Өзін – өзі тексеретін сұрақтар:
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс№18
Тақырып: ЖК , ұйымдастыру және жүргізу.
Дәрістің мақсаты: ЖК , ұйымдастыру және жүргізу.
жүйелі ұйымдастыруды анықтау
Дәрістің мазмұны: 1.Каталогтың паспорты.
Каталогтың бөлімдерін қалыптастыру құжаттарды жүйелеу процестерімен тығыз байланысты. Бөлімнің орналастыру тәртібі кітапханада қолданылатын КБЖ кестесінің құрылымына сәйкес нұсқа таңбаларының өз ретімен орналасады. ЖК құжаттың негізгі және дублет карточкасы аналитикалық сипаттама карточкалар қолданылады. Негізгі және дублет карточкалар да құжаттың негізгі сипаттамасы қолданылады. Карточканың барлығында да Міндетті түрде каталогтық нұсқа таңба көрсетіледі. Бөлімдерін кейін орналастыру үшін сол каталогтың нұсқа таңбалар бойынша іріктеп алынады. ЖК құрылысы негізінде және жүйелік орналастыру негізінде бідей КБЖ алынғанмен, бірақ олар бір – бірімен толық сәйкес келмейді, себебі, ЖК сөреде әдебиеттерді орналастыруға қарағанда құжаттарды детальды түрде ұсақ бөлімдермен бөлімшелер бойынша көрсете алады. Ал сөреде дәл осы құжаттар кесте бойынша ірілек тараулармен тараушалар бойынша орналасады. Яғни, жүйелеу процесінде нұсқа таңба беруде каталог үшін детельді ұсақ нұсқа таңба көрсетілсе, одан ірірек тараудың нұсқа таңбасы беріледі. ЖК каталогтық әрбір бөлгіштердің артында шамамен 40 карточка болуы керек, ал сөре үшін шамамен 50-ге дейін бөлгішке дейін кітаптар қоюға болады. Каталог үшін қолданылатын күрделі және құрамалы нұсқа таңбалардың өзара орналасу тәртібі каталогтың паспортында көрсетіледі. Бірдей нұсқа таңбалардың өзара орналасу тәртібі:
1.Типтік бөліну нұсқа таңбалары жоқ, тек негізгі кестелердің нұсқа таңбалары
2.Жалпы типтік бөліну нұсқа таңбасы
(, 3) Территориялық типтік бөліну нұсқа таңба берілген
(- 4) Арнаулы типтік бөліну нұсқа таңбасы
ЖК көбіне кітапханаға түскен құжаттың соңғы басылымының карточкасы енгізіледі де, карточка « бұрынғы басылымдарда бар» деген штампель қойылады. ЖК бөлімдерін қалыптастыру ұдайы жүргізіліп отыратын процесс, қор үнемі жаңа құжаттармен толықтырылумен заттар ЖК бөлімдеріде ұдайы жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырады.
3.ЖК-та карточкалар каталогтық нұсқа таңбалар бойынша орналастырылады. Олар КБЖ кестелеріндегідей берілген тәртіппен бірінің артында бірі ретімен орналасады. Карточканың әр тобын бөлгіштермен бөліп қояды. Әр топтағы карточка мына тәртіппен қойылады:
1.Алфавиттік
2.Кері хронологиялық
Кері хронологиялық тәртіп боынша көбінесе мақалалардың жүйелік картотекасында қолданылады. Бірыңғай каталог әр бөлім бөлгіштерінен кейін алдымен қазақ тіліндегі сипаттамасы, одан соң орыс тіліндегі сипаттамасы, одан әрі бар болса шет тіліндегі карточкалар қойылады. Бірдей каталогтық нұсқа таңба бар кітаптар мен брошюралар карточкаларынан соң сол тақырып бойынша библиографиялық құралдың және аудиовизуальдық материалдардың карточкалары қойылады.
4.Каталогты көріктеу оның құрылысын пайдалануға көрнекті түрде бейнелеп көрсетуге керек. Көріктеудің өзі сыртқы және ішкі көріктеу боп бөлінеді. Сыртқы көріктеуге каталогтық жәшіктің алдыңғы бетінде рамкада берілген жазбалар бастап-дейін деген сипатта каталогтық нұсқа таңбалар сызықшамен беріледі және әрбір жәшіктер номерленеді. Ал ішкі көріктеуде әрбір карточкаларды бөлімдері-бөлімшелері бойынша бөліп тұратын бөлгіштер қолданылады. Бөлгіштердің өзі әртүрлі формада болады: ортасы дөңес, оң жағы дөңес, сол жағы дөңес боп келеді. Бөлгіштердің 3,2 бөлігінде сол бөлімнің ұсақ бөлімшелері көрсетіледі. Ал қалған 3,1 бөлігінде сілтемелер жазылады және әдістемелік нұсқаулар беріледі.
Мысалы: 28.Биологиялық ғылымдар
Негізгі бөлімдері: Сілтеме:
28.0 Жалпы биология
28.1 Палеонтология
28.3 Вирусология
28.4 Микробиология
28.5 Ботаника
28.6 Зоология
28.8 Антропология
28.8 Адам анатомиясы,эмбриология,
гиетологиясы
28.9 Адамдар мен жануарлардың
биофизикасы,биохимиясы, және
физиологиясы
5.ЖК үшін көмекші аппарат ретінде алфавиттік, пәндік көрсеткіш жасалады. Алфавиттік-пәндік көрсеткіш каталогтан пайдалануға көмек үшін жасалады. Пайдаланушының іздеуін жеңілдетеді. Іздеу үшін бағыт береді, және белгілі бір түсініктің, пәннің, тақырыптың, әр түрлі тұрғыдан қаралуын, каталогтың және картотеканың қай жерінен іздеу керек екенін көрсетеді. Пәндік көрсеткіштер жасау ертеректе пайда болды. Мысалы: неміс кітапханатанушысы 19ғ. Басында жақсы пәндік көрсеткіштер жасаған. Кейбір Ресейдің ғылыми және бұқаралық кітапхананың каталогында да пәндік көрсеткіш болған. Алфавиттік көрсеткіш КБЖ кестесінде де көрсетілген, бірақ ол құжатты жүйелеушіге тиісті пәнді, тақырыпты тез тауып алушыға бағыт беріп көмектессе, ал ЖК жасалған алфавиттік-пәндік көрсеткіш әрбір түсінікті жеке карточкаға жазып,алфавиттік ретпен орналасып, оқырманға каталог әдебиеттер іздеу үшін бағыт береді. Кітапханада ұйымдастырылған ЖК мақалалардың жүйелі картотекасы және өлкетану жүйелі картотекасы үшін бірыңғай алфавиттік-пәндік көрсеткіш (АПК) жасалады.АПК карточкасында бөлгіштер қолданылады. Олардың арасында шамамен 60 карточкадан қойылады. Бөлгіште әріптер мен буындар жазылады.
АПК-де карточканың 3 түрі қолданылады:
1.Қарапайым пәннің аты және нұсқа таңбасы
2.Ұялы тіркескен
3.Анықтама карточкалары
Ұялы тіркескен карточкалар белгілі бір пән немесе сұрақтың әртүрлі тұрғыда қаралуын каталогтың әр түрінде берілген жағдайда керек.
Мысалы: Школьники
Воспитание и обучение – 74.2
Гигиена -51.28
Помощь семьи в учение - 74.902
Худож.самодеятел. школьников – 85.7
АПК үнемі толықтырылып отырады. Ол әдебиеттерді жүйелеу процесімен, ЖК жасау процесімен, қатар процесімен қатар жүргізіледі, және онда қолданылатын түсінікткр ғылыми терминдерге сәйкес болуы керек немесе пәндік тұжырымдаманы дұрыс алудың маңызы өте зор. Көбіне тура тұжырымды алу керек.
Мысалы: «Теориялық механика», «Спорттық ойындар». Кей жағдайда түсініктің орындалуын инверсиялау керек болады.
Мысалы:
Мебель
Мебель деревянный
Мебель железный
Мебель пластиковый т.б
АПК-да жеке адамның фамилиялары жалпы алфавит ретімен орналасады.
Мысалы: Менделеев, Ломоносов т.б адамдар жөнінде әдебиеттерді іздеушілер оларды алфавит бойынша АПК-дан табады. АПК карточкаларын жазумен қатар жүйелік бақылау картотекасының карточкаларында толтырады.
6.Каталогты редакциялау.(сараптау)
Кітапхананың дұрыс қызмет етуі үшін керек. Каталогты міндетті және жоспарлы түрде сараптап отыруы керек, күнделікті тексеру каталогқа күнделікті картотекаларды орналастыру процестері де жүргізіледі. Каталогты алдын-ала сараптау жасалған жоспар бойынша ЖК түгелдей тексеріп шығуды немесе белгілі бір бөлімін тексеру боп табылады. Тексеру кезінде каталогтың орналастыру тәртібі, бөлгіштердегі жазулардың дұрыстығы, карточкадағы каталогтың сілтеме аппаратының толықтығы т.б тексеріледі.
Мысалы: 1986 ж. шыққан КБЖ кестесінің 1-ші марксизм-ленинизм бөлімінің әдебиеттерін қайтадан нұсқа таңбалау жүргізіп 63-87 бөлімдерге бөлгенде ЖК сараптау жұмысы сөредегі әдебиет тердің нұсқа таңбаларын өзгерту процесімен қатар жүргізіледі.
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: ЖК-тың тарихы мен қазіргі жағдайы, олардың түрлері.
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс№19
Тақырып: Пәндік каталог , ұйымдастыру және жүргізу.
Дәрістің мақсаты: ПК ұйымдастырудың теоретикалық негізін үйрену.
Дәріс мазмұны: Құжаттың қаралу және оның қаралу аспектілері мен байланыстарын анықтап, мазмұнын сөз түрінде тұжырымдау процесін пәндеу деп атайды. Құжат пәні әр турлі обьектіні көрсетуі мүмкін. Мысалы: үй, станок, автомобиль, олардың бөліктерін, материалдық-пәндік қатынастары мен қасиеттерін, жеке оқиғаларды, құбылысты тарихи факторларды т.б көрсетуі мүмкін. ПК құжаттар оның қай құжаттар тобына жататынына қарамастан пәндер туралы әдебиеттер комплексін құрастырып пәндік айдардың алфавиттік рет бойынша топтастырады. Мысалы:Авия моделизм, автобаза, автобусы, автомобиль. ПК жасауда оған барлық пәндер мен фактілер, құбылыстар түгелдей емес, олардың мазмұндылығы кітаптың пішіні мен пайдалану сұраныстары, ескеріліп, іріктелініп алынады. ПК кітапханада ақпараттық және іздестіру қызметін атқарады. Ол бойынша жеке пән ретінде шектес пәндер бойынша әдебиеттер іздестіріп тез арада тауып алуға болады. Оның көмегі бойынша пайдаланушының сала аралық комплекстік сұраныстары қанағаттандырылады. Пәндік айдардың алфавит бойынша орналасуы оған, жаңа пәндер мен түсініктерді, жаңа ғылымдар етуге мүмкіндік береді. Ғылыми әдебиеттерді және оқырмандар сұранысын мамандықтар бойынша бөлуді талап ететін ғылым да саралап көрсетуді ПК-да тез бейнеленуі ПК-ң толығып отыруы, пәндік айдардың тұжырымдалуы, әдебиеттің комплестенуі ролін арттырады. Сондықтан ПК ғылыми және арнаулы кітапханаларда жасалады. ЖК қарағанда ПК бойынша әдебиеттер іздестіру жеңілдеу. Бірақ кез-келген оқырман өзіне керек пән тұжырымын тез таба алмайды. Кейбір ғылыми кітапханалар монографиялық әдебиеттерді, ЖОО-ң оқу программалары мен оқу құралдары, арнаулы әдебиеттер мен сөздіктерді пайдаланып және мамандармен кеңесе отырып, пәндік айдарлар тізімін өздері де әзірлейді. Бұл арада кітапханаға баспа карточкаларында берілген құжаттардың пәндік айдарлары да көмектеседі. ПК тарихы пәндік әдісі 15ғ. кітап басу әдісі пайда болғаннан бастап пайда болды. Ол кездегі
Кітапта титул беті болған жоқ, кейде авторы көрсетілмей, кейде кітаптың аты жазылмаған. Ал кітапханада кітаптыың тізімі жасалғанда, олардың сипаттамаларында тестің алғашқы сөзі жазылады. Мысалы: 15ғ. Ресейде Кирилл монастірінің кітап тізімінде шығарма аттары әрқайсысы жаңа жалдан бастап, алғашқы сөздері сиямен жазылған кітаптың тақырыбын анықтауға талпынумен 16-18ғ. Сипаттаманың басында атының алғашқы сөзі емес, мағынасын көрсетіп, түйінді зат есім көрсетілген. Мысалы 18ғ. Ресейде шыққан «Оглавление книг кто их сложил» деген еңбегінде осы әдіс қолданылған. Бұл басылымға орыс библиографының тарихында алғаш рет есімдер мен пәндер көрсеткішін
Мысалы: пресса-печать. Аноним сөздердің бір түрі алынады.
Мысалы: Ткани (биол), ткани (текстильная) т.б. Пайдаланылып жазылғанда сөздері қысқартылмай, толық жазылады. Бас тақырыптар мен тақырыптар арасы бөлінеді.ПК үшін құжаттарға библиографиялық сипаттама ережеге сай жазылады. Сипаттама басында 1-ші жолға 2-ші тік сызықтан бастап пәндік айдар көрсетіледі. Одан әрі ережеге сай библиографиялық сипаттама жазылады.
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар:
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №20
Тақырып: Пәндік каталог , ұйымдастыру және жүргізу.
Дәрістің мақсаты: ПК ұйымдастырудың теоретикалық негізін үйрену.
Дәріс мазмұны: ПК ұйымдастыру
ПК ұйымдастыру алфавиттік және ЖК ұйыпдастыру сияқты операциялардан тұрады. ПК ЖК-ны толықтырушы боп табылады, онда қордың барлығын бейнелемей-ақ тиісті бір білім саласына арнап жазуға болады. Мысалы: техникалық кітапханаларда оқырманның мамандық пішініне байланысты техникалық және экологиялық сұрақтар бойынша құжаттарға ПК жасауға болады.
ПК-да басылымның тек соңғы бетінде көрсетіледі. Егер ПК пішініне байланысты кітапханада кітаптар аз болса, каталогқа журналдар мен жинақтарды материалдарға талдама сипаттама толтырып енгізуге болады. Каталогта тиісті бір пәнмен оған шектес пәндер бойынша құжаттар жөнінде толық мәлімет беру үшін байланысты сілтеме құрылады. Олар тақырыбы жағынан бір-біріне жақын айдарларды байланыстырады. «См.также» деген сөзбен беріледі.
Мысалы:Модернизм в искусстве. См также
Натурализм в искусстве
Формализм в искусстве
Мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас айдарлар қарама-қарсы сілтемелерін байланыстырады. Бұларды да жоғарыдағыдай әдістермен жалғастырады. ПК-да жалпы сілтемелер де қолданылады.
Мысалы: Каталогта қолданылмайтын сөзбен оның қолданылатын дұрыс тұжырымына сілтеме беріледі.
Мысалы: «сточные воды См.воды сточные
ПК-та анықтамалық карточкада қолданылады. АК-ғы сияқты ПК-та сілтеме және анықтамалық карточкаларын қолдану керек элементтерінің бірі. ПК-ң пәндік айдарлары өз арасында тар комплекстік айдарлар және кең комплестік айдарлар бойынша топтастырып беріледі.
Тар комплекстік айдар дегеніміз- бір пән жөніндегі пәндік айдардың каталогтіқ тізімінің, көрсеткіштің 1 жерінде топтасқан айдарлар комплексі.
Кең комплекстік айдарлар дегеніміз-ПК, тізімнің, көрсеткіштің әр жерінде орналасқан және сілтеме анықтама аппараттарын байланыстыратын тақырыптары өзара байланысты пәндер жөнінде айдарлар комплексі.
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Әртүрлі типтегі кітапханалардың каталогтар жүйесінің еркшеліктері.
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №21
Тақырыбы: Жиынтық каталог жүйелі ұйымдастыру ретінде.
Дәрістің мақсаты: Жиынтық каталогтың теоретикалық негізгі мақсатынанықтау.
Дәрістің мазмұны: Жиынтық каталогтар(ЖК), (Сводные каталоги)
Кітапхана қорының құрамын анықтап, қордың территориялық бөлінуін есепке алу мақсатында және каталогқа енгізілген әрбір басылымның қай кітапхана қорында бар екенін көрсету үшін бірнеше кітаптың бірігуімен жиынтық каталогтар жасалады. Олар кітаптың қорын жинақтап толықтырады. Ғылыммен-техниканың әр әр түрлі саласы ақпарат ағымының көлемі үлкен болғандықтан оқырмандар бір ғана кітапхана қорын пайдаланумен ғана шектелмейді. Каталогқа енгізіліп басылымның мазмұнына олардың толықтырылуына, топтастыру принципіне байланысты ЖК-р бірнеше түрге бөлінеді:
1.Ұлттық (ел ішіндегі кітаптар қорын көрсетеді)
2.Аймақтық (белгілі бір облыс, қала төңірегіндегі кітап қорын көрсетеді)
3.Тораптық (сетевой) белгілі бір министрліктік немесе ғылым академиясының кітаптар торабының қорын көрсетеді.
Шетел кітапханаларында да ЖК-ды жіктеуде негізгі белгі ретінде территориялық белгі алынады. Осыған байланысты 4 түрге бөлінеді:
1.Халықаралық
2.Ұлттық
3.облыстық
4.жергілікті
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Жиынтық каталогтың теоретикалық негізі.
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №22
Тақырыбы: Жиынтық каталог жүйелі ұйымдастыру ретінде.
Дәрістің мақсаты: Жиынтық каталогтың теоретикалық негізгі мақсатынанықтау.
Дәрістің мазмұны: ЖК жасаудың әдістемелеріне:
Каталог жасауға кітапханашылар қатысу тәртібі, материалдарды іріктеу, оларды сипаттау, мәліметтерді жинақтау тәсілі, каталогтарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтар әзірлеу және оны кітапханаларға жіберу, т.б сұрақтар жатады. ҚҰжаттарды библиографиялық сипаттау негізгі ережеге сәйкес болуы керек. Карточканы немесе баспа ЖК-на енгізілген әрбір материалда қатысушы кітапханашының коды көрсетіледі. Бұрынғы КСРО кезінде көбіне карточканы және баспа кітап түрінде әзірленген ЖК-лар жасалды. ЖК үшін материалдарды жинау тәсілі әртүрлі.
1.төменнен жоғары, яғни ұйымдастырушы кітапхана қатысушы, кітапхана каталогқа енгізетін басылымның карточкаларын жинайды да карточкаға кітаптың кодын жазады.
2.жоғарыдан төмен ұйымдастырушы кітапхана қатысушы кітапханаға өз каталогының копиясын кезекпен жіберіп, олар өзінде бар карточканың өз кодын қояды,каталогқа қосады. Сөйтіп ұйымдастырушы кітапханаға қатысушы әрбір кітапхана олардың қоры жөніндегі хабар жинайды.
3.қатысушы кітапханашылар өз каталогтарын бір-бірімен өзара салыстыру арқылы толықтырылып ЖК жасалады. КСРО кезінде шетел журналдарына ЖК жасау керек болды.1919ж. алғаш рет ЖК жөнінде Ресей бұқаралық кітапханасының директоры Браудоның мақаласы жарық көрді. Ол кезде ол 4 түрлі ЖК жасауды ұсынды.
1.Шетел тіліндегі мерзімді баспасөздер каталогы
2.Орыс тіліндегі мерзімді баспасөздер каталогы
3.Библиографиялық әдебиеттегі ЖК
4.Шет тілінде шыққан жаңа түскен әдебиеттердің ЖК-сы
Бұрынғы КСРО-ның шетел әдебиетінің кітапханасы 1949ж бастап «КСРО кітапханасына түскен жаңа шетел әдебиетінің жиынтық бюллетенін» шығара бастады. Бұл басылым барлық білім салалары бойынша, жаңа түскен шетел әдебиеттерін көрсетті. 1955ж бастап бұрынғы КСРО-да «Ленин» атындағы кітапхана карточкалы түрде КСРО кітапханасының қорында бар шетел әдебиеттерінен ЖК жасай бастады. ГПНТБ-ның басқалардан жасаған ЖК-ы жасауда КСРО-ның шетел әдебиеттерін алатын ірі кітапханалары және ғылыми техникалық ақпарат органдары қатысты. Бұл каталог 2 шығарылыммен басылып шықты:
1.Кітаптар каталогы (тоқсан сайын)
Мерзімді баспасөздер каталогы (жылына 2 рет)
Бұл 2 шығарылымда көмекші аппараттармен жабдықталады: қатысушы кітапханашылардың тізімі, географиялық көрсеткішін бірігіп жасаған авторлар,редактордың алфавиттік көрсеткіші беріледі. Жалпы алғанда бұрынғы КСРО кезінде карточка түрінде және баспа кітап түрінде ЖК-р жасауда едәуір тәжірибе жинақтайды. ҚРҰК соңғы жылдары «халық жауы» атты бағдарлама бойынша ЖК жасаумен айналысуда. Ол кітапханаға республиканың 30 кітапханасы және өлентану жұмысын жүргізген басқа мекемелер де қатысады. Бұл ЖК-ға республика кітапханаларының қорымен бірге ҚР қатысты тақырыптарға арналып, басқа шетелдер кітапханаларындағы материалдар да енгізіледі.
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Әртүрлі басылымға арналған қысқамазмұнның типтік құрылымын атаңыз.
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №23
Тақырыбы: Электрондық каталог.
Дәрістің мақсаты: Электрондық каталогпен жұмыс істеп ұйрену
Дәріс мазмұны:ЭК-тың маңызы мен функциялары, негізгі принциптері, қойылатын талаптар. Аутоматталған каталогтанған процессінің сонғылары мен олардың түрлері. Ақпарат алушылардың каталогпен жұмыс жасау ерекшеліктері.
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: ЭК пен дәстүрлі каталогтардың айырмашылықтары.
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №24
Тақырыбы: Электрондық каталог.
Дәрістің мақсаты: Электрондық каталогпен жұмыс істеп ұйрену
Дәріс мазмұны:ЭК-тың маңызы мен функциялары, негізгі принциптері, қойылатын талаптар. Аутоматталған каталогтанған процессінің сонғылары мен олардың түрлері. Ақпарат алушылардың каталогпен жұмыс жасау ерекшеліктері.
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: ЭК пен дәстүрлі каталогтардың айырмашылықтары.
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №25
Тақырыбы: Картотекалар мен каталогтар жүйесі.
Дәрістің мақсаты: Картотекалар мен каталогтар жүйесін талдау.
Дәрістің мазмұны: Картотекалар мен каталогтар жүйесінің әдістемелік және теоретикалық негізі.
Каталогтар жүйесінің негізгі элементтері, олардың арақатынасы.
Кітапханада картотекала мен каталогтардың алуан түрлерінің болуы олардың әрқайсысы қорды белгілі бір тұрғыда ашып көрсететін және өзара байланысты үйлестіретін каталогтар жүйесін жасауды талап етеді. Каталогтар жүйесі мәселесі алғаш рет 1936ж. кітапханатану және библиографиялық теорияның сұрақтары бойынша өткен бүкілодақтық мәжілістегі жиында қаралды.
Каталогтарды әдебиеттер насихатында және әдебиеттер таңдауда көмек көрсететін маңызды құрал ретінде қаралды. Кітапханашының алдында тұрған мақсат-міндет не сәйкес өзара байланысты және үйлескен түрде жоспарлы ұйымдастырылып, оның қорын толық және жан-жақты ашып көрсететін катологтар мен картотекалар жиынтығын КАТАЛОГТАР ЖҮЙЕСІ деп атайды. Каталог жүйесін дұрыс құру үшін тұтасымен жүйенің және оның бір бөлігінің принциптерін анықтау керек.
1.Каталогтар жүйесі кітаптың анықтама библиографиялық аппаратының бір бөлігі.
2.Каталогтар жүйесінің негізінде жоспар болуы керек. Ол үшін қордың сипаты мен тақырыптың құрамы,пайдаланушының сұранысын, қордың орналасу тәртібі, кітап сақтауға арналған бөлімнің жағдайы ескеріледі.
3.Жүйенің әрбір бөлігі қорды әртүрлі тұрғыдан ашып көрсетуі керек және олар бір-бірімен байланысты және үйлесімді түрде жүргізілуі керек.
4.Құжаттарға сипаттама жазуды бірдей ету талаптарына байланысты каталогтар жүйесі тиімді жүргізілуі керек, және әртүрлі каталогтарды карточкаларды артық қайталаудан бас тарту керек. Облыстық кітапханаларда әртүрлі басылымдарды қамтитын, мазмұны жағынан әмбебап қор жинақталады. Ол кітапханадағы бар құжаттарды қамтиды. Бірақ қызмет бабына арналған АК-мен оқырмандар пайдаланбайды. Оқырмандар үшін көлемі жағынан одан гөрі кішірек АК ұйымдастырылады.
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Картотекалар мен каталогтар жүйесінің әдістемелік және теоретикалық негізі.
Каталогтар жүйесінің негізгі элементтері, олардың арақатынасы.
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №26
Тақырыбы: Картотекалар мен каталогтар жүйесі.
Дәрістің мақсаты: Картотекалар мен каталогтар жүйесін талдау.
Дәрістің мазмұны: Облыстық кітапхана ережесі бойынша ол кітапханада өлкетану әдебиеттері жинақтап, өлкетану саласындағы жұмысты жүргізеді. Сондықтан бұл кітапхананың каталогтар жүйесінде өлкетану каталогы болуы керек.
Орталық каталогтар мен картотекалар
есеп каталогы
қызмет бабына арналған орталық АК
орталық ЖК
пайдаланушыға арналған орталық АК
өлкетану ЖК
әдістемелік материалдардың жүйелік картотекасы
библиографиялық материалдардың жүйелік картотекасы
мерзімді баспасөздің жиынтық АК
мақалалардың жүйелік картотекасы (МЖК)
ноталық басылым АК
аудиовизуальдық материалдарАК
2.Орталық балалар кітапханасының каталогтары мен картотекасы (ОБК)
1.ОБК қорының АК
2. балалардың жасына байланысты орталық ЖК
3.оқу жетекшілері үшін 4.10-14жастағы балалар үшін
5.10-14жастағы балалар үшін өлкетану каталогы
6.шығарма атының алфавиттік көрсеткіші
3.Ересектерге арналған филиалдардың каталогы
1.АК
2.ЖК
3.МЖК.
4.Балаларға арналған филиалдардың каталогы
1.АК
2.баланың жастары бойынша топтарға бөлінген ЖК
3.МЖК
5.Ересектер мен балаларды қамтитын филиалдардың каталогы
1.АК
2.Бірнеше бөліктен тұратын ЖК
2.Ересектер мен балаларға арналған бөліктерден тұратын МЖК
АК-ты пайдаланудың жұмысын жеңілдету үшін оны көріктеудің маңызы өте зор. Көріктеу үшін каталогтық жәшіктің алдыңғы бетінде берілген этикадан жазудың маңызы өте зор. Әдетте әрбір 60 карточкадан кейін бөлім қою керек. АК-да көбінесе тек әріптердің бөлгіштері қолданылады. Бөлгіштік жазуларды машинамен басқан жөн, болмаса кітапханалық шрифтпен, тушпен жазу керек. Қандай болмасын карточкалар каталогтар сияқты АК белгілі бір кездерде сараптауды керек етеді. Оның мазмұнын, құрылысын тексеріп, тиісті жөндеулер жасалады. Каталог сараптау екіге бөлінеді.
1.Күнделікті тексеру
2.Жоспарлы сараптау
Сараптаудың мақсаты каталогтардың бөлімдерін тексеру, қордың толық бейнеленуін тексеру, сипаттаманың дұрыс жазылуын тексеру, кездескен қателерді жөндеуді тапсырады. Қарастырады.
Жоспарлы сараптаудың толық және таңдамалы түрде өткізілуі мүмкін. Толық сараптау АК-тан бастап аяғына деген сөз, ал таңдамалы сараптау оның жеке бір бөліктерін ғана тексеріп, керек өзгерістерін толықтыруды енгізу керек деген сөз.
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Орталық каталогтар мен картотекалар, есеп каталогы, қызмет бабына арналған орталық АК дегеніміз не.
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №27
Тақырыбы: Каталогтау процесстерін механикаландыру мен автоматтандыру
Достарыңызбен бөлісу: |