Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Машина режим жұмысындағы индекстеу шешімін құрастыру ерекшеліктері
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №12
Тақырып : : Кейбір шетел кітапхангаларында бұрынғы КСРО және
Қазақстан кітапханаларында қолданылатын КБЖ-р.
Дәрістің мақсаты: : Кейбір шетел кітапхангаларында бұрынғы КСРО және
Қазақстан кітапханаларында қолданылатын КБЖ-ды анықтау.
Дәріс мазмұны: Антикалық дәуірде кітапхананың жіктеуге әсері. Бэкон ғылымдарды жіктеуді жасаушы жалғыз философ.Кітапханалық жіктеулер ерте уақыттан кітапханалар пайда болғаннан бастап пайда болды. Алғашқы жіктеудің бірі б.э.д.ІІІ ғ. Александрия кітапханасының каталогын әзірлеген ақын және ғалым Калимах әзірлеген жіктеу болды. Антикалық дәуірде кітапхананың жіктеуге әсер еткен Платонның, Аристотельдің т.б. ғылымдарды жіктеу кестесі пайда болды. Олар арқашан сол кездегі кітапханалық жіктеудің антикалық кезеңінің ғылымға белгілі барлық салаларын қамтығанын байқауға болады.
Орта ғасырдағы КБЖ құрастырушылар негізінен сол дәуірдегі ғылымдарды жіктеуге сүйінеді. ХVІІІ-ХІХ ғ. Кітапханалық жіктеуді құрастыруға ағылшын философы Ф.Беконның ғылымдарды жіктеуі үлкен әсер етті. Орта ғасырлық жіктеу жүйесінен Беконның жіктеуінің ерекшелігі сол онда табиғаттың, құрылысының, қоғамының өмірін зерттеуге сүйенетін ғылымдар көп беріледі. Ғылымдарды зерттеудің негізінде Бэкон адам рухының қабілетін алды. Оның ойынша ол қабілеттің 3 түрі бар: память (ес), воображение (болжау), разум (ойлау). Сөйтіп ол барлық ғылымдарды соған сәйкес 3 топқа бөлді: тарих, поэзия, философия немесе ғылым.
Бөлімдерді одан әрі ұсақтап бөлгенде Бэкон прогресстік ойды басшылыққа алды. Адамзаттың ақыл ойының негізінде іс-тәжірибе жатады деп есептеп ғалымдарды олардың зерттеулерінің объектісіне қарап бөлді. Көп уақытқа дейін Бэкон ғылымдарды жіктеуді жасаушы жалғыз философ болып есептелді. Оның жіктеуде сол уақытта әлі пайда болу- мағынасы немесе жаңа пайда болған білім саласын да енгізді. Беконның КБЖ-ң пайда болу әсері олардың негізгі 3 топқа бөлініп жасалуынан байқалды. Ол 3 топ тура немесе кері қатармен әртүрлі КБЖ жүйесінде берілді. ХІХ ғ. Ресейдің ірі кітапханалары Петербургтағы бұқаралық кітаптың Москва және Қазан университетінің Ресей Ғылым Академиясының қоры арнаулы жасалған жіктеу жүйесімен ұйымдастырылған. Петердегі бұқаралық кітапхананың жіктеу жүйесінің авторы кітапхана директоры Оленин болды (1809). Оның жасаған жіктеу жүйесі логикалық тәртіппен 1 білімінің 2-ші білімге байланысты өтетін түрде жасалады. Логикалық байланыс идеясы Олейниннің жіктеуінде бөлімдерді орналастыруда көрінеді. Оның жасаған жіктеуі сол кезде, яғни ХІХғ. Басында Ресейдің басқа кітапханаларында және де библиографияның басылымдарында қолданылады. Кітапхананық жіктеудің білімдерді жіктеудің байланысты идеясын орыс биологы, академик К.Бэр өзінің жіктеуін жүйесінде іске асырған. Ол көп жыл бойы Ресей Ғылым Академиясының кітапханасында шетел әдебиеті бөлігін басқарды. Оның жіктеуде бөлімдер элементтердің дамуын, тарихын бейнелеу ретімен орналастырылған. Органикалық емес табиғат жөнінде ғылымдар, органикалық табиғаттар жөнінде ғылымдар, адам жөнінде ғылымдар, қоғам жөнінде ғылымдар Бэр жасаған жіктеу қолданылды, бұл жіктеуде өзінің дәуіріндегі алдыңғы қатарлы ғылымдар көзқарасыты бейнелейтін және тәжірибеде қолдануға ыңғайлы жасалған жақсы кітаптың, жасалған кітапханалық жіктеудің бірі болады. Бірақ кітапханалар оларды кеңінен таралу үшін оның шет тілінде жасалуы кедергі болады. Себебі ол жіктеу ғылым академиясы кітапханасының шет тілдегі әдебиеттерді жіктеуге арналып жасалды. Ал, орыс тілінде Бэрдің жіктелуі алғашқы рет 1926 ж. ғана басылып шықты. ХІХғ. ІІж. ХХғ.басында Ресейде көбіне библиографиялық құралдарын баспа каталогтарын жасау үшін жіктеу жүйелері әзірленіп шықты. ХІХғ. а.д. Ресейде және шетелдер кітапханасында жасалған барлық КБЖ-р құрылысы жағынан тізбектеп жіктеулер болды. КБЖ даму тарихында ХІХ ғ. а. басты кезең болды. Сол кездерде жасалған жіктеулік жүйелер мен жіктеулік әдістер осы күнге дейін әртүрлі толықтырғыштар мен жетілдірулердің арқасында пайдаланылып келді және сол кезеңде тізбектік жіктеулік жүйеден құрама жіктеулерге өту кезеңі болды, яғни жіктеу кестесінде жіктік айдарлар кестелері алдымен жалпы одан соң арнаулы типтік айдарлары болды. Шетелдерде жасалған кестелердің ішінде арнаулы типтік айдарлар берілген алғашқы кестелердің бірі Ч.Кептердің АҚШ-та 1882ж. шыққан созылмалы жіктеуі болды.
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Антикалық дәуірде кітапхананың жіктеуге әсері. Бэкон ғылымдарды жіктеуді жасаушы жалғыз философты ата.
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №13
Тақырып: Кейбір шетел кітапхангаларында бұрынғы КСРО жәнеҚазақстан кітапханаларында қолданылатын КБЖ
Дәрістің мақсаты: Кейбір шетел кітапхангаларында бұрынғы КСРО және
Қазақстан кітапханаларында қолданылатын КБЖ жалпы әдістемесін анықтау
Дәріс мазмұны: АҚШ-та көрнекті кітапханатанушы М.Дьюй. ӘОЖ көп аспектілі жіктеу жүйесі1876ж АҚШ-та көрнекті кітапханатанушы М.Дьюн барлық адамзатқа белгілі білімділер жиынтығын негізге 10 бөлімге бөлді. Олар араб цифрларын белгіледі:
0 жалпы бөлім
1.Философия
2.Дін
3.Социология (қоғам-қ ғ-р)
4.Тілтану
5.Қолданбалы ғ-р
6.Жаратылыстану -//-
7.Өнер
8.Әдебиет
9.Тарих
Ондық жіктеуге қарағанда ӘОЖ (УДК) одан гөрі дәлденген, кейбір айдарлардың аты өзгертіліп жіктелудің құрылымына өзгертулер енгізген жалпы және аналитикалық анықтамалар жүйелі жасалып берілген. Басынан бастап ӘОЖ көп аспектілі жіктеу жүйесі болды. Және дүние жүзінде жіктеудің теориясы мен практикасының дамуына үлкен әсер етті. Ол барлық елдердің кітапханаларында, библиографиялық және ақпараттық мекемелерінде, баспаларда қолданылды. Осы күнге дейін ӘОЖ кітапхана қорларының мазмұны мен құрамын детальді ашып көрсететін, қажет басылымдарды тез тауып алуды қамтамасыз ететін, халықтық ғылыми байланысты жеңілдетіп, жалғыз ғана әмбебап жүйе болып есептелді. Бұрынғы КСРО-да министірлер советі 1963ж. «елімізде ғылыми техникалық ақпаратты ұйымдастыруды жақсарту шаралары жөнінде қаулы қабылдады және оған байланысты шет елдердің ғылыми және техникалық ақпарат пен алмасуды жеңілдету мақсатымен баспаға, ғылыми техникалық ақпарат орталықтарына және кейбір техникалық, медециналық, ауыл шаруашылық кітапханаға жаратылыстану және техникалық әдебиеттерді жүйелеу үшін ӘОЖ-ы пайдалануды міндеттеді. Қазіргі кезде республикалық техникалық және ғылыми кітапханаларда ӘОЖ-ң 1979-86 ж. 7 выпускмен, пайдаланды. 1965ж.бастап ӘОЖ-ға ұдайы, толықтырылып өзгерістер шығып тұрады. 1971ж.бастап бұрынғы КСРО-да ГПНТБ-ң пайдалану жөнінде нұсқауларды шығарып тұрды. Сонымен бірге 1963ж. бастап елімізде шыққан баспа каталогтық карточкада және жаратылыстану және технологиялық ғылымдар бойынша шыққан кітаптарда ӘОЖ бойынша нұсқа таңбалар беріліп тұрды. Құрылысы бойынша ӘОЖ 3 бөлімнен тұрады:
1.негізгі кестелер
2.көмекші
3.алфавиттік пәндік көрсеткіш
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: АҚШ-та көрнекті кітапханатанушы М.Дьюй. ӘОЖ көп аспектілі жіктеу жүйесін ата.
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс№14
Тақырып: Кейбір шетел кітапхангаларында бұрынғы КСРО және
Қазақстан кітапханаларында қолданылатын КБЖ
Дәрістің мақсаты: Кейбір шетел кітапхангаларында бұрынғы КСРО және
Қазақстан кітапханаларында қолданылатын КБЖ ұйымдастыруды үйрену
Дәріс мазмұны: Кеңес кітапханаларында жасалған жіктеу. УДК-ң негізгі қатары. Октябрь төңкерісі жеңіске жеткеннен кейін Кеңес кітапханаларында жасалған жіктеудің негізінен 2 ереже басшылыққа алынды жіктеулік жүйенің біріңғайлығы, барлық кітапханалар үшін және жіктеудің ғылымилығы РСФСР-ң Главполитпросвет 1921 ж. арнаулы қаулы қабылдап Кеңес кітапханаларында халықаралық 10-қ жіктеуді барлық кітапханаларда пайдалану міндеттелді. Осы секілді қаулы Қазақстанда да қабылданды. 1921 ж. ГОСИЗДАТ главполитпрасветтің кестесі деген аттпен орыс тілінде жіктеу кестесін басып шығарды. Ол жаңа кеңес кітапханасында қорымен жүйелік каталогты біріңғай түрде ұйымдастырды қамтамасыз етті. Кеңес кітапханасында халықаралық ондық жіктеуінде пайдалану үшін сол кездегі жағдай әсер етті. Себебі, сол кезде ӘОЖ Ресейде Октябрь төңкерісіне дейін кітапханада қолданылған және белгілі жіктеу жүйесі болды және Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында жаңа құрылған кітапханада кеңінен таралып оның пайдалануға ыңғайлы цифрлік индексқа болуы әсер етті. Осы жүйе бойынша Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында жаңа шыққан кітаптарға және 1921 ж. Басылып шыққан кітап шежіресінде нұсқа таңбалар берілді және 1925ж басып шығара бастаған, аннотацияланған баспа карточкаларда сол жүйе бойынша нұсқа таңбалар берілді.
Бірақ Главполитпросвет кестесі 1927 және 1931ж. Қайтадан басылып шығарылғанымен кеңес кітапханасының талабын толығымен қамтамасыз етпеді. Ең алдымен идеология бойынша және кестеде ӘОЖ-ң аудармасы қысқартылып берілді. Сондағы ғылыми және арнаулы кітапханаларға онымен пайдалану қиынға соқты. Онда кеңестік өмірдің ерекшеліктері жөнінде әдебиеттер үшін айдарлар берілмеді. Марксизм 4 сатыға бөлінді.
Ол социализм бөлімінің ұсақ бөлігі болып есептелді. Ал кеңес үкіметінде Марксизм болса біртұтас оқу ретінде саналады. Сонымен бірге ол кестеде ол КСРО-ң тарихы мен географиясы үшін бөлім қаралынады. Жоғарыда арналған және басқа да кемшіліктері ӘОЖ алдағы уақытта кеңес кітапханаларда пайдаланылды.
30ж. басына қарай Кеңес кітапханаларда қоғамдық әдебиеттерде жүйелеу үшін ӘОЖ пайдалану мүмкін еместігі айқындалды.Сөйтіп, Главполитпросвет құрылған арнаулы коммиссияға пайдаланып жүрген кестені қайтадан қарап оны басып шығару жұмысы жүктелді.
Бұл жұмыс көрнекті кеңестік библиограф Н.Н.Траповскийге жүктелді (1885-1944)Траповскиймен өңделіп басылып шыққан ӘОЖ-ң варианты 1938-46ж. аралығында бірнеше рет басылды. Онда көбіне қоғамдық ғылымдар бөлігіне өзгертулер енгізілді. Жаңа көптеген шешімдер берілді. Маркстік-Ленинизмге арнаулы бөлім берілді. Сонымен бірге СОКП мен ВЛКСМ-ға арнаулы бөлім берілді.
Өңделген және толықтандырылған кесте ӘОЖ-ң жаңа кеңестік варианты болды. Жаңа қосылған бөлімдер үшін Траповский есте сақтауға ыңғайлы жеңіл болуы үшін әріпті нұсқа таңбаларды қосты. Көпшілік кітапханалар үшін жасалған Троповскийдің кестесі арнаулы кітапханаларда да қоғамдық ғылымдар әдебиетін жүйелеу үшін пайдаланды. Ұлы Отан соғысынан кейін Троповскийдің жұмысты әріқарай орыс кітапханатанушы З.Н.Амбарцумян (1903-70) жалғастырды. Оның басшысын мемлекеттік «Ленин» атындағы кітапханада көпшілік кітапханаға арналған жіктеу кестесін одан әрі жетілдіруге жұмыс жасады. Кестелерді жетілдіріп олардың құрылысы мен мазмұнын өзгерту саласында жұмыстар жұргізілді. Әрбір қайта басылған өмірдің талабына байланысты өзгерістер енгізіліп тұрды. Қоғамдық өмірдегі, ғылымдағы, техникада тәжірибеде болған өзгерістерге байланысты өзгерістер енгізді. Амбарцумянның редакциясынан шыққан «көпшілік кітапханаға шыққан жіктеу кестесі» 1955-74ж. арасында бірнеше рет басылып шықты. Оның негізінде балалар кітапханасына арналған кеселер»3 рет басылып шықты. Көпшілік кітапханаға арналған кестелер КСРО халықтық жолдарына аударылып, оның ішінде қазақ тілде де аударылып қазақтың көпшілік кітапханаларында әдебиеттерді бір ыңғайлы жүйелеуге және жүйелік каталогпен құрастыруға әсер етті.
Главполитпросвет шығарған және Троповскийтың, Амбарцумянның өңдеуімен шығарылған кестелер бірнеше рет өңделіп, толықтырылып өзгертіліп басылған оларда ондық жіктеудің негізгі қатары сақталады. Бірнеше рет өңдеу ондағы логикалық тәртібін бұзады. Нұсқа таңбалардың резерві болмастан жаңа түсіністерге енгізу қиынға соқты. Қолданылып жүрген кестелер сол кезде жіктеудің кеңестік теориясы мен практикасының жетістігі болып есептелген ол кеңсе кітапханаларында, әдебиеттерді жіктеу проблемасын толық шеше алмады. Сондай кеңес кітапханатанушының алдында жаңадан жіктеу кестесін жасау міндеті тұрады және ол кестені Маркстік-Лениндік принципке негіздемен коммунистік идеяға, коммунистік өмір салтында лайықты етіп жасау міндеті тұрады. Кеңестік КБЖ-ны жасау жұмысы бірнеше жылдар бойы жүргізіліп ірі 4 кітапхананың библиографиялық мекеменің ГБП, КБП, БКП күшімен іске асырады. Дьюидің жіктік бөлімдерінің әрқайсысы одан әрі 10 бөлімге бөлініп 2 ші саты құрастырды. Ол бөлімнің өзі одан әрі әрқайсысы 10 бөлімшеге бөлініп 3 ші саты құрады. Т.с.с. жіктеуді құрастыруда автор ғылымды негіздеуге қатаң түрде қарамай қандай болмасын жіктеу кестесі тәжірбеде пайдалануға ыңғайлы болуы керек деп есептесті. Ал бөлімдерді орналастыруды Бэконның білімді негізгі 3 топқа бөліп қарастыруы қолданғаны байқалады.
Алғашқы жасалғанда бұл кесте тізбектеме түрде жасалды. Өзінің дәуірінде одан кейінде бұл жіктеу өзінің ыңғайлығымен, құрылысымен, игіліктілігімен, әмбебап шарттармен белгіленген үшін араб сандарының қолданған алфавиттік пәндік көрсеткіш берілгендігімен т.б. жетістіктің арқасында кітапханада кеңінен таралды. АҚШ-ң кітапханаларында және басқа кітапханаларында қолданылған 20 рет басылып шықты. Автордың өмір сүру кезеңдерде 12 рет басылды. Автор дүниеден өткен кезеңде 8 рет басылды. Әр бір баспада жіктеудің құралдарда және мазмұнды өзгерістер енгізді. Дьюидің жіктеуінің ең маңыздылығы сол оның әмбебап 10-қ жіктеудің негізіне алынды басты маңызы сол болды. ӘОЖ-ң пайда болуы халықаралық библиографиялық институттың қызметімен тікелей байланысты. МБИ ХІХ ғ.а.Брюсселде пайда болды. Қазіргі кезде ол документацияның халықаралық федерациясы деп аталды. Алғашқы пайда болған негізінен бастап бұл институт әр түрлі елдерде, әртүрлі тілде барлық білім саласынан шыққан әдебиеттердің әмбебап библиографиялық көрсеткішін құрастыруды мақсат етіп қойды. Сол үшін 1895-1905 жылдары Бельгия ғалымдары Поль Отлемен Андрей Лафонтеннің басқаруымен кесте жасалды. Оның негізінде Дьюидің кестесі алынды, себебі онда берілген ондық жіктеу барлық елге түсінікті, жалғыз ғана халықаралық тілде болды. 1927ж.бастап халықаралық документацияның федерациясы жарияланған, өңделген бұл жіктеу кестесі «әмбебап 10 –қ жіктеу кестесі»деп аталды. ӘОЖ(УДК)-да Дьюидің жіктеудің негізгі қатары 1-ші және 2-ші сатыдағы нұсқа таңбаның берілуі өзгерілген 3 белгілі және 2 белгілі н таңбаға О –дер алынған тасталған. УДК-ң негізгі қатары:
О-жалпы бөлім
1-философия
2-дін
3-қоғам ғылымдар
4.(1962 ж.бастап бұл бөлімдердегі әдебиеттер 8-ші бөлімге берілген)
5.Математика,жаратылыстану ғылымдары.
6.қолданбалы ғылымдар
7.өнер,спорт
8.Тілтану,әдебиеттану,көркем әдебиет
9.Тарих,география.
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: Кеңес кітапханаларында жасалған жіктеуді ата. УДК-ң негізгі қатарын ата.
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс№15
Тақырып: АК, ұйымдастыру және жүргізу.
Дәрістің мақсаты: АК, ұйымдастыру және жүргізуді үйрену
Дәріс мазмұны: АК-де құжаттардың библиоргафиялық жазбалары, авторлардың алфавиті бойынша, ұжымдық авторлардың аттары бойынша және авторы жоқ құжаттың авфавиті бойынша орналасады. АК негізінен екі сұраққа жауап береді.
1.Пайдаланушыға керек кітап кітапханада бар ма?
2.Тиісті авторлардың кітапханада қандай кітаптары бар?
Сонымен бірге АК белгілі бір шығарманың кітапханада қандай басылымдары бар екенін көрсетеді. АК кітапханада ақпараттық іздестіру және анықтамалық қызметтер атқарады. Оның бұл қызметі бойынша кітапхана қорын авторлық белгі бойынша көрсетуі айтылады. Ал анықтамалық қызметі бойынша кітапханадағы бас АК арқылы іске асырылады. Басты АК арқылы белгілі бір автролардың қандай кітаптары бар , олардың қай басылымдары және тиісті кітаптар кітапханада неше дана және олар кітаптардың қай құрылымдық бөлімінде тұрғанын көрсетеді. Орталық қызмет бабына пайдалынатын АК көбіне кітапхананың ішкі жұмысында пайдаланады. Жаңа түскен әдебиеттерді шығарған уақытта. Басты АК-де кітап қоры жөнінде барлық мәліметтер түгел беріледі және құжаттардың кітапхана каталогтарында бейнеленуін карточкаларды кітапханалық белгілер көрсетеді.
1.Шифр
2.Инвентар номерлер
3.қосымша сипаттама жөніндегі анықтамалар
4.толық нұсқа таңба
5.пәндік айдарлар
Құжаттың шифрі негізгі және қосымша сипаттамалар берілген барлық карточкаларда сол жақ жоғарғы бұрышында көрсетіледі. Ол құжаттың сөредегі орнын көрсетеді.
Инвентар номерлер карточканың артқы жағында жазылады. Құжаттың неше дана екенін көрсетеді, инвентар номер неше екенін көрсетеді.
Қосымша сипаттамалар жөнінде анықтамалар негізгі карточканың текстінің аяқ жағында көрсетіледі және карточканың артында ойық астында соавт, загл деген сөздермен немесе қосымша сипаттама жазылатын авторлардың фамилиясымен көрсетіледі.
Құжаттың толық нұсқа таңбасы негізгі карточканың төменгі оң жақ бұрышында көрсетіледі.
Құжаттың пәндік айдарлары негізгі сипаттама берілген карточканың артқы жағында қосымша сипаттамалар жөнінде анықтамаларын төменірек жазады. Құжаттың толық нұсқа таңбасы АК мен жүйелі каталогты байланыстырады. Ал пәндік айдарлар АК пәндік каталогпен байланыстырады. Сөйтіп басты АК карточкаларында берілген кітапханалық белгілер кітапхананың каталогтар жүйелерін бір – бірімен байлансытырады. Олар әртүрлі анықтамалар алу үшін құжатты кітапхана қорынан шығарғанда немесе басқа мақсаттар үшін арналған кітапханада бар құжаттар мен брошюраларды көрсетеді. Кітапханада барлық қазақ және орыс тіліндегі басылымдар жалпы бір алфавит қатары бойынша белгіленеді. Қызмет бабына пайдаланған АК құжаттың тек негізгі сипаттамасын пайдалануға болады. Ал пайдалануға арналған АК кітаптарды оқырманға насихаттау құралы ретінде және олардың кітаптарға қызығушылығын арттыру құралы ретінде болғандықтан құжаттар жөнінде толық хабар берілуі қажет. Оқырмандарға арналған АК—де белгілі бір құжаттың тек соңғы басылымдары ғана көрсетіледі және карточкаларда кітапханаларда бұл кітаптың басқада басылымдары бар деген мәтінмен штамп қойылады. Құжаттың негізгі сипаттамасын басқа пайдалануға арналған АК-де қажетті барлық қосымша сипаттамалар қолданылады. Бірігіп жазған екі, үш авторларға, редакторларға, құрастырушыларға кітаптың тақырыбына және сілтеме не анықтама карточкалар қолданылады. АК-ты ұйымдастыру мына операциялардан тұрады:
1.каталогтың паспортын жасау
2.карточкаларды ұйымдастыру
3.каталогтарды көріктеу
4.каталогтарды пайдалануға көмекші құралдар әзірлеу
5.каталогтарды сараптау
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: АК – да карточкаларды орналастыруда жүйелеу элементтерін қолдану дегеніміз не?
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №16
Тақырып: АК, ұйымдастыру және жүргізу.
Дәрістің мақсаты: АК, ұйымдастыру және жүргізуді үйрену
Дәріс мазмұны:АК ұйымдастырудың теоретикалық негізі.
Қандай болмасын каталогты жасау алдымен оған паспорт әзірлеуден басталады. Катаолгтын паспортында төмендегі мәлімдеме беріледі:
1. Ұйымдастыратын датасы, оның арналуы, қорды қамту ауқымы, құжаттарды сипаттау әдістемесі, қосымша сипаттамаларды қолдану т.б көрсетіледі. Кітапхана қорының көлеміне байланысты барлық тілдегі әдебиеттерге жеке АК және орыс не басқа тілдегі әдебиеттерге өзалдына АК ұйымдастырылады. АК-да әдебиеттердің карточкасын орналастырудың негізгі әдісі - құжаттардың негізгі сипаттамалары және көмекші карточкалар олардың алғашқы сөзінің алфавиті бойынша қойылады. Карточкаларда жазылған сөздердің , атаулардың аттарының немесе тұтас сөйлемдерді алфавит бойынша орналастырудың 2 әдісі бар:
1.сөздерге қарау
2.әріптен-әріпке қарау
Мыс:1-тәсіл
К 200-летию МГУ
К Ленину
Киров С.М
2-тәсіл
Кабалевский Д.Б
К 200-летию МГУ
Киров С.М
К Ленину
Кітапханада көбіне 1-тәсіл қолдалынады және орыс тіліндегі предлог, союз сөздері сипаттаманың басында, ортасында келген жағдайда да жеке сөз ретінде қаралады. Мысалы ( В начале века,к,у,и,с). Бірақ шет елдердің, авторлардың фамилиясында кездесетін артиклдер –де, -эл, -ле, - лос, - лас, - лес, - д, - да, - Далла, - Делла, - және – Абу, - Ибен, - Бен, - м, - о, жалғаулары фамилияның құрамдас бөлінбейтін бөлігі ретінде қаралады.
Мысалы:Мына тәртіп бойынша қойылады:
Ласкарис
Ласкесас
Ласкиев және т.б.
1,2,3 авторлары Ұқсас фамилиялар автор шығармаларына қарап қойылады. Бір автордың шығармалары орналасады, шығармалардың толық жинағы, одан соң шығармалар жинағы, сосын шығармалары, одан әрі жеке шығарималар алфавит бойынша қойылады. Жанрлық жинақтар («избранное лирика», «письма», «стихи», «т.с.с.») жеке шығармалармен қатар алфавит бойынша қойылады. Карточканың әртүрлі топтау ішінде тура хроникалық тәртіп немесе кері хроникалық тәртіп қолданылуы мүмкін. Қос фамилиялы авторлардың кітаптары қос фамилияны алдыңғы фамилиясына сәйкес авторларға қойылады. А.А.Соколов- Мепетов, Соколов-Скамя П.И
Егер кітаптың авторы және кітаптың тақырыбы және ұжымдық авторлардың аты сәйкес келген жағдайда алдымен жеке автор, одан соң ұжымдық автор, кітаптың тақырыбы қойылады.
Мысалы:Архангельская А.В
Архангельская областная администрация
Архангелький заповедник
Егер кітап тақырыбы жеке фамилиядан басталса және фамилияның алдында оның инициалдары берілсе, карточка автор фамилиясы бойынша қойылады.
Мысалы:А.П.Чехов в воспоминаниях современников
А.П.Чехов в театре
Сан есімнен басталатын карточкалар ол әріппен немесе сөзбен берілген жағдайда айтылудың алфавитіне қарап қойылады.
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: АК – да карточкаларды орналастыруда жүйелеу элементтерін қолдану дегеніміз не?
Әдебиеттер тізімін қара
Дәріс №17
Тақырып : ЖК , ұйымдастыру және жүргізу.
Дәрістің мақсаты: ЖК ұйымдастырудың теоретикалық негізі ұйымдастыру және жүргізуді үйрену
Дәріс мазмұны: ЖК ұйымдастырудың теоретикалық негізі. ЖК кітапханада 16 ғасырдан бастап кең тарады. Бұл каталог жөнінде алғашқы теориялық жұмыстардың бірі 1664ж. шыққан Хоттенгердің еңбегінде кітаптарды мазмұндары бойынша бейнелейтін реалдық каталог деген термин қолданған. 19 ғасырдың басына қарай ЖК әрбір кітапханаға керек каталог деп есептелінді. Кітапхана жұмысында 35 жылдай қызмет еткен неміс ақыны Гете Фишер және қаладағы кітапхананы басқара отырып ЖК өте жоғары бағалады. Оның схемасын жасады, өзі каталог құрастырды. Кітапхананың ғылыми жағынан құндылығын ЖК-ның сапасы бойынша айқындауға болады деп есептеді. ЖК жөнінде сұрақтар Ф.Ибеттің (1829) кітапхана ісі жөніндегі еңбегінде қаралды. Бірыңғай жүйе етіп ЖК-ты әзірлеудің қиыншылықтарына байланысты әр сала бойынша салалық каталог әзірлеуді ұсынды. ЖК теориясы көбінесе германия кітапханаларында дамыды. Ол жөнінде мәселелер көбінесе 20 -30 жылдары құралды.
Мысалы: Р.Кайзердің «Реальный каталог» (1933ж) деген еңбегі .А.Мейердің еңбектерінде қаралады. Соңғысы каталогтың мазмұны бойынша ескеруі болдырмау үшін ондағы материалды хронологиялық кезеңдер бойынша ұсынады. Кейіннен ЖК жөнінде И. Форстюрстің, Г. Радловтың т.б. авторлардың еңбектері жарияланды.
Ағылшын кітапханашыларының ішінде ЖК жөнінде Д. Браунның (1912), Б. Пальмердің (1951) еңбектерін атауға болады. ЖК сұрақтары Американ кітапханашыларының еңбектерінде аз қаралды. Себебі АҚШ кітапханаларында негізінен сөздік каталог кенінен таралды. Шетел кітапханатанушыларының ішінде жаңа еңбектер ішінде Индия Рангонатанның еңбектері шықты. Ресей кітапханашыларының ЖК теориясының сұрақтары жөнінде көптеген еңбектері бар. Кітапхана қорын мазмұндары бойынша жүйелік ұйымдастыру және ЖК ұйымдастыру сұрақтары Ресей Кітапханаларында ертерек пайда болды. Соңғы жылдары 19 ғас. ЖК дамытуда Ресей ғылым академиясының кітапханасының енбегі орасан зор. 1742ж. жасалған оның камералық каталогы ЖК ретінде жасалған. Кейіннен Москваның шетелдер ісі коллегиясының архивның Миллердің әзірлеуімен (1776) ЖК жасалды. Орыс кәсіпкері П.Г.Демидовтың жеке меншік кітапханаларының ЖК-гы болды (1806). Ресейде ЖК дамуында СПб бұқаралық кітапхананың (директоры Оленин) Москвадағы ғылым академиялық кітапхананың (директоры К. Абер) қосқан үлестері зор. Әсіресе Москва дневнигінің кітапханалық 3 томдығы ЖК-да маңызы зор болды. Орыс библиографы В.И.Мехов өзі әзірлеген көрсеткішін көмекші есімдер пәндік көрсеткіштерін қамтамасыз етті. Ол көрсеткіштерді жүйелік сипатта әзірледі. 19 ғ. Аяғына қарай Ресейдің көптеген кітапханалары (Университет және бұқаралық кітапханалар) өздерінің баспа ЖК әзірлеп шығарды. Ресей кітапханаларды әсіресе бұқаралық кітапхналарда көп жылдар бойы еңбек еткен Симеев ЖК жоғары бағалады. Кітапхананың ең басты міндетінің бірі каталогтар әзірлеу деп есептелінеді. Бертін келе 20ғ. 20 жылдары Кеңес үкіметі құрылғаннан кейін Кеңес кітапханаларында ЖК-мен пәндік каталогты ұйымдастыру жөнінде өткен дискуссияның маңызы зор болды. 20 – 30 жылдары кеңес кітапханаларына қойылған міндеттеріне байланысты (жұмысшы мамандарын әзірлеу, техниканы, ауыл шаруашылығын дамыту) пәндік каталогты жасаудың қажеттілігі күшейді. 1936ж. кітапханатану мен библиография сұрақтары бойынша теориялық сұрақтары бойынша теориялық кеңесте ЖК сұрағы талқыланды. Н.К. Крупскаяның басшылығымен өткізілген бұл мәжілістің мамандардың айтқан пікірлері бойынша кітапхананың типіне қарамастан ЖК құжаттарды мазмұндары бойынша бейнелейтін ең қажетті каталог деп есептелді. Ао пәндік каталог жеке пәндер мен сұрақтар бойынша құжаттарды бейнелеуші ғылыми және арнаулы кітапханалар үшін нәрсе ЖК бір салалық тұрғыда әртүрлі пәндерді бейнелейді. Ал пәндік каталог болса бір пән жөнінде, әртүрлі пәндер жөнінде көптеген тұрғыда көрсететін каталог. ЖК теориясына және оны дамытуға Ресей кітапханатанушыларының ішінде Доброженский, Русинов, Шамурин, Троповский т.б үлкен үлес қосты. ЖК сұрақтары бұрынғы КСРО-да КБЖ кестесінің дамуымен тығыз байланысты қаралып отырды. ЖК екі бөлімнен, құрылымнан тұрады.
1.ЖК-ң өзі білім салалары бойынша және оған көмекші құрал алфавитін, пәндік көрсеткіш, кітапхана қорын әртүрлі білім салалары бойынша бейнелеп көрсетуіне байланысты ЖК ақпараттық қызмет атқарады.
2.ЖК-ң бөлгіштерінің арасында бір-бірімен байланыс көрсетіледі. Кітапханаға келген оқырмандар өздеріне керек нақты әдебиеттерді емес, белгілі бір тақырып бойынша талаппен келген жағдайда ЖК пайдалану өте пайдалы. ЖК пайдалану арқылы жаңа сұрақтармен, білім салаларымен танысып кітапхана қорының байлығын шолып көруге болады. Сөйтіп кітапхана қоры онымен пайдалана алады. Жаңа бөлім қоршаған орта жөнінде қоғам, табиғат жөнінде жаңа мәселелермен танысуға мүмкіндік алады. ЖК кітапханаларында баспа кітаптары түрінде және электронды каталог ретінде әзірленеді. Бұлардың ішінде дәстүрлі карточкалардың ЖК өзінің көрнекті әзірлерімен ерекшеленеді. ЖК кітапхананың ішкі жұмысында көп пайдаланылады. Мысалы: қор жинақтауда, анықтамалық-библиографиялық жұмыста, кітап көрмелерін жасағанда, көпшілік әдебиеттерді насихаттау жұмыстарында т.б. Кітапханалақ есептеу қай түрінде болмасын, әдебиеттердің түскен түрлерінен бастап пайдалануға берілгенге дейін есептеудің барлыұқ түрінде кітапханалық әдебиеттерді жүйелеудің негізінде жүргізеді. Сондықтан да ЖК ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. ЖК ұйымдастыру төмендегі жұмыс операцияларынан тұрады:
1.Каталогтау паспортын жасау
2.Каталогтау бөлімдерін қалыптастыру және оларды орналастыру
3.Каталогтау бөлімдерінің ішінде карточкаларды топтау
4.Каталогты көріктеу
5.Каталогқа көмекші аппараттар жасау
6.Каталогты редакциялау
Достарыңызбен бөлісу: |