5-тақырып.Технология сабағы – оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі формасы.Сабақтың құрылымы және түрлері.
Сабақтың құрлымы технология сабағының белгілі бір мақсатына, тақырыбына, мазмұнына және мектептің материалдық базасына байланысты.
Сабақтың кезеңдері:
Ұйымдастыру
Жаңа материал
практикалық жұмыс
Талдау, орындалған жұмысты бағалау
Ұйымдастыруға 3 – 5 минут, жаңа сабақ құрлымына 5 – 7 минут, практикалық жұмысқа, қосымша жұмыстарға 25 - 30 минут, бекітуге және бағалау жұмысына 3 – 5 минут беріледі.
Политехникалық тәсілге бағытталған сабақта мынадай элементтері болуы тиіс.
Еңбек өнімі мен еңбек процесінің жоспары. (конструкторлық функция)
Жұмыс орнының жинақтылығы (көмекші функция)
Өлшеу, жөндеу, белгілеу, монтаждық және бөлшектеу операцияларының жүргізілуі. (техникалық операция).
Өзін - өзі бақылау және өз еңбегінің есебі (психологиялық және технологиялық функция).
Сабақтың жүргізілуі нақты болуы үшін , ол айналадағы жағдайға байланысты өзгере алады. Мысалы: III- IV сыныптардағы 2 сабаққа арналған өлшеу жұмыстарында, екінші сабақта жоспарлық және сызбалық элементтері болмауы мүмкін; лабораториялық жұмыстар жүргізгенде технологиялық операциялар болмауы мүмкін.
Сабақтың жүргізілуін нақты түрде қарастыру.
I. Сабақтың ұйымдастырылуы оқушының сабаққа дайындығын тексеруден басталады. Егер де балалардың кейбіреулерінде керекті құрал – жабдықтары жоқ болса, онда мұғалім өзіндегі артықтарын береді. Мұғалім сабақты оқушылардың дайындығын тексергеннен кейін барып бастай алады. Оқушының жұмыс істеу орнының ұйымдастырылуы жоғарыда айтылған.
II. Еңбек сабағындағы жаңа сабақтың айтылуы, заң бойынша әңгімелесу барысында өткізіледі. Үлгіні немесе оның сызбасын көрсеткенде, мұғалім балалардан берілген суреттердің балаларға несімен ұнағанын сұрауға болады. Одан кейін сабақтың мақсатын белгілейді. Балалар сөйлесу барысында осы материалға қанша құрал – жабдықтар қолдануға болатынын; жұмыстарды қандай кезеңмен жұмыс жасауға; жұмыс істеуін бақылауға. Жаңа сабақтың айтылуы оның қорытындылауымен және қысқа түсінігімен, техникалық құжатына сүйеніп, өз бетімен жұмыс істеуге бағытталады.
III. Практикалық жұмыс сабақтың басты бөлігін алады. Оқытушының бағдарламадағы нұсқау картамен өз бетінше жұмыс жасаулары құнды сабақ болып есептеледі. Мұғалім сабақтың дұрыстығын балалардың өз бетімен қалай жұмыс істегеніне байланысты бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу мұғалімнің қатысуымен орындалады. Мұғалім әрбір оқушыға көмектесіп, жұмысын тексеріп, оларға керек жерінде қосымша түрде түсініктеме жасайды. Қосымша түсініктеме де мұғалім жіберген қатеге назар аударып, оның неден пайда болып, қалай жасауға болатынын түсіндіреді. Онысымен ол балалардың жұмысын істеп бермей, оларға тек түсіндіру тиісті. Мұғалімнің басты мақсаты, қателік кетеді – ау деген жерлерді ескерту.
IV. Сабақты бағалау, сабақтың соңында жүргізіледі. Сабақтың аяқталуы балалардың жұмысын бағалаудан аяқталады. Егерде балалардың жұмысы аяқталмаса, жұмысқа мінездеме береді. Талдау жасағанда белсенді балалар мінездеме береді.
Жұмыстың жетістіктері мен кемшіліктерін мұғалім бағалағанда сол жерде бағалайды. Бағалағанда мұғалім мотивті түрде бағалайды, сондықтан балалар жоғарғы немесе төмен бағаны не үшін алғанын түсінеді.
Балаларды бағалағанда мұғалім келесі ұстанымдарды еске алғаны жөн: 1. жұмысты бөлшектеудің нақтылығы. 2. уақыт өлшемін; 3. оқушының блімін; 4. еңбек бөлімдерінің орындалуының дұрыстығын; 5. жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуы; 6. техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. «5» бағасы осы ұстанымдардың бәрі орындалғанда қойылады; «4» бағасы кейбір ұстанымдар қолданылмағанда, уақыттан асып түскенде қойылады; «3» бағасы осы ұстанымдар орындалмағанда қойылады. Бастауыш мектепте технология сабағында «2» және «3» бағасы қойылмайды. Осы ұстанымдарды дұрыс деп қабылдаған жөн. Егер де оқушы, мысалы, бөлшектеу жұмысын «4» ке жасап оқу матеиралын «5» ке біліп тұрса, ол басқа ұстанымдар «3» ке істесе онда бұл кезеңде «4» бағасын қойған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |