«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы


ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ



жүктеу 0,86 Mb.
бет4/10
Дата20.11.2018
өлшемі0,86 Mb.
#21883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Кітапханалық каталог ерекшеліктерін сипаттау

танымдық қабілетін арттыру

1.4 бөлімін қар.



7 -15апта


0,75 %

сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

2

Реферат.

(студенттердің таңдауы бойынша

Тақырып бойынша баяндама

өзіндік ақпараттық ізденіс

7-ші апта

15 - ші апта


5 %

5 %

Реферат және баяндама жасау.

3

ОЖСӨЖ бойынша есеп және тапсырманы орындау

Аналитикалық және танымдық қабілеттерін дамыту

ОЖСӨЖ тақырыбына қатысты әдебиеттер

1-15апта

1,8/ 1,4/ 1 %

Жазба жұмысын тексеру

4

СӨЖ бойынша есеп және тапсырманы орындау

Аналитикалық және танымдық қабілеттерін дамыту

СӨЖ тақырыбына қатысты әдебиеттер

1-15апта

1/ 0,75 %

Жазба жұмысын тексеру


5

Аралық бақылау(әңгімелесу немесе тест)

тексеру

1.4 бөлімі

1 – 15 апта

15 апта

3%

Тест немесе әңгімелесу


6

Емтихан

Білімді кешенді тексер










Тест


4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Пән «Кітапханалық каталог»

(пән атауы)

Кредит саны 3







Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Савина И.А. Библиографическое описание документа: Семиотический подход: Учебно – метод. Пособие/ И.А. Савина; Под ред. Н.Б. Зиновьевой.- М. : Либерея, 2004. – 88 с.


5





50%







2

Библиотечные каталоги : Учебник/ Под ред. Г.И. Чижовой.- 2- ое изд., перераб. И доп. – М. : Книга, 1977.- 303с.


2




20%







3

Составление библиографического описания: Краткие правила. - Изд. 2-е,доп. - М.: Кн. палата, 1991. - 224 с.



10




100%







4...

Сукиасян Э.Р. Систематический каталог: Практ. пособие. - М.: Книга, 1990. -186 с.


2




20%







5

Эйдельман Б.Ю. Библиотечная классификация и систематический каталог- М., 1977. - 311 с.


2




20%







6


Воронько К.Л. Организация библиотечных фондов и каталогов: Учеб.-М.: Книга, 1981.-328 с.


1




10%







7

Библиотечно-библиографическая классификация: Рабочие табл.для массовых б-к.-М.: Кн. Палата, 1998.-320 с


7




70%







5. ДӘРІСТІК КЕШЕН.
Дәріс №1

Тақырыбы: Кітапхана каталогтарының маңызы және оларды ұйымдастыру принциптері.

Дәрістің мақсаты: Кітапхана каталогтарының маңызы және оларды ұйымдастыру принциптерін анықтау.

Дәрістің мазмұны: Кітапхана ісі тарихында алғашқы каталогтар. Каталогтардың ең маңызды, басты қызметі.

Қазіргі кітапханада каталогтар барлық кітапханалық іс-әрекеттің негізі болып табылады және қандай болмасын кітапханалар үшін ең қажет әлемент деп есептеледі. Олар кітапхананың қызметтерін жедел және сапалы түрде орындауда шешуші роль атқарады.



Каталог-грек сөзі тізім, жиынтық деген мағынаны білдіреді. Кітапханадағы каталогтардың негізгі қызметі ГОСТ 7.26-80. «Кітапхана ісі» деген стандарттағы анықтамаларда көрсетілген. Кітапхана каталогы-белгілі бір принципте құрылған және кітапхана қорының құрылысы мен мазмұнын ашып көрсеткен бір немесе бірнеше кітапхана қорында бар баспасөз шығармалармен басқа да құжаттардың жиынтығы. Ал каталогтандыру дегеніміз кітапхана каталогтарын құру және қызмет етуін қамтамасыз ететін жұмыс процестерінің жиынтығы. Каталогтар карточкалы түрде машинамен оқылатын түрде, кітап түрінде, плакат түрінде жасалуы мүмкін. Кітапхана құжаттары ғылым мен техниканың, ауыл шаруашылығының жетістіктерін озат тәжірибелерді, өнер және мәдениет жаңалықтарын көрсеткен негізгі көзі болып табылады және пайдаланудың қоғамдық өмірдегі еңбектегі оқу сферасындағы іс-әрекетіне көмек етіп, олардың мәдени дәрежесінің жоғарлауына әсер етеді. Кітаптар мен басқа да ақпарат көздерін оқырманға жақындатып оларды пайдалану тиімділігін арттыру үшін, олармен істелетін жұмыстардың түрлері мен әдістерін жетілдіріп, кітапханада бар әрбір құжатты тиімді пайдалану қажет. Бұл жерде кітапхана қоры мен оны көрсететін каталогтарды дұрыс ұйымдастыру пайдалануға сапалы қызмет көрсетудің кепілі бола алады.

Кітапхана ісі тарихында алғашқы каталогтар ретінде ертедегі Египеттегі кітапхана үйлерінің қабырғаларында ойылып жазылған тізімдерді және Александрия кітапханасында б.э.д. 310-240 жылдарында қызмет еткен ғалым және ақын Каллиймахтың 120 кітаптан тұратын «Кестесін» атауға болады. Ол еңбек сол кезде әрі библиографиялық құрал, әрі жұйелік каталогтың қызметін атқарды. Орта ғасырлар кітапханасында монастырлық кітапханада жасалған тізімдерде каталогтар ролін атқарған. Кеңес үкметі кезінде кеңестік кітапхана ісінің басында болған Н.К.Крупская кітапхана жұмысында міндетті түрде каталогтар ұйымдастыру жөнінде бірнеше рет айтқан. Сөйтіп кітапхана каталогтары әр түрлі формада ерте уақытта кітапханалар құрылғаннан бастап,кітапхана қорын ашып көрсету мақсатында жасалып келеді. Уақыт өткен сайын олардың түрлері өзгеріп, мақсаттары да жан-жақты болып жасалуда. Каталогтар кітапхана қорының мазмұнын толық ашып, оқырмандарға ең құндысын көрсетеді, олардың өздерінің қажет әдебиеттерін таңдап алуға көмектеседі. Сөйтіп, әдебиеттер насихаттауға жағдай жасайды. Олар арқылы кітапханашы пайдаланушылардың талабын тез орындайды. Оларға толық және дұрыс анықтама бере алады. Кітапханада жүргізілетін көпшілік жұмысын әзірлегенде, кітап көрмесін, библиографиялық анықтама жасағанда, библиографиялық және ақпараттық жұмыстар жұргізгенде, кітапхана каталогтары пайдаланылады. Олар арқылы белгілі бір тақырып, салалар бойынша қандай құжаттар бар екенін біледі. Белгілі бір авторлық қандай шығармалары бар екенін біледі. Кітапханалық іс-шараларды өткізу үшін қандай кітаптарды таңдап алуды шешуді кітапхана қорын күнделікті толықтыру үстінде кітапханға каталогтары пайдаланылады. Әдебиеттерді жүйелеу және сипаттама жазу процестерінде де пайдаланады. Алуға белгіленген әдебиеттер кітапхана қанша алу керек сұрақтарын шешкенде де каталогтарды пайдаланады. Каталогтардың ең маңызды, басты қызметі арқылы пайдаланушылар кітапхананың көмегінсіз өз бетімен қажет құжаттарын таңдап алуға көмектеседі. Олар пайдаланған білім жүйелері жөнінде түсінігін кеңейтеді, белгілі жазушылардың қандай шығармалары бар екенін білдіреді. Сөйтіп кітапхана каталогтары кітапхана қорын дұрыс қалыптастырып оны тиімді пайдалануға, насихаттауға, анықтама библиографиялық ақпараттық жұмыстың сапасын жоғарлатуға әсерін тигізеді. Каталогтарды құруда төмендегідей принциптер басшылыққа алынады: ғылыми, қолайлық, ақпараттық, көрнекілік, тиімділік, плюраристік.



Ғылымилық принцип-каталогты құрғанда мемлекеттік стандарттарды тиісті ережелер мен нұсқауларды, КБЖ кестелерін дұрыс және қатаң түрде қолданумен қамтамасыз етіледі.

Ақпараттық принцип каталогтарда бір кітапхана немесе ОКЖ қорының құрамы мен мазмұны толық бейнелеумен, қордың жеке каталогтар ұйымдастырып іске асырды.

Қолайлық пен көрнекілік принциптері каталогтың ішкі немесе сыртқы көрінісін көріктеумен іске асады. Олар пайдалануға ыңғайлы құрылысы жағынан барлық пайдалануға, көзбен шалып қарауға жеңіл және қолайлы болуы тиіс. Бұл жерде әйгілі орыс сыншысы Билинскийдің «халық кітабына қойған талабы-мазмұнының аса маңыздысы баршаға бірдей түсінікті болу керек»-деген сөзі кітапхана каталогтарына да лайық келуі керек.

Тиімділік принціпі (экономичность) каталогтар жүйелік дұрыс құруда олардың жеке элементтерінің арасындағы байланысты қамтамасыз етуде іске асырады. Жаңа каталог жасауда ол каталогтар жүйесі жөнінде ережеде қаралмаған элемент болса, жан-жақты бағалауды талап етеді. Яғни каталог жасау үшін кететін уақыт пен еңбекті үнемдеп олардың бір-бірін қайталамай керісінше толықтырылуын қадағалап, технологияны рационализациялауда қарастырады.

Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Кітапхана ісі тарихында алғашқы каталогтарды ата. Каталогтардың ең маңызды, басты қызметі не.

Әдебиеттер тізімін қара

Дәріс №2

Тақырыбы: Кітапхана каталогтарының маңызы және оларды ұйымдастыру принциптері.

Дәрістің мақсаты: Кітапхана каталогтарының маңызы және оларды ұйымдастыру принциптерін анықтау

Дәрістің мазмұны: Каталогтың негізгі қызметтері. Кітапхана каталогтарының библиографиялық мақсаты. Кітапханаларда кітапханалық технология.

Қазіргі кезде каталогтарды ұйымдастыруды плюралистік яғни кітапхана қорына әр түрлі діни көзқарастарда жазылған немесе әр түрлі философиялық көзқарастарда әдебиеттерді алумен бірге, оларды кітапхана каталогтарында да жан-жақты көрсету қажет.



Плюраризм дегеніміз латын сөзінен алынған. Каталогтың негізгі қызметтері: ақпараттық, анықтамалық, тәрбиелік. Кітапхана қорын ашу әдебиетті насихаттау ақы жолдарын пайдалану, каталогтардың басқада библиографиялық құралдар арқылы іске асырылады. (әдебиеттер тізімі, библиографиялық шолулар, түрлі көрсеткіштер, картатекалар)

Кітапхана каталогтары библиография мақсатының бірлігімен бір-бірімен тығыз байланысты және көптеген ортақ белгілері бар. Үлкен кітапхананың каталогтары библиографиялық ақпараттың бағалы көзі болып табылады. Мыс:көптеген техникалак кітапханалар «Указатель ГОСТ стандартов, «Изобретения промышленные образцы, товарные знаки» деген бюлетендерді осы мақсатта пайдаланады. Сөйтіп каталогтар мен библиография бір-бірін толықтырады және өздеріне тән қызметі мен ерекшеліктері бар. Мыс: кітапхана каталогтары белгілі бір кітапханалық және бірнеше кітапхананың қорын белгілейді және оларды пайдаланудың барлық тобына арналып жасалынады. Картотекалы каталогтарда жаңа түскен әдебиеттерді үздіксіз бейнелену мүмкіндігі бар. Ал библиографиялық құралдар мен картотекалар болса оларда құжаттың тізімінен тұрады. Дегенмен көрсеткіштік каталогтан ерекшелігі сол, оларда әдебиеттер белгілі бір кітапхананың қоры емес және олар белгілі бір пайдаланушылар тобына арналып жасалынады және сол кезге дейінгі шыққан әдебиеттерді ғана көрсетеді. Каталогтар мен картатекалар жүйесінің және библиографиялық құралдардың ішкі бірлігі олар үшін құжаттарға библиографиялық сипаттама жасауда стандартталған ережелерді қолдануға сүйенеді. Еліміздің барлық кітапханаларында КБЖ жүйесін қолданған жүйелердің әрбір элементін ұйымдастыру кезінде редакциялауда біріңғай принципті бастапқыға алумен каталогтар мен картатекаларды бір-бірімен байланыстыру үшін анықтама сілтеме аппаратын қолданумен іске асырылады.

Кітапхана технологиясын әрбір кітапхана әр түрлі ұйымдастырады. Кітапхана қорының қалыптасуымен каталогтарға факторлар әсер етеді. Қордың көлемі, оның түрі, құрамы, мазмұны, құрылысы т.б. кітапханалық түрлері мен типтерінің әр түрлі болғанымен, оларды кітапхана технологиясын жалпы принциптер мен әдістерге сүйеніп жүргізудің маңызы зор. Кітапханаларда кітапханалық технологияны бір ізге келтіру үшін (унификация) оларды стандарттау мен нұсқаулық әдістерін материалды қолданады. Нұсқаулық әдістерін материалдар мен стандарттарды қолдану кітапхана жұмыстарында басшылық жүргізуге, олардың қызметіне бақылау жасауға жағдай жасайды. Кітапханалық еңбегін жеңілдетеді. Технологиялық процестерді бір ізге салу оларды жүргізуге мүмкіндік береді. ГОСТ-тар мен нұсқаулық әдістемелік материалдар үнемі жетілдіріп, жаңартылып отырады. Ғылым мен тәжірибиенің жетістіктерінің негізінде әрбір 5 жыл сайын стандарттар жаңарып өзгеріп шығып тұрады. Кітапхана каталогтарын ұйымдастыру салаларында төмендегідей мемлекеттік стандарттар қолданылады. «ГОСТ 7.26-80 «Библиотечное дело основные термины и определение». ГОСТ 7.39-82 «Систематизация и предметизация термины и определения».ГОСТ 7.44-84 «Системозация документов общие требование»

ГОСТ 7.45-84 «Предметизация документов общее требование»

Соңғы 3 Стандарттың орнына 1990 ж.жаңа стандарт басылып шықты.

ГОСТ 7.69-90 «Индексация документов»

ГОСТ 7.51-84 «Карточка для катологов и картотек общие требования»

Стандарт дегеніміз объектіге қойылатын нормалар мен ережелерді талаптарды белгілейтін мөлшерлік, технологиялық құжат және оларды арнаулы құқылы органдар бекітеді. Стандарттаудың төмендегідей категориялары бар:

1)мемлекеттік (ГОСТ),

2)Республикалық (РСТ),

3)Салалық (ОСТ)

4)кәсіпорындық стандарты (предприятий-(СТП) кітапхана ісі және библиография саласындағы стандарттар кітапхана жұмыстарының сапасы мен тиімділігін арттыруға, олардың іс-әрекетіне ғылым мен озат тәжірибиесінің жетістіктерін енгізуге жұмыс әдістері мен технологиялық процестерді жетілдіруге, кітапхана терминологиясын ретке келтіруге т.б. жағдай жасайды.



Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Кітапхана каталогтарының маңызы және оларды ұйымдастыру принциптерін ата

Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №3

Тақырыбы: Кітапхана каталогтарының түрлері мен оларға қойылатын талаптар.

Дәрістің мақсаты: Кітапхана каталогтарының түрлері мен оларға қойылатын талаптарды анықтау.

Дәрістің мазмұны: Каталогтарды құрастыру, кітапхана құжаттарына сипаттама жазу. Арналуына байланысты каталогтар.

Каталогтарды құрастыру, кітапхана құжаттарына сипаттама жазудан басталады. Егер кітапханада дәстүрлі карточкалы каталогтардан ұйымдастырылған болса жеке карточкаларды белгілі бір тәртіппен топтастыру қажет:

1)құжаттардың алғы сөзі немесе атының алфавитіне байланысты.

2)құжаттардың мазмұны, білім жүйесі бойынша топтастыру

3)құжаттардың махмұнын құрайтын пәндер мен түсініктілігін алфавит бойынша орналастыруға болады. Осыған байланысты карточкалы каталогтарының түрлерін алфавиттік, жүйелік және пәндік деп бөлуге болады.

Алфавиттік каталогтар сипаттаудың алғашқы сөзі бойынша яғни, авторы немесе кітаптың алфавиті бойынша қойылады. Ол бойынша кітапханада оқырмандарға белгілі нақты кітап бар ма, белгілі автордың қандай шығармалары бар екенін анықтауға болады. Бұл каталогта шығармалық мазмұны ескеріледі. Әр түрлі білім салалары бойынша әдебиеттің карточкалары аралысып орналастырылған.

Жүйелік каталогтар кітаптың сипаттық мазмұндары бойынша топтастырылады. Алдымен ірі салалары бойынша. Ал әрбір саланың ішінде логикалық тәртіптің жалпыдан жеке сұрақтарға дейін бөлініп беріледі. мыс:

2 бөлім жаратылыстану ғылымы.

22 физика –математикалық ғылымдар

22.1 математика

22.10 элементарлық математика

22.13 амалдар теориясы

23.130 арифметика т.б.

Жүйелік каталог арқылы белгілі бір білім саласы бойынша, мәселелер мен тақырыптар бойынша қандай әдебиетер бар екенін анықтауға болады. Жүйелік каталогты ұйымдастыру кітапханаға келіп түскен құжаттарды КБЖ кестесі бойынша, білім салалары бойынша жүйелеп әрбір құжатқа лайықты нұсқа таңба беруге сүйенеді.

Пәндік каталогтарда жүйелік каталог секілді сипаттамалар орналасадыда кітапханалық мазмұны ескеріледі. Бірақ топтасқанда білім жүйелері бөлімшелері бойынша емес құжатта қаралған пәндердің алфавиті бойынша қойылады. Пәндік каталогта тараудың аты пәндерді ғана көрсетіп қоймайды. Сонымен бірге әр түрлі білім салаларын медицина, астрономия, философия, елдердің, қала мен өзендердің аттарын Манғолия, Москва, Алматы, Орал т.б., әр түрлі жұмыс процестерін (құю, пісіру, балқыту, егін ору т.б.), малдар мен өсімдіктің аттарын, шығармашылыққа арналған адамдардың фамилиясын т.б.көрсетуі мүмкін. Пәндік каталогты ұйымдастыру кітапханаға келіп түскен құжаттарды мазмұны бойынша талдап оларға өздеріне лайықты пәнді көрсетуге пәндеуге сүйенеді.

Пәндік каталог үшін пәндік айдарды таңдау олардың аттары мен көлемі кітапхана қорының мазмұны мен көлеміне оқырманның талабына байланысты болады. Пәндік каталогті анықтамалық мақсатта пайдаланады. Ол арқылы белгілі сұрақ бойынша кітапхана қандай кітаптар бар екенін тез білуге болады. Бірақ белгілі бір проблеманы білім саласын жүйелі түрде оқып үйренуге қолайсыз. Ғылыми мақсатқа пайдалануға келмейді. Ол көбіне тар профильдегі мамандарға қызмет көрсетуге көмектеседі. Кітапхана қорын құжаттық түрлері бойынша бөлу белгілі түрдегі басылымдарға каталогтарды ұйымдастырады талап етеді. Мыс: кітапханада мерзімді баспасөздер каталогы. Каталогтардың каталогы, картатекалардың, стандарттың каталогтары, патенттердің каталогтары, қолжазбалардың каталогтары ұйымдастырылады.

Кітапхана қоры кітапхананың бөлімшелері бойынша бөлінуін, сол бөлімшелердің қорына каталог ұйымдастыруды талап етеді. Мыс: орталықтандырылған кітапхана қорының каталогы, көшпелі кітапхана қорының каталогы, балалар бөлімшесінің каталогы, айырбас қорының каталогы, қу залының каталогы т.б. Қордағы әдебиеттер әр түрлі тілдерде болады. Ондағы қазақ тіліндегі құжаттарға өз алдына, басқа шет тілдердегі құжаттарға өз алдына ұйымдастырады.

Кітапханада арнаулы мақсаттардан да каталогтар ұйымдастырады. Мыс: өлкетану каталогтары, жергілікті басшылық каталогтар, есептеу каталогтары, көркем әдебиеттердің аттарының алфавитіне байланысты каталог. Қорды қамту ауқымына байланысты каталогтарды басты каталог (генералды), кітапхана қорын толық қамтитын жинақты (сводный), бірнеше жеке кітапханалық қорын көрсететін орталық (центральный), ОКЖ-ң көп қорын толық көрсетеді және кітап қорының каталогтары деп бөлінеді.



Арналуына байланысты каталогтарды: 1)қызмет бабына арнап

2)оқырманға арнап

3)балаларға арналған деп бөледі.

Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Каталогтарды құрастыру, кітапхана құжаттарына сипаттама жазу. Арналуына байланысты каталогтар.

Әдебиеттер тізімін қара


Дәріс №4

Тақырыбы: Кітапхана каталогтарының түрлері мен оларға қойылатын талаптар.

Дәрістің мақсаты: Кітапхана каталогтарының түрлері мен оларға қойылатын талаптардың жалпы әдістемесін анықтау

Дәрістің мазмұны: Каталогтың түрлері. Аралас каталогтар.

Кітапхананың қоры қаншама аз болған күнде де бір ғана каталогпен шектеліп қоймайды. Оқырманның тілегін қанағаттандыру мақсатында және қордың мазмұнын әр түрлі тұрғыдан ашып көрсету үшін каталогтар жүиелі ұйымдастырылады. Неғұрлым кітапхана үлкен болса оның қорының құрамы күрделі болса, соғұрлым каталогтың түрлері де көп болады.

Кейбір кітапханада номерлік каталог ұйымдастырулы мүмкін. Онда құжаттың сипаттамалары, құжаттың өздеріне тән берілген реттік номерлері бойынша қойылады. Әсіресе технологиялық кітапханада стандарттар мен жаңалықтың сипаттауын бейнелеу үшін номерлік каталог ұйымдастырылады. Кейбір кітапханаларда қажет болса географиялық каталогтар ұйымдастырылуы мүмкін. Онда құжаттың сипаттамалары кітаптың мазмұныны берілген географиялық атаулық, немесе саяси әкімшілік бөліктердің аттары бойынша қойылады. Қажет болған күнде кітапханада хронологиялық каталог ұйымдастырылды. Онда құжаттың сипаттары, олардың басылып шыққан жылдары бойынша орналастырылады. Сипаттамаларды топтастырудың әр түрлі принциптерің қамтитын аралас каталогтар болады. Мыс: АҚШ-ң және Англияның көпшілік кітапханада сөздік каталогтар кеңінен таралады. Онда алфавиттік және пәндік каталогтарждың элементтері қатар беріледі. Яғни, біртұтас алфавит тәртібімен авторлық сипаттама, аппаратының аты бойынша сипатталып орналастырылады. Әрбір құжат бұл каталогта аз болғанда екі рет немесе одан да көп карточкалар мен бейнелеуі мүмкін. Сөйтіп сөздік каталог төмендегідей сұрақтарға жауап береді.

1.оқырмандарға белгілі нақты бір кітап кітапханада бар ма?

2.Тиісті автордың кітапханада қандай кітаптары бар?

3.Белгілі пән немесе сұрақ бойынша қандай кітаптар бар?



жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау