«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы


ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ



жүктеу 1,74 Mb.
бет5/10
Дата05.03.2018
өлшемі1,74 Mb.
#11327
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



4. ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Пән «Кітапханалық қызмет көрсету: теориясы мен әдістемесі»



Кредит саны 3





Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Алтухова Г.А. Профессиональная этика библиотекаря: Учеб. пособие. 2-е изд., испр. и доп. — М.: Изд-во МГУКИ, 2000. - 112 с.

3





30%




№8 оқу ғимараты, №4 оқу залы

2

Библиотечное обслуживание: теория и методика: Учеб­ник // Под ред. А.Я. Айзенберга. — М.: Изд-во МГУКИ; Либе-рея, 1996. — 200 с.

1




10%




№8 оқу ғимараты, №4 оқу залы

3

Бородина В.А. Библиотечное обслуживание. Учеб.-метод.пособие. —М.: 2004.-168 с.

1




10%




№8 оқу ғимараты, №4 оқу залы

4

Дворкина М.Я. Библиотечное обслуживание: теоретиче­ский аспект (монография). — М., 1993. — 249 с.

1




10%




№8 оқу ғимараты, №4 оқу залы

5

Езова С.А. Грани библиотечного общения: Учебно-мето­дическое пособие. — М.: ИПО «Профиздат», 2002. — 160 с.

1




10%




№8 оқу ғимараты, №4 оқу залы

6


Алтухова Г.А. Речевая культура библиотекаря: Учеб. по­собие. - М.: ИПО «Профиздат», 2001. - 96 с.

2




20%




№8 оқу ғимараты, №4 оқу залы

7

Езова С.А. Грани библиотечного общения: Учебно-ме­тодическое пособие. — М.: ИПО Профиздат, 2002. — 160 с.

1




10%




№8 оқу ғимараты, №4 оқу залы



http://www.nlrk.kz

Национальная библиотека Республики Казахстан















БҚМУ ҒК эл. Зал, №1оқу корп. №102ауд.




http://www.nabrk.kz/

Национальная Академическая библиотека Республики Казахстан















БҚМУ ҒК эл. Зал, №1оқу корп. №102ауд.




http://www.rntb.kz

Республиканская научно-техническая библиотека

http://www.wksu.kz/index.-ЗКГУ














БҚМУ ҒК эл. Зал, №1оқу корп. №102ауд.




http://www.gpntb.ru- Крым 2004. Программа конференции













БҚМУ ҒК эл. Зал, №1оқу корп. №102ауд.




Культурология, социальная работа и музейное дело | www.ukgu.kz

24 май 2010 ... Студенты специальности «Библиотековедение и библиография»

http://library.vkgu.kz














БҚМУ ҒК эл. Зал, №1оқу корп. №102ауд.




CD-ROM, ЭЛЕКТРОННЫЙ РЕСУРС, БИБЛИОТЕЧНОЕ ДЕЛО, БИБЛИОТЕКОВЕДЕНИЕ, ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА, БИБЛИОГРАФИЯ, ИСТОРИЯ КАЗАХСТАНА, ИНФОРМАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ, ЦЕЛИНА, ПЕТРОПАВЛОВСК













БҚМУ ҒК эл. Зал, №1оқу корп. №102ауд.




http://aclient.integrum.ru- Базы данных - Национальная Академическая Библиотека РК













БҚМУ ҒК эл. Зал, №1оқу корп. №102ауд.


5. ДӘРІСТІК КЕШЕН

Дәріс №1

Тақырып: Кіріспе.

Дәрістің мақсаты: Кітапханада жеке оқырманға (пайдаланушы) және әртүрлі оқырман түріне, контингенттеріне кітапханалық қызмет көрсетудің тарихи, теоретикалық, әдістемелік, технологиялық және ұйымдастыру аспектілерін қарастыру.

Дәрістің мазмұны: «Кітапханалық кызмет көрсету» оқу пәні ретінде.

Оның қалыптасуы мен құрылуының негізгі сатылары.

«Кітапханалық кызмет көрсету» оқу пәнінің мәні, құрылымы және курстың негізгі мәселелері.

Пәннің түсініктеме аппараты, басқа пәндермен байланысы.

Қазіргі таңда қоғамда қызмет етіп келе жатқан кез – келген кітапхана өз оқырмандарына сапалы, жоғары дәрежеде қызмет көрсетуде. Қоғам дамып,өркениет өскен сайын, күн санап кітапхана оқырмандарының саны қарқынды өсіп, сұраныстары да күрделеніп келеді. Осыған байланысты кітапхана қызметінде түрлі өзгерістер орын алып, оқырман сұранымын қанағаттандыруда. Бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – кітапханалар арқылы оқырмандардың адамгершілік тәрбиелерін қалыптастыру, жаңа технологияларға деген сауаттылығын жетілдіру мақсатындағы нәтижелі істер болуда.

Кітапханалық қызметтен білім жүйесін көрсететін алғашқы жоғарғы оқу орындық оқулық 1961 жылы жарыққа шықты. Ол «оқырмандармен қызмет» деп аталды. Бұнда «оқырмандармен қызмет» және «оқырмандарға қызмет көрсету» терминдері синонимдер ретінде қарастырылған. Келесі екі оқулықта (1970-1981жж) «оқырмандармен қызмет» атауымен шықты.

1996 жылы 05.27.00. – «кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша мемлекеттік жоғарғы білім стандартымен «оқырмандармен қызмет» курсының атауы «кітапханалық қызмет» атауымен алмастырылды.

Кітапханалық қызметтің бірнеше анықтамасы бар:

ГОСТ 7.26.-80-де «кітапханалық қызмет» басылымдарды және басқа құжаттарды немесе олардың екінші даналарын жариялау мен беруде, оларды таңдау мен қолдануда кітапхананың атқаратын қызметі ретінде көрсетілген.

ГОСТ 7.0-99-да - кітапханалық қызмет көрсету жолымен оны қолданушылардың сұранысын қанағаттандыруда кітапхана тұрғысынан атқарылатын әр түрлі қызмет жиынтығы ретінде берілген. Бұл ақпараттық қызметтің библиографиялық, құжаттық, дәйектемелік, концептографиялық) барлық түрін қамтиды.



Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Кітапханалық кызмет көрсету дегеніміз не?

Қалыптасу мен құрылудың негізгі сатыларын атаңыз.

Пәннің түсініктеме аппараты дегеніміз не?
Бірінші бөлім. Кітапханалық кызмет көрсетудің теоретикалық негізі
Дәріс № 2

Тақырып: Кітапханалық кызмет көрсетудің негізгі теоретикалық тұжырымдамасы.

Дәрістің мақсаты: Кітапханалық кызмет көрсетудің негізгі теоретикалық тұжырымдамасына мінездеме беру.

Дәрістің мазмұны: «Кітапханалық кызмет көрсету» түсінігі.

Кітапханалық кызмет көрсетудің негізгі қызметі; оларды қалыптастыру сатылары.

Кітапханалық кызмет көрсетудің бүгінгі қағидалары (толықтылығы, жылдамдылығы, комфорттығы).

Кітапханалық кызмет көрсету мақсатының жеке тұлғаға және қоғамға байланысты қатынасы.

Кітапханалық қызметтің теоретикалық - әдістемелік негізі мыналар:

1.Кітапханалық қызмет - кітапханада және кітапханамен халыққа қызмет көрсету.

2.Кітапхана - әлеуметтік институт,ал кітапханалық қызмет - кітапхана жүйесі арқылы әртүрлі әлеуметтік субъектілерді әлеуметтендіруге бағытталған әрекет. Кітапханалық қызмет негізінде арнайыландырудың ерекшелі болып оның ақпараттық ресурстардың көмегімен жүзеге асатындығы табылады.

3.Кітапханашы мамандығы «адам - таңбалық жүйе - адам» интегративтік типіне жатады.

4.Кітапханалық қызмет - психологиялық және педагогикалық функциялардың жиынтығында «Кітапхана ісі» заңында көрсетілген әлеуметтік функциялар арқылы әлеуметтендіруші функцияларды жүзеге асыруды көздейтін әлеуметтіпсихологиялық - педагогикалық жүйе.

