Технология сабағының мазмұны, бастауыш сыныптардағы технология пәнінің бағдарламасы. Технология сабақтарының мазмұны


-тақырып. Бастауыш сыныптардағы технология сабағының құралдары мен жабдықтары



жүктеу 116 Kb.
бет2/9
Дата19.05.2023
өлшемі116 Kb.
#42667
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Òåõíîëîãèÿ ñàáà?ûíû? ìàçì?íû, áàñòàóûø ñûíûïòàðäà?û òåõíîëîãèÿ ï

3-тақырып. Бастауыш сыныптардағы технология сабағының құралдары мен жабдықтары .
Еңбек кабинетін жабдықтау және стендтермен безендіру
Кабинетте сабаққа керекті материалдар, құралдар және оқушыларға арналған партаны (үстел) жұмыс істеуге дайындайды. Мұғалім партаны (үстелдерді) кабинетте коллективті жұмыс істеу үшін әр түрлі орналастырады. Мысалы: төрт немесе алты оқушыдан топтастыру үшін үстелдерді бір- біріне біріктіріп, оқушыларды айналдыра немесе үстелдің екі жағына екі – екіден, не үш – үштен отырғызып жұмыс жасатқызады. Оқушыларды бұлай топтастырғанда терезедегі жарықтың қай жаққа түсіп тұрғанын ескеру қажет.
Еңбек кабинетін жабдықтау әр мұғалімнің шығармашылық ізденісіне байланысты. Оның түрлі нұсқаларын жергілікті жердің жағдайына, мүмкіншілігіне қарай ойластырады.
Еңбекке үйрету сабақтарына керекті материалмен құралдарды сатып алады немесе оқушылар мен мұғалімдер қолдан жасайды.
Жабдықталған кабинетте сабаққа пайдалану үшін эпидиаскоп, диапроектор, кинопроектор аппараттары болуы тиіс оқу фильмдері, диапозитивтер, диафильмдер тақырып бойынша жеке сақталады. Кабинетке оқу құралдары мен бұйымдар сақтауға арналған секциялық шкафтар қойылады. Бұл шкафтар оқу құралдарын сақтаумен қатар көрме ұйымдастыруға қолайлы. Қабырғаларға әдемі стендтер ілінеді, олардың әрқайсысына еңбекке үйрету тақырыптарының мазмұны, бұйымдар жасауда қолданылатын материалдар мен құрал – саймандардың суреттері салынады. Суреттерде осындай стендтер және оларды безендірудің үлгілері көрсетілген.
а) Бірінші тақтайшада: қағаз және катырма қағазбен жұмыс істеу. Қағаз және қатырма қағаздың коллекциясы, қандай бұйымдар, ойыншықтар жасалатын, қасиеттері, сызғышпен өлшеу, бүктеу, қаттау, жырту, кесу, қайшымен қолданатын әдістер.
ә) Екінші тақтайшада: аралас материалдармен жұмыс істеу. Олардың түрлері, жасалатын бұйымның қасиеттері, кесу, қию, сындыру, жону, егеу, қағу, тесу, желімдеу әдістері.
Аралас материалдардың бір түрі табиғи материалдар:

  1. Жазық табиғи материалдар: терек, емен, қайың, тал жапырақтары, түрлі өсімдіктердің жапырақтары, гүлдер, ағаш қабыршағы т.с.с.

  2. Көлемді табиғи материалдар: қоға, емен жаңғағы, шырша бүршігі, жүгері, түрлі жемістердің дәндері т.с.с.

б) Үшінші тақтайшада: конструктормен жұмыс істеу. Олардың бөлшектерін құрастыру әдстері, құрал – саймандар (кілт, бұрауыш, пинцент, гайка, винт т.с.с.) жиынтық бөлшектері.
в) Төртінші тақтайшада: жіп матамен жұмыс істеу. Жіптер мен маталардың коллекциясы, олардың қасиеттері, құрал – саймандар жасалынатын бұйымдар, сызғышпен өлшеу, бүктеу, қайшымен қию әдістері көрсетіледі.
г) Бесінші тақтайшада: ағашпен жұмыс істеу. Ағаштың түрлері, олардың қасиеттері, жасалатын бұйымдар, қолданатын әдістері және (сындыру, жару, ию, кесу) құрал – саймандар.
ғ) Алтыншы тақтайшада: түптеу жұмыстарына үйрету. Кітаптарды күту, өңдеу жұмыстары, қолданылатын құрал – саймандар, заттар және оқушылардың өздеріне керекті құралдарын жасап үйрену (блокнот, дәптер салатын папка т.с.с.) әдістері.
д) Жетінші тақтайшада: сымдармен жұмыс істеу. Сымдардың түрлері, қасиеттері, олардан қандай бұйымдар жасалынады, оған қолданылатын құрал – саймандар.
е) Сегзінші тақтайшада: ауыл шаруашылық жұмыс түрлері. Тәжірибе учаскесіндегі және сыныптағы өсімдіктерді баптауда қолданылатын құрал – саймандар (жіп, қазық, ағаш балға, күрек, кетпен, тырма, жәшік, шелек, су сепкіш, зембіл, және өлшегіш.)
Осы айтылған тақырыптар бойынша бөлек – бөлек стендтер жасауға немесе бір стендтің бөлімдері ретінде безендіруге болады. Келесі стенд «Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелеріне» арналады. Ол 6 бөлімнен құралған. Бөлім тақтайшалармен беріледі. Бұл стенд еңбекке үйрету сабақтарына қойылатын негізгі қауіпсіздік техникасы ережелері мен еңбек гигиенасы ережелеріне арналады.
а) Бірінші тақтайшаға шамамен мына ережелер жазылады.
1.Жұмыс істейтін орнында тек жаңа сабақтың тақырыбына байланысты құрал – саймандар мен материалдар болуы тиіс;
2.Құрал – саймандар мен материалдарды парта (үстел) үстіне дұрыс орналастыр;
3. Жұмысты әрқашан мұғалімнің рұқсатымен баста;
4.материалдарды керекті бұйым жасау үшін, үнемдеп қолдан;
5. Құрал – саймандарды мұғалімнің көрсеткен әдістері бойынша қолдан;
6. Өз жұмыс орныңды барлық уақытта таза сақта;
7. Жұмыс үстінде басқаға назарыңды аударма;
8. Жұмыс біткен соң құрал – саймандар мен материалдарды өз орындарына қоюға әдеттен.
Екінші тақтайшаға:
ә) қайшы, қайшыны қалай ұстау, қағазды қалай қию, үстел (парта) үстіне қалай қою, көршіңе қайшыны дұрыс беру ережелері жазылып, қайшымен жұмыс істеу суреттері салынады.
Үшінші тақтайшаға:
б) пышақпен қағазды кесу, қатырма қағазды темір сызғыш арқылы пышақпен кесу, үстел (парта) үстіне қалай қою, жолдасына пышақты дұрыс беруді орындаумен қатар пышақпен жұмыс істеудің суреттері салынады.
Төртінші тақтайшаға:
в) біз және инемен жұмыс істеу. Бізді қалай ұстау, бұйым жасау үшін қажет жерін тесу. Бізді көршіне дұрыс беру т.с.с. түрлі қауіпсіздік техникасын сақтау ережелеріне сай суреттер салынады.
Инені қалай ұстау, жіпті инеге қалай өткізу, инеге өткізілген жіптің ұзындығын дұрыс қию түйіндеу. Затты инемен тіккенде оймақты саусаққа кию, жұмыстан кейін инені өз орнына (жастықшаға) жоғалтпай қадап қою сияқты ережелері жазылып, суреттері салынады.
Бесінші тақтайшаға:
г) Балға мен қол арамен жұмыс істеу. Балғаны қалай ұстау, қол арамен жұмысты қалай істеу, шегені балғамен қалай ұрып кіргізу сияқты ережелер жазылып, суреттер салынады.
Алтыншы тақтайшаға:
ғ) ұзынша жасалынған тақтайшаға осы стендтің тақырбы үлкен әріптермен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтаудың тәртіптері жазылады. Сынып тақтасының жоғарғы жағына ұзын тақтайшаға еңбек туралы ұран жазылады.
Ендігі айтатынымыз кабинетте көрме ұйымдастыру. Ол оқушылардың еңбек саабақтарында және үйірме жұмыстарында жасаған сапалы бұйымдарынан құралады. Мұндай ұйымдастырылған көрме бір айдан ұзақ болмауы тиіс жаңа жұмыстармен алмастырылып, толықтырылуы қажет. Артқы қабырғаның екі жағына екі шкаф орналастырылып, ортасында бос қалған қабырғаға үлкен стенд ілініп, оған жазық аппликациялар жапсырылады, ал төменгі жағына аласа үстел қойылып, оның үстіне көлемді ойыншықтар жиналады, шкаф сөрелеріне түрлі бұйымдар орналастырылады.
Шамамен – суреттегідей.
Тақтайшалардың жасалу жолдары.
Мұндай стендтер тақтайшалардан, фанерден немесе қалың қатырма қағаздан жасалады. Кесіп алған тақтайшаларды әуелі зімпара қағазбен ысқылап үстін тегістейді де, қағаз желімдейді немесе ақ түсті бояумен бояйды. Енді осы боялған тақайшаға гуашь бояумен сурет салып жазуларын жазады.
Стендтердің түстері ақ болып, жазылатын жазулары, салынатын суреттері қара, сұр көк болғаны жөн. Тәжірибесі аз педагогтар кабинеттегі қабырғаға түрлі түсті, ұзын – қысқа стендтері қай жер болса сол жерге іле салады. Кабинет қабарғаларынан бос жер қалдрымай төбеден еденге, есіктен терезеге дейін толтырып іліп тастайды. Бұл эстетикаға қайшы, ұнамсыз нәрсе. Сол себепті әрбір стенд тақтайшаларының биіктері бірдей, түстері ұнамды, әдемі болуы тиіс.
Айтылған стендтердің түрлі – түрлі нұсқалары болады, біз мектепте мұғалімнің басшылығымен жоғары сынып оқушылары жасай алатын ең қарапайым түрлерін ұсынып отырмыз. Еңбек кабинеттерін жабдықтау, әсемдеу мұнымен шектелмейді, бұл мәселе педагогтардың көп ізденуін қажет етеді.

жүктеу 116 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау