Теңдеудің көмегімен мәтінді есептер шығару



жүктеу 1,89 Mb.
бет23/23
Дата21.05.2018
өлшемі1,89 Mb.
#15487
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Теңсіздіктер тобына:

Компьютерде терілетін оқулық үш терушіге берілді. Бірінші теруші оқулықтың -сін , екінші теруші қалғанының 0,6-сын, үшінші теруші қалғанын терді. Үшінші теруші бірінші және екінші терушілердің терген беттерінің қосындысынан 120 бетті кем терді. Компьютерде терілетін оқулық неше бет болған?

Барлық бет х



Бірінші күні

Қалғаны х-

Екінші күні

Үшінші күні 0,35х+0,39х-120=0,74х-120

0,35х+0,39х+0,74х-120=х

0,48х=120

х=250

барлығы 250 бет


Тапсырма №5
Логикалық есептер шешу

Өрнектер тобына:

Ұрылар мен кемпір.

Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз қалады. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:"Ә, бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алған екен, мен де бұларды алдайын,"-деп ойлайды. Сөйтіп, жалма-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:

"Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те, маған бер"-деген екен.

Мұны естіген ұрылар:"Қой, мұнымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік,"-деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.

Сонда үйдегі адам нешеу ұрылар нешеу?

Шешімі:1+1+2+4+1+1=10

10:2=5


Жауабы: 10 адам, 5 ұры.
Теңдеулер тобына:
Қой жеу.

Арыстан қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ит 6 сағатта жеп бітіре алады. Ал үшеуі қатар жесе, қанша уақытта жеп бітіре алады?

Шешуі:Айталық, үшеуі бірігіп х сағатта жейді дейік. Қойды бір бүтін деп алсақ, арыстан бір сағатта қойдың ½ бөлігін, қасқыр 1/3 бөлігін, ит 1/6 бөлігін жейтін болғандықтан, мынадай теңдеу құрамыз.

х/2+х/3+х/6=1

х=1

Жауабы: 1 сағатта жеп тауысады.


Теңсіздіктер тобына:
Мата сатып алу.

Саудагер 5400 теңгеге 138 м қара және көк мата сатып алды. Егер қара матаның 1 метрі 30 теңге көк матаның 1 метрі 50 теңге болса, саудагер қанша метр қара және қөк мата сатып алды?

Шешуі: х+у=138

30х+50у=5400

у=138-х

30х+50(138-х)=5400



х=75 қара мата

у=63 көк мата




Тапсырма №6

Тарихи есеп.

1271 жылы бір венециялық көпес Шығыс елдерін аралауға шығыпты. Оның саяхаты өте қызықты өтіпті. Ол Арменияда Персияда, Индияда болыпты. Қытайда 17 жыл тұрыпты. 1295 жылы қахарман көпес еліне оралыпты. Венециядағы көпестер өте ауқатты тұрыпты. Өздерінің байлықтарын мыңмен есептепті. Олар "милле" деп созып айтады екен. "Милле"-мың деген сөз. Жаңағы саяхатшы көпес оларға қытайлықтардың өте бай екендіктерін айту үшін "мильоне" деген сөзді пайдаланыпты. "Мильоне"-мыңның мыңы дегенді білдіреді. "Миллион" сөзі осылайша пайда болған екен. Бұл көпес кім еді

Марко Поло.
Сайысты қорытындылап, жеңімпаз топты марапаттаймыз.

Үйге тапсырма

Әзіл есеп.

Әжей үлкен баласының үйіндегі немерелеріне қалтасындағы кәмпиттің жартысын берді. Ортаншы баласының үйіндегі немерелеріне қалғанының жартысын берді. Сонда әжейдің қалтасында кіші баласының үйіндегі немерелеріне беруге 6 кәмпит қалды. Алғашқыда әжейдің қалтасында неше кәмпит болған?

№172 мектеп


Сабақтың тақырыбы:



Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
6-сынып
Пән мұғалімі: Бодыкова Куляш


Қызылорда қаласы
жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау