Баяндама
Тақырыбы: Оқулық дараланған қызметті басқару құралы.
Баяндамашы:Физика, информатика пәндерінің мұғалімі М М Тулеуханова
2016-2017 оқу жылы
Баяндама тақырыбы: «Оқулық дараланған қызметті басқару құралы»
Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау, оқу процесінде компьютерлік техниканы тиімді қолдану оқушы шығармашылығын дамытуда, оқу мәдениетін қалыптастыруда заман ағымына сай талап етілуде. Дегенмен оқушының жүйелі түрде, кешенді білім алуына оқулықтың, оқу құралдарының маңызы ерекше екенін айтқан жөн.
Оқытушы тек білім беруші, оқушы тек білім алушы ғана емес, оқушыны тек тыңдауға ғана емес, өздігімен жұмыс істеуге, оқуға, оқығанын түсінуге үйрету маңызды. Білім зерттеу, зерделеу арқасында, материалды іздеу, іздегенін бағалау, жинақтаудың арқасында алынады.
Оқу барысында оқу тақырыбына байланысты әдіс-тәсілдер де барысынша таңдап алынады. Оқулықпен жұмыс үздіксіз болуды қажет етеді, әсіресе оқу материалы өте көлемді болған жағдайда.
Бүгінгі таңда оқушыларға терең білім беруде оқытудың кешенді әдістерін бірлесе қолдану маңызды роль атқарады.
Оқу-әдістемелік кешен құрамына:
Бағдарлама
Негізгі оқулық
Әдістемелік құрал
Зертханалық, сарамандық, есептер жинақтары т.б
Жұмыс дәптерлері
Бақылау жұмыс, дидактикалық материалдар жинақтары
Ғылыми-көпшілік /қосымша/ әдебиеттер
Анықтамалық мәліметтер жинақтары
Терминологиялық түсініктеме сөздіктер
Көрнекіліктер, құралдар, слайдтар т.б енеді.
Жаңа бағдарламаларға сәйкес жаңа буын оқулықтармен жұмыс жасау өзіндік ерекшеліктерді есепке алуды қажет етеді. Жаңа буын оқулықтары жаңа әдіснамалық өзгерістерді туғызады, соған сәйкес өзгерістер оқытуда , ұйымдастыруда да, оқытудың әдіс-тәсілдерінде де болуға тиіс. Соның бірі – оқытуды ұйымдастыру формалары мен әдістерін тиімді пайдалану міндетті деп саналатын формалар: лекция, семинар, біліктілікті қалыптастыру, қолдана білуге үйрету, конференция, консультация. Сол сияқты сабақтың дәстүрлі емес түрлері де бар. Мысалы, пікірсайыс, топтап оқыту, аукцион, кіріктірілген сабақтарды солардың қатарына жатқызуға болады.
Әдіс тәсілдердің қатарына мәтіндегі негізгі мәселелерді табу, берілген сұрақ бойынша оқушы ойын айтқызу, ауызша айтуға жаттықтыру, т.б жатады.
Дидактикалық материалдар, жұмыс дәптерлері оқушы жұмысын бағдарланған реттілікпен жүргізілуін қамтамасыз етеді. 5-6 сыныптарда математиканы оқытуда дидактикалық материалдар, жұмыс дәптерлері оқушы, өздігімен жеке жұмыс жасауын тиімді ұйымдастыруға негізделген. Бұндағы тапсырмалар үш деңгейде А, В, С, жеңілден күрделіге принципінде құрылған.
Мысалы, «Қатынас» , «Пропорция» тақырыптарын өткеннен кейін бірнеше есептерді топтық әдістерді пайдаланып шығарғаннан кейін оқушылар білімін бекіту мақсатында дидактикалық материалдардан 15 минуттық өздік жұмыс /№1, №2/ орындауға беріледі. Бұл оқушыны өз бетінше жеке жұмыс жасауына, өздігімен ізденуіне бағыттайды.
Жұмыс дәптерлердегі тапсырмаларда деңгейлеп оқытуға негізделіп құрылған. Бұл тапсырмаларды оқушыға үй тапсырмасы ретінде берген тиімді. Жұмыс дәптеріндегі деңгейлік тапсырмалар, әр-түрлі кестелер, көрнекі сызбалар оқушының өздігімен жұмыс жасауына негізделген.
Информатика пәнінен 7 сыныпта «Есептеуіш техникаларының даму тарихы. ЭЕМ-буындар» тақырыптарын меңгертуде оқушылардың оқулықпен жұмысын тиімді ұйымдастыруда оқушыларға Не? Қайда? Қашан?ойынын кесте түрінде орындауға беруге болады. Оқушыла кестеге сәйкес оқулықпен жұмыс жасап, кестелердегі бос орындарды қызығушылықпен толтырады. Сондай-ақ сәйкестікті тап, мәтіндегі қалып қалған сөздерді тап, мәтіндегі қателікті, қате тұжырымды тап, т.б тапсырмалар арқылы оқушының оқулықпен жеке жұмыс жасауына ықпал етуге болады.
Физика 9- сынып оқушыларына «Энергияның сақталу және айналу заңы» тақырыбын өткеннен кейін оқушылардың оқулықпен жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін үй тапсырмасы ретінде «Энергияның альтернативті көздері» іздену тақырыбы беріледі. Бұл тақырып бойынша оқушылар ізденіп өздерінің ойларын ортаға салды, рефераттар дайындап келді.
Оқушының дараланған жұмысын ұйымдастыруда Электрондық оқулықтарды пайдаланудың тиімділігін айтып өтуге болады. Электрондық оқулықты пайдалану оқытушының жұмысын азда болса жеңілдетуге көмектеседі. Оқушыға жаңа тақырыпты меңгеруге нұсқаулар беріп оның ақпаратты өздігінен іздеп, сұрақтарға жауапты өздігінен іздеуіне жағдай туғызуға болады. Сәйкесінше оқушы материалды меңгергеннен кейін тақырыпқа сәйкес тапсырмалар, тесттер арқылы өзінің материалды қаншалықты меңгергенін тексеріп отырады. Электрондық оқулық қазіргі күні көптеген талаптарды қанағаттандыра алатын бірден-бір құрал болып табылады. Бүгінгі күннің оқушысы тек білімді тыңдау арқылы ғана емес оны көру, мультимедиялық құрылғылар арқылы, видео, аудионы қолданып қызғылықты меңгеруіне болады.
Қолданылған әдебиеттер:
«Ұстаз.Білім.Шәкірт» педагогикалық, облыстық газет. 2008-2009 жнөмірлері.
Математика және физика. Ғылыми-әдістемелік журнал №4-2007ж.29-31 бет.
«О совершенствовании методов обучения математики» Москва «Просвещение» 1978ж
Достарыңызбен бөлісу: |