5.Кітапханалық қызмет - бұл әрі ғылым,әрі білім және практика. Ғылыми және практикалық білімді біріктіре отырып білім кітапханалық мамандардың кәсіптік тұрғыдан дамуында негізгі база болып табылады.

Кітапханалық қызмет - әлемдік құжат және электронды ақпарат ресурстарын қолдану негізінде әлеуметтік субъектілердің әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Кітапханалық қызмет жүйесінде адамның өмір сүруге қажеттілігінен туындаған ақпараттық сұранысын қамтамасыз етуде қоғамдық пайдалы еңбек көрсетіледі. Кітапханалық қызметте ең басты тұлға әлеуметтік субъект болып табылады. Ол кім? Бұл - жеке тұлға да, әлеуметтік топтар да, және жалпы қоғам.

«Әлеуметтік субъект» түсінігі адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін игеру процесін немесе нәтижесін қарастыратын «әлеуметтендіру» түсінігімен байланысты. Әлеуметтік субъектке кітапхана қызметіне бағытталған көптеген жұмыстарда сипаттама беріледі. Олардың кейбір басылымдарында адам оқырман ретінде көрсетілсе, келесінде-кітапхана қолданушысы ретінде көрсетіледі. «Оқырман»және «қолданушы» түсініктерін талдау негізінде жеке тұлға теориясы жатады.



Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Кітапханалық кызмет көрсетудің негізгі қызметтерін атаңыз?

Кітапханалық кызмет көрсетудің толықтылығы, жылдамдылығы, комфорттығы дегеніміз не?

Жеке тұлғаға кітапханалық кызмет көрсету мақсаты не?
Дәріс №3

Тақырып: Кітапханалық кызмет көрсетудің негізгі теоретикалық тұжырымдамасы. (жалғасы)

Дәрістің мақсаты: Кітапханалық кызмет көрсетудің негізгі теоретикалық тұжырымдамасын зерделеу.

Дәрістің мазмұны: Әлеуметтік – философиялық теорияның, теоретикалық негіздің қалыптасуына кітапханалық қызмет көрсетуге әсері.

Қазақстанда кітапханалық қызмет көрсетудің негізгі тұжырымдамаларын талдау.

Оқырманның жеке тұлғасының құрамы бірнеше бөліктерден тұрады:

Бірінші-әлеуметтік: әлеуметті-демографиялық негіздер, тұлғаның әлеуметтік деңгейі мен позициясы.

Екінші-әлеуметтік-психологиялық: дүниетаным, сенім, идеал, құнды бағыттар, қажеттіліктер.

Үшінші-әлеуметтіпсихологиялық-педагогикалық: өмірлік және оқырмандық тәжірибе; жалпы және кәсіптік білім, жалпы интеллектуалды және сөйлеу шеберлігі, оқу мәдениеті мен мазмұны, қарым-қатынастық шеберлік.

Төртінші-психологиялық:

-танымдық психикалық көрініс-ойлау және ес;

-эмоционалды сипаттама-көңіл-күй, сезім, еркіндік пен зейін.

Қазіргі таңда кітапхана-әлеуметтік институт, ал кітапханалық қызмет-жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі қызмет. Кітапханалық қызметтің субъектісі болып - кітапханашы мен оқырман, объектісі болып-ақпараттық ресурстар, ал саласы-ақпараттық қажеттілік болып табылады. Бұны кітапханашының оқырман мен кітапханалық қызмет процесі және ақпараттық қызмет барысында арақатынасы түрінде қарастырып көрейік Кітапханалық қызмет меңгерудің қиыншылығы оның «адам-белгілі жүйелер-адам»жүйесінде қызмет көрсету мен қарым-қатынасты қамтитындығында болып табылады. Кітапханалық қызметтің барлық элементтері көптеген функцияларды жүзеге асыра отырып, өзара байланыста болады:

Әлеуметтік-ақпаратты, ағартушылық, ұйымдастырушылық. Бұл психологиялық және педагогикалық функциялар жүйесі арқылы жүзеге асады.

Психологиялық-танымдық-коммуналды, эстетикалық рефливсикті;

Педагогикалық-тәрбиелік және өзіндік тәрбиелік, дамушылық. Кітапхана тұрғысында практика жүзінде әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық функцияларды іске асыру-әлеуметтік субъектілерді ақпаратты әлеуметтендіруде нәтиже беруге өз септігін тигізеді.Сондықтан, кітапхананың әлеуметтіндіруші функциялары әлеуметтік психологиялық-педагогикалық жүйедегідей әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық функциялар негізінде өтеді.

Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Қазақстанда кітапханалық қызмет көрсетудің негізгі тұжырымдамаларын айтыңыз?

Кітапханалық қызмет көрсетуге не әсер етеді?


Дәріс №4

Тақырып: Кітапханалық қызмет көрсетудің қазіргі жағдайдағы заң шығарушы базасы.

Дәрістің мақсаты: Кітапханалық қызмет көрсетудің қазіргі жағдайдағы заң шығарушы базасымен танысу.

Дәрістің мазмұны: ҚР кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға әсер ететін құжаттар (ҚР конституциясы, «Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы» және т.б. ).

ҚР кітапханалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін негізгі құжаттар («Кітапхана ісі туралы» заң, «Ақпарат жөнінде, ақпараттану және ақпаратты қорғау; «Қазақстан кітапханашысының этикалық кодексі», «бұқаралық кітапхана қызметінің модельдік стандарты» және т.б.)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КІТАПХАНА ІСТЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢЫ

Кітапханалық қызмет көрсету құқығы әр адамнынң және азаматтық конституциялық құқығынын, ажырамас әрі маңызды бір бөлігі болып табылады. Оны жүзеге асыру қоғам мүддесіне жауап береді және мемлекет қамқорлығына алынған.

Бұл Заң кітапханалық кызмет барысында негізгі қарым-қатынастарды реттейді және әр адамның кітапханаларда жиналған құжаттар арқылы еркін ізденуін, ақпарат алу кұқығын қамтамасыз етеді'.

I бөлім. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Қазақстан Республикасының кітапхана ісі туралы Заңы

Қазақстан Республикасынын, кітапхана ісі туралы Заңы Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне негізделген осы Заңнан, мәдениет саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін басқа да заң актіле-рінен тұрады.

Қазақстан Республикасының үкіметі мен баскару органдарының кітапхана қызметі мәселелеріне тікелей немесе жанама қатысы бар заңдары мен басқа да ережелік актілері оеы Заңға сәйкес келуі керек. 2-бап. Заңның іске асатын саласы Қазақстан Республикасы аймағына орналаскан кітапханалардың мекемелік бағынуына, ұйымдық-құқылық және меншіктік түрлеріне қарамастан баршасы осы заңды басшылыққа алады.

III. бөлім. ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІП МЕН ҚҰҚЫҒЫ

8-бап. Азаматтарға кітапханалық қызмет көрсету құқығы. Әр азамат жынысына, жасына, ұлтына, біліміне, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, діні мен қай елдің азаматы екендігіне қарамастан Қазақстан Республикасы аймағында кітапханалық қызмет көруге кұқылы. Ол

барлық азаматтар, ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар («пайдаланушылар») үшін ашық кітапханалар құру және оларды мемлекет тарапынан қаржыландыру арқылы, меншіктілігі, қызмет көрсету аумағы, кітап қорынын. мәдени-тарихи мәніне, олардын, тақырыптық құрамына, қорға алынатын құжаттар түрлері мен басқа да белгілеріне қарай бөлінетін кітапхана түрлері мен типтерін көбейту арқылы қамтамасыз етіледі.

Республиканың әр азаматы тұрған жері, оқу, жүмыс, демалыс орны бойынша кітапхананы (егер сол жерде кітапхана болса) пайдалануға қүқығы бар. Кітапхана жоқ болған жағдайда азаматтар тиісті басқару органдарынан осы Заңға сәйкес кітапханалық қызмет көрсетілуін талап етуге құқылы.



Өзін – өзі бақылау сұрақтары:

ҚР кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға әсер ететін құжаттарды атаңыз?

ҚР кітапханалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін негізгі құжаттарды атаңыз?
Дәріс №5

Тақырып: Кітапханалық қызмет көрсетудің қазіргі жағдайдағы базасы.

Дәрістің мақсаты: Кітапханалық қызмет көрсетудің қазіргі жағдайдағы базаларын анықтау.

Дәрістің мазмұны: Кітапхана және жеке тұлғаның дамуы.

Кітап және кітап оқу тұлғаның әлеуметтену факторы.

Кітапхананың әлеуметтену қызметінің маңызы.

Оқырмандар жаңа әдебиеттерді оқып меңгерген сайын психологияларына көптеген қажетті нәрселерді ұға алады. Кітапхана да оқырмандардың психологиялық көзқарастарын білу үшін әр түрлі әдеби ойындар өткізеді. Мұнда жазушының шығармашылығы туралы материалдар немесе әдеби шығармалар белгілі бір ережелерге негізделген ойын ретінде ұсынылады. Ол алдын ала дайындалған бағдарлама бойынша өткізіліп, өзінің қызықты ұйымдастырылуымен оқырмандардың назарын аударады. Кітапханалар да ұйымдастырылатын көпшілік жұмыстарының бір түрі, оқырмандардың көзбен көріп әсерлене түсінуі үшін сан түрлі бейнелеу құралдарын пайдалана отырып, әдебиетті насихаттау формасы. Әдебиеттерді насихаттау арқылы оқырмандардың мәдени және ғылыми - техникалық дәрежесін, педагогикалық, психологиялық ойларын кеңінен дамытуда.2 Әдебиеттерді насихаттау күрделі әлеуметтік - психологиялық процесс, оның әсері оқу мәдениетінің артуына ықпал етеді және ол жылдар бойы жүргізілген бақылаулар мен арнаулы зерттеулер нәтижесінде ғана көрінуі мүмкін.



Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Кітапхананың жеке тұлғаның дамуына әсері қандай?

Тұлғаның әлеуметтену факторларын атаңыз?

Кітапхананың әлеуметтену қызметінің маңызы не?
Екінші бөлім. Кітапханалық қызмет көрсету әлеуметтік мәдениет үрдісі ретінде. Оқырман және кітапханашы оның тең қатысушылары ретінде.
Дәріс №6

Тақырып: Оқырманды зерделеу жалпы әлемдік профессионалдық мәселе ретінде.

Дәрістің мақсаты: Оқырманды зерделеу жалпы әлемдік профессионалдық мәселесін ашу.

Дәрістің мазмұны: Оқырман контингентін зерделеудің қажеттілігін дәлелдеу.

Революцияға дейінгі мерзім: оқуды зерделеудің негізгі бағыттары: «ағартушылық» (Корф, Х.Д. Алчевская, Н.А. Рубакин және т.б.) және «саяси» ( Анский, революциялық үгіттеушілердің т.б. тәжірибелері).



Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Оқырман контингентін зерделеудің қажеттілігі неде?

Революцияға дейінгі оқуды зерделеудің негізгі бағыттары қандай?

Қандай кітапхана ағартушыларын білесіз?
Дәріс №7

Тақырып: Оқырманды зерделеу жалпы әлемдік профессионалдық мәселе ретінде.

Дәрістің мақсаты: Оқырманды зерделеу жалпы әлемдік профессионалдық мәселесін ашу.

Дәрістің мазмұны: Кеңес дәуіріндегі оқырмандарды зерделеу: негізгі сатылары, мақсаты, міндеті, қағидалары.

Нақты оқырман тобының оқуын зерделеу тарихы (шаруалардың, жұмысшылардың, студенттердің, жас өспірімдердің, балалардың және басқалардың).

Кеңес дәуіріндегі оқырмандарды зерделеу орталықтары.

Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Кеңес дәуіріндегі оқырмандарды зерделеу қалай өтті?

Негізгі сатыларын, мақсатын, міндетін, қағидаларын айтыңы?.

Кеңес дәуіріндегі оқырмандарды зерделеудің қандай орталықтарын білесіз?.
Дәріс №8

Тақырып: Оқырманды зерделеу жалпы әлемдік профессионалдық мәселе ретінде.

Дәрістің мақсаты: Оқырманды зерделеу жалпы әлемдік профессионалдық мәселесін ашу.

Дәрістің мазмұны: Оқуды зерттеудің қазіргі жағдайы.

«Кітапхана оқырманы» түсінігіне қөзқарастардың дамуы, «абонент», «пайдаланушы», «клиент» және т.б. терминдерді дәлелдеу.

Зерттеу нысанын өзгерту: кітапхананың оқырман контингентінен – мүмкін оқырманмен «жергілікті бірлестікке».

Кітапханаларда оқырмандардың әдебиеттерге деген қажетін қанағаттандыруға және оны таңдауына, пайдалануына көмек көрсетуге бағытталған негізгі бөлімдер бар. Кітапханашылардың оқырмандарға қызмет көрсетуі тек кітап берумен шектелмейді, сонымен қатар оларға анықтама – библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету ісі де, әдебиетті насихаттаудың барлық түрлері мен формалары да түгел енеді. Кітапханашылардың оқырмандарға қызмет көрсетулері абонемент арқылы, оқу залдары мен кітапхананың басқа да құрылымдық бөлімдері арқылы қызмет көрсетудің сан алуан формалары бойынша жүзеге асырылады. Кітапханашылар оқырмандарға қызмет көрсетудің түрлі формаларын қолданып, кітапқа деген талаптарын тез орындап, оқырмандарға ыңғайлы уақыттарда жұмыс істеп, оқырмандар залдарында тыныштық сақтауды қамтамасыз етуде.



Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Оқуды зерттеудің қазіргі жағдайы қандай?

«Кітапхана оқырманы» түсінігі қалай өзгерді?


Дәріс №9

Тақырып: Оқуды зерделеудің әлеуметтік және психологиялық аспектілері. Оқуды зерделеудің әдістері.

Дәрістің мақсаты: Оқуды зерделеудің әлеуметтік және психологиялық аспектілерін талдау.

Дәрістің мазмұны: Әлеуметтік тұрғыдан оқырмандарды зерделеу. Психологиялық тұрғыдан оқырмандарды зерделеу.

Зерделеудің негізгі мәселелері. Оқырман психологиясының көптеген компоненттері, әсіресе, оқырман бағытының құрамына енетін компоненттер қоғамдық факторлардың әсері мен қалыптасады және зерттеудің әлеуметтік - психологиялық дәрежесін талап етеді, себебі зерттеудің бұл түрі - оқырмандар типологиясы, оқырмандар тобы мен аудиториясының әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктері, оқу және адамдардың өзара рухани қарым - қатынасы, жеке адамды әлеуметтендіру және тәрбиелеу сияқты мәселелерді зерттеудің негізі болып саналады.

Қазіргі кезде оқу психологиясының кітапханалық психология деп аталатын дербес саласы қалыптасуда,ол кітапханатанудың, психология мен шектес ғылымдардың қол жеткен табыстарын тұжырымдайды және «баспа өнімі – кітапханашы - оқырман» жүйесіндегі психологиялық факторлар мен заңдылықтарды зерттейді. Кітапхана қызметіндегі негізгі аспект болып саналатын - оқырмандар мен жұмыс жүргізу міндетіне талдау жасайды. Оқу психологиясының арнаулы салалары да бар, олар: кітапханашы қызметінің психологиясы және әдебиеттерді насихаттау мен оқуға басшылық жасау психологиясы. Баспа өнімдерін психологиялық талдау - текстің құрылымын, мазмұны мен жазылу формасын зерттеу, баспа өнімінің әлеуметтік функциясына, кімге арналғанына, түйсініп қабылдау үшін күрделі немесе қарапайым берілу дәрежесіне, оқырманға әсер ете алатын мүмкіндігіне баға беру т.б. Кейбір зерттеушілер ғылыми білімнің оқырман психологиясын, соған байланысты психологиялық және әлеуметік мәселелер мен бірге тұтас алып зерттейтін пән ретінде оқырмантану деген терминді ұсынып жүр.


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау