енгізу мәселелерін Ю.К.Бабанский, В.С.Библер, Ю.С.Гершунский, В.П.Кваша, В.С.Лазарев, В.Я.Ляудис, А.В.Лоренсов, В.М.Полонский, С.Д.Поляков, М.М.Поташник, А.И.Пригожин, Л.С.Подымов, В.А.Сластенин, В.Д.Чернилевский және т.б. қарастырған. Осы ғалымдардың пікірінше, инновациялық процестердің маңызды міндеттерінің бірі жаңашыл педагогикалық идеяларды негіздеу және оларды практикада қолдану процесіне басшылық жасау болып табылады.

Педагогикалық инновациялардың теориялық-әдістемелік сипаты Б.Р.Айтмамбетова, Н.А.Әбішев еңбектерінде, ал инновациялық мектептер мәселесі Т.Я.Линчевская, Л.С. Подымова және т.б. еңбектерінде айқындалған.

Инновациялық процесс осы жаңалықтардың ашылу жолдарын қарастырып қана қоймайды, сонымен бірге паудалануын, оның практика жүзінде таралуын қамтамасыз етеді. Педагогика үшін жаңалықтың сапалық, сипаттамаларының маңызы зор. Бұл жаңалықты енгізу мәселелерімен тығыз байланысты. Кейде жаңалықты енгізу барысында мұғалімнің шығармашылық қабілетіне сәйкес жаңалықтар көпнұсқалығымен, кенеттен пайда болуымен сипатталады.

Инновация сөзін қазақша тәржімаласақ, жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс дегенді білдіреді. Педагогикалық үдерісте инновация оқыту мен тәрбиенің әдіс-тәсілдері, түрлері, мақсаты, мазмұны, сондай-ақ, мұғалім мен білім алушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу болып табылады.

Қазіргі кезде педагогикалық инновацияның білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелерінің бірі – жаңалықтарды топтастыру. Мұғалім үшін ашылған жаңа әдісті жан-жақты түсіне білу үшін, бұл жаңалықтың басқа жаңалықтардан ерекшелігін, айырмашылығын, артықшылығын көре білу қажет.

Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.Педагогикалық технологиядағы басты мақсат – білім алушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.

Оқыту процесін жандандыру білім алушылардың оқуматериалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың практикалық іскерлікті мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Оқу процесінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, инновациялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.

Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың инновациялықтехнологиясын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны, инновациялық жетілуіне әкеледі.

Педагогикалық технология ұғымына шетелдік және отандық әдебиеттерде үш жүзден астам анықтама берілген. Бұл педагогикалық технология ұғымының қалыптасу мен дамуының тарихында оның оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деп ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар. Олар педагогикалық технология мәселесіне арналған Б.Блум, Ф.Фрадкин , М.Кларин, Л.В.Занков т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

«Технология» термині алғаш рет 1904-50 жылдары шет елдерде пайда болды және ол педагогикалық процесте технологиялық құралдар мен оқыту бағдарламаларын пайдалануға байланысты болды. Технология – өнім алу барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай шикі заттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу не өзгерту әдістерінің жиынтығы.

Педагогикалық сөздікте «педагогикалық технология – социо-мәдени өлшемді тұлғалық көрініс еркіндігін үйлестіруші әлемге қатынасын қалыптастыру мақсатында қоршаған ортамен дара қарым-қатынас мағынасында балаға, педагогтық әсер етуінің ғылыми негізделген кәсіби шешімін білдіретін педагогикалық шеберліктің компоненті», -делінген.

Қазіргі кезеңде педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ал бұның өзіпедагогтар қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктейді. Мұндай міндеттерді шешу мұғалімдерден мектептерде білім алушыларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттырудың, оқытудың инновациялық технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл енгізуді талап етеді.

Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан «технология» technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.

Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.

Сонымен, педагогикалық технологиясы оқыту әдістемесімен салыстырғанда, білім алушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы білім алушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді. Ал инновациялық технология жаңа ғылыми немесе практикалық шығармашылықтың қорытындысы деуге болады.

«Педагогикалық технология» термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал технологияның өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіріледі. Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық мiндеттердi шешумен байланысты, педагогтің жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып отыр. Ал, бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да, әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру инновациялық технологияны ендіруді міндеттейді.

Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.

Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық процесстер білім беруді жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық процестерді игеру, жасау, қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда.

Мұғалімдер мен практикалық қызметкерлердің педагогикалық жаңа білімге деген қажеттіліктің күшеюінен келесі тенденция туындайды. Педагогикалық жаңалықтарға объективті баға бере алатындай, инновацияларды игере алатындай педагогикалық қауымның құрамын және құрылысын жаңарту жүзеге асып жатыр.

Келесі үрдіс - жаңалықтарды практикаға енгізу кезеңімен байланысты. Жаңаны қолданудың жалпылама сипаты өседі. Бұны педагог - новаторлардың іс-тәжірибелерін таратудан көруге болады.

Тенденциялар мен қайшылықтар инновациялық заңдылықтар туралы мәселені қарастыруды талап етеді. Зерттеушілердің айтуы бойынша, білім беру жүйесінде инновациялық процестерді сипаттайтын жалпы заңдылықтардың бірі-педагогикалық инновациялық ортаны қайырымсыз дестабилизациялау заңы. Бұл заңдылықтың мәні мынада: қандай болмасын білім беру жүйесіндегі инновациялық процесс жүзеге асу барысында инновациялық әлеуметтік ортаға, педагогикалық дедуктивтік өзгеріс әкеледі.

Келесі заңдылықты инновациялық процестің түпкілікті жемісті жүзеге асуы деп атауға болады. Басқаша айтқанда, қандай болмасын инновациялық процесс ерте ме, кеш пе әйтеу ең соңында саналы түрде болсын, болмасын жүзеге асуы қажет. Алғашында енгізуге, игеруге үмітсіз жаңалықтар ең соңында өздеріне жол ашып, жүзеге асып жатыр.

Сонымен, инновация мәселесі педагогикада педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру процесіне ықпал жасайды. Көпшілік ғалымдардың айтуы бойынша мұндай нәтижеге жетуі үшін педагогтың инновациялық іс-әрекеті келесі талаптарға сай болуға тиісті:


  • өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілетіне;

  • жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесімен хабардар бола отырып, өз жұмысын ұғыну қажеттілігіне;

  • жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге енгізуі;

  • педагогикалық инновацияның жаңа әдістерімен тәсілдерін өз бетінше жасау;

  • педагогикалық кертартпалықпен, артта қалушылықты болдырмау.

Инновациялық технологияны пайдалану педагогикалық іс-әрекетте әлеуметтік-экономикалық жағдай тудырған басқа білім беру сфераларынан белгілі бір стандарттың межесінен ауытқу мен балама жүйе енгізу шараларын атқарады. Инновациялық іс-әрекет жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзінде пайдалану сияқты процестермен сипатталады.
Кез келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым мен мәдениеттің қарқында дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз.     Оқыту технологиясы - бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі.

Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды бір сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, енгізіліп жатыр. Олар: Лысенкованың алдына ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі, т.б.

Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М. Монаховтың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген инновациялық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қолданып жүр.

Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады: жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту; теориялық білімнің жетекші ролі; оқу материалын жеделдете оқыту; оқу үрдісін білім алушының сезінуі; барлық білім алушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

 Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген инновациялық технологияның негізіне жататындар: әрбір білім алушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру. Инновациялық технология түрлеріне: ынтымақтық педагогикасы; білім беруді ізгілендіру технологиясы; проблемалы оқыту технологиясы; тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы; түсіндіру басқарып оза оқыту технологиясы; деңгейлік саралап оқыту технологиясы; міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; жобалап оқыту технологиясы.

Оқытудың технологиясын жетілдірудің педагогикалық бағыты негізгі ой-тұжырымдары бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу, білім алушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады.

Жаңа технологияның принциптері -оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.

Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруде педагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, олардың зерттеушілік жұмыстары, шығармашылық іс-әрекеттері пайдаланылады.

Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты- білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. 

Қарақынды күшейте (интесивті) оқыту технологиясы. Оқытуды интенсивтендіру (қарқынды күшейте оқыту) дегеніміз – оқытудың сапасында, мерзімін де өзгертпей, бірақ оқу ақпаратын кеңірек көлемінде беру. Оқу үрдісін күшейте түсу үшін тұлғаның шығармашылық потенциалын іске қосатын танымдық үрдіске жетекші ететін ғылыми негізделген әдістерді жасау және еңгізу қажет.

Оқыту жылдамдығын арттыру үшін оқу материалының мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдіру қажет. Мазмұнды жетілдіру үшін:


  • оқу материалын рационалды таңдап іріктеу, яғни оқулықтың негізгі, базалық бөлімі мен негізі емес, қосымша ақпараттық бөлімін айқындап алу және орналастыру; соған сәйкес негізгі және қосымша әдебиеттер қарастырылу тиіс;

  • оқу материалын уақыт параметіріне сәйкес бөлген кезде жаңа материалды сабақтың бас кезінде – білім алушылардың зейініне барынша белсенді кезеңіне айықтап беру;

  • аудиториялық сабақтарды курстың бас кезінде басымырақ қойып. өз бетімен жемісті жұмыс жасаған кезде студентке тірек боларлық білім қорын жақсарту;

  • бұрынғы берілген және жаңа ақпараттардың логикалық бірізділігін қамтамасыз ету.

  • күшейте оқыту үрдісі жеке психологиялық және ұжымдық – психологиялық факторлардың үйлесімді қарым-қатынасына негізделген.

Топтық оқыту технологиясы. Теориялық зерттеулер де практикалық тәжірибе де көрсетіп отырғандай, оқу іс-әрәкетінің пәні, қарым-қатынас құралы болған кезде алынған білімдер неғұрлым биік болады. Бұл кезде, яғни, топтық оқыту кезінде оқыту үдерісінде білім алушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге байланысты қарым-қатынас туындайды: «субъект (студент) – объект (пән) - субъект (студент)». Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас оқу үрдісінің оқыту және тәрбиелеу функцияларының қатар және тиімді жүруіне жағдай жасайды. Топтық оқытудың тиімді ойластырылған әдістері, әсіресе, шетел тілдерін үйретуде өте тиімді. Топтық жеделдете оқытуда әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына игі әсер ететін оқу ұжымы пайда болады.

Оқу процесі барысындағы тұлға аралық іс-әрекет әлеуметтік қызығушылықтарды (стимул) қозғау арқылы мотивацияны күшейтеді : жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер білім алушының өз-өзіне сенім артыруына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді. Іскерлік ойындар технологиясы. Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін моделдеу, елестету.

Адам тәжірибесінде ойын іс-әрәкеттілі мынадай қызметтерді орындайды:


  • көңіл көтеруші: ( бұл ойынның негізгі қызметі – шаттану, ләззат алу, қызығушылық ояту);

  • коммуникативтік: қарым-қатынас диалектикасын меңгеру;

  • ойын-терапевтикалық: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу;диагностикалық: өзін-өзі тану ойын үдерісінде (ережеге сай мінез-құлықтың ауытқушылықтарының пайда болуы);

  • коррекция қызметі: тұлғаның құрымдылық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу;ұлтаралық коммуникация қызметі бойынша: барлық адамға ортақ әлуеметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру;

  • әлеуметтендіруші: адамдардың қоғдасып өмір сүріп нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде бекіту

Ойындардың көбісінде өздеріне сай мынадай 4 басты қырлары болады:

  • еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесінен немесе іс-әрекеттілік процесінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады (процедуралық қанағаттану);

  • шығармашылық, белгілі деңгейдегі іс-әрекеттің импровизациялық өтебелсенді (шығармашылық «жолы»):

  • эмоционалдық көтеріңкілік, қарсыластық, конкурентілік, атракция және т.б. (ойынның табиғи сезімділігі, «эмоциялық кернеу»);

  • түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойындағы мазмұнды ашу.

Ойын құрылымына оның процесі ретінде жатқызылады:

а) ойнаушының өзіне алған рөлі;

б) осы рөлдер іске асырылуының қоспасы ретіндегі ойын іс-әрекеті;

в) пәндерді ойын түрде пайдалану;

г) ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас;

д) сюжет (мазмұн) – ойындағы «шындық аумағы».

Іскерлік ойындарды дайындау барысында төмендегідей психологиялдық- педагогикалық принциптерді жүзеге асыру қажет:


  • өндірістің нақты жағдайлары мен динамикасының, кәсіби қызметтің, іс-әрекетінің мазмұнын имитациялық модельдеу принципі;

  • білім алушыларда кейбір қиындықтар мен ойлау қайшылықтарын тудыратын тапсырмалық ойындар жүйесі арқылы берілген кәсіби қызметке тән проблемалық аухалдарды жасау принципі;

  • ойында көрсетілген өндіріс мамандарының функцияларын бейнелеуде қатысушылардың бірлескен қызметі принципі;

  • оқу тапсырмаларын шешуде, келісімде шешімдерді дайындауда және қабылдауда серіктестердің іс-әрекеттік және диалогтық қарым-қатынастарының шешуші роль атқаруы принципі;

  • оқу ойын іс-әрекетінің екі мақсаттылығы принципі. Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасын дамытуда біршама маңызды міндеттерді шешеді: білім алушылар мамандығына қажет білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби бірліктерді игереді.

Бірақ, бұл маңызды іс-әрекет ойын формасында іске асырылады да, білім алушыларға интелектуалдық, эмоциялық және творчестволық тұрғыдан өзін көрсете білуіне мүмкіндік береді.

Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өндеуден – қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат – шығармашылық – іздемпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе білім алушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.

Ойынды олдана отырып оқыту технологиясының мақсаты да – білім алушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын-ала болжай білуге үйрету.

Ойынның функциясы өте көп: дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік т.б.

Барлық ойындарды танымдық беп атасақ қателеспейміз.

«Дидактикалық оиындар « тетмині дидактика бөліміне мақсатты түрде кіргізілетін ойындардың барлығына тән. Баланың танымдық белсенділігін, интелектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар:

1-ші топ- заттық ойындар- ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жаруарлар әлемін, олардың арасындағы қарым- қатынастарды т.б. зеріттеп таниды.

2-ші топ шығармашылық, сюжеттік рольдік ойындар. Мұнда сюжет- интеллектуалдық іс- әрекетің формасы.

Саяхат ойындары. Бұған кітаптар, карталар, документтер бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлке танушылық, ізшілер т.б. саяхаттар жасады. Білім алушылар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф т.б. рольдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындардың білім алушылардың шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.

3-ші топ - дайын ережелері бра ойындар. Бұл ойындар,әдете, оушыдан жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең – бастысы пәнді білуді талап етеді.

4-ші топ – еңбек, техникалық, коструктролық, құрылыс ойындар. Бұл ойындар ересектердің кәсіби қызметтерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында білім алушылар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалдарды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.

5-ші баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер. Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жатығу деңгейін аңғарып, одан әрі детілдіру жолдарын көрсетеді.

Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар білім алушыларды біліммен, біліктермен және дағдылармен қарулануға бағыттайды. Оқтудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Білім алушылардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психологиялық сипаттағы дамушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викрориналар, ребустар, криптограммалар т.б.

Дидактикалық ойындардың нәтижелі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелігіне; екіншіден, ойын бағдарламалырының мақсаттылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсаты оқтудың басты мақсатымен үндес білім алушының білуге, білімге деген құштарлығын ояту.

Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясы (М. Валиеваның құрастыруы бойынша):


жүктеу 372 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау