75
Кең мағынадағы тәрбие-
ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік
тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізу;
тар мағынадағы тәрбие-
субъект-
субъектілі қарым-қатынасқа негізделген ұстаздан шәкіртіне, ата-анадан
балаға берілетін тәрбие.
Тәрбие дегеніміз-
құнды әлеуметтік тәжірибені, мәдени құнды-
лықтарды меңгерте отырып, тұлғаның өзін-өзі дамытуға, қоғаммен үйлесімді
қатынаста болуына бағытталған үдеріс.
Оқыту
– тәжірибелі ұстаз бен оқушының арасындағы нәтижесінде
белгілі білімдер, іскерліктер, дағдыларды, тәжірибені және өз мінез-құлқын,
тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бір мақсатқа бағытталған белсенді
өзара әрекет үдерісі. Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту,
оқу, оқыту ұстанымдары, оқыту үдерісі, мақсаты, міндеттері, мазмұны,
түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі.
Білім
– адам, қоғам, табиғат, заттар мен құбылыстар жайлы ғылымда
жинақталған білім жүйесі; адамзаттың жинақтаған мол тә-жірибесі;
ұғымдардың,
заңдылықтардың,
тұжырымдардың,
қағида-лардың,
деректердің, пайымдардың жиынтығы т.б.
Білім беру
– қоғамдық, әлеуметтік, мәдени құбылыс; қоғам мен
мемлекеттің өзінің азаматына қатысты қызметі; тұлғаның мәде-ниеті, мәдени
құндылық; білім, білік, дағды-машықтардың және ойлау құралының жүйесі;
ғылыми көзқарастар, шығармашылық қабілеттер мен мүмкіндіктерді дамыту
үдерісі; терең сапалы білім негізінде жеке тұлғаның еркін бағдарлай білу,
өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамыту үдерісі; білім, білік, дағды мен іс-
әрекеттердің жиынтығы және оны жүзеге асырудағы адамның іс-тәжірибесі;
білім берудің тұтастығы, нәтижелілігі т.б. білім берудің қоғамдық қызметтері
тұрғысынан ол – әлеуметтік тәжіриені жеткізудің құралы.
Оқыту –
дидактиканың маңызды категорияларының бірі; оқы-тушы
мен оқушының өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатына-сы, іс-
әрекеті; білім беру, біліктері мен дағдылары, іс-әрекеттерді мең-герту
үдерісі; белсенді шығармашылық әрекетті басқарудың негізгі жолы; сапалы
білім
беру,
тәрбие,
дамыту
мақсаттарына
сай
оқушы-лардың
шығармашылығын дамытуға бағытталған арнайы ұйымдасқан іс-әрекет т.б.
Құзыреттілік -
оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін
меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі.
Педагогикалық категориялардың өзара бірлігі мен байланысын
қамтып тұрған базалық категория - педагогикалық үдеріс категориясы.
Педагогикалық үдеріс - бұл қозғалыстағы, дамудағы әрекет. Педаго-гикалық
үдеріс - субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын қарым-
қатынастардың жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: