«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы


Аралас каталогтарға комплекстік-жүйелік каталогтар



жүктеу 0,86 Mb.
бет5/10
Дата20.11.2018
өлшемі0,86 Mb.
#21883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Аралас каталогтарға комплекстік-жүйелік каталогтар жатады. Ол жүйелі және пәндік каталогтардың элементін қамтиды. Кітаптың сипаттары онда олардың мазмұнына байланысты тақырыптық комплекстер бойынша қойылады. Комплекстің ішінде алфавит тәртібімен тақырыптар және олардың өзі ұсақ бөлімшелерге бөлініп қойылады. Жоғардағыға ұқсас алфавиттік, жүйелік, аралас каталогтар ұйымдастыруы мүмкін. Ол алфавиттік және жүйелік каталогтардың элементін қамтиды. Онда білім салалары КБЖ кестесінің бөлімшелері бойынша емес білім жүйелерінің алфавиті бойынша қойылады.

Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Каталогтың түрлерін ата. Аралас каталогтарды ата.

Әдебиеттер тізімін қара

Дәріс №5

Тақырыбы: Каталогтың формалары.

Дәрістің мақсаты: Каталогтың формаларының жеке әдістемесін анықтау

Дәрістің мазмұны: : Каталог пен карточкакалы каталогтың кемшіліктері. халықаралық «МАRS» стандарты жүйесі. Оқырмандардың кітапхана құжаттарына сұранымын қанағаттандыру кітапхана қорын каталогтарды толық және жан-жақты бейнелеуге байланысты емес, сонымен бірге олардың формасына да байланысты. Каталогтар әр түрлі формада жасалады. Керек құжаттарды каталогтардан оңай және жылдам тауып алу олардың түрлеріне де байланысты. Мыс: каталогтар кітап түрінде, плакат түрінде, блокнот түрінде, альбом, карточка тұрінде, машинамен оқылатын түрде, ойыншық түрде жасалады. Каталогтардың кең тараған түрлері: кітап түріндегі каталогтар, карточкалы каталогтар, машиналық каталогтар. (ЭВМ). Ерте уақытта жасалған каталогтардың бір түрі тізім түрінде жасалған, дәптерге жазылған каталог. Кейінірек каталогтарды типографиялық әдіспен, кітап каталогтары ретінде шығара бастады.

Каталог пен карточкакалы каталогтың, өзіндік тиімділік кемшіліктері бар. Кітаптық каталогты ықшамды пайдалануға ыңғайлы және сйымды 10 мың дана қоры бар кітапхананы 500-600 беттен тұратын кітап каталогта бейнелеуге болады. Осындай қорды карточкалы каталогта бейнелеу үшін 14-16 жәшігі бар 1кв.м. көлемі бар каталог шкафы бар қажет. Кітап каталогтары кезінде музейдің кітапханасы басып шығарып тұрған. Оларға қосымша ретінде ай сайын жаңа түскен әдебиеттердің тізімін шығарған. 19 ғ.Кітап каталогтарды Ресейдің көптеген кітапханалары шығарып тұрды. Ұзақ жылдар бойы дүниежүзінің барлық кітапханада кітап каталогтар каталогтардың негізгі формасы ретінде жасалып тұрды. Бертін келе кітап каталогтар көбінесе ірі кітапханалардың қорларын жинақты каталогтарды басуға қолдады.

ОКЖ–ң оқырмандары орталық кітапхананың ғана қорын емес филиаларының қоры жөнінде де хабар білгісі келеді. Кітапхана абонементті кеңінен пайдаланып басқа ірі кітапхананың құжаттарының көшірмесін микрофильменен, микрофишамен алдыру мүмкіндігі де кітап түрінде шыққан кітапхана қорының болуын талап етеді. Оларды көп данамен басып кітапханаға кеңінен таратуға болады. Пайдалануға олар ықшамды көрнекті, көзбен шалып танысуға болады және үйге алып пайдалануға да болады. Бірақ кітап каталогтардың тиімділігіне қарамастан 19 ғ. ІІ жартысынан бастап барлық жерлердің кітапханаларында картотекалы каталогтар оларды ығыстырып кеңінен таралды. Карточкалы каталогтар кітапхана қорын дәл бейнелейді. Картотекаларды орналасу тәртібін бұзбай оған жаңа түскен әдебиеттің карточкалары орналасқан, ал қордан шыққан әдебиеттердің карточкасын алып тастауға болады. Яғни карточкалы каталогтарда кітап түріндегі каталогтар мен карточкалы каталогтарды қиыстыру әрекеті болады. Мыс: кейбір шетел және кеңес одағының кітапханаларында ерекше кардекс типтес картотекалар «көрнекті» каталогтар ұйымдастырылған. Онда карточкалар жайпақ, поднос тәріздес жәшіктерде, көлбеу әдіспен сатылы түрде орналасады. Карточкалардың төменгі көрініп тұрған жерінде кітап туралы негізгі мәліметтер және шифр көрсетіледі. Карточкалар жайпақ жәшіктің шеткі қабырғасына бекітіліп оның ұзындығы бойынша қозғалады және оның орналасу тәртібін бұзбай жаңа әдебиеттердің карточкаларын орналастырып, шығарылып әдебиеттің карточкаларын алып тастауға болады. Кейбір кітапханалардың тәжірибеде робот кардекс, деп аталатын механикалық кардекстерде болады.

Олардың жәшіктері арнаулы кнопка арқылы қозғалады. Жай карточкалы каталогтар кодексінің тиімділігі олардың көрнектілігі де карточкаларды қозғамай-ақ көзбен шалып бірнеше құжаттың сипаттамасын көруге болады. Ақпараттық карточкаларды қолмен ұстамағандықтан карточкалар тез тозбайды. Ал негізгі кемшілігі аз сиымдылығы көп орын қажет. Соңғы жылдары біздің елімізде дәстүрлі картотекалы каталогтарға ұқсас олардың мақсаттарын орындайтын электронды каталогтарға өтіп қолданылуда. Электронды каталог шетелде мыс: АҚШ-та кітапханада 50жылдардың аяғынан бастап енгізіле бастады. Олар кітапханалар арасында компютерлік байланысты ұйымдастыруға, машинаға жазылған библиографиялық сипаттамалар әзірлеуде, мемлекеттік орталық құруға және олармен кітапхананың өзара, алмасуына мүмкіндік туғызды. Сөйтіп біртұтас кітапхана аралық ақпарат торабын ұйымдастыруға жағдай жасайды. Электронды каталогты құрастыру үшін қолданылған программа міндетті түрде мынандай қызметтерден тұрады:

1.Құжаттқа жасалған библиографиялық сипаттамаға қарсы тексеру және машинаға қосу.

2.библиографиялық сипаттаманың элементтерін машинадан барлық жолдар бойынша іздестіру

3.Библиографиялық сипаттаманы стандартты каталогты карточка түрінде дисплейде көрсету (экран) және оны сол түрде карточкаға көшірмесін түсіру.

4.Жүйені нақты кітапхананың жағдайына қарай икемдеу. (каталогтың құрамына, қорды орнықтыру тәсіліне, әр түрлі жіктеулік кестені пайдалануға)

5.Әр түрлі кітапхананың каталогтары арасында дискеттер бойынша байланыс қалдыру арқылы ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру.

Библиографиялық сипаттамаларды біртұтас орталықта әзірлеп оларды кітапханаға беру және олармен әр түрлі кітапханалар арасында алмасу жүргізу үшін сипатталады. Сақтаудың біркелкі стандартын ұстау қажет. Қазіргі кезде кітапханаларда библиографиялық ақпараттық машинаға жазып сақтау үшін халықаралық «Марс» стандарты жүиесі кеңінен таралған марс жүйелерінде әр түрлі құжаттарды, кітаптарды, мақалаларды, мерзімді баспасөздерді, аудиовизуалдық материалдарды сипаттау үшін жеткілікті түрде жолдар тізбегі берілген және ол библиографиялық сипатына құрастырылуының халықаралық стандарттардың бәрімен барлық талаптарды қамтиды. Библиографиялық сипаттамалық өңдеудің автоматтандыру жүйесін таңдауда маңызды кезең сол сипаттанудың элементтері экранның арнаулы жолдарына енгізіледі. Құжат жөнінде барлық жолға ақпарат берілгеннен кейін компьютер жолдарға мәліметтерді ажыратып, олардың араларына тиісті айыру белгілдерін қойып, экранда сипаттамалық бейнесін көрсетеді. Одан соң компьютердің арнаулы құрылғысы принтерлердің көмегімен сипаттама каталогтың карточкаларға бастырады. Себебі карточкалы каталогты электронды каталогқа өтудің алғы кезеңінде картатекалы каталогтар қатарынан ұйымдастырылуы тиіс.


Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: : Каталог пен карточкакалы каталогтың кемшіліктері. халықаралық «МАRS» стандарты жүйесінің жеке әдістемесі дегеніміз не?

Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №6

Тақырыбы: Карточкалық каталогтарды безендіру.

Дәрістің мақсаты: Карточкалық каталогтарды безендіруді анықтау.

Дәрістің мазмұны: Карточкалық каталогтарды ұйымдастырудың маңызы. Карточкалық каталогтарды ұйымдастырудың маңызды процестерінің бірі оны безендіру, ол басты 2 элементтерінен тұрады.

1.Каталогқа бөлімшелер енгізіп ішкі жағын безендіру.

2.Каталогтық шкафпен жәшіктің сыртқы жағын безендіру, яғни қажетті жазулармен жабдықтау.

Әрбір каталогты безендірудің өздеріне тән ерекшеліктері болады. Құжаттың сипатталуы стандартты карточкаларға жазылған. Халықаралық стандарттың размері биіктігі 7,5, көлденеңі 12,5. Картотеканың төменгі тұсында оны жәшікке бекіту үшін өткізуге арнаулы ойық берілген. Кейбір шетел кітапханаларды ойық элипс тәріздес болып,о л карточкалық төменгі шетіне дейін қойылады. Мұндай картотекалар үшін, дөңгелек стержен емес, жалпақша стержень қолданылады. Картотекаларды жәшіктен алу немесе салу үшін стержинды суырмай ақ оны жалпақтан тік жағдайға ауыстырып, ал бекіту үшін горизонталь жағдайға тұрса болады. Көптеген шетел кітапханаларда, Ресей кітапханаларда ерекше картатекалар микро картатекаларда қолданылады. Стандартты размердегі мұндай картатекаларда фото механикалық әдіспен құжаттардың сипаттамасын бірге олардың 100 бетке дейіңгі текстері беріледі.Ондағы текістті арнаулы аппарат арқылы оқуға болады. Ең қолайлысы типологиялық әдіспен қосылған баспа картотекалары қосылғаны. Картотекалық каталогтар үшін арнаулы стандартпен әзірленген құрал жабдықтары, шкаф каталогтық бөлімшелер, картотекалар қолданылады. Шкафтардағы жәшіктер саны әр түрлі болып келеді. Әрбір жәшікте шамамен 700-1000-ға дейін картатекалар сияды. Жәшіктің алдыңғы бетінде арнаулы рамка беріледі. Онда жәшіктің номері және онда берілген картатекалар жөнінде хабар беріледі. Мыс: жүйелік каталогтар үшін алғашқы картотека соңғы тұрған картотеканың нұсқа таңбалары, ал пәндік каталог үшін айдардың аты, алфавиттік каталог үшін алғашқы картотеканың 1 ші буыны және соңғы картотеканың 1буыны сызықшамен көрсетіледі. Пайдаланушылардың каталогпен қолдануын жеңілдету үшін картатеканың әрбір тобы бөлімшелерінен бөлінеді. Олардың формалары әр түрлі; ортасы дөңес оң жағы және сол жағы дөңес бөлімшелер бөлімінің дөңес жерлерінің биіктігі 1,5 см. карточкадан шығып тұрады. Дөңес жерде жүйелік каталогта жіктеулік бөлік нұсқа таңба және оның аттары жазылады. Ал, пәндік каталогта жеке түсініктер, сөздер пәндердің аттары жазылады.



Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Карточкалық каталогтарды ұйымдастырудың маңызы.

Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №7

Тақырып: Картотекалық каталогтарды ұйымдастыру

Дәрістің мақсаты: Картотекалық каталогтарды ұйымдастыру жалпы ережесін анықтау

Дәріс мазмұны: Кітапхана каталогтардың құрамын айқындау. Кітапханада жасалатын әрбір каталог паспорты. Кітапхана каталогтардың құрамын айқындау оның ішкі және сыртқы безендіру процестерінің жиынтығын кітапхана каталогтарды ұйымдастыру деп аталады. Ұйымдастыру алдын-ала жасалған жоспарлармен жүргізеді. Алфавиттік каталогтардан құрылып онда бейнеленген құжаттарды тілдік қатарларға бөлу принціпі айқындайды. Жүйелік каталогтардың құрылуын кітапханаларда қолданылатын жіктеу көстесі айқындайды.

Кітапханада жасалатын әрбір каталогқа паспорт жасалады. Ол құжатта тиісті каталог жөнінде басты мәліметтер беріледі: оның аты, құрылған датасы, библиографиялық жазбалардың орналасу әдісі, пайдалануға арналуы бейнеленген қордың түрі, каталогты ұйымдастыру жөнінде әдістемелерін материалдар т.б. көрсеткіштері. Кітапханаға каталогтарды қорды өңдеу және жүйелеу, оларға библиографиялық сипаттама толтыру жөнінде әдістемелік құралдар түрлі сөздер, анықтамалар, энцеклопедиялар және стандарттар. КБЖ кестесі, тиісті кітапханаларда қолданылатын жүйелеу жөніндегі әдістерін шешімінің картатекасы.

Түрлі жұмысшы нұсқалары, ережелер, кітапханалық жұмыс процестері жөнінде мөлшерлердің жиынтығы т.б. әдістемелік құралдар міндетті түрде болуы қажет.

Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Кітапхана каталогтардың құрамын айқындау. Кітапханада жасалатын әрбір каталог паспорты.

Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №8

Тақырып: Картотекалық каталогтарды ұйымдастыру.

Дәрістің мақсаты: Картотекалық каталогтарды ұйымдастыру жалпы ережесін анықтау

Дәрістің мазмұны: Каталогтарды жүргізу. Каталогтарды редакциялау (сараптау). Каталогтарды күнделікті жүргізу төмендегідей жұмыс процестерден тұрады: күнделікті жаңа түскен құжаттардың карточкаларын каталогқа құю, ескерген құжаттық картотекаларын алып тастау немесе ескірген картатеканы жаңа картатекаларын алмастыру, онда жіберілген қателерді жөндеу т.б. Сондықтан бір жүйелік каталогта кейбір бөлімшелерді жаңа бөлгішпен алмастырады.

Каталогтарды редакциялау (сараптау)

Кітапханалық каталогтарды редакциялау дегеніміз каталогтардың құрамын, оның мазмұнын оны безендіру сұрақтарын тексеруін оны каталогтың мақсатына сәйкестігін тексеріп, сараптау процестерінде кездескен кешенді түзету редакциясының өзін күнделікті және жоспарлы деп бөлуге болады. Егер жоспарлы түрде жүргізуге оның өзі түгелдей немесе таңдалымы редакциялау болып бөлінеді. Түгелдей жүргізуде барлық каталогтарды тексереді. Ал, таңдаулы жүргізуде оның тиісті байланысын ғана тексеруді, күнделікті редакциялау жаңа басылымдарға картотекалардың орналасу процестерінде іске асырады. Ал жоспарланған редакциялау шамамен жылда 1 рет алдын ала нұсқаулар жазылып жүргізіледі.



Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Пәндік ақпарат-ізденіс тілінің грамматикалық қатынасының жүйесі және оның сілтеме-ақпарат аппаратын атаңыз.

Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №9

Тақырыбы: Құжаттарды жүйелеудің теоретикалық негіздері.

Дәрістің мақсаты: Құжаттарды жүйелеудің теоретикалық негіздері

жалпы әдісін үйрену



Дәрістің мазмұны: Жіктеу жөнінде жалпы түсінік. Жүйелік жіктеудегі кітапхана терминдері. Жіктеу жөнінде жалпы түсінік.

Кітапхана қорын келісті түрде толық пайдалану, ғылым мен қоғамдық өмірдің мәдениетінің маңызды сұрақтары бойынша әдебиеттерді насихаттау кітапхана қорын дұрыс ұйымдастырып және оны каталогтарды дұрыс бейнелеуге тығыз байланысты. Қорды дұрыс ұйымдастырудың негізі, оның мазмұнын айқындап ғылыми жіктеуге байланысты.

Жіктеу дегеніміз тиісті пәннің немесе құбылыстың жалпы белгілеріне қарап оларды топтастыруға, кластарға бөлу. Мүмкін болса, әрбір класс ұсақ топтарға бөлінеді. Әрбір пәннің немесе құбылыстың көптеген белгілері болады. Топқа бөлуде олардың қайсысы алынғанына байланысты жіктеудің сипаты да өзгереді. Жіктеу табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи жіктеу пәндердің мағыналы ұқсастарын өз шиелінісін көрсетеді. Мыс: қоғамдық экономикалық формаларды жіктеу, ғылымдарды жіктеу, табиғи жіктеуге жатады. Ал,жасанды жіктеу пәндердің немесе құбылыстардың ыңғайлы белгілерін айқындау. Мыс: өсімдіктерді жіктеу, жануарларды жіктеу т.б. жіктеудің кітапханалық библиографиялық теориялық тәжірибелерде баспа ісінде, кітап саудасында маңызы өте зор. Ғылымның бұл саласында жіктеудің объектісі құжаттар болады. Бөлудің негізіне байланысты құжаттарды жіктеу бірнеше түрге бөлінеді: алфавиттік, пәндік, жүйелік.

Жүйелік жіктеуді кітапхана терминдерінен жүйелеу деп аталады, яғни, құжаттарды мазмұндарына қарап білім жүйесіне бөлу кітапхана практикасында жалпы өмірде жетекші орын алады.

Алфавиттік жіктеу көбіне мерзімді баспасөз үшін қолданылады.

Пәндік жіктеу пәндер бойынша каталогта көрсетіледі. Ол пәндеу процесі деп аталады.

Ғылымды адамдық практикалық өмірінде салалық принцип маңызды роль атқарады. Себебі ғылыми қызметті ұйымдастырудың орта және жоғары мектептің оқыту жүйесінде салааралық өндірістік қызметтерде салалық принцип жатады. Сондай кітапханалық пайдаланудың сұранысы да салалық сипатта болады. Соған байланысты кітапхана қоры білім жүйелері бойынша бөлініп орындауды және жүйелік каталогты ұйымдастырады.

Кітапханалық библиографиялық жіктеу жүйелері кітапханада қолданылған жіктік ақпарат іздестіру тілі құжаттарды жүйелеуде қолданылған және ғылымдарды жіктеумен тығыз байланыстырады. Ғылымдарды жіктеумен философия айналысады. Әрбір ғылым өзінің зерттеу объектерінің жіктеу кестесін жасайды, онсыз ғылымды зерттеудің табиғатпен қоғамның саласының даму заңдарын қортындылау мүмкін емес. Әр түрлі кезеңінде философтар өз кезінің ғылыми білімі деңгейін және құрастырудың көзқарасын бейнелеуін жіктеулер жасалады. Ғылымдарды жіктеу әр қашанда әр түрлі философиялық бағыттардың болады. Ғылымдарды жіктеу ғылыми мекемелердің құрылымын ұйымдастыру үшін, ғылымдардың зерттеу жұмыстарын жоспарлау үшін оқу орындар торабын пішіндеу үшін жинақты энциклопедиялық сипаттарға еңбектерді шығару үшін қажет. КБЖ жасау үшінде ғылымдарды жіктеу қолданылады. Бірақ онымен сәйкес келмейді. Себебі олардың мақсаттары да жіктеу объектілері басқаша. Мыс: Ғылымдарды жіктеу жалпы адамдыққа белгілі білім саласындағы айналасса ол, КБЖ құжаттарында берілген біліммен айналысады. Сондай КБЖ құрастыруда олардың мазмұндарымен қатар басылымдық түрлері мақсаты, тілі басқара білу ескеріледі және бірнеше білім салаларын қамтитын баспалар үшін жалпы бөлім, әр түрлі ғылымдар зерттеудің проблемаларды көрсетудін комплекстік бөлімшелер болуы керек. Құжаттарды жүйелеуді осындай қосымша белгілерді ескеру КБЖ-ң ғылымдарды жіктеулік ерекшелігі. КБЖ-ды кітапхана тәжірибесінде пайдалану үшін кітап түрінде басып шығарады. Микро сақтағыш түрінде әзірлейді. Машина арқылы оқу үшін де әзірленіп шығады. КБЖ-ды адамзатқа белгілі бөлімшелердің барлығы салалары бойынша бөлімшелерге бөлініп оның ішінде бөлімшелрге, одан әрі тарауларға, ұсақ жіктік бөлшектерге бөлініп беріледі. Сөйтіп,олар иерархия сатысын құрастырып беріледі. Білім саласының қажеттеріне байланысты КБЖ кестесіндегі әмбебап және салалық және кітапханаға арнаулы типіне байланысты ғылыми облыстық кітапханалар үшін, балалар кітапханалар үшін арналып басылып шығады.



Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Каталогтарды, картотекаларды, библиографиялық көрсеткіштерді құрастыру үшін пәнділеу әдісінің қолданылуын атаңыз.

Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №10

Тақырып: КБЖ-ң құрылымы мен түрлері.

Дәрістің мақсаты: КБЖ-ң құрылымы мен түрлерін анықтау

Дәріс мазмұны: Негізгі кестелер. Нұсқа таңбалар құрастыру.

КБЖ-р көбіне үш бөлімнен тұрады:

1.Негізгі кестелер.

2.Типтік кестелер

3.Алфавиттік пәндік көрсеткіштер (АПК)

Негізгі кестелерде барлық білім салалары жүйелі түрде ұсақ бөліктерге бөлініп беріледі. Әрбір жіктеулік бөлік оның атымен және шартты белгі-нұсқа таңбадан тұрады. Көптеген бөліктердің атынан соң түсініктеме текст сілтемелер, бөліктің мазмұны, кітапханашыға нұсқаулар берілген. Сілтемелердің мынандай түрлері бар. Жалпы, жекеше және әдістемелік нұсқаулар.

Жалпы сілтемелер кестесінің рубрикаларын дәлдеп шектейді. Пәннің болуы мүмкін деген жерден оның нақты орнына сілтеу береді. Олар кестеде квадрат белгісімен берілген.

Жекеше сілтемелер сабақтас бөліктерді бір-бірімен байланыстырады. Бөлікпен байланысты оны толықтырылуын басқа бөлікті де көрсетеді.

Әдістемелік нұсқау ретінде сілтеме бір бөліктің басқа бір типтес көптеген бөліктерінің байланысын көрсетеді.

Типтік кестесі негізгі кестенің мазмұнын құрастырып КБЖ-ң жалпы белгілерін көрсетеді. Баспалардың түрі, мақсаты, құжаттың мазмұнын сипаттайтын белгілерінің ғылымдық тарихи, философиялық сұрақтары, методологиясы т.б. көрсетеді. Бүл белгілердің барлық білімдер саласына қатысы бар. Сондықтан олар жалпы типтік бөлінулер деп аталады (общие типовые деление- ОТД). Тек бір білім саласына қатысты типтік бөліну белгілерін арнаулы типтік бөліну кестелері дейді. (специальные типовые деление-СТД)

Территориясы бойынша бөлу қолданылатын бөлімдерде мыс: (тарих, география, саясат т.б.)

Территориялық типтік бөліну кестесі пайдаланылады. Типтік бөліну кестесінің негізгі мақсаты-негізгі кестенің бөліктерін одан әрі бөлшектеп нақтылау. Негізгі кестенің нұсқа таңбасын типтік бөліну нұсқа таңбалық қосылуына күрделі нұсқа таңбалар пайдаланылады. Типтік бөлінулер кестесінің әр түрлі КБЖ-да әр түрлі аталады. Мыс: ӘОЖ (УДК)-да анықтағыштар деп аталады.

Типтік бөліну кестесі КБЖ-ға көп аспекттен сипат береді. Жүйелік каталогтың іздеулік сапасын арттырады.

Алфавиттік пәндік көрсеткіш негізгі кестелерін типтік бөліну кестесінде жүйелі тәртіппен берілген түсініктер мен пәндердің алфавиттік тізбегін құрастырады. Әрбір түсініктің тұсында оның кестедегі нұсқа таңбасы көрсетіледі.

Мыс: арифметика-22.130. АПК-ң негізгі мақсаты кітапханаға негізгі кестесінің керек бөлігін тез тауып алуға көмектеседі.

Мыс: филотемия, тоқу, киім тігу т.б. практикалық өмірінің біржақтарына арналған сұрақтардың қайда жататын кітапханашы бірден білуі мүмкін. Ондай түсініктерді АПК-дан алфавит бойынша тез тауып алып, ал сұрақтардың қай бөлімде берілгенін білуге болады. АПК-а айдарының 2 түрі бар:

1.Пән атымен нұсқа таңбаларынан тұратын қарапайым айдар.

2.Жинақты айдар бір пән әр түрлі ғылымдардың зерттеу объектісі болып негізгі кестелерде оның қаралу аспектісіне байланысты әр түрлі жіктеулік бөліктерде берілгенде қолданылады.

Мыс:көмір 26.325.33.

Газдандыру 35.513

Отын ретінде 31.352

өңдеу 35.


Нұсқа таңбалар құрастыру үшін орыс және латын алфавитінің әріптері, араб және рим цифрлары, тыныс белгілері, математикалық символдар қолданылады. КБЖ-да қабылданған белгілер жүйесін индексация деп атайды.

Ол негізінен кестенің бөліктерін АПК айдарының арасын және жүйелік каталогтық бөлімдерін кітап сөресіндегі бөлімдерді өзара байланыстырады.

Басылымдар мен карточкаларды жүйелеудің нәтижесін нұсқа таңбаларды жазуға жағдай жасайды. Әр түрлі КБЖ-да индексация онда қолданылған белгілерге құрылу әдісіне қарай мына түрлерге бөлінеді:

1.біртекті (тек әріппен немесе тек цифрлардан тұратын)

2.аралас (смешанный)

В физика математикалық ғылымдар

В1математика

51-//-


1)құрылу әдісіне қарап индексацияны құрылуы, сатылы, логикалық, бағыныштылық пен байланысты.

2)Белгілі тәртіппен орналасқан, бірақ сатылы бағынышты емес болып бөлінеді. Нөмірлік, ретроспективті жатады. Индексацияға мынадай талаптар қойылады: қабылданған белгілердің реттік өзара қатынасы кітапханалар мен пайдаланушыларға түсінікті болу керек:нұсқа таңбалар бойынша қысқа, есте сақтау үшін жеңіл, жазуға және айтуға ыңғайлы болуы керек, индексация ғылымының дамуымен жаңа түсініктерді енгізуді қамтамасыз етуі тиіс.



Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Негізгі кестелер. Нұсқа таңбалар құрастыру

мақсаты мен қойылатын талаптар.



Әдебиеттер тізімін қара

Дәріс №11

Тақырып: Құрылысы бойынша КБЖ-ң түрлері.

Дәрістің мақсаты: Құрылысы бойынша КБЖ-ң түрлерін анықтау.

Дәріс мазмұны: КБЖ өзара әр түрлі белгілері. КБЖ-ң негізгі екі типі. Дүние жүзіндегі КБЖ теориясы мен тәжірибесі.

КБЖ-р өзара әр түрлі белгілер бойынша айырықшаланады. Ғылыми негізі бойынша, жүйеленетін материалдар бойынша, қолданылу аспектісі бойынша, индекстік белгілері бойынша т.б. Бұлардың ішіндегі маңыздысы құрылу ерекшелігі. Осы уақытқа дейін құрылысы бойынша КБЖ-ң негізгі 2 типі қалыптасқан:

1.бағыныңқылық принциптері

2.талдап қорыту принциптері бойынша.

Бағыныңқы жіктеуде әрбір жоғары класс оқыған бағытын төменгі класс оған бағынатын төменгі класстарға бөлінеді. Бағыныңқы жіктеудің өзі 2 түрге бөлінеді:

1.тізбектеу кестесі (перечисленные)

2.құрама кесте.(комбинационные)

1-ші кестенің негізінде бөлімдерді тізбектеу принципі жатады. Мыс: Дьюдің ондық жіктеуі (ДКД), АҚШ-ң Конгресс кітапханасының жіктеуі (КБК)

Құрама кестелер құрылысы жағынан жақсы дамыған. Оларды негізгі кестелер мен қатар типтік бөліну кестесі берілген. Қазіргі КБЖ-ң көпшілігі құрама кестесі болып келеді. Мыс: ӘОЖ, КБЖ т.б. Тізбектеу кестесіне қарағанда олардың көлемі кішірек және күрделі, көп аспектілі жаңадан пайдаланылатын түсініктерді бейнелеуге мүмкіндік береді.

Мыс: Американың кітапханатанушысы Блистың жасаған библиографиялық жіктеуі, Ч.Кептердің «Созылмалы жіктеуі» т.б. құрама жіктеуге жатады.

Блистің «библиографиялық жіктеуі» автордың өмір сүру кезінде бірнеше рет басылып шықты. АҚШ-ң және Англияның кітапханаларында қолданылады. АҚШ-ң, Англияның, Францияның көптеген кітапханаларда «Конгресс кітапханасының жіктеуі» қолданылады. Ол 1901-41 жылдары құрастырылған. Негізінен бұл кесте тізбектеу кестесіне жатады. Бірақ, кейбір бөлімдерде типтік бөліну айдарлы берілген. Конгресс кітапханасы шығаратын баспа карточкалары мен могнит таспаларда осы кесте бойынша нұсқа таңбалар қойылғандықтан бұл кесте көптеген елдерде және АҚШ кітапханасында кеңінен қолданылатын болды.

Бағыныңқы КБЖ-ға қарағанда талдап қорыту кестесінде білім саласы мен оларға енетін түсіністер ұқсас белгілері бойынша ерекше кестелерде, фасеттерде топтастырылған. Фасеттердің ішінде түсініктер бағыныңқы тәртіппен орналасу мүмкін. Әрбір Фасет белгілі бір негізді бөлшектерден тұрады. Әрбір бөліктің өзіне тән нұсқа таңбалап берілген. Талдап қорыту деп аталатын себебі, құжаттарды жүйелеу үстінде алдымен оған талдау жасалады да, оның мазмұны әр тұрлі фасеттің терминімен көрсетіледі, одан соң ол терминнің нұсқа таңбасы фасеттік формулаға сәйкес қорытылып,толық нұсқа таңбаланып жасалады.

Құрама кестесіндегіге қарағанда талдап қорыту кестелерінің айырықшалары бар: әр түрлі фасеттердің терминін қисындастырудың негізінде құжаттарды көп аспектілі бейнелеуге, ғылымның дамуының қазіргі жағдайын көрсету үшін жаңа тақырыптар мен сұрақтар бойынша әдебиеттерді жүйелеуге мүмкіндік береді. Бірақ талдап қорыту кестесін жасау және пайдалану өте күрделі. Алғашқы талдап қорыту кестесі 1933 жылы үнді кітапханатанушысы Ранганатон әзірлеумен шыққан қос нүктелі жіктеуі болды. Оның әр түрлі жылдары шыққан басылымдарда бірімен негізгі бөлімшелер саны әр түрлі негізгі кластың бірқатары бағыныңқы жіктеудегі секілді бөлінген негізгі класс деңгейінде кейде тереңірек деңгейлерде Ранганатан пәнге енетін түсініктерді категорияларға бөледі. Мыс: С. «физика» С1 физиканың негізгі түсініктері; С2 материалдың қасиеттері; С3 дыбыс т.б. бөлімдерге бөлінеді. Категорияларды енгізуден кейін Ранганатан түсіндірмей жорамалдап келтіреді. Категориялар бейнесімен санының жорамалы 5. Олардың өзінің әрқайсының танымдық белгісі бар.

Индивидуальность (өзіндік қасиет)-Р

Материя (заттар көрсетеді)-; М.

Энергия -: Е

Место (жерді көрсетеді) - .S

Время (уақыт -//-) – Т.

Сөйтіп фасеттік формула былайша құрылады: PMEST. Индивидуальность категориясы заттық қасиеттерін анықтайды. Материя категориясы заттарды неден тұратынын мәнін көрсетеді.

Энергия категориясы қимылды, процесті жұмыс операциясының проблемаларын сипаттайды.

Ренганатанның ойы бойынша әрбір ғылымға енген қандай болмасын түсініктерді осы 5 категорияның біріне жатқызуға болады және тиісті бір түсінік әр түрлі ғылымда әр түрлі категорияға жатуы мүмкін. Мыс: Географиялық түсініктер басқа ғылымдарда «Место»категориясына жатса, ал география ғылымының өзінде «индивидуальность»категориясы жатады.

Әрбір категорияға енетін түсініктер фасеттерге бөлінген фасетке енетін жеке түсініктерді Рангенатан «Изалат» деп атаған. Мыс: С3-дыбыс бөлімінде категорияның 2 түрі «Индивидуальность» және «Энергия», олардың әрқайсында фасеттен берілген. Мыс:

Категория Категория

«Индивид» «Энергия»

Фасет длина волны. Фасет проблемы.

1.Слышимые звуки 1.Генерация

2.Инфрозвук 2.Распростра-е

3.Ультразвук 2.1.Скорость

2.2.Отрожение

3.Частота.

Сөйтіп «қос нүктелі жіктеу» кестесі бойынша ультразвуктық таралу жылдамдығы жөнінде кітапқа төмендегідей толық нұсқа таңба беруге болады: С3, 3:21.

Құжаттарды әр түрлі аспектіде бейнелеу үшін, қос нүктелі жіктеулерде ерекше бөлек байланыс символдарының кестесі берілген. Сөйтіп, бұл кестеде негізгі кестелер жалпы изолаттар кестесі алфавиттік пәндік көрсеткіщ негізгі категориялар кестесі, Фасеттік формула, байланыс символдық кестесі берілген. Қос нүктелі жіктеу өзінің Индия кітапханасында кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі КБЖ теориясы мен тәжірибесіне Ранганатанның идеясының әсері зор болды. Оның жіктеулік теориясы мен әдісі Англияда, АҚШ-та, Австрияда, Францияда және бұрынғы КСРО-да оқылып зерттелді. 1989ж. ол кесте 7 рет басылып шықты. Ранганатанның еңбегінің маңыздылығы КБЖ жасауда саналы және жүйелі түрде категориялық талдауда қолдануында болды. Оның кемшіліктері бар: категорияларда соның аздығы және жіктеуді пайдаланудың қиындығы.

Қазіргі жіктеу теориясы КБЖ құрастыруда барлық білім саласы үшін бағыныңқылық бөлудің аяқталып категориялық талдау бастамаларын арнаулы деңгей барма деген сұраққа жауап бере алмайды. Сондықтан талдап қорыту жіктеу кестесі көбіне арнаулы кестелер түрінде белгілі бөлім саласы бойынша жасалып әзірленеді. Сөйтіп қазіргі кітапханалық тәжірибе қолданып жүрген КБЖ-р құрылымы жағынан тізбектеу кестелері түрінен бастап талдап қорыту принциптерінде құрылған күрделі көп аспектілі жүйелерге дейін даму жолынан өтті. Әр түрлі мемлекеттерде кітапханатанудың кітапхананың библиографиялық мекемелердің көмегімен құрастырылған әр түрлі кестелер қолданылады.



жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау