Технология сабағының мазмұны, бастауыш сыныптардағы технология пәнінің бағдарламасы. Технология сабақтарының мазмұны



жүктеу 116 Kb.
бет7/9
Дата19.05.2023
өлшемі116 Kb.
#42667
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Òåõíîëîãèÿ ñàáà?ûíû? ìàçì?íû, áàñòàóûø ñûíûïòàðäà?û òåõíîëîãèÿ ï

Өзіне-өзі қызмет ету

Өзіне-өзі қызмет ету еңбекке баулу бағдарламасында едәуір орын алады. Оқушылардың өзіне-зөі қызмет ету жұмысы еңбекке баулудың алғашқы сатысы ретінде және күнделікті өмірге керекті, неғұрлым кең тараған еңбек дағдысын дамыту ретінде де зор маңызға ие. Балалардың өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне қатысуын ата-аналар да қадағалап, оған үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Еңбекке баулудың бұл түрі отбасы тәрбиесімен тығыз ұштасуы қажет.


Балаларды өзіне-өзі қызмет етуге баулу бірінші сыныптан басталады. Оқушылар алғашқы күннен бастап сыныпты таза, ретті ұстауға сынып бөлмесінің, айналасының тазалығын қадағалауға, тазалық сақтау үшін қажетті еңбек тәсілдерін дұрыс қолдануға үйренеді.
Сыныптағы, сынып айналасындағы тәртіптің сақталуына бақылау жасау сыныптың барлық оқушылырына ортақ іс болуға тиіс. Сынып бөлмелерін күтуде ересек балалар кіші балаларға көмектеседі, оларды сынып мүлкін дұрыс күтуге үйретеді. Кішкентайлар үлкен балалармен бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланады.
Сыныпта тәрбиеленген іскерлік пен дағды үй жағдайында да нығайып, дами түсуге тиіс. Үй ішіндегі үлкен кісілердің бірінің басшылығымен балалар үй тұрмысы жұмысының белгілі бір бөлігін орындауға тиіс.
Сынып пен отбасының бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін балалардың ата-аналарымен байланыс жасау керек, сөйтіп оқушыларға сол үйдің тұрмысына қарай, үй жұмысына қатысу міндеттерін көрсетіп, күнделікті жұмыс кестесінің үлгісін жасап берген жөн.
Мұғалім еңбектің бұл түрін еңбек сабағымен ұштастырады. Өткізілетін тақырып күні бұрын белгіленіп, сабаққа қолданылатын көрнекті құрал дайындалады. Әрбір балаларға өзінің шамасы келетін жұмыс тапсырылады. «Киімді күтіп кию» деген тақырыптың қалай өткізілетініне тоқталайық. Мұғалім сабақты әңгімеден бастайды. Сондай-ақ балалардың жалпы ой-өрісін дамыту жағдайына, тігін фабрикаларының қызметі, олардың киімді қалай дайындап шығаратындығына қысқаша тоқталып, мәлімет береді. Сонан соң баланың үстіне киіп жүрген киімін таза, ұқыпты, тиянақты күтіп кие білуіне көңіл аударып, дұрыс күтілген киімнің ұзақ уақыт пайдалануға жарайтындығы ескертіледі.
Оқушылардың оқу құралдарын (дәптерді, қаламды, кітаптарды), киімдерін дұрыс ұстауы (киімдерін үтіктеп, түймелерін дұрыс қадауы, аяқ киімін, бәтеңкесін таза ұстауы, оның бауын түйін шектемеуі) сияқты жұмыс түрлері жүзеге асырылады.
Бұдан соң мұғалім балаларға киімді қалай күтіп кию, қалай сақтай білу керектігі туралы түсінік береді. Киімді күнделікті күту қиын емес. Барлық бұйымдардан шаңнан бүлінеді. Мектептен келген соң сырт киімдеріңді сілкіп, қағыңдар, щеткамен тазалап, киім ілгішке іліңдер. Пальто, күртке, костюм сияқты киімдердің сырт пішініне сақталуы үшін үйде ілгіш иін ағашқа іліңдер. Күнделікті киетін сырт киімдер шкафта тұрады. Киім су болса және оларда шашыраған балшық дақтар болса, онда оларды бірден тазаламайтындығы, алдымен кептіріп, соңынан тазартылатындығы айтылады. Былғарыдан істелінген тон, жаға, құлақшын су болса, оларды алдымен таза шүберкпен сүртеді де, от жағылған құрғақ бөлмеде кептіреді.
Жұмыс көйлегін не костюмді ілмес бұрын оларды қағып, щеткалап, орындықтың арқалығына немесе ашық терезе алдына жарты сағаттай қойып, жел қақтырған дұрыс. Киімдердің түймелері бос болса, оларды көрген жерде оңдап қадау, жаға кірлесе дер кезінде ауыстыру ескертіледі. Жүн маталарынан тігілген киімдерді жиі үтіктеудің қажеті жоқ- олар екі жетіде бір үтіктеледі. Үтіктеу үшін киімді қағады, бұрынғы қырына сәйкес, үстіне дымқыл дәке салып үтіктейді. Сонымен бірге үтікті қалай қыздырып, қалай қою, оны қолмен қалай ұстау жағы да ескертіледі.
Егер киіп жүрген киімнің бір жерінде май, бояу т.б дақтар болса, оны алдымен май бояуын кетіріп алып, үтіктеу керектігі айтылады. Дақты кетірмей үтіктесе, оның сол күйінде қалып қоятындығы ескертіледі.
Сырт киімдерді үтіктеу тәсілдерін көрсеткен жөн. Сол сияқты былғары және резеңке аяқ киімдері күту тәсілдері де айтылуға тиіс. Сабаққа қажетті щетка, крем, барқыт я шұға шаң сүртетін шүберек, жұмысқа киетін костюм дайындалады. Жылдың әр мезгілінде аяқ киімдердің қалай киілетіні және олар неден істелінетіні жайында айтылады. Аяқ киімді жалаң аяқ немесе кірлеген шұлықпен киюге болмайтындығын, аяқ киімнің іші таза болуын айту жөн. Су аяқ киімді кептіріп, одан соң оны кремдеп тазалау үйретіледі.
Резеңке және былғарыдан істелген киімдерді жуу, былғарыдан істелген киімдерді ең әуелі тазалап сүртіп, онан соң жұқалап, кремдеп щёткалап, онан кейін барқыт я шұға матаның қиығымен ыспалап тазалау ескертілуі қажет. Мұндай істерді мұғалім сыныпта, балабақшаларда істеткені жөн.
Жамау салу. Егер оқушының костюмі не шалбарының бір жері түзу жыртылмай тозып, жұқарып, ыдырап жыртылса, оны тіккен күнде жиіріліп қалады. Сондықтан сол жыртылған жерді қайшымен кесіп алып тастайды. Салынатын жамау мата түсіне сәйкес алынады. Жамаудың көлденең және ұзын жіптері жамау салынатын матаның көлденең және ұзын жіптерінің ыңғайына қарай орналасатын болуы керек. Салынатын жамау матаның теріс жағынан бастырылады да, ойық жерінің шеттері бүгіліп, жасырын тігіспен тігіледі. Тігіліп болған соң, көктелген жіптер суырылып тасталып, үтіктеледі.
Түйме қадауды үйрету. Енді оқушыларға өз киімдерінің түймелерін қадай білуді үйрету жөн. Ең әуелі оқушылар қарапайым түймені қадауды үйренеді. Сөйтіп, олар бұдан кейін әр түрлі пішінді түймелерді де қадап үйренуге жаттығады.
Киімдердің түрлеріне қарай, қадалатын түймелердің түрі, түсі, пішіні де әр түрлі болады. Түймені қадаудың бірнеше жолдары бар. Жұқа киімдерге түймелер жақындата тағылса, ал сырт киімдердің түймесі матадан қашықтау ғып қадалады.
Сырт киімдерге қадалатын түймелер мықты болуы үшін, киімнің ішкі астар жағына кішкене түймелер, болмаса мата қиындыларын салып қадайды.
Шаруашылық-тұрмыс еңбегіне байланысты балаларға тамақ әзірлеу, оны үстел үстіне қоя білу үйретіледі, яғни мұғалім үстелге қандай дастархан жаю, қай тағамдарды үстелге бұрын қою, нанды қалай кесу, шанышқы, пышақ, қасық, табақтарды орын-орнына қою, үстел басында отыру, тамақты жайлап, ақырын, сораптамай, төкпей-шашпай ішу, шанышқымен тісті шұқымау, нанды пышақпен шаншып алмау, тамақ қалдықтарын қалай болса, солай дастарханға тастай салмау сияқты мәселелерді үйрету де көзделеді. Бұлардың қайсысының болса да, тәрбиелігі бар. Сондықтан мұғалім әңгіме үстінде буфет, асханаларда тәжірибе жасап, көрсетіп отыру тиіс. Төрт, алты адамға дастархан жаю сияқты тапсырма беріп, оны әр оқушының дұрыс орындауын қадағалау қажет.
Сондай-ақ мұғалім әр оқушының үйде ыдыс-аяқты таза ұстап, тамақты дұрыс іше білуін ескертіп, мына нәрселерді түсіндіріу қажет: ең әуелі үстелге таза ақ дастархан жайылатыны, оған жұқалап кесілген нан, тұз, қызыл және қара бұрыш қойылатыны, әр адамға кішкене тәрелке сол жағынан шанышқы, оң жағына жүзін тәрелкеге қаратып пышақ, қасық қойылатыны ыстық тамақты бірден үстел үстіне салмай, арнаулы орынға қойып, құйып берілетіні ескертіледі. Онан соң дастархан басында қалай отырып, тамақтану керектігін көрсетіледі. Енді оқушылардың өздеріне датархан жасату керек.

жүктеу 116 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау