Күнделікті сабақтың үлгі жоспары
-
Сабақтың кезеңі
|
Сабақтың мазмұны мен мақсаты
|
Ұйымдастыру , тақырып пен сабақтың мақсаты
Жұмыс орнын дайындау
Алдағы орындалатын жұмыстың жоспары
Практикалық жұмыс (бұйымды жасау)
Бұйымдарды тексеру, баға қою
Сабақты қорыту
|
Өз жұмыс орнын ұқыпты, таза ұстау, өткен сабақты еске түсіріп , бүгінгіге байланыстыру . Бұйым жасауда өткенді қалдана отырып , қандай жаңа әдістерді үйренетіндерін түсіндіру .
Қауіпсіздік техникасы ережелерін қайталау, құрал – саймандар мен материалдарды парта (үстел) үстіне дұрыс орналастырып сабаққа дайындау.
1.жасалынатын бұйымның пішіні, бөлшектері, қолданатын орны. 2.Жұмысқа керекті материалды, құралды дайындау.3.Бұйымның бөлшектерін өлшеуге дайындау.4.Жұмысты жеке немесе коллективті орындайтындығын белгілеу.
1.Бөлшектерді жұмысқа дайындау(қию, кесу,тесу т.с с.). 2.Бөлшектерді бір – біріне құрастыру (желім, ермексаз, шеге, болт, гайка, т.б.).3. Құрастырылған бөлшектерден бұйым жасау
Біткен бұйымдарды салыстыру, талдау, қателерін түзеу. Баға қою.
Бұйымды талдау, жақсы және кемшілітерін айтып, сабақты аяқтау. Біткен жұмысқа тәжірибе, байқау жүргізу.
|
Бұйымға қойылатын талаптар
Гигиеналық
Адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауамен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиеті, кір жұқтырмаушылығы, ыңғайлылығы, су сіңірмеушілігі киімнің негізгі гигиеналық көрсеткіштері.
Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына байланысты көйлек пен жазғы көйлектердің ауаны өткізіп, ылғал өткізбейтін және киюге ыңғайлы болуы керек.
Экономикалық
Қоғамдық сұраныстар, яғни қоғамға қандай бұйымның қажеттілігі туралы. Оларға деген сұраныс көп пе, жаңа бұйым өндіру мен тұтыну қосымша қандай әлеуметтік тиімділікке жеткізе алатындығы туралы ақпарат.
Экономикалық талаптарды зерттеу барысында толық жабдықталудың тауар түрінің сәйкестігіне, киімнің баға деңгейіне үйлесімділігіне ерекше назар аударылады.
Техникалық
Киімді тігіп шығару барысында мемлекеттік стандарт және техникалық шарттар талабына сәйкес келетіндей болып орындалуы тиіс. Киімге қойылатын өнеркәсіптік талаптар мен ұйымдастырылуына сай келуіне, кәсіпкердің шикізат ресурстарын ескеруіне, қалыптасқан технология мен қолда бар техникаға сәйкес келуі дағдыларына негізделеді.
Эстетикалық
Бұйымның көркем безендірілуі, матаның және түйме ілгектерінің түр мен түске қарай іріктеліп алынуы жатады. Қандай түрде тігілген киім болса да ол қоршаған ортаға ыңғайлы, әдемі, денеге қонымды, жарасымды болуы керек. Бұл жерде киімнің алдындағы өңірлерінің әр түрлі үлгіде тігілуі, әшекейлі болуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |