РМҚК «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы – экономикалық колледжі»
РГКП «Семипалатинский финансово-экономический колледж им. Р.Байсеитова»
«Есептеу кешендерінің операциялық жүйелері
мен бағдарламалық қамтамасыз ету»
ПӘНІНЕН
Сайыс сабағының жоспары
Тақырыбы: Файлдық жүйелердің әртүрлілігі (FAT16, FAT32).
2010 – 2011 оқу жылы
Ф.219
№19 Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)
Пән: Есептеу кешендерінің операциялық жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз ету
1 бөлім. ЕК БҚ-ң қызметтілігі мен ұйымдастырылудың жалпы принциптері
Курс тақырыбы: 2.1 Жалпы мағлұмат. ОЖ-ң негізгі модульдері. MS-DOS ОЖ-ң файлдық жүйесі. Файлдар мен каталогтар. MS-DOS негізгі командалары
Сабақтың тақырыбы: № 19 Файлдық жүйелердің әртүрлілігі (FAT16, FAT32).
Сабақтың типі: Тәжірибелік сайыс – сабақ
Сабақтың түрі: Аралас
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
|
Базалық құзыреттілік
|
Білім алушыларға кең ауқымды түрде қолданылатын операциялық жүйелердің негізгі түсініктерін оқып үйретеді (MS-DOS, WINDOWS ОЖ әулеті, UNIX, LINUX ОЖ-ң негізгі түсінігі).
|
Кәсіптік құзыреттілік
|
Операциялық жүйелерге арналған бағдарламалық қабықшалар (Norten Commander, Far-менеджер, Total Commander және т.б. , мәтіндік (MS Word), графикалық кестелік (MS Excel) ақпараттарды өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламалар, ақпараттарды архивтеу, антивирустық бағдарламаларды оқытуды қарастырады.
|
Арнайы
Құзыреттілік
|
WINDOWS, UNIX, LINUX ОЖ-мен жұмыс істеу.
|
|
Сабақ мақсаттары
|
оқытушылық
|
Операциялық жүйелердің жалпы түсінігі
|
тәрбиелік
|
Оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін дамыту, компьютерлік мәдениеттілікке тәрбиелеу, өткен тақырыптар бойынша білімдерін жүйеге келтіру
|
дамытушылық
|
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, операциялық жүйемен жұмыс істеулерін, өз бетімен жұмыс жасай білу қасиеттерін дамыту
|
Пәнаралық байланыс
Қамтамасыз ететін
|
Есептеу кешендерінің операциялық жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз ету
|
Қамтамасыз етілетін
|
Алгоритм және бағдарламалау негіздері
|
Сабақтың жабдықталуы
Көрнекілік құралдар
|
ДК
|
Таратпа материалдар
|
Тірек конспект, тәжірибелік жұмыстар
|
Оқытудың техникалық құралдары
|
ДК
|
Әдебиет: негізгі
|
Олифер В.Г., Олифер Н.А. Сетевые операционные системы
Гордеев А.В. Операционные системы
Таненбаум Э. Современные операционные системы
|
Қосымша
|
Робачевский А. Операционная система UNIX
Иртегов Д. Введение в операционные системы. Учебное пособие.
|
Сабақ мазмұны
Эле-мент №
|
Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,
оқытудың әдістері мен тәсілдері
|
Қосымшалар, өзгерістер
|
1.
|
Ұйымдастыру (2 мин)
Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру
Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
|
2.
|
Үй тапсырмасын сұрау (30 мин)
Ұпай жинау сайысы
|
|
3.
|
Жаңа сабақ (15 мин)
Пән: Есептеу кешендерінің операциялық жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз ету
1 бөлім. ЕК БҚ-ң қызметтілігі мен ұйымдастырылудың жалпы принциптері
Курс тақырыбы: 2.1 Жалпы мағлұмат. ОЖ-ң негізгі модульдері. MS-DOS ОЖ-ң файлдық жүйесі. Файлдар мен каталогтар. MS-DOS негізгі командалары
Сабақтың тақырыбы: № 19 Файлдық жүйелердің әртүрлілігі (FAT16, FAT32).
Сабақтың типі: Тәжірибелік сайыс – сабақ
|
|
4.
|
Жаңа сабақтан алған білімдерін бекіту (30 мин)
|
|
5.
|
Үйге тапсырма беру (2 мин)
46-48 бет
|
|
6.
|
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (3 мин)
|
|
Оқытушы __________ К.С.Конкашева
Пән: Есептеу кешендерінің операциялық жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз ету
1 бөлім. ЕК БҚ-ң қызметтілігі мен ұйымдастырылудың жалпы принциптері
Курс тақырыбы: 2.1 Жалпы мағлұмат. ОЖ-ң негізгі модульдері. MS-DOS ОЖ-ң файлдық жүйесі. Файлдар мен каталогтар. MS-DOS негізгі командалары
Сабақтың тақырыбы: № 19 Файлдық жүйелердің әртүрлілігі (FAT16, FAT32).
Сабақтың типі: Тәжірибелік сайыс – сабақ
Мақсаты - Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту. Файлдық жүйелер тақырыбына байланысты білімдерін тереңдету.
Ойын барысы: Ойынға 6 адамнан тұратын 2 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.
І-тур Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.
ІІ-тур. Эрудиттер сайысы. Топтар шапшаң түрде берілген сұрақтардың жауабын айтуы тиіс.
ІІІ-тур. Тәжірибе шебері. Әрбір топ әртүрлі тәжірибелік тапсырмалар орындайды.
IV-тур. Сәйкестікті табу. Сол жақ бағанда тұрған сөзді оң жақ бағанда тұрған бір анықтамамен сәйкестендіру керек.
Техникалық құрал: компьютер
Бағдарламалық жабдық: карточкалық сұрақар, MS PowerPoint-та жасалған слайдтар.
Қайырлы күн, құрметті білімге құштар жас өрендер!
«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (Эксперт төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).
Алдарыңызға өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициялық ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).
«Картриддер» дарындылар тобы:
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз сабақта алған білімді.
«Редактор»-тапқырлар тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі.
Әзірше әр топтың қорында 5000 теңгеден бар. Бұл-бастапқы капитал.
Өз капиталыңызды көбейту - өз қолдарыңызда.
Аукциондарда информатика пәндерінен алған білімдерінді көрсетесіздер.
Информатика пәнінен сұрақтардың бастапқы бағасы - 200 теңге. Топ капитаны бағаны 200 теңгеден жоғарылата алады. Баға көрсеткіштері: 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса - баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ капитанынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.
Аукционға №1 лот- Файлдық жүйелер тақырыбы бойынша сұрақ қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға - 200 теңге. Қай топ жоғары баға береді? (әр топ өздері ұсынған бағаларын айтады) ең жоғары бағаға сұрақ оқылады.
Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына_____теңге қосады.
Сұрағы: Файлдық жүйенің үш түрлі үлгісін атаңыз? (NTFS, FAT, FAТ32)
№2 лот. FAT, FAТ32 файлдық жүйелерін Windows қандай версияларында қолданады? (Windows 95, Windows 98, Windows 2000, Windows 2000 K) .
№3 лот. FAТ32 файлдық жүйесінің көлемін атаңыз? (512 Мбайттан 2 Тбайтқа дейін).
№4 лот. FAT және FA32 файлдық жүйелеріне қарағанда мүмкіншілігі көбірек болып келетін файлдық жүйе қалай аталады? ( NTFS файлдық жүйесі)
№5 лот. Домендерді FAT файлық жүйесінде қолданама жоқ па? (Қолданбайды)
№6 лот. FAT файлық жүйесінің ішіндегі файлдың максималы көлемі қанша? (Файлдың максималды көлемі 2Гбайтқа тең )
№7 лот FAТ32 файлық жүйесінің ішіндегі файлдың максималы көлемі қанша? (Файлдың максималды көлемі 4Гбайтқа тең )
Осымен І-тур аяқталды. І-турдың қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық. Жоғары капитал жинаған топ_____________
Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт-3 минут.
Әрбір дұрыс жауап құны - 200 теңге. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз - адамның ең жоғарғы қасиеті», -деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы.
№1 топқа арналған сұрақтар.
Сервер дегеніміз не?. (Бір уақытта бірнеше компьютерлерге қызмет көрсетіп, желі арқылы байланысқан компьтерлрдің жұмыс ісеуінің дұрыстығын қамтамасыз етіп отыратын, үздіксіз қызмет көрсетіп отыратын кмпьютерді айтамыз).
Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)
Windows XP, Windows 7, Windows Vista қандай файлдық жүйеде қолданылады? (NTFS файлдық жүйесінде)
Unix жүйесінің авторлары кім? (Кен Томпсон және Денис Ричи)
Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)
Серверге қосылу үшін клиентке не қажет? (Лицензия қажет)
Windows NT 4.0 версиясымен үш файлдық жүенің қайсы жұмыс жасай алады? (NTFS файлдық жүйесі жұмыс жасай алады)
№2 топқа арналған сұрақтар.
1. Клиен дегеніміз не?. (Компьтерлік ресурстарды қолданатын, онымен көптеген операцияларды орындайтын және серверден көмек қажет ететін жеке дара компьютер).
2. Есептеуіш машиналар неше түрге бөлінеді? (4 түрге)
3. Көлемі 512МБайттан 2ТБайтқа дейін жететін файлдық жүйе қалай аталады? (FA32 файлдық жүйесі)
4. Windows 2000 қандай 2 түрге жіктеледі? (Windows Professional, Windows Server)
5. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)
6. Магистральды ұйым дегеніміз қандай ұйым? (өзінің желісі бар ұйымдарды айтамыз)
7. NTFS файлдық жүйесі максималды көлемі қанша байт? (2ТБайт)
ІІ-турдың қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық. Жоғары капитал жинаған топ_____________
Енді, «Білекке сенген заманда - ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», -деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік. Әр дұрыс жауап 200 теңгемен есептеледі.
ІІІ-тур «Тәжірибе шебері»
Turbo Pascal 7.1 бағдарламалау тілі программасында тәжірибелік жұмыс 5 минут ішінде орындау.
Бағдарлама фрагменті
Program Stroka;
uses graph,crt;
var x,y,n,dm,dr:integer;
begin
InitGraph (dm,dr,'c:\bp\bgi');
Outtextxy (1+n,300,'Privet Solniwko');
for n:=1 to getmaxx do
begin
Outtextxy (1+n,300,'Prodaetsia dom dalniaa 36-8
');
delay(7000);
cleardevice;
setcolor (7);
setBKcolor (6);
end;
readln;
end.
IV тур «Сәйкестікті табу»
Екі командаға бірдей кестелер беріледі. Сол жақ бағанда тұрған бір сөзді оң жақ бағанда тұрған бір анықтамамен сәйкес белгілеп берулері керек. Әрбір дұрыс жауапқа 100 тенге.
1
|
Авторлық жүйе
|
А
|
ол доменнің бір атын және қауіпсіздік аймағында тіркелетін жазбалар жіне желілік ресурстарда қолданылатын желілік топ.
|
2
|
Прокси – сервер
|
Ә
|
гипермәтіндер концепциясы графикалық және дыбысбық ақпараттарға кеңейту гипермедиа түсінігіне алып келеді
|
3
|
Көп қолданушылық режим
|
Б
|
элементтері ретінде мәтіндік және графикалық редакторлар электронды кестелер.
|
4
|
Гипермәтіндер
|
В
|
бір уақытта клиенттің де, сервердің рөлін атқаратын сервер.
|
5
|
Деректер қорын басқару жүйесі
|
Ғ
|
бұл қауіпсіздікті, әкімшілік, бақылауды, және клдтау функцияларын жоғарлатуға мүмкіндік беретін посредник рөлін атқаратын сервер
|
6
|
Файлдық сервер
|
Д
|
қолданушыға қолайлы түрде мәтіннің ақпаратты еңгізу, өңдеу, сақтау және шығаруға арналған бағдарлама
|
7
|
Әмбебап интегралданған жүйелер
|
Е
|
қандай да бір пәндік аймақта мамандар үшін мақсатта тағайындалған арнайы бағдарламалық жүйелерді авторлық аспаптық жүйелер деп атайды.
|
8
|
Мәтіндік редактор
|
Ж
|
кең көлемді ақпаратты сақтауға, өңдеуге арналған бағдарламалар.
|
9
|
Домен
|
З
|
бір уақытта клиенттің де, сервердің рөлін атқаратын сервер
|
10
|
Файлдық сервер
|
И
|
бір уақытта клиенттің де, сервердің рөлін атқаратын сервер.
|
Дұрыс жауаптары:
1 – Е
2 – Ғ
3 - И
4 - Ә
5 - Ж
6 - В
7 - Б
8 - Д
9 - А
10 - З
Эксперттерден ІV-турдың қорытындысын сұрау. Жалпы ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда ____________________
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 17 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Білім аукционы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!
MS-DOS-та файл құру
1. copy con: файл атауы командасын теріп, Enter басу
Мысалы: copy con: c:\mark\proba.txt
2. Мәтінді теріп, F6 немесе Сtrl-Z пернелерін басу, бұл жолдың сОңын білдіреді, бұдан сОң Enter басу. Сонда proba.txt атты файл MARK каталогында құрылады.
MS-DOS-тағы функционалды пернелердің қызметтері:
F1 – буферден экранға бір символдан көшіреді
F2 – буферден экранға барлық символдарды берілген символға дейін көшіреді
F3 - буферден экранға барлық символдарды көшіреді
F4 – буфердегі барлық символдарды өткізеді
F5 – экраннан барлық символдарды буферге алмастырады
F6 – жолдың сОңын білдіреді (немесе CTRL-Z).
Norton Commander қабықшасы дегеніміз – файлдар мен каталогтар жүйесін экранда көрнекі түрде орындауға арналған арнаулы программа.
Norton Commander қабықшасы екі панельден тұрады:
Оң жақ панель
Сол жақ панель
Ол панельдерде С: дискісіндегі сақталған файлдар мен каталогтардың тізімі көрініп тұрады. Экранның төменгі бөлігінде MS-DOS жолы орналасқан. Бұл жолда MS-DOS-тың командаларын пайдаланады, файлдар мен каталогтарды өңдеуге болады.
Панельдің жоғарғы бөлігін ағымдағы дискінің атауы деп атайды. Алғаш компьютер іске қосылғанда ағымдағы дискінің с: екені былай жазылады: с:\
Дискінің жоғарғы бөлігі Norton Commander-дің жоғарғы бөлігі деп аталады. Бұл бөлікте файлдарға, каталогтарға, дискілерге қолданылатын командалар келтірілген.
Ғ1-ден Ғ10-ға дейінгі функционалдық перне көмегімен орындалатын NС, FAR әрекеті
Norton Commander-мен жұмыс негізінен функционалдық клавиштер көмегімен атқарылады. Олардың саны он:
F1 Norton Commander туралы көмек шақыру
|
F2 қолданушы мәзірін құру
|
F3 MS-DOS жүйесінде құрылған файлдарды экранда көру
|
F4 MS-DOS жүйесінде құрылған файлдарды экранда жөндеу
|
F5 Белгіленген файлды немесе каталогты көшіру
|
F6 Белгіленген файлдың немесе каталогтың орнын ауыстыру немесе атауын өзгеру
|
F7 Жаңа каталог құру
|
F8 Белгіленген файлды немесе каталогты өшіру
|
F9 Norton Commander-дің жоғарғы мәзіріне көшу
|
F10 Norton Commander-ден шығу
|
NC, ҒАR-да қолданылатын «ыстық пернелер». Басқару панельдерінің пернелері
Тізімнің ең басында тұрған бірінші объект немесе каталог төтбұрышты маркер арқылы ерекшеленіп тұрады. Тізімдегі каталогтар тек қана бас әріппен ғана жазылады, ал файлдар кіші әріппен жазылады және жанында типі көрсетіледі.
Каталогты белгілеп, Enter прнесін басса, сол каталог ашылады да, оның ішіндегі каталогтар мен файлдар тізімі экранда көрінеді және ашық тұрған каталогтың атауы терезенің тақырыбына жазылады.
Экрандағы маркер жоғары, төмен, Оңға, солға жылжытылады. Жоғары, төмен жылжыту үшін ↑,↓ пернелерін, ал Оңға, солға жылжыту үшін tab пернесін басу керек. Маркерді Оңға, солға жылжыту 1-ші панельден 2-ші панельге көшу деп аталады.
Жедел іске араласу пернелері:
ctrl+Alt+Del компьютерді қайта жүктеу
ctrl+F1 сол жақ панельді экраннан алып тастау. Қайтадан басу панельді қалпына келтіреді.
ctrl+F2 Оң жақ панельді экраннан алып тастау. Қайтадан басу панельді қалпына келтіреді.
Alt+F1 cол жақ панельде дискіні ауыстыру
Alt+F2 cол жақ панельде дискіні ауыстыру
Оқытушы __________ К.С.Конкашева
Достарыңызбен бөлісу: